Сіздердің алдарыңызда мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылауға арналған жаттығулар жинағы берілген. Геометриялық пішіндер формасын дұрыс зерттеу тәсіліне балаларды ерте жастан үйрету қажет



Дата08.01.2017
өлшемі14,49 Kb.
#6487
  • Сіздердің алдарыңызда мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылауға арналған жаттығулар жинағы берілген. Геометриялық пішіндер формасын дұрыс зерттеу тәсіліне балаларды ерте жастан үйрету қажет. Олардың қарапайым қасиеттерін көре білу қабілетін дамытады, геометриялық пішіндерді алуан түрлі белгілері бойынша топтай білуге үйренеді, қоршаған заттардан белгілі геометриялық пішіндермен ұқсастығын табуға үйренеді. Бұл жаттығулар балаларды жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелейді.
  • Құрметті оқырман!!!
  • Көрпені құра.
  • Мақсаты: Геометриялық пішіндерімен таныстыру
  • Ойын құралы: Геометриялық пішіндер жинағы.
  • Ойын шарты: Әр түрлі пішіндер арқылы көрпені құрау. Ойынды әңгіме айту арқылы бастауға болады.
  • Ертеде Буратино өмір сүріпті. Оның әдемі қызыл құрақ көрпесі болыпты. Бір күні Буратино Карабас - Барабас театр қойылымына кетіп қалыпты, сол кезде Шушара тышқаны Буратиноның әдемі қызыл құрақ көрпесін кеміріп тастапты. Алдымен көрпедегі тесіктерді санап, содан кейін әр түрлі пішіндерді алып, Буратиноға көрпені құрауға көмектесті.
  • «Аяғына дейін сал»,
  • «Аяғына дейін аяқтап тұрғыз»
  • Қағаз беттерінде геометриялық пішіндер көрсетілген, мысалы әр түрлі көлемдегі шеңберлер бір – бірінен алшақ орналасқан. Сырт құрылысында шеңбер бейнесіндегі заттың суретін аяғына дейін салып, бітіруі тиіс. Балалар өте күрделі бейнелерді және аққала, қыздың, қуыршақтың, қоянның, сағаттың суреттерін салады. Бұл жаттығуларды негізі болып алынған геометриялық бейнелерге, мысалы үшбұрышқа басқа бейнелерді қосып, осыдан бір келбет алу.
  • Мақсаты: Балаларды геометриялық түсініктің дамуы геометриялық пішіндердің білімін бекіту. Ойынның мақсатын жетілдіру, оны қойып және ойынның есебін жетілдіре білу.
  • Басшылық: Тәрбиеші балаға алдындағы берілген мүсіндерді атап, ары қарай оны құрастырып, өзіне ұнайтын аяғына дейін аяқтауға, жолдастарының жұмысын қайталамауын айтады.Тәрбиеші балаларды жұмыстың санасына ж/е әртүрлілігіне назар аудартып, ішіндегі тамашасын таңдайды.
  • Салыстыр және толтыр
  • Мақсаты: Көріп ойлау сараптамасы бойынша пішіндердің орналасуын анықтау, геометриялық пішіндерді ойша бекіту.
  • Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер жиынтығы
  • Барысы: Ойнайтын екі бала. Әрбір ойыншы алдындағы кестедегі геометриялық пішіндерді мұқият қарап, сонан кейін сұрақ белгісімен берілген бос ұяшықтарғакеректі пішінді оған орналастыру керек. Кім дұрыс және тез тапсырманы орындайды, сол жеңеді. Пішіндерді және сұрақ белгісінің басқаша орналастырып, ойынды қайталауға болады.
  • Бос төркөзді толтыр
  • Мақсаты: Геометриялық пішін туралы ойды түйіндеу. Екі топ пішінді бір – бірімен салыстырып және қарама – қарсы қоя білу, ең жақсы белгілерін табу.
  • Көрнекі құралдар: Үш түсті геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш)
  • Барысы: Ойнайтын екі бала. Әрбір ойыншы алдындағы кестедегі геометриялық пішіндерді терңірек оқып, оның тек көлеміне ғана көңіл бөлмей, түсіне де қарап, орналасуына мән беру керек. Орналасу заңдылықтарын тауып, сұрақ белгісімен берілген бос ұяшықтарды толтыру керек. Кім дұрыс және тез тапсырманы орындайды, сол жеңеді. Пішіндерді және сұрақ белгісінің басқаша орналастырып, ойынды қайталауға болады
  • «Қатесін тап», «Келесі пішін қандай? «Бұл жерде қай пішін артық және неге?», «Ерекшелігін тап» - бұл есептер графикалық таблицаларда көрсетіліп, балаларға бос уақыттарында пайдалануға беріледі. Ойын сабақтары өткізілуі мүмкін. Бұны тәрбиеші өз қамқорына алады.
  • Мақсаты: логикалық түсініктердің дамуы, шешімінің дұрыстығын дәлелдеу, дұрыс еместігін жоққа шығару, талқылау.
  • Барысы: Ақырындап логикалық есептерді күрделендіру, қателерді тапқаннан кейін 3-4 кезектен пішіндерді санына, мінезіне қарай көбейту. Есептердің сараптамасына сұрақтардың жүйесін пайдаланып: «Таблицадағы суреттерді қара және ата. Заттардың айырмашылығы және ұқсастығы? Қай пішінді енді салу керек және неге? Пішінді саусақпен жүргізіп, сонан кейін қайсысы артық екенін айт?
  • Бағдаршам
  • Мақсаты: Қиылыста, бағдаршамның көрсетілімімен таныстыру.
  • Көрнекі құралдар: жасыл, қызыл және сары доңғалақтар, машиналар, балалардың мүсіні.
  • Ойын барысы: Ойын бірнеше сатыдан тұрады:
  • Ойыншылардың бірі бағдаршамның белгілі бір түсін, машинаның және балалар мүсінін жан – жақты бағыттап орналастырады.
  • Екіншісі қиылыстан машинаны немесе жаяу жолаушылар өтетін жолға балалар мүсінін бағдаршамның бағыты бойынша жол ережесін сақтап жүргізеді.
  • Сонан кейін ойыншылар орындарымен ауысады. Бағдаршаммен анықталған түстер бойынша және машинамен; жүргіншілердің орналасуына байланысты әр түрліжағдайлар қарастырылады.Қай ойыншы ешбір қатесіз ойын барысында есептерді немесе аз қателік жіберген болса, сол ойыншы жеңіске жетеді.
  • Қай жерде, қандай пішін жатыр?
  • Мақсаты: Екі сәйкестігіне қарай пішіндердің классификациясымен таныстыру.
  • Көрнекі құралдар: Геометриялық пішіндер жинағы.
  • Барысы: Екі бала ойнайды. Әрбіреуінде пішін жиынтығы. Жүрісті кезекпен орындайды. Әр жүрістің орындалуы кескіндегі бір пішіннің белгілі торға орналастыру. Бұл кескінде неше қатар және неше бағана бар екенін жоғары, орта, төменгі қатарда қандай пішін орналасқанын, сол бағанада екінші оң жағында, оң бағананы анықтауға болады. Пшіннің орналасуы немесе жауапта кеткен әрбір қате үшін айып ұпай тіркеледі. Ең аз айып ұпай жинаған жеңеді
  • Тікұшақты құрастыру
  • Сырт бейнесінің, қанаттарының және олардың бояуларымен, иллюминаторларының санымен өзгешеленген үш қатар ұшақтардың көрінісі берілген. Оң жақта орналасқан, жетіспейтін ұшақты алты пішіннен таңдау керек. Сол пішінннің белгілерін көрсете отырып, шаршының ішінде орналасатын, жауапты негіздеу керек.
  • Бұл тікұшақ сырт бейнесі тіктөртбұрыштың боялмаған тіктөртбұрышты қанаттарымен және иллюминатормен.
  • «Сиқырлы шеңбер»
  • Шеңбер 10 бөлікке бөлінеді. Соңында төрт бірдей үшбұрыш алынады, қалаған бөлігі, қос – қостан өзара тең, үшбұрыш бейнелермен ұқсас, бірақ біреуі домалақтанып бітеді. Ойын бөлшектерінен адамның, құстардың, зымыранның және басқа да пішіндерді істеуге болады. Ойынның ережесі де сол, сол басқа ойындардағы секілді. Бір – біріне салмай, 10 бөлікті бәрін пайдаланып, көрініс көрсету.
  • Симметрия заңы бойынша
  • пішіндерді оң жаққа
  • көшіруге көмектес
  • Артық фигураны тап,
  • ол қалай аталады?
  • Жемістерге ұқсас
  • пішіндерді тап
  • Бірдей екі
  • бауырсақты тап
  • Таныс пішіндерді
  • тап, боя
  • Фигуралардың
  • оң бөлігін сал
  • Ойыншықтардың пішіні қандай?
  • Пішіні ұқсас ойыншықтарды көрсет

Шар, куб және параллелепипед суретке түсті Дұрыс түскен суретті көрсет


Каталог: uploads -> doc -> 02e7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02e7 -> Пәні: Қазақ тілі Сыныбы
02e7 -> Сабақ: Ұжымдағы адам Пәні: Адам.Қоғам.Құқық Мектеп: С. Ерубаев Күні: 14. 10. 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет