«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Фанфары №1 Нұржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата аналар және қонақтар! Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, «Болашақ мектебі – бүгіннен»



Дата26.08.2017
өлшемі98,87 Kb.

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Фанфары №1



Нұржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар! Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, «Болашақ мектебі – бүгіннен» мектебінің арман қуған 4 түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.

Ардақ: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға ұстап, мектебімізден түлеп ұшқалы тұрған 84-ші түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
Нуржан: (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Бүгінгі түлектерімізді 11 сыныпқа жетелеп келген сынып жетекшісі Мукатаева Майра Ильясқызы.

Ардақ: 11 сынып оқушысы Галиева Ғалиябану, Республикалық ғылыми жобада I-орын, Облыстық пән олимпиадасында II-орын, Павлодар Мемлекеттік Университетінің грант иегері.

Нұржан: Волкова Милена орыс тілі пәнінен шығарма сайысында ІІІ орын, пән олимпиадасынан ІІІ орын иегері

Ардақ: Жақсылық Қымбат аудандық ғылыми жоба ІІІ орын, пән олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері.

Нұржан: Кабзолдина Жанерке Қазақстан интернет олимпиадасында қазақ тілі пәнінен ІІІ орын иегері.

Ардақ: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызға 10-20-30-40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері де ортамызда.
Нұржан: «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
АӘД пәнінің мұғалімі С.Бакаев: Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /
Ардак:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Нұржан:Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр, соның бірі Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме. Бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмтылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.
Ардақ: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1.Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Адамжанова Нургуль Жумановна.

Н:2. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманжолова Маржан Уалихановна

А:3.Ауыл әкімі Сембек Бижігітұлы Өмірбеков

Н:4. Ардагер ұстаздар Сарсекеева Марияш Жапарқызы, Керімханова Забира Керімханқызы

А:5. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жетыбаев Балтабай Куанышбекұлы

Н: 5. Ауыл азаматы Докеев Бекболат Касенұлы.
Ардак:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Жетыбаева Анар Ахметовнаға береміз. /Анара Ахметовна сөз сөйлейді/

Нұржан: Мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттауды бастайық.

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 1-сынып оқушысы Елубай Даулетбек Қасымұлы өте жақсы оқығаны үшін мақтау қағазымен марапатталады.



Ардақ: Мақтау қағазымен 1-сынып оқушысы Мукатаев Бексултан Ертайұлы марапатталады. «Ертегілер елінде» журналында шығармашылығымен танылғаны үшін дипломммен, «Алтын асық» облыстық интеллектуалды сайысының ІІІ орын иегері.

Нуржан: 1-сынып оқушысы Социал Айзат Жамболатұлы марапатталады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» аудандық балалардың мәнерлеп оқу байқауының ІІ орын, «Ертегілер елінде» журналында шығармашылығымен танылғаны үшін дипломммен марапатталды.

Ардақ: Мақтау қағазымен 2-сынып оқушысы Бекенова Алсу Ораловна марапатталады. Республикалық көркемсурет сайысы ІІІ орын, Республикалық қазақ тілінен қашықтық олимпиада І орын, “Инфоурок” атты Халықаралық математика пәнінен қашықтық олимпиада І орын, аудандық «Әлем балалардың көзімен» фото сайысы І орын, «Алтын асық» облыстық интеллектуалды сайысының ІІІ орын иегері.

Нұржан: 2-сынып оқушысы Жумагазинова Нұрай Нурлановна марапатталады. Республикалық қазақ тілінен қашықтық олимпиада І орын, “Инфоурок” атты Халықаралық математика пәнінен қашықтық олимпиада І орын иегері.

Ардақ: 2-сынып оқушысы Солдат Меруерт Оркенқызы марапатталады. Республикалық қазақ тілінен қашықтық олимпиада І орын, “Инфоурок” атты Халықаралық математика пәнінен қашықтық олимпиада І орын иегері.

Мақтау қағазымен 2-сынып оқушысы Жұмағали Гүлназ Болатбекқызы марапатталады. Республикалық қазақ тілінен қашықтық олимпиада І орын иегері.



Нуржан: 3-сынып оқушысы Мұқатай Бекзат Ертайұлы марапатталады. «Ақбота» интеллектуалдық марафон ІІІ орын, «Алтын асық» облыстық интеллектуалды сайысының ІІІ орын иегері.

Ардақ: 4-сынып оқушысы Өркен Айдана марапатталады. Облыстық «Дүниетану», «Жаратылыстану» және «Биология» бойынша 3-8 сыныптарға арналған 1-ші онлайн-олимпиаданың І орын иегері.

Нуржан: 5-сынып оқушысы Жакупова Ризагүл Ерболатовна марапатталады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты поэзия шығарма конкурсында ІІІ орын, Халықаралық конкурс «Адам және табиғат» ІІ орын, Қазақстан интернет олимпиадасында математика пәні бойынша , «Алтын асық» интеллектуалдық ойынының жүлдегері.

Ардақ: 5-сынып оқушысы Ахметжан Аида Бақытжанқызы марапатталады. Халықаралық конкурс «Адам және табиғат» ІІ орын, Қазақстан интернет олимпиадасында математика пәні бойынша , «Алтын асық» интеллектуалдық ойынының жүлдегері.

Нуржан: 6- сынып Жумагалиева Анель Нурлановна марапатталады. Қазақстан интернет олимпиадасында математика пәні ІІІ орын, «Алтын асық» интеллектуалдық ойынының жүлдегері.

Ардақ: Мақтау қағазымен 7-сынып оқушысы Карипбаева Нұрай Тасболатовна марапатталады.

Нуржан: 7-сынып Ниязова Дильназ марапатталады. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Жарқын болашақ» олимпиадасы ғылыми жоба бойынша ІІІ орын, Қазақстан интернет олимпиадасында қазақ тілі пәнінен ІІ орын иегері.

Ардақ: Мақтау қағазымен 7-сынып Сипатилова Анеля марапатталады.

Үздік оқушыларды қошеметтеп жіберейік.



Нұржан: Павлодар облысының «Ертіс дарыны» орталығының орыс тілі пәнінен шағын олимпиадасының III дәрежелі диплом иегері Волкова Милена марапатталады. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Татенова Алма Татеновнаға алғыс айтамыз.

Ардақ: Облыстық «Шығармашылық» шеберлер мектебі «Жас қаламгер» бағытының рейтинг нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 7 сынып оқушысы Докеев Шыңғыс марапатталады. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маржан Океш аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталады.
Нуржан: Облыстық «Жас ғалым» сырттай мектебінің рейтинг нәтижесі бойынша биология пәнінен жоғары көрсеткіш көрсеткен 7 сынып оқушысы Кинаятов Бекзат марапатталады. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Койлыбаева Ардақ Токтасыновна аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталады.
Нұржан: Дарынды оқушы – ұлт болашағы дегендей мектебіміздің «Жыл оқушысы» анықталды. Бүгінгі мектепішілік рейтинг нәтижесі бойынша жыл бойы жоғары көрсеткіш көрсеткен, Халықаралық, Республикалық, Облыстық сайыстарының жеңімпазы 11 сынып оқушысы Галиева Ғалиябану «Жыл оқушысы-2017» номинациясымен марапатталады. Қошеметтеп ортаға шақырайық.

/Мектеп директоры кіріспе сөз/

Ардақ:

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап дегендей қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалысқа шыққалы отырған ұстаздарымыз Мапруза Кумаровна мен Баян Омархановнаны сахна төріне шақырайық.

Нуржан: Келесі құттықтау сөз Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Адамжанова Нургуль Жумановна мен Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманжолова Маржан Уалихановна, ауыл әкімі Сембек Бижігітұлына, ардагер ұстаздарға, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жетыбаев Балтабай Куанышбекұлына беріледі.

Ардақ: Оқушылардың орындауында «Мектебім» әнін қабылалыңыздар.

Нуржан: Тағзым етіп алтын ұя-мектепке,

Көмегінен аянбайды түлектер!

Ұстаз үшін шыға келер елпектеп,

Олар – нағыз жаны ашитын жүректер! деп елімізде 25 мамырдан 1 қыркүйек аралығында «Мектепке тағзым» акциясы өткізіледі. «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін жандардың бірі ауыл азаматы Докеев Бекболат Касенұлы. Олай болса сахна төріне Бекболат ағаны шақырамыз.



/ақшалай сыйлық/

/Докеев Бекболатты марапаттау./

Ардақ: Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі баянды болашағы кейінгі толқын жастардың қолында екені сөзсіз. Сондықтан жалынды да жігерлі жастарды «Мектепке тағзым» акциясына қатысуға шақырамыз.

Нуржан: Жастық жігері мен күш – қуатын мектебіміздің болашағы үшін жұмсауға дайын жастар акцияға белсенді түрде қатысады деген сенімдеміз.

Ардақ:

Әлі есімде әліппені ашқаным


Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы Казангапова Сұлушаш Ауғановнаны ортаға шақырамыз.
Нуржан: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ МАД құттықтаулары /
Нуржан:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін


Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
Ортаға 11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Ардақ:

Ата - ана тәрбиелеп балапанын


Әлдилеп, аялаған алақаның
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөзді______________ беріледі

Нуржан:

Түлектердің қанаттары талмасын


Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Баталарын берсін аға- апалар деп - сөз кезегін осыдан 10-20-30-40 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан түлектеріге береміз.

Ардақ: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Нуржан: Бәрі – сын, араласаң, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың дей келе
Соңғы қоңырауды соғу сәті 11 сынып оқушысы Галиева Галиябану мен 1 сынып оқушысы Мукатаев Бексұлтанға беріледі. /Қоңырау соғылады/
Ардақ: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Нуржан: Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

АӘД пәнінің мұғалімі С.Бакаев: Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /

Нуржан: Құрметті жас түлектер!
Сәт - сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Ардақ: Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары, мектеп түлектерін мектеп асханасына шақырамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет