«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Салтанатты жиын 2016-2017 оқу жылы



Дата26.08.2017
өлшемі80,3 Kb.
Қызылтаң орта мектебі


«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Салтанатты жиын

2016-2017 оқу жылы


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өтетін күні: 25 мамыр 2017 жыл
Өтетін уақыты:
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін баннермен безеңдіру.
Орналасуы: Мектепалаңындасағат10 – ға дейінсолжақбетіндеоқушылар, оңжағындабітірушітүлектержәне 1 - сыныпоқушылары, алаңтөріндемектепбітірусалтанатынашақырылған қонақтар орналасады.

Музыка орындалады.
Жангул: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналаржәне қонақтар!
- Міне тағы бір оқужылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұлкүн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар11-сынып түлектері және 1-сынып бүлдіршіндер.(11-сынып оқушылары мектепалдына 1-сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).

11сынып сынып жетекшісі:Серкенова Гулдана Болатханқызы.

1-сынып сынып жетекшісі: Неғметжанова Роза Қабдуллаевна
Олар: 
1. Амантаев Дастан Беркинұлы- аудандық пәндік олимпиада жүлдегері, «Алтын белгі» үміткері.
2. Назымбек Мұқаммед Асанұлы - аудандық пәндік олимпиада жүлдегері, «Қызыл аттестат» үміткері.
3. Аккузов Кусем Сапарұлы – «Бокс» үйірмесінің мүшесі, бірнеше сайыстардың жеңімпазы.
4. Әділхан Айбек Нұрболатұлы – «Бокс» үйірмесінің мүшесі.

Болат: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін. Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /

Жангул: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл
- «ЭКСПО» 2017 Халықаралық көрмесіне атап өтіледі

Болат: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1. ___________________________________________________

2.__________________________________________________________

3.____________________________________________________________

4._____________________________________________________________
Бота Бейсенованың сөзі не жазылған ән «Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Орындайтын 9 сынып оқушылары.Айда, Айдана және Айда.
Жангул: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектебіміздіңдиректоры Құдайберген Серик Қожантайұлына береміз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жас ұрпақтардың қанатын қатайтып, біліммен сусындатуға өз үлесін қосып жүрген аяулы ұстаздарымызға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі беріледі.

«Жас түлек» лентасын тағу рәсімі.


Болат: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы__________________________________
Сөз түлектердің алғашқы ұстазы __________________________ беріледі

Жангул: Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Сөз кезегін түлектердің сынып жетекшісі Серкенова Гулдана Болатхановнаға беріледі
Болат: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1 сыныптың құттықтаулары /
Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай-ақ 2016-2017 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз____________________________беріледі


Жангул: Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз __________________ сөз беріледі.

Түлектердің іні-қарындастарынан әсем әң орындалады.


Болат: Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 11 сыныптардың флешмоб биі /


Жангул: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда үміт тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болдыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп

Тапсырамыз «алтын кілтті»


Білімнің алтын кілтін 11 сынып оқушысы Амантаев Дастан , 10 сынып оқушысы Серікпайқызы Аружанға тапсырады.

10-сынып оқушыларының атынан би көрсетіледі.


Болат: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Әң: «Қош, бол мектебім» түлектердің орындауында.


Жангул:Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы Орынбасарова Мадина Серікпайқызына және 11 сынып оқушысы Назымбек Мұқаммед Асанұлына беріледі.
Болат: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Жангул: Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата - ана ақ батасын арнасын – дей келе _______________ ақ батасын түлектерге арнайды.
Сап түзелсін, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.
/ Әуен ойналып түру керек /
Болат: Құрметті жас түлектер!
Сәт - сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Шақырайық вальске түлектерді



Қоштасу вальсін айтып тұрып.

«Қоштасу вальсі» мұғалімдер мен 11-сынып тулектерін ортаға шақырылады
Каталог: 354A4348AEE2D3F9
354A4348AEE2D3F9 -> Тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылды: Мақсатымыз
354A4348AEE2D3F9 -> 1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!!
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі: оқушыларды Сабақтың мақсаты
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті 6-сынып
354A4348AEE2D3F9 -> Баяндама «Бастауыш сыныптарда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды дамыту.»
354A4348AEE2D3F9 -> Оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану Темирбаева Гульнар Сайлаубаевна
354A4348AEE2D3F9 -> Оқу жылының тәрбие жұмысынының i-жартыжылдық бойынша есебі
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың тақырыбы: Алкендер -қанықпаған көмірсутектер. Алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезені. Тақырып пен мақсатымен таныстыру. Әнұран орындау
354A4348AEE2D3F9 -> Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Өткізген: Негмнтжанова Р. К. 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет