Сынып: 11 «Ә» Тақырыбы: Ертедегі тайпалық бірлестіктер



Дата23.08.2017
өлшемі34,72 Kb.
#25164
Күні:

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 11 «Ә»

Тақырыбы: Ертедегі тайпалық бірлестіктер



Сабақтың мақсат-міндеттері
• Б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғасырларда Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы алғашқы мемлекеттердің дамуын, олардың қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету, мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру.
• Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1. карта
2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1. Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы
2. Ғұн мемлекеттілігі
3. Үйсін мемлекеттілігі
Ескерткіштері Орналасқан жері, уақыты
1. Қауыншы
2. Жетіасар
3. Отырар-Қаратау

Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы


Тигрохауд сақтардың патшасы

Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұнтайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.

Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерғе бөлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.

Ғұн мемлекеттілігі


Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтардаүлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ, Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген.

Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндарбасында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.

Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.

Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оныңсаяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.

Үйсін мемлекеттілігі


Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.

Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байкалды. Қоғам — руақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді.

Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік- экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.

Сабақты бекіту:

Картамен жұмыс

Картаны пайдалану арқылы осы сақ, дай тайпалары мекендеген Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда б.з.б. ІІІ-б.з. Ivғасырларында Ғұн, Үйсін Қаңлы мемлекеттері өмір сүргенін айта отырып, сабақ жоспарындағы мемлекеттерге тоқталады.

Қорытынды

сұрақ –жауап


1.Қазақстан аумағында қандай көне мемлекеттер өмір сүрді? Олар қалай дамыды?
2.Ғұндар мемлекеттілігі жүйесінде неліктен әскери-әкімшілік белгілер басым?
3.Үйсін қоғамының әлеуметтік құрылыс мен мемлекеттік ұйымы несімен ерекшеленеді?

Бағалау



Үй тапсырмасы Ертедегі тайпалық бірлестіктер туралы қосымша мәліметтер жинау


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет