Сын есімді қайталау сабағына арналған сергіту сәттері мен ойындар



Дата01.05.2017
өлшемі37,5 Kb.
#15305
Сын есімді қайталау сабағына арналған сергіту сәттері мен ойындар.

Мақсаты: Әрбір сергіту сәті арқылы баланың білім-білік дағдысын, рухани адамгершілік қасиетін,танымдық іс-әрекетін дамыту.

Негізгі идея: Сергіту сәті сол күнгі сабақтың тақырыбымен сәйкес болуы керек. Яғни, осы ойындар арқылы оқушы тек қана ойнап қоймайды, сонымен бірге өткен сабақты да пысықтайды. Оқытушы әр сергіту сәтінде не болмаса ойын кезінде оқушысының сөздік қорын молайтуға,оқушының көшбасшылық белсенділігін арттыруға ықпал етуі керек.

Күтілетін нәтиже: Сергіту сәті не болмаса түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылар ең бірінші, тынығады, демалады, ой-өрісі кеңейеді.

Екінші, сөз саптау шеберлігі, көшбасшылық белсенділігі дамиды; үшіншіден,топ алдында сөйлеуге машықтанады.

Сабақта пайдаланылған сергіту сәттері мен ойындар.

Сын есім 6а сыныбына 6 сағатқа берілген.Оның 1сағатында «Танысу» тренингін пайдаландым. Онда оқушылар өздерінің бас әрпінен келетін сын есімді сөздерді айтады. Мысалы: «Мен ер мінезді, ерке Ерасылмын»

«Мен ақылды, ажарлы Айнұрмын». «Мен жарқыраған, жайлы Жұлдызбын». Әрбір бала өзінің бас әріптерінен тек қана өздерінің қасиеттерін ғана айтып қоймай, сонымен бірге, сол сабақтың қандай тақырыпта болатынын біліп, алғашқы түсінік қалыптастырады.

Сын есіммен және оның 5 белгісімен танысып болған соң, оқушылардың жейдешелеріне (өздеріне көрсетпей) жасырын атаулар жапсырылады. Жүргізуші ойынға қатысушы ойыншыдан :- Бүгін осы жерге бардың ба? -Кіммен бардың? - Неге бардың? - Ол жер қандай? - Ол жерде қандай тамақ іштің? - Тамақтың дәмі қандай? Ол жерде қанша уақыт болдың? -Тағы барғың келе ме? -Неге?

Ойынға қатысушылар осы сұрақтарға жауап беру керек, және осы жауаптардың ішінде сын есімді сөздер орынды, көп қолданылуы керек. Ойын өте тартымды. Себебі, оқушылар арттарында жазулы тұрған сөзді көрмегендіктен кейбір жауаптары сәйкес келмей, тыңдаушыларды күлкіге қарық қылады. Атаулар (кітапхана, атқора, аула, асхана т.с.с.)

«Орындықтан тұрғызу» ойынын ойнаттым. Оқушылар топқа бөлінген соң, үш топқа да мынадай тапсырма бердім. Бақта бір ғана орындық. Ол орындық бос емес екен. Сенің демалғың келді, не болмаса сенің жаныңда бір қарт адам бар. Сен жылы сөзіңмен сол орындықта отырған адамды тұрғызуың керек. Әр топтан бір оқушы шығады. Орындықта отырған оқушыны жылы сөзімен әбден баурағанша орнынан тұрмау керек. Мысалы: 3-топтан Ерасыл орындықта отыр. Оған таяқ ұстаған Ізбасарды жетелеп, Ұлпан келеді. –Ұлпан:- Балам, түсің жылы, келбетті бала екенсің. Бір көргеннен-ақ сенің тәрбиелі бала екеніңді сезгенмін. Орындығыңды босатасың ба?- деді. Ерасыл:- Жоқ, апа, өзім де таңертең жеңіл шығып, тұмауратып ауырып отырмын, орынымды бере алмаймын - десе, - сөзге Ізбасар араласып: -Балам, сенің де мендей кәрі, аурушаң атаң бар шығар. Жас бала тілалғыш, елгезек болған абзал. Ертең балалық күнің өтеді де кетеді, сен де қартаясың.Қарттың жылы сөзі баланы орнынан тұрғызуы шарт.

Сабақтың 3 сағатында қатыстық және сапалық сын есіммен танысқан уақытта «Жарнамалар сайысы» ойынын өткізген тиімді. Алдын-ала жасалған ораулы конфеттердің ішінде әр топтың нені жарнамалау керек екені жазылады. 1-топқа сүт өнімдерін, 2-топқа ет өнімдерін, 3-топқа тері өнімдерін жарнамалау керек. Әр конфеттегі сәйкестігіне байланысты олар топқа бөлініп, жарнамаларын жасайды. Мысалы: 1-топтың жарнамасынан үзінді келтірсем:

Табиғи қаймақ.

Үйіме келіңіз,қоспасыз қаймақ көріңіз,



Дәмді, тәтті табиғи екенін білесіз.

Жақсы етіп, тойып жесеңіз,



Көтеріңкі көңіл-күйді сезесіз!

Ескерту: Ашыққан, бауыры ауырған адамдарға көп жеуге болмайды.



Майлы, табиғи, қоспасыз, залалсыз. Бағасы да қолжетімді.

Сары май.

Ыссыға да, суыққа да шыдамды

Айырған майды алыңыздар сыналды.

Табиғи, дәмді, қоспасыз әрі сапалы

Қолжетімді, бағасы да қонымды.

Әр топ осылай өздеріне берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің жарнамаларындағы сын есімдердің жасалу жолдарын, сапалық және қатыстық сын есімдерді тауып талдайды.



Сын есімдерді қайталауда «Жұмбақ бейне» ойынын өту де тиімді. Ол үш топқа бөлініп үш ойыншы отырады. Содан соң ол топ мүшелерінен :- Мен кіммін?- деп сұрақ қойса, топ мүшелері –Сіздің жасалу жолдарыңыз қалай?-деп сұрақ қояды. Ойыншы: -Менің –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті деген жұрнақтарым бар. Топ мүшелері: -Олар қандай сөздерге жалғанады? Мысалын айтып жібересіз бе?-деп, кері сұрақтар қояды. Осы диалог арқылы оқушылар әрі диалогтік қарым-қатынас жасайды,әрі сол сабақ туралы мол мағлқмат алады. Жалпы өзімнің ұзақ ұстаздық тәжірибемнен білетінім оқушыны ойнат а отырып ойлату, ойланта отырып ойнату мұғалім үшін де ,оқушы үшн де тиімді екені белгілі. Сондықтан әрбір сабаққа мұғалім сергіту сәтін сабақпен ұштастырып, ретті пайдалана білсе, сабақ мақсатына жетеді.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет