Сыныбы: 8 «б» Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі55,14 Kb.
#28791
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Химия пәні.Заттар және олардың қасиеттері.Таза заттар және қоспалар

Сыныбы: 8 «б»

Сабақтың мақсаты: : Бастапқы химиялық ұғымдар,заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту,айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне түсінік беру.

Білімділік:Заттар мен қоспаларға түсінік бере отыра,әртекті және біртекті қоспалар және олардың қасиеттерін айқындау.

Тәрбиелік:Ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке,ізденімпаздыққа,ой – өрісін кеңейте отыра, алғырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ жоспары:

ǀ.Сабақты ұйымдастыру(2мин)

ǁ.Үй тапсырмасы(10мин)

III.Жаңа сабақты түсіндіру(20мин)

ǀV.Жаңа сабақты бекіту(8мин)

V.Қортындылау(3мин)

VI.Бағалау(1мин)

VII.Үйге тапсырма(1мин)



Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жоқ оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақ беріледі.

  1. Химия пәні дегеніміз не?( Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)

  2. Заттар дегеніміз не?( заттар дегеніміз денелерді құраушылар. Олар бізді қоршап тұрады.)

  3. Заттардың қасиеттері деп нені атаймыз? (заттардың өзара ұқсастығын немесе айырмашылығын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады.)

  4. Қанттың физикалық қасиетін атаңыз? ( ақ түсті қатты зат, оңай ұсатылады, тәтті дәмі бар, суда ерігіш, қыздырғанда алдымен балқып, одан соң қоңыр түске түрленіп, ақыры қара көмірге айналып, ауада жанып, газ күйіндегі зат түзеді)

  5. Магнийдің физикалық қасиеті? ( ақ түсті қатты зат, металл, суда ерімейді, ауада жанып, ақ түсті ұнтаққа айналады).Осымен химия пәні жөнінде өзімізге керекті мәліметтер алдық.

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар.(20мин)

  • Заттар туралы ұғыммен танысқанымызбен әзір олардың неден құралғанын айта алмаймыз.Ол үшін заттың химиялық құрауыштарын білу қажет.Табиғатта таза заттар көп кездеспейді. Олар көбінесе қоспа түрінде болады. Қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады.Мәселен, ауа бір ғана заттан құралмайды. Ауа – оттек(О) , азот (N) , көмірқышқыл газы (СО2) т.б. газдардың қоспасы екендігі сендерге бұрыннан мәлім. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

  • Мынадай тәжірбие жасайық: қанттың кішкене кесегін стакандағы таза суға салып ерітейік. Бастапқыда қант қатты күйдегі таза зат, ал су сұйық күйдегі таза зат болатын. Олардың қоспасы қанттың судағы ерітндісі – бір ғана сұйық заттан құралғандай көрінеді. Қанттың судағы ерітндісі біртекті қоспаға жатады.Біртекті қоспаның құрамына кіретін заттардың бөлшектері жай көзбен, тіпті микроскоппен қарағанда да көрінбейді.Бордың бір түйірін ұнтақтап, стакандағы таза суға салып араластырайық. Қанша шайқасақта бордың суда ерімейтінін көреміз. Лайланған ерітінді бор мен судың әртекті қоспасынан тұрады. Жай көзбен қарап, қоспаның әртекті қоспасынан анықтаймыз, өйткені ол ұсақ бордың қатты түйіршіктері мен сұйық судан тұрады. Қоспадағы әр заттың өзіне тән жеке қасиеттері сақтала ма?Оған тәжірбие жасап, көз жеткізіп барып, жауап берейік. Екі зттың ұнтағы берілген: біріншісі – сұр түсті темір, екіншісі – сары түсті күкірт. Олардың таза зат ретінде магнитке тартылуын қарастырсақ: темірдің ұнатға магниттің бетіне тартылады, ал күкірт ондай қасиет көрсетпейді. Енді екі затты араластырып әртекті қоспаға айналдырайық. Ол сұрғылт сары түсті ұнтақ болып шығады(1сурет).Осы ұнатақты қағаздың бетіне жайып,оған астыңғы жағынан бір парақ қағаз жапқан магнитті жақындатайық. Сұр түсті түйіршіктер қоспаның бетін жапқан қағаз парағының астына жабыса бастағанын көреміз. Демек, темір затының бөлшектері қоспаның құрамында болғанына қарамастан, өз қасиетін сақтап қалған (2 сурет)

  • Кұрделі зат екі немесе одан да көп атомдардың белгілі пропорциялық қатынаспен түзілуінен құралған заттар. Күрделі заттар химиялық қосылыстар деп аталады.

Қоспалар мен күрделі заттардың арасындағы айырмашылықтар

Күрделі заттар

Қоспалар

Бірдей молекулалардан құралған

Құрамында әртүрлі атомдар және молекулалар бар

Күрделі заттардағы молекулалар физикалық құбылыстармен кіші бөлшектеріне бөліне алмайды

Физикалық құбылыстармен бөліне алады


Химиялық және физикалық қасиеттері құрамындағы элементтердікінен өзгеше

Құрамындағы заттардың қасиеттерін көрсетеді


Құрамындағы элементтер белгілі қатынаспен құралған

Құрамындағы заттар әртүрлі қатынаспен құрала алады

Таза заттар болып саналады

Таза заттар болып саналады

Тұрақты қайнау және балқу температуралары бар

Тұрақты қайнау және балқу температуралары жоқ

Құрамындағы элементтерден бөлек өздеріне тән тығыздықтары бар


Құрамындағы заттарға қарай тығыздықтары өзгереді


Жаңа сабақты қорытындылай келе – таза заттар бір ғана заттың бөлшектерінен тұрады. Қоспалар екі не одан да көп заттардан тұрады. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы жеке бөлшектер байқалмайды. Қосалардағы заттар өздеріне тән дара қасиеттерін сақтап қалады. Сондықтан қоспаларды әр түрлі тәсілдермен бөлуге болады.

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

  1. Заттар дегеніміз құраушылар.(физикалық денелерді)

  2. Заттардың қасиеттері деп оларды бір – бірінен немесе оларды өзара айтады.( айырмашылығы,ұқсастығын көрсететін белгілерін)

  3. қалыптыжағдайда өзіне тән пішіні және көлемі бар.(дене)

  4. әр түрлі агрегаттық күйде бола алады.(зат)

  5. Электр өткізгіштік қасиетке ие болады.(зат)

  6. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

  7. Біртекті қоспалар? Мысал келтір.

  8. Әртекті қоспалар? Мысал келтір.

  9. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Үйге тапсырма:1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22 §2.3. 10 бет. 1-10 жаттығулар (ауызша).

Бағалау:Белсене араласқан оқушыларды бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0712
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0712 -> Коучинг тақырыбы: Диалогтық оқыту. Жада. Әңгімелесудің түрлері. Коучинг мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет