Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы Кіріспе бөлім



Дата02.02.2017
өлшемі72,73 Kb.
#8538
«Қостанай облысы әкімдігінің

мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы
1. Кіріспе бөлім
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мекемесі: «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (персоналды басқару.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: 2016 жылғы 17 мамырдағы «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысының бұйрығы негізінде жауапты топпен, upravarhiv@kostanay.gov.kz, тел. 542971.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мерзімі: 2016 жылғы 13 ден 15 маусымға дейін.

4. Бақылау мерзімі: 2015 жылғы қызмет және 2016 жылдың өткен мерзімі (қаңтар- мамыр).



2. Ақпараттық талдау бөлімі
1) Архив жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру, тексеру және құжаттарды мемлекеттік есепке алу бөлімі жұмысының бір бағыты персоналды басқару болып табылады (облыстың архив мекемелердегі басқарышылық құрам мен әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу мен босату, іріктеуге байланысты жұмыс жиынтығы).

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, еңбек тәртібі жөніндегі заң нормаларын сақтау шеңберінде Басқармада бірнеше іс-шаралар өткізілді. Құқықтық жалпы оқыту сабақтарын жүргізу жоспар- кестесіне сәйкес 2015 жылы 1 сабақ тақырыптар бойынша өткізілді: 2015- 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы; Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» ҚР заңдарының және мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодекстін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері бойынша департамент қызметкерлерін шақырумен (бұдан әрі -Департамент), 2 жиналыс (Басқарма және «ҚОММ» ММ қызметкерлерімен, Департмент қызметкерлер қатысуымен). 2016 жылдығы 5 айда құқықтық жалпы оқытудың 1 сабағы тақырып бойынша: мемлекеттік қызмет туралы заңының өзгеруі, 1 жиналыс және 1 дөңгелек үстел (Департамент қызметкерлерімен).

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында, бекітілген жоспар кестесіне сәйкес Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» жолданады. Мысалы, 2015 жылы 2 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан, қайта даярлаудан 1 алғашқы рет қабылданған қызметші өтті. Жоспар-кестесіне сәйкес 2016 жылы жоспарланған 1 қызметші біліктігін арттырды. Біліктілік сипаттамаларға сәйкес білім болмаған жағдайда, облыстың архив мекемелерінің басқарушылық құрамы Басқарманың ұсыныстарына сәйкес Бүкілресейлік ғылыми- зерттеу институтында «Архив жүргізу» бағдарламасы бойынша құжаттану және архив істеріне оқытылады. Мысалы 2015 жылы 2 адам, 2016 жылы 1 адам білім алуға құжаттарын тапсырды.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес облыстың архив мекемелерінің қызметшілерін аттестациялау және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңын және әдеп кодексін сақтау мақсатында, Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері ағымғы жылдың басында сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданды, олар Әдеп кодексі мәтінімен қол қойып таныстырылды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3-бөлімін орындау мақсатында Тарана көш., 82 үй мекенжайы бойынша орналасқан Басқарманың 1 қабатында қазіргі Кодекстің мәтіні орналасқан стенд бар және барлығына көруге қолайлы.

Басқарманың қызметкерлері арасында жүргізілген талдауға сәйкес туыстық қатынаста тұрған тұлғалар анықталмады. Бірақ, бірнеше облыс архивтік мекемелерінде жақын туыстар жұмыс жасайтыны жайлы деректер анықталды (Федоровскада, Лисаковск мемлекеттік архивінде техникалық персонал ретінде туыстар жұмыс істеген). Бұл мекемелердің басшыларымен түсініктемелік жұмыстар жүргізілді, соның қортындысына байланысты тиісті шаралар қолданылды. Қазіргі таңда осындай деректер анықталмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңына сәйкес Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері жыл сайын 31 наурызда кірістер және мүлік туралы декларация мемлекеттік кірістер Органына ұсынады. Басқарма басшыларына және бөлім басшыларына кірістер және мүлік туралы ақпарат Мемлекеттік органның Интернет-қорында орналастырылып тұрады.

Қостанай облысының архивтік қызметкерлері мақтау қағазы және Басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталады.

Мониторингке сәйкес, 2015 жылы Басқарма шататының марапатталған саңы 10 бірлік, 10 пайызды құрайды (1 қызметкер облысы әкімігің мақтау қағазымен марапатталды). Ағымды жылдын 5 айында мемлекеттік қызметшілер арасында марапатталғандар жоқ.

2015 жылы архивтік облыс мекемелерінің басқару құрамы арасында марапатталғандардың саны - 9,7 пайыз (3 адам), 2016 жылдың 5 айында – 3,2 пайыз (1 адам).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер және басқару құрамы тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік қызмет саласындағы Еңбек кодексі және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тартылады.

2015 жылы басқарма қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған саңы 25 пайыз, штатта 10 бірлікті құрады (2 қызметкерге ескерту жарияланды). 2016 жылдың өткен мерзімінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 тармағына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметін алу байқау негізінде немесе қазіргі Заңымен қарастырылған бірыңғай жағдайларда немесе Қазақстан Республика заңдарына сәйкес сайланады, жергілікті өкілдік органдарымен тағайындалу жүзеге асады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызмет туралы заңының 61 тармағына сәйкес тоқтауы жүзеге асады.

2012 жылғы 12 қазандағы № 167 Қазақстан Республикасы ақпараттары және Мәдениет министірі бекітілген бұйрығы, «Қостанай облысы мемлекеттік мұрағат» ММ директоры немесе ұсынылған жергілікті орындаушы орган боойынша есРеспублика ааааммвмемлекеттік мұрағаттардың басшылары мен мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес архитік басқару құрамы қабылданады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес олармен еңбек қарым- қатынас реттеледі.

2015 жылы Басқарма штаттында ауыспалық 10 бірлік, 20 пайыз құрайды (2 адам- 1 зейнетақылық жасқа жеткенге байланысты өз қалауымен босатылды, 1 қызметте өсті)

Сонымен, 2015 жылы Басқармада қаржыны жоспарлау, талдау, есептеу бөліміне әкімшілік мемлекеттік жетекші маман қызметінің бос орынына 1 байқау жүргізілді (D-O-5 санаты). Әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос орны байқау жүргізу ережелерімен және 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 мемлекеттік қызмет істері бойынша Агентігінің Өкілі бекіткен бұйрығымен байқау комиссиясы құрылумен бұл байқау жүргізілген.

Үміткерлердің мүдделерін лоббилендіруді болдырмау мақсатында және олардың білім деңгейін салыстыру үшін, сөйлесу кезінде оларға бірдей көлемде, бірдей сұрақтар қойылды (2015.07.08 № 1 байқау комиссия отырысы хаттамасы шешімімен бекітілген).

Байқау комиссия жұмысының объектівтігі мен айқындығын қамтамасыз ету үшін сөйлесуге байқаушы ретінде Департаменттен консультант шақырылды.

2015 жылғы 7 тамыздағы № 11-5-5969 сұранысқа сәйкес өткізілген конкурс құжаттары Департаментке жіберілді. Ұсынылған сұраныс қортындысы бойынша Басқарма жағына кейіту түспеді.

2016 жылдың 5 айында Басқарма ауыспалығы 0 пайызын құрады.

2015 жылы архивтік облыс мекемелерінің басқару құрамының ауыспалығы (Басқарма басшысы бұйрығымен мемлекеттік архивтің қызметіне 21 басшысы тағайындалды, бөлім басшылары- 8, барлығы- 31 ) арасында 6,5 пайызын құрады (2 адам мерзімі өткенге байланысты еңбек шарты бұзылды).

2016 жылдың 5 айында архивтік облыс мекемелерінің басқару құрамының ауыспалығы 6,5 пайызын құрады (2 адам- 1 мерзімі өткенге байланысты еңбек шарты бұзылды және 1 қызметкердің ықыласы бойынша).

2) Мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілердің коллизиясы анықталмады.



Бірақ, мемлекеттік қызмет қызметшілерді  регламенттейтін мәселелер бар болғандықтан, қазіргі Қазақстан Республика заңының жетілдіру бойынша ұсыныстар бар:

1. Мемлекеттік қызметшілер қызметіне баға беру мерзімі мен ережелер бойынша:

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейтін саңының бағасына қарай комиссия құрамы көлемін анықтау қажет. Мемлекеттік органдар үшін штаттық саңы 10 бірліктен аспайды, баға беру бойынша комиссия құрамы 3 мүшеден аз емес және оның ішінде өкіл бар.

Уақытша еңбекке жарамсыз, еңбек демалысында, іссапарда болуға байланысты қызметшілердің корпус «Б» жағдайында баға беру түсініктемелері жоқ.

2. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ережелері бойынша:

Тығылымдама ережелерінде тығымдама өту мерзімі қарастырылмаған.
3) 2015-2016 жылдарда мемлекеттік органдармен персоналды басқару мәселелері бойынша тексеріс жүргізілмеді.

4) Персоналды басқаруға жауапты қызметкерлердің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым түспеді.
5) Персоналды басқару мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жағымсыз басулар жоқ.
6) 2015 жыл және 2016 жылдың 5 айында басқарманың персоналына жауапты қызметкерлер тәртіптік, әкімшілік және басқа жауапкершілікке тартылмаған.
3. Қортынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқарма басшысының бұйрығына байланысты жүргізілді. Мониторинг кезінде әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос орына байқау жүргізу тәртібі, архивтік облыс мекемелері басшылары техникалық персоналды қабылдау, оларды жұмыстан босату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келістіру, тәртіптік жауақа тарту анықталды. Жоғарыда айтылып өткендерге байланысты басқарма персоналы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қажет.

Басқарма басшысы Г. Мендекинова

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет