Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100



бет3/13
Дата14.04.2017
өлшемі3,01 Mb.
#13925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2 -лекция


Фитоценоз, биоценоз, биогеоценоз және экосистема туралы түсініктер.

Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер.

(1 сағат)
Жоспар :


  1. Фитоценоз

  2. Биоценоз

  3. Биогеоценоз

  4. Экосистема

  5. Негізгі ғылыми мектептер.


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекция мәтіні
Жер бетіндегі өмірдің көзі, қайнар бұлағы күн болып

саналады. Оның энергиясы жасыл өсімдіктерге жиналады. Жасыл өсімдіктер оттегінің, тамақтың, киімнің т.б. нәрселердің көзі болып табылады. Жасыл өсімдіктерсіз өмір сүру мүмкін емес. Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір – бірімен әртүрлі дәрежеде күрделі байланысып қауым құрады.

Орман, шөл батпақ егіс даласы парк – бұлар өсімдіктер қауымы немесе фитоценоз (грек phyton – өсімдік, коіnos - жалпы) деп аталады. Олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Ағашты кесіп алған жерлерде орманды қалпына келтіру, құрғатылған шабындықтағы шөптердің құрамының өзгеруі, егіс даласындағы арам шөптермен күресудің нәтижелі тәсілдерін табу, отырғызылған ағаш, шөптесін өсімдіктердің өнімділіктерін арттыру жұмыстары өсімдіктер қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология (фитоценоз – loqos – ілім) зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім. Өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. Сондықтан

А.П. Шенников (1964) “Геоботаника” және “Фитоценология” терминдерін синонимдер деп қарайды.

В.Н.Сукачев (1935) фитоценозды бір – бірімен және ортамен әрекеттесетін өсімдіктер жиынтығы деп түсіндіреді. Сукачевтың түсінігі бойынша фитоценоздардың негізгі белгілері:

1). Өсімдіктердің бір – бірімен әрекеттесуі

2). Өсімдіктермен орта арасындағы әрекеттесудің болуы

Б. А. Быков (1978) фитоценозға мынадай анықтама берді. Фитоценоз –бұл өздері жасаған ортаның жағдайында тұрақты өзін - өзі жөнге салатын организмдердің бірлесіп өмір сүру формасы. “Қысқаша организмдердің тұрақты бірлесіп өмір сүру формасы”.

Б.М. Миркиннің (1986) түсінігі бойынша фитоценоз – ортаның жағдайына қатынасы ұқсастығына байланысты автотрофты өсімдіктердің популяциясының жиынтығы.

Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы деген біркелкі учаскедегі белгілі – бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым – қатынасы бар өсімдіктер тобы.

Фитоценоз ашық биологиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз зооценоз және микробиоценозбен бірге биоценоз құрады.

2. Биоценоз – (грек – био - өмір, койнос - жалпы) деген тіршілік жағдайлары азды - көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер микроорганизмдер бірлестігі “Биоценоз” термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К.Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды (Федоров, Остроумова, 1984).

Биоценоз абиотикалық немесе сыртқы ортадағы бейорганикалық компоненттермен (жер бедері, температура, ылғалдық, топырақ) бірге биогеоценоз құрады.

Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді – экотоп деп атайды.

Биогеоценоз – (грек био - өмір, гео –жер, ценоз – жалпы) деген зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе. Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н.Сукачев (1940). Биогеоценоз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоп климатопқа (аэротоп) және эдафотопқа (жердің қабығы жағдай) бөлінеді. Биогеоценоздың шекарасы фитоценоздың шекарасымен анықталады. Биоценозда организмдердің арасындағы әрекеттестік өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің деңгейінде емес, особь немесе түрлер популяциясы деңгейінде болады. Биоценоздар қоректену тәсіліне қарай автотрофты және гетеротрофты топтардан тұрады. Соңғы жылдары (Тахтаджян 1973) организмдерді төрт (прокариоттар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар). Whittaker 1969 беске (прокариоттар, протисталар,

саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) дүниеге – патшалыққа бөледі. Осы уақытқа дейін бұл мәселе жөнінде биологтар арасында бірлік жзоқ. Сондықтан биоценоздар компоненті болған организмдерді функциональды ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі группаға (автотрофты, гетеротрофты) бөлген дұрыс болса керек.

Экосистема – (грек – Оікоs –үй, орын, система – жүйе). Тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде экосистемамен биогеоценоз бір – біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір – біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум, немесе космос кораблі және өте үлкен (мыс каспий теңізі) объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А. Генсли (1935).

Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады :



  1. Бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды (жасанды экспериментальдық экосистемалар).

  2. Жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды (мыс космос караблі, станциялары).

  3. Ашық экосистемалар – қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толығымен бітпеген. Б.А.Быковтың (1988) пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады. Соның үішін экосистемалар классификациясы - өсімдіктер классификациясы негізге алып жасау керек.



3 - лекция


Фитоценоздардың қалыптасуы оның компоненттерінің қарым – қатынасы.

(1сағат)

Жоспар :

  1. Фитоценоздардың қалыптасуының ерекшеліктері

  2. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы

  3. Фитоценоздағы өсімдіктердің бір – біріне әсер ету жолдары


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні
Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процессі онтогенетикалық тұрғыдан қарау болады. Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын еш уақытта өсімдіктер болмаған (мыс : тасты шөгінділер екіншіге - өсімдіктері ортаның күшті әсерінен жырту орны) жойылып кеткен субстраттар жатады.

Екінші субстраттарда кейде жойылған фитоценозды вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, біріншіде - өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі. Олардан өсімдіктер тұқымдары су, жел жануарлар және адам арқылы жеткізіледі. Субстратты шөп басу процессі биосфера өмірі заңдылықтары болып табылады. Фитоценоздың қалыптасу жылдамдығы субстраттың жағдайына және қоршаған кеңістіктен, өсімдік бастамаларының келіп түсу мүмкіншіліктеріне байланысты Б.А.Быков (1964) американ ғалымы Клементс, А.П.Шенников (1964) фитоценоздың қалыптасу процессін үш сатыға бөледі :

1. Пионерлік топталушылық көрші өсімдіктер арасында бір – бірі не елеулі әсер ету байқалмайды. Бірінші субстратты шөп басу процессі жерде алғашқы жекеленген өсімдіктердің – пионердің пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты 1) экотопқа (климат, субстрат қасиетіне). 2). Экотопты қоршаған учаскелердің флорасына (жел, су адам арқылы споралар, өсімдіктер бастамалары келіп түседі). 3). Қоршаған учаскелердің флорасының тарихына егер бұрын мәдени өсімдіктер егілген учаскелер болса онда арам шөптер топырақта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі мүмкін.

Әртүрлі географиялық жағдайларда климаттық ерекшеліктері және субстраттық қасиеті пионерлік флораның құрамына өз әсерін тигізеді (мыс Солтүстікке қарағанда Оңтүстіктің пионерлік флорасының құрамы өте бай). Субстратқа көптеген өсімдіктердің бастамалары келіп түседі, бірақ олардың барлығы өніп өсе бермейді үйткені субстраттың экологиялық жағдайы іріктеу жұмысын жүргізеді. Сол экотоптан өткендері ғана тірі қалады, ал қалғандары өледі. Тірі қалған өсімдік бастамалары өскіндер береді, бірақ экотоптың іріктеуі жұмысы одан әрі жалғаса береді. Соның нәтижесінде кейбір өсімдік түрлерінің өскіндері әр түрлі қолайсыз жағдайларға байланысты өледі. Екіншілер тірі қалса да жағдайлары өте нашар болғандықтан гүлдемейді, көбейе де алмайды. Үшіншілері өте жақсы өніп, өсіп көбейіп жатады. Нәтижеде өсімдіктердің түр құрамының тіршілікке бейімделуіне сандық ара қатынасына байланысты дифференциялануы басталады.

1.2 Топтала теңбілденген қауым – субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте – бірте олардың жақындасуына, тамырларының жапырақтарының тығыз тұтасуына мүмкіншілік береді. Фитоценоздың қалыптасу процесінде экотоп бірте – бірте биотопқа айналады. Биотоп – (грек – bios - өмір topos - орын) – жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердің тіршілік орны.

1.3 Диффузиялы қауым – популяциялардың азды – көпті біркелкі таралуы. Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптың немесе фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценоз қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дербестенеді. Клементс (Миркин Розенберг бойынша 1983) фитоценоздың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты :

1). Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы :

2). Эцезис немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы.

3). Агрегация немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында ұрпақ топтарының пайда болуы.

4). Инвазин немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып өнуі.

5). Стабилизация немесе өзін реттеуге қабілетті тұрақты структура жасау.

2. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаға өзінің әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір – біріне әсер етуі оның негізгі белгілері.

Өсімдіктердің бір – біріне әсері алуан олардың классификациясын үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг 1978) қарауға болады : 1). Бір – біріне әсер ету жолдары :

2) өсімдіктердің бір – біріне әсер етуін көрсететін нәтиежелері : 3) өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің онтогенез процессінде өзгеру жолдары Өсімдіктердің бір – біріне әсер ету жолдарын В.Н.Сукачев (1954) жасады. Фитоценозда бірге өмір сүретін өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің үш формасы бар : 1). тікелей немесе түйіскен (контактный) 2). трансбиотикалық немесе жанама (орта арқылы) 3). Трансбиотикалық.

1). Тікелей әсер етуді механикалық және физиологиялық деп екіге бөлуге болады. Механикалық тікелей әрекеттестікке (екі жақтың өзара қатынасы) жай жанасудың әсері үйнелену қысым, орнының бос еместігі жатады. Әр өсімдік фитоценозда орын алғанда, ол басқа өсімдіктердің осы жерге келіп орналасуына механикалық кедергі жасайды. Мыс: орманда ағаштардың бір – біріне қысымы байқалады. Оның нәтижесінде ағаш дінінің формасы өзгереді, астық тұқымды өсімдіктердің түптері өскенде көрші өсімдіктерге қысым туғызады.

Физиологиялық тікелей әрекеттестікке бір өсімдіктің екінші бір өсімдік ұлпасына еніп кетуі немесе олардың өткізгіш ұлпаларының бірігіп өсуі жатады. Физиологиялық түйісу екі өсімдік арасында зат алмасу процессінің жүруімен сипатталады. Физиологиялық тікелей әрекеттесуге паразитизмді, симбиозды, эпифиттер арасындағы қатынастарды жатқызуға болады. Өсімдік “паразит” және өсімдік қожа бір – біріне әсер етеді. Паразитизм өсімдіктер арасындағы қатынастың бір формасы есебінде кең тараған құбылыс.

Трансбиотикалық әсер ету. Трансбиотикалық немесе жанама (орта арқылы) әсер етудің екі формасы бар : өсімдіктердің бір – біріне биогенді орта арқылы әсері 2) аллелопатия. Өсімдіктердің бір – біріне биогенді орта арқылы әсері.

Фитоценоздағы күрделі және қарапайым өсімдіктер ортамен зат алмасуының арқасында фитоценоздың ішкі ортасына – фито ортасына әсер етіп оны өзгертеді. Өсімдіктерде фито ортаның әсеріне душар болады. Сонымен фитоценоздағы өсімдіктердің бір – біріне әсері олардың тікелей түйісуі арқылы емес, өзгерген орта арқылы болады. Мыс : фитоценоздағы әрбір өсімдіктер суды N,P,K т.б. сору арқылы және жарықты ұстап қалу арқылы олардың қорын осы учаскедегі басқа өсімдіктер үшін азайтады. Керекті заттардың қоры фитоценозға енетін барлық өсімдіктерге бірдей жетпейді. Нәтижеде өсімдіктер арасында қоректік заттар үшін бәсеке басталады.

Аллелопатия – (грек allelon - өзара Раthos – азап шегу сынаушы әсер) –түрлердің тіршілік әрекеті өнімдерін/ фитоксидтер, колиндер, антибиотиктер т.б.) болуы арқылы бір – біріне ықпал жасау. Бұл терминді 1937 Молиш ұсынды. Аллелопатия - өсімдіктердің әртүрлі ұшпа химиялық заттар бөлуі арқылы бір – біріне пайдалы немесе зиянды әсер етуі деп түсініледі. Өсімдіктен бөлінетін заттардың мөлшері және құрамы өсімдіктің түріне мүшесіне, тіршілік ету қабілеттілігін және өмір сүретін ортасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерінен метаболиттерді (газ,су қатты күйінде) бөлінетін негізінен жапырақтар болып табылады.


4 – лекция

Өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.


(1сағат)

Жоспары :

1. Әсер ету негізіндегі классификация


2. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы
Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні :
Екі организмнің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк (Воронин бойынша 1973) ұсынды. Организмдердің бір – бірімен қарым – қатынасы олар бір – бірімен түйіскенде немесе белгілі – бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым - қатынастар өмір бойы немесе қысқа, уақытша болады.

Егер бір – бірімен түйіскен әртүрлі түрлерге жататын организмдердің қарым – қатынастары сол екі организмге пайда алып келетін болса оны мутализм, ал тек біреуіне пайда алып келетін болса – коменсализм деп атаймыз. Егер әртүрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым – қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мыс зиянды зат бөліп шығаруы) және пайда көрмесе оны антибиоз деп атайды.

Б.М.Миркин,Г.С.Розенберг (1978) өсімдіктердің бір – біріне әсерін және оның антогенез процесі кезінде өзгеруінің классификациясын береді.

а) бейтараптық антибиоз

б) бейтараптық –антибиоз –антогонизм

в) симбиоз - бейтараптық антибиоз

г) симбиоз - бейтараптық антибиоз – антогонизм т.б.

Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында және минеральды тұздар үшін бәсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым – қатынасқа антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым – қатынастар жатады.

2. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.

Экологиялық оптимум деген өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде (мыс пионерлік топта) ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үйлестірілуі.

Фитоценотикалық оптимум деген – фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы сұраққа А.В.Прозеровский (1940) ғылыми тәжірибе тұрғысынан жауап берді. Прозеровский далада өсетін өсімдік түрлерінің бәсеке жоқ болса шабындық ылғалдығы жағдайында барынша мол масса бере алатындығын көрсетті. А.П.Шенников (1942) оларды құрғақ сүйгіштер емес, құрғаққа төзгіштер деп атады. Дала жағдайында өсетін өсімдіктер ылғалдық жетіспеушілігіне бейімделген (мысалы шымды астық тұқымдастар). Ал шабындықта ортаның жеткілікті ылғалдылығы жағдайында таза фитоценотикалық себептерге байланысты олар (дала өсімдіктері) өсіп жетіле алмайды, өйткені мезофиттердің конкуренциясына төзе алмайды. Әрбір өсімдіктің түрі үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Көп көңіл бөліп, анализ жасаған Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” (экологиялық) және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.

Өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.

Екі организмнің бір – біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк ұсынды.

Организмдер арасындағы қарым – қатынастардың классификациясы.




Түр А

Түр Б

Қарым –қатынас

+

+

Мутализм симбиоз

+

О

Комменсализм

О

О

Бейтараптық, төзімділік

О

-

Антибиоз

+

-

Пайдалану (паразитизм мен жыртқыштықты қоса)- антогонизм

-

-

Конкуренция (бәсеке) - антоганизм

Шартты белгілер “ + ”, қарым – қатынас пайдалы “ - ” – зиян,

О –айқын әсердің жоқтығы.


5 - лекция


Фитоценоздардың құрамы.

Жоспар :

(1сағат)

  1. Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері

  2. Флоралық байлығы

  3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы

  4. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекцияның мәтіні :
Белгілі – бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация (аssociation – қосылу, қосылған) - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі –бір орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді : оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің

тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам –фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге саңырауқұлақтар және балдырларды қатынасады оларға да көңіл бөлу керек.

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды

бір – бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын флоралық байлығын және флоралық толықтығын білу өте қажет.

2. Флоралық құрамы.



Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.
Қазақстанның шөлейт дала зона тармағындағы қауымдардың түрлік құрамы б.з 1976 жыл.

Өсімдіктер тобы

Жіңішке –жусанды –бетегелі қауымы ақшыл –сары топырақта

Жіңішке жусанды-тырсық қауымы, ақшыл – сарғыш топырақта

Сирекбас – жусанды көкпек қауымы сортаңдау кебірде

Сирекбас-жусан қауымында кебірлі сортаңда


Түрлер саны %

Жалпы саны %

Түрлер саны %

Жалпы саны %

Түрлер саны %

Жалпы саны %

Түрлер саны %

Жалпы саны %

Гүлді өсімдіктер

33

12,5

26

10,5

22

10,5

22

12,0

Мүктер

2

0,8

0

-

1

0,5

0

-

Қыналар

12

4,6

15

6,0

19

9,0

14

7,0

Балдырлар

26

9,9

42

17,0

24

11,5

8

4,0

Микроскопия-лық

Саңырауқұлақ-тар



85

32,3

85

3,4

71

34,0

72

38,0

Бактериялар, антиномицеттер

105

39,9

80

32,0

72

34,5

72

38,0

Барлығы :

263

100

248

100,0

209

100

190,0

100,0

Соның ішінде

























Автотрофтар

73

27,8

83

33,5

66

31,5

44

23,0

Гетеротрофтар

190

72,2

165

66,5

143

68,5

146

77,0

Белгілі – бір территориядағы өсімдіктердің түрлерінің

қазақша және орысша аттары жазылады. Мысалы : жіңішке жусан –полынь тонковатая, типчак – бороздчатая. Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (түр саны аз болса) және бай флоралы (түр саны көп болса) фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (грекше diaspora - таралу) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.

2. Флоралық байлығы

Флоралық байлық дегеніміз белгілі – бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар (қыналар,мүктер, папоротниктер жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар) бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.

Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады : жай флоралы фитоценоз бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.

Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты, мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдігінің өмір нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне мыс: тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.

Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде – бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.

Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және анық мүшелері толық емес деп бөлді. Фитоценоздарға адамның басқа аймақтардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар. Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға қабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын қосымша себуге болады. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады.

Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді. Көптеген зерттеушілердің жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан өсімдіктер қауымына сәйкес келетінін көрсетті. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз (Раменский 1925). Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын өсімдіктердің мөлшеріне үлкен – кішілігіне өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ететін жағдайларының біркелкілігіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет