Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге мақтанышымыз



Дата25.08.2017
өлшемі27,03 Kb.
#26245
Ұлттық теңге мақтанышымыз

Сыныбы: 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге - мақтанышымыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:


І Ұйымдастыру (1 минут)
1) Амандасу.
2) Сынып тазалығын тексеру
3) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.

ІІ Үй тапсырмасың сұрау. (15 минут)


І. Миға шабуыл: ( )
1) Рәміздер дегеніміз не?
Жауабы: (Мемлекеттерді бір - бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер)
2) Батыс Түрік қағанатының туы қалай аталған?
Жауабы: («Қош жалау»)
3) Көне түрік байрақтарында негізіне қандай аң бейнеленген?
Жауабы: (Қасқыр)
4) Уыз ханның алтыннан құйылған рәмізі қалай аталады?
Жауабы: (Бөрілі ту)
5) Ежелгі тулардың тарихынан мол мәлімет беретін аса құнды дерек қалай аталады?
Жауабы: (Таңбалы тас)
6) Найман тайпасының ұраны –
Жауабы: (Қабанбай)
7) Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер?
Жауабы: (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстан Республикасының туының авторы кім?
Жауабы: (Ш. Ниязбеков)
9) Әнұранның авторларын ата
Жауабы: (Ж. Нәжміеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
10) Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
Жауабы: (Екі жағдайда: 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда;)

ІІ Терминдердің мағынасын ашып айт


1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб
Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.

ІІІ. Цифрлы диктант


1) Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі мемлекеттер саны; (224)
2) «Он оқ будун» рәміздік белгілері Батыс Түрік қағанатында қабылданды (635 жылы)
3) Таңбалы таста қанша сурет салынған (2000-ға жуық)
4) Қазақ АКСР - інің елтаңбасы қабылданды (1925 жылы)
5) Қазақ КСР - інің елтаңбасы қабылданды (1937 жылы)
6) Елтаңбадағы жазу латын әрпінен кириллицаға ауыстырылды (1940 жылы)
7) Жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының елтаңбасын бекітті (1992 жыл)
8) Қазақстан Республикасының Туы бекітілді (1992 жылы маусым)
9) Тұңғыш әнұран қабылданды (1992 жылы желтоқсан)

ІҮ. Рәміздердің айшықты белгілері нені білдіреді?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. (20 минут)
Жоспар:
1). Нумизматика дегеніміз не?
2). Теңгенің шығу тарихы
Нумизматика – табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
Нумизматиканың негізін салушы – веналық коллекционер, оқымысты И. И. Эккель (1734 - 1798)
Пегуния латын тілінде ақша деген мағына білдіреді
Айырбас сауда түрлері:
Меланезия – акула тістері
Монғолдар – кірпіш шай
Көшпелілер – мал және мал терісі
Әр елдің өзінің ұлттық ақша бірлігі яғни валютасы болады.

Мысалы:
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.


1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде. Мысалы:

ІҮ. Сабақты қорытындылау.


1.. Тарихи басқатырғыш
А) ҢЕЕГТ
В) РОЛЛАД
С) НИЕ
Д) ЬБРУЛ
К) МУС
Ж) ВЕОР

2. Ақпараттық қағазды толтыру:


Ұлттық валюта атауы Теңге
Туған жері Қазақстан
Туған айы, күні, жылы 15. 11. 1993
Жасы 19 жыл
Авторлар тобы М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов
Алғашқы шығарылған орны Англиядағы «Харрисон энд санс»
Номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000

Ү. Бағалау сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалап баға қою.


ҮІІ Үйге тапсырма беру:
Каталог: uploads -> doc -> 06a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a0 -> Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет