Сыныптан тыс шара Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл менің тілім»



Дата15.09.2017
өлшемі71,67 Kb.
#33034
Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Мақсаты:оқушыларды ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту,көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру,ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту,туған тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу.

               Көрнекіліктер:мақал-мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер.

                Іс-шараның барысы:Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Біздің сайысқа қош келдіңіздер!Бүгінгі “Тіл ұлттың жаны” атты іс-шарамыз Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналады.Алдымызға қойылған мақсат –қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Оқушылардың  тіліне,еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.

               Сайыстың барысы:  

1.      “Жедел жауап”

2.      “Сөз мәйегі мақал”

3.      “Полиглот”

4.      “Ойлан тап”

5.      “Қызықты ұйқастар”

6.      “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы “

        1-жүргізуші:- 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні,елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі.

        -Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің  құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл-халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.

       2-жүргізуші:- Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Гимні,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол-әрине,қазақ тілі.      

    -Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Қатысушылар -7,8-сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген.Әр топ өзін-өзі таныстырады.

            l бөлім “Жедел жауап”

      Бұл бөлімде әр топқа  10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

           l топ: 

             1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)

             2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)

             3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)

             4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

             5.Қазақстанның  ел басшысы кім? (Н.Назарбаев)

             6.Жеңіс күні (9 мамыр)

             7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)

             8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

             9.Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)

            10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)

          ll топ:

            1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

            2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4)

            3.Көктемнің бірінші айы (наурыз)

            4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері(Тоқтар Әубәкіров)

            5.Бір жылда неше күн бар? (365)

            6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

            7. Бала оқытатын адам (мұғалім)

            8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту,елтаңба,гимн)

            9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)

           10.Абайдың шын аты (Ибраһим)

        2-жүргізуші:  Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды.Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

       1-жүргізуші: -Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып,оның 4 бабында”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.

      ll бөлім  “Сөз мәйегі-мақал”

    Келесі сайысымыз,сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз.Мақалдардың  жалғасын табу.

      l топ:

             1.Ең тәтті де-тіл, ….. (ең ащы да-тіл).

             2.Отансыз адам- ….(ормансыз бұлбұл).

             3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).

             4.Өнер алды- …(қызыл тіл).

             5.Отан….(оттан да ыстық).

             6. Оқусыз-білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).

          ll топ:

             1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын).

             2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).

             3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).

             4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).

            5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).

            6.Шебердің қолы- ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ).

      2-жүргізуші: -Армысың,ардақты анам-қазақ тілім,

                               Бір өзіңнен тараған өнер –білім.

                               Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы,

                               Жарқын болсын әрқашан келер күнің!

        -Енді келесі сөзді мына оқушыларға берейік.Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.

       1-оқушы: -Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

                           Қазақ тілім-анам тілім,ардағым.

                           Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

                           Жан сырларым,тілегім,бар арманым.

      2-оқушы:  Менің тілім-Махамбеттің,Абайдың

                          Ұлы тілі-талайым деп санаймын!

                          Өткір,өжет,нәзік,сұлу,бай тілмен

                          Таңдайыма бал тамызам талайдың.

     3-оқушы:  Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

                         Тілім барда айтылар сыр ойдағы

                         Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

                         Өшсе тілім,мен дағы өшемін.

     1-жүргізуші:

         lll бөлім  “Полиглот”

   Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді.Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ,ағылшын тілінде шешу.

        


      l топ:  

         1.Темір тілді,

            Күміс үнді. (қоңырау,звонок ……)

         2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег…..)

         3.Үй үстінде алтын тас,

            Алйын десем табылмас. (жұлдыз,звезда…..)

         4.Түк білмей барасың,

            Тәлімін аласың. (мектеп,школа……)

         5. Қабат-қабат қаттама,

             Ақылың болса аттама. (кітап,книга…….)

          ll топ:

        1.Сырты тәтті,іші тәтті,

            Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко….)

        2. Табаныма байладым,

            Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи…..)

        3.Тұмсығымен қозғалар,

           Артында аппақ із қалар.(бор,мел……

        4.Жесең ащы,

           Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук……)

       5.Аспанға ұшар бу болып,

          Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако…….)

       lv бөлім  “Ойлан тап”

     2-жүргізуші: Келесі сайысымыз берілген әріптерден сөз құрау.

       Оқушылар әріптерден сөз құрағанша,6 сынып оқушылары бізге ән орындап береді.

       V бөлім    “Қызықты ұйқастар”

     1-жүргізуші: Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

          l топ:

        1. Жизнь-өмір,уголь-көмір.

        2. Таможня-кеден,пол-еден.

        3. Рыба-балық,народ –халық.

        4. Зуб-тіс,дело-іс.

        5. Лето-жаз,гусь-қаз.

         ll топ: 

        1.Город-қала,ребенок –бала.

        2.Игра-ойын,шея-мойын.

        3.Число-сан,кровь-қан.

        4.Человек-адам,шаг-қадам.

        5.Дверь-есік,колыбель-бесік.

      Vl бөлім  “Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы”

         Бұл сайыста әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.

        2-жүргізуші:    -Білімнің мініп алып тұлпарына,

                                    Қиналмай шықтыбілім шыңдарына.

                                    Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

                                    Сөз кезегі әділ қазы алқасына.

          Бүгіні сайысымызды қортындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз.

       1-жүргізуші: Қалағандай қиюлап үй татарын,

                               Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.

                               Тіліңнің білгің келсе құдыретін,

                             Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын

                  Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,

                  Келіп тұр Егемендік замандарың!

                  Қазақ болып туғанмын жер үстінде,



                  Және де сол тіл үшін жаралғанмын,-деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып,қадірлей білсек,нұр үстіне нұр болар еді.        

  2-жүргізуші: -Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі сайысымз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет