Сыныбы: 4А,б сабақ:№19-20 Тақырыбы



Дата12.03.2018
өлшемі109,15 Kb.
#38512
түріСабақ
Айы,күні: 28.01.2015ж,4.02.2015ж

Сыныбы:4А,Б

Сабақ:№19-20

Тақырыбы: Түрлі халықтардың музыкасы Қазақстан композиторлар шығармаларында. А.Жұбанов және фортепианоға арналған «10 тәжік биі», «Туған жер»әні

Мақсаты:

1.Білімділік Түрлі халықтардың музыкасын байланыстыру,жақындату мақсатында

шығармалар жазып жүрген композиторлар жөнінде мағлұмат беру.



2.Дамытушылық Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,есту қабілеттері мен нота

сауаттылықтарын дамыту.



3.Тәрбиелік Өз Отанының адал перзенті болуға,туған жерін қастерлей білуге,

ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Аспап



Сабақ түрі:Концерт сабақ

Сабақ әдісі:Мағлұмат беру.Музыка тыңдау

Қолданылатын технология түрі:Интеграциялық кешенді оқыту

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың жүргізілу барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу,түгендеу

-Психологиялық тренинг

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.



ІІ.Үй тапсырмасы

Дауыс ырғағын келтіру. ДО,МИ,СОЛЬ. РЕ,ФА,ЛЯ. МИ,СОЛЬ,СИ. ДО ДО РЕ, МИ МИ ФА, СОЛЬ ФА МИ РЕ ДО «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау. Әннің авторы кім? Ақын




Абай Құнанбаев

Композитор Күйші



Философ Ағартушы

Аудармашы Сыншыл

Әнші


-Абай атамыздың туғанына 100 жыл толуына орай «Абай» операсын жазған композиторлар есімін атаңдар. - «Абай» операсын жазған композиторлар А.Жұбанов және Л.Хамиди. –Иә,бүгін біз сіздермен осы А.Жұбановтың шығармашылығы «10 тәжік биімен» танысып,Ә.Бейсеуовтің «Туған жер» әнін үйренеміз. ІІІ.Жаңа сабақ

Профессор



Академик Қазақтың алғашқы кәсіби

композиторы




А.Жұбанов


Дирижер Өнертану ғылымының

докторы

А.Жұбанов 1906 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Ол мектепте оқып жүргенде- ақ домбыра,мандолина,скрипка аспаптарында ойнаған.

1929-1932 жылдары Санк-Петербургтегі музыка техникумы мен консерваторияда білімін алған.1933 жылы Алматыда алғаш рет музыка-драма техникумы ашылған кезде, А.Жұбановты сол жерге жұмыс жасауға шақырады.А.Жұбанов жанына Е.Брусиловскийді алып,екеуі біріге отырып тың жұмыстар жасайды. Техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинетін, музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасын ашады.1934 жылы ол кісі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрды. А.Жұбанов-көптеген әндер, сюиталар,опералар,вальс,романстар,фантазиялар,драмалық спектакльдерге, кинофильмдерге музыка жазған.Ол кісі өз шығармаларында тек қазақ халық музыкасын ғана емес, өзге халықтардың да музыкасын пайдаланған. Солардың бірі1950 жылдар шамасында фортепиано аспабына арналып жазылған камералық шығарма «10 тәжік биі». «10 тәжік биінің» шығуына Шығыс билерін шебер орындаушы Шәрипа Түрікбаева себепші болған.Композитор бұл шығармада тәжік халқының ән-билерін пайдаланған. –енді, қазір осы шығарманы тыңдаймыз.( «10 тәжік биі») Тәжікстан астанасы-Душанбе.Жерінің аумағы-143 100 шаршы метр.Ең көне қаласы-Ленинабад.Тәжікстан мақта мен жібектің Отаны. -Шығарманың көңіл күйі қандай? Көңілді би ырғағында жазылған -Екпіні қандай? Орташа –Ал,Қазақстанда тәжіктер саны қанша? Тәжіктердің жалпы саны – 10,2 миллион адам (2002). Оның 3,5 миллион Тәжікстанда, 1,2 Өзбекстанда, 5,3 миллионы Ауғанстанда, қалғандары Қазақстанда, Түрікменстанда, Ресейде, Иранда тұрады. Тәжік тілінде сөйлейді. Қазақстан жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген.Ол сонымен қатар көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында барлық халық тату-тәтті өмір сүруде.Өзге ұлт өкілдері біздің елде тұрып жатқанымен,өз Отанын,туып-өскен жерлерін еш ұмытпақ емес.Олар Қазақстанды екінші Отаны санайды. Ендеше,туған жер жайында не білеміз? Туған жеріміз Қарсақбайда өзге ұлт өкілдері қанша? Туған жер-әр адамның дүниеге келіп,кіндік кескен жері.Топырағын басып,суын ішіп,тұғыры болған мекені. (Бойтұмарды көрсету) –Балалар,бұл не? Әрине, тұмар.Тұмар парсының «тумаэр» сөзінен алынған.Ал, парсы тілінен аударғанда «Тумаэр» қазақша туған жер деген мағынаны береді екен.Ертеде,ата-бабаларымыз алыс сапарға аттанарда «туған жер топырағы бұйырсын,елге аман-есен оралайық», деп ырымдап бойтұмар еткен.Ал,соңғы кезде « тіл-көзден сақтасын», деп құран-сүре аяттарын бойтұмар ретінде таққан. «Туған жер» әнінің әуенін жазған композитор Ә.Бейсеуов. Әсет Бейсеуов танымал композитор.Ол 1938 жылы Алматы облысының,Қарғалы ауданында дүниеге келген.Әкесі Көпбай ойын-сауық үйірмесін басқара жүріп,Әсет Найманбаевтің әндерін сүйіп орындаған екен.Анасы Рахима Орал қаласының әншісі болған.Баласына ырым етіп Әсеттің атын қойған. «Шақырады көктем», «Армандастар» тағы сол сияқты 500-ге тарта әндердің авторы.Енді осы «Туған жер» әнін тыңдайық бейнебаяннан.



IV.Тапсырмалар орындау

–Балалар,өзіміздің туған жеріміз Қарсақбай жайында не білесіңдер?



Жер көлемі-618705га.Қыратындағы ең ірі өзен-Қалмаққырылған болған.Шыңдарының ішіндегі ең биігі-Қумола болған.Биіктігі-644метр. Қарсақбайдың әр тау-тасы,сай-саласы өзінше бір тарих.Кезінде бұл жерге Ақсақ Темірдің де аяғы тиген.1916 жылдары батыр Амангелді өз сарбаздарымен ат шалдырған.Ғалым,академик Қ.И.Сәтбаев осында тұрып жұмыс жасаған.Болман Қожабайұлы,Кенен секілді атақты дүлдүлдердің де осы жерде болғанын тарих растайды.Әрине,ол туралы сендер Қуаныш Ахметовтің «Ұлытау»,Асан Жұмадилдиннің «Жаңарқа» кітаптары мен Қ.Сәтбаев шығармаларынан оқи аласыңдар. Қарсақбай жерін украин,лезгин,неміс,орыс,татар және басым көпшілігі қазақ халықтары мекен етеді. Барлық ұлт ынтымақ пен бірлікте тату-тәтті өмір сүруде.

а) 3 шумағын 3 топқа бөліп орындату. Содан соң бірге орындау. ә) Ән өлшемі қанша? Ән өлшемі б) Әннің көңіл-күйі қандай? Сағынышты сезімде орындалады

в) Әннің екпіні қандай? Ән орташа екпінде г) 1-2-3-4 такт дыбыстарын анықтау. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



д) Оқушылар шығармашылығы















е) Музыкалық есеп шығару.

● +●=? ●+●=? V.Сабақты бекіту

Уақытнамалық кестені дұрыс тауып орналастыр





Қай жылы?

Болған оқиға

1

1906 ж

Санк-Петербург қаласында музыкалық білім алған

2

1929-1932 ж.ж

Фортепиано аспабына арналған камералық шығарма «10 тәжік биі» дүниеге келді.

3

1933 ж

Композитор Ә.Бейсеуов дүниеге келді.

4

1934 ж

Алматыда алғаш музыка-драма техникумы ашылды.

5

1950 ж

А.Қ.Жұбанов дүниеге келді.

6

1938ж

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық Халық аспаптар оркестрі құрылды.

Әріптерді теріп отырып Қарсақбай жеріне қатысты сөздерді табыңдар.


О

Т

К

Р

Л

Д

Ы

Қ

С

Т

И

Р

Ж

А

М

Б

Ы

Л

Ж

А

Б

А

Е

В

М

Л

А

О

М

Н

Л

Н

Ә

Й

Ж

Х

А

Д

Т

Л

Ы

А

П

Ы

Р

Ж

А

Ұ

Л

Ы

К

М

М

Р

Щ

Ш

Е

А

В

Ү

О

С

Е

А

С

Ь

Ш

С

К

Н

О

Н

М

А

Н

Ә

Ы

Т

Р

Ә

Е

С

Д

Ш

У

Й

О

А

Ф

К

Н

Т

Н

А

Р

Д

Қ

П

В.

Қ

Я

П

А

Б

А

Я

Ж

Б

С

Ы

Қ

Ы

У

Ж

В

А

Р

Б

Л

Т

Т

У

Р

Н

Й

З

У

Е

О

А

Ю

П

Р

Н

Д

Ә

К

Л

Ы

В

Л

Ғ

Н

А

Ь

О

Т

І

Е

Ш

Ө

С

Б

Ы

К

М


Бәреке,Жамбыл Жабаев, Қаныш Сәтбаев,Маткенов Қ, Талдысай,Болман ақын, Қумола,Тайжан саябағы,

-Сонымен,біз бүгін туған жер туралы көп нәрселерді көкейімізге түйдік.Туған жер сұлулығын,әнге,өлеңге,суретке өрнектей білдік.Туған жер қадірін сезіне білейік,оны сүйе білейік.



VІ.Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма! А.Жұбанов шығармашылығы жөнінде оқу. «Туған жер» әнін жаттау.

Қарсақбайдан шыққан танымал тұлғалар есімін жазып келу.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет