Сыныптан тыс шара Тақырыбы. «Қазақ тілінің білгірі» Мақсаты



Дата22.01.2017
өлшемі35.46 Kb.
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы. « Қазақ тілінің білгірі»

Мақсаты. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген топты анықтау

Мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: үнтаспа, түрлі түсті қағаздар мен осы түстерге боялған асықтар, түрлі-түсті конверттер, суреттер, қазақ тіліне тән дыбыстар.

Барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып, ойын шарттарымен таныстыру.

Сайыстың тақырыбы мен мақсатын айту.

II. Ән сайысы.    Әр топ дайындаған әндерін айтады.

III.Топпен жұмыс.Топбасшы сайланып, өз тобын таныстыру 

Әр айналым алдында асық иіріледі. Қай топтың түсіне сәйкес асық алшы түссе, сол топ ойынды бастайды.

     1-айналым – «Әңгіме». Әр топ ойыншылары өздеріне ұнаған конверт түсін таңдап алады, ішіндегі тақырып бойынша әңгіме құрастырады . Дұрыс орындалса, өз тобына сәйкес (қызыл, көк түсті) боялған асықты алады. Егер жауап бере алмаса, асық мұғалімде қалады.

2-айналым- «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде берілген мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.

3-айналым- «Көркем сөз үлгілері». Тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер сайысы.

IY. «Асық ату» ойыны. Қай топтың ойыншысы ұтса, соған сұрақ қойылып, жауап алынады. Жауап берсе асығын алады, бермесе басқа ойыншылардың біреуі жауап беріп, асығын алады.

4-айналым – «Дыбыстар әлемі». Әр топтан кезегімен ойыншы шығады. Берілген сұрақтарға жауап береді (жіңішке, жуан дауысты дыбыстарға, дауыссыз дыбыстарға байланысты) Қазақ тіліне тән дыбыстарға, модульдерге байланысты мысалдар айтады. Қай топ көп мысалдар айтса, сол топ асығын алады.

5 айналым. «Жаңғырған салт - дәстүрлер» деп аталады, яғни салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.

6 айналым .«Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
Айналым түрлері біткен соң, топ капитандары ұпай асықтарын санайды. Қай топтың ұпай асықтары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

Ү. Қорытынды. Сабақ соңында жиналған ұпай асықтарының сандары саналып қорытындыланады. Оқушылар алған орындарына байланысты марапатталады.

1-ші айналым. Әңгіме тақырыптары. «Менің елім-Қазақстан». «Қазақстан –тәуелсіз мемлекет»

2 айналым . «Елші» Мәтінді оқып, аударыңдар. Сотни тысяч слов в нашем языке, он на первое место я бы поставил тир слов: хлеб, труд народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Это самое сущность нашего строя. И эти корни так прочно переплелись, что ни разровать их, ни разделить никогда. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.

«Асық ату» ойыны

1. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Әнұранның авторларын атап бер.

Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

ҚР - ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?

Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Абайдың туған жылы.

Сұрақтар: І топқа
1. Нағашы деген кім?
2. Құдайы тамақ беру деген не?
3. Ұлттық киімдерді атап бер.
4. Бет ашар туралы не білесің?
5. сырға салу деген не?
6. Ұлттық ойындарды атап бер.
ІІ топқа
1. Айт мейрамы туралы не білесің?
2. Құда, құдағи дегендер кімдер?
3. Ұлттық тағамдарды ата?
4. Шілдехана деген не?
5. Қымыз қалай жасалады?
6. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?

Мақалдар.



1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден... (у тамған).
3. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
4. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (тілі ортақ)
6. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
7. Тіл қылыштан... (өткір).
8. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді).
11. Ең ащы да тіл, ең... (тәтті де тіл).
12. Өнер алды -... (қызыл тіл).
13. Айтылған сөз -... (атылған оқ).
14. Жылы - жылы сөйлесең, жылан... (інінен шығады).
15. Басқа пәле -... (тілден).
16. Білім кілті -... (тіл).
17. Тілге құрмет -... (елге құрмет).
Каталог: uploads -> doc -> 0294
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0294 -> Балуан Шолақ Баймырзаұлы. Пән мұғалімі: Ербулатова Дария 10 – сынып Қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы
0294 -> Білім беру саласы : Қатынас, Таным, Денсаулық Бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет