Сыныбы 7 Пән аты Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі1,27 Mb.
#27153
Астана қаласы №8 ОМ

Бейсенбаева Алтынай Оспановна

Сыныбы 7

Пән аты Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев (1841-1889). Өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаев өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдай, ағартушының өмірі туралы жаңа білім беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдай білу, есте сақтай, талдай білу дағдыларын дамыту 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларға азаматтық , патриоттық рухта тәрбие беру. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: әңгімелеу, еске түсіру, баяндау, сараптамалық талдау Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев туралы пікірлер Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, өтілетін тақырыпқа назарын аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы Үй тапсырмасын тексеру жоспары: Ыбырай Алтынсариннің поэзиясы - Ыбырайдың әлеуметтік теңсіздік тақырыбына жазылған өлеңдері; - Табиғат жайлы өлеңдері; - Адамгершілікке үндейтін өлеңдері. Ыбырайдың прозасы: - Тәрбие туралы әңгімелері - Еңбек пен өнерге баулитын әңгімелері

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Абай Құнанбаев (1841-1889). Өмірі мен шығармашылығы

Абай тегi

Кiшек

Әйтек

Олжай

Айдос, Қайдос,Жандос (Жiгiтек)

Ырғызбай

Өскенбай

Құнанбай

Абай (Ибраhим)

ақын

гуманист ойшыл



дана сыншыл

реалист қайраткер

аудармашы ағартушы

сазгер



Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы - ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үгіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді..



Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. ІV Дәптермен жұмыс: Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтерді жазады, кестені сызады. V Қорытынды: Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға , ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін , мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер болған. VІ Бағалау VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: Абайдың өмірі туралы мен шығармашылығы туралы конспект жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 00b1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00b1 -> Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру Сабақтың мақсаты: Білімділік
00b1 -> Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет