Сүйіктісі халықтың


Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста



бет2/3
Дата04.11.2016
өлшемі0,51 Mb.
#274
1   2   3

Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста


Әдеби кеш

Әдеби кеш өткізілер алдында кітапханашы оқырман залына «Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, С.Бегалиннің үлкейтілген суретін көрнекті жерге безендіріп қою керек. Әдеби кешті өткізер мезгілінде жергілікті жерден әдебиет пәнінің мұғалімін, немесе жазушының шығармашылығын жақсы білетін ақын, жазушылардың бірін кешке шақыру керек. Келген қонақ өз сөзінде ақын-жазушының шығармашылығына, оның ішінде ақындығына тоқталып, оқырмандар сұрағына жауап бергені жөн.



Әдеби кештің жобасы:


  1. Кітапханашының кіріспе сөзі.

(Кітапханашы оқырмандарға С.Бегалиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасап, кешке келген қонаққа сөз береді).

  1. Кешке келген қонақтың сөзі.

  2. Әдеби бөлім. (Бұл бөлімде оқырмандар ақын-жазушының өлеңдерінен, поэмаларынан үзінді оқиды.

  3. Кешті қорытындылау ( Кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу өткізу).

Сапарғали Бегалинді ақын ретінде танытқан тамаша поэмаларымен қатар, өлеңдері де бар. Өкінішке орай ақынның өлеңдері кейінгі кезде шыққан шығармалар жинағына енбей қалған. Ақынның өлеңдер мен поэмаларының толық жинағы 1966 жылы шыққан. Сондықтан, қаламгердің бұл саладағы еңбектері көптеген кітапханалардың қорынан табылмауы мүмкін. Ақын-С.Бегалиннің көпшілік көңілінен шыққан, таңдаулы өлеңдерінің толық нұсқасы мен поэмаларынан үзінділер беріп отырмыз.

Ана

Күйбеңдеп қоңыр үйінде,

Жөргекте ұлан өсірдің.

Талпынып ұлан күлгенде,

Масайрап сен де есілдің.

Ер жетті ұлан есейіп,

Тыным көрмей күйбеңдеп,

Қабыдың шапан, тері илеп,

Он саусағын сүйреңдеп.

Аттанды ұлан жорыққа,

Азығын жолға сайладың.

«Шаруаны ойлап, қамықпа»,-

Дедің де белді байладың.

Жолын күттің ұланның,

Келеді қашан ұлым деп.

Оралды аман шырағың,

Алдынан шықтың күлімдеп.
«Колхоз сахнасы»

Шаншылған зәулім жартас сайға төніп,

Бұраңдап жас шыбықтар желмен өріп.

Құлпырған көкшіл аспан көк шатырдай,

Жұлдыздар бірде жанып, бірде сөніп.

Жайқалып жасыл шалғын самал ырғап,

Жас қайың айдан бейне көлеңке ұрлап.

Әдеппен бұраңдаса жібек шашақ,

Шашындай сұлу қыздың қағар бұлғақ.

Сай-сахна, аспан-шатыр, шалғын-кілем,

Шақырады Арқа әншісін қолын бұлғап...
Тау сыры

(поэмадан үзінді)
...Көк мұнар, кешкі тұрым, тау етегі,

Жібек жел қырдың гүлін тербетеді.

Жайқалып жапырағы, жасыл тоғай,

Сыбдырлап күбірлейді әндетеді.

Жар теуіп, тасты үйірген, мұздақ бұлақ,

Меруерт су, бұлттан сарқып, құзды қуалап,

Сылдырлап көк майсаға, көбік бөлеп,

Секіріп тастан тасқа жатыр тулап...

...Не күш бар аспайтұғын, мұз басында

Не сыр бар жан баспайтын құз тасында.

Жол салып, сырын алып қайтпақ керіп.

Ойын сап қарлы, құздың қырқасында.

Сынамақ қайраттарын қамал аттап,

Шырқау құз асқар таудың, жолын жаттап,

Керекті сағатында дайын тұрмақ,

Отанға созса қолын жау жалақтап. (1938ж.)



Жаз лебі


Жаздың лебі бір ессе,

Жүректі тербеп оятар,

Алдыңнан үміт елестеп,

Келер күн бейне тіл қатар.

Жел мамықтай үлбіреп,

Ызыңдамай есілер.

Жайдары жаз келді деп,

Жер шандуы шешілер.

Жаз лебінен жаным да

Қанаттана ұшардай,

Жаным сүйген жарым да

Елестейді құшардай. (1926 ж.)



Сары жайлау


Сарыны жүйткіп сары жайлау

Құлазып Арқа желіндей,

Күйінген бір үн бай-байлау

Күңіренген күйзеу еліндей.

Сары жұрт болған жайлауда,

Құлазып жалғыз күй толғап,

Ызалы тісін қайрауда,

Күйзелткен жанын шер толғақ.

Домбыра шегін сарнатып,

Сонымен демін күйші алған.

Сол үннен жанға сыз батып,

Тыңдаушыда шер қалған.

Көңілін күймен толғантып,

Күйші есінен танғандай,

Дөңбекшіп тұрып,бір жатып,

Болады жалғыз қалғандай.

Сарыны сазды күй тілі,

Тыңдасаң жанды тербеткен,

Нақысы назды үн зілі

Қиялды көкке серметкен.


Әдеби кешке арналған әдебиеттер:
Бегалин С. Сүйікті өлкем туралы сөз. – Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, 1962. – 8б.
Бегалин С. Ерлік – Даңқ еңбекте. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 22б.
Бегалин С. Келешекті ал ойыңа. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 53б.
Бегалин С. Сырлы қайнар : Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, ҚМӘКБ, 1963. – 6б.

Жазушы С.Бегалиннің шығармаларындағы бас кейіпкерлер

Тақырыптық диспут

Сұрақтар жобасы:

  1. Автордың қандай шығармасы саған ерекше ұнады, ұнаса несіменен?

  2. Жазушы әңгімесіндегі бас кейіпкерлердің ұқсастығы неде?

  3. Автор шығармаларындағы қай бас кейіпкерге ұқсағың келеді? Қандай кейіпкермен дос болар едің?

  4. «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі Симаның істері шынымен сымбатты ма?

  5. Автор шығармалырында табиғат және аңшылық, саятшылық қалай суреттелген?

  6. Уаш аңшылық өнерді кімнен үйренді, өзінің аңшылық өнерімен шопандарға қандай көмек көрсетті?

  7. Бала Шоқанның адамгершілік қасиеттерін дәлелдейтін мысалдар келтір.

  8. Автор шығармасындағы мына жолдар қай шығармадан және қандай кейіпкерге айтылған? (…Әй…Әй, Жаңғалағым-ай өстіп жүріп мертігесің-ау…).

  9. Көксегеннің достарына сипаттама бер.

  10. Қалай ойлайсың Сәтжан өскенде қандай мамандық иесі болады? Ол мақсатына жете ме? Неліктен?

  11. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі туралы әңгіме қалай аталады? Оның аты кім?

Әдебиеттер:
Бегалин С. Ана қайраты: Повесть.-Алматы:ҚМҚӘБ, 1960.-181 б.

Бегалин С. Уақыт тынысы: Повестер мен әңгімелер – Алматы: Жазушы, 1968. – 280 б.


Бегалин С. Мектеп түлектері: Әңгімелер – Алматы: ҚМӘКБ, 1961. – 111б.

Бегалин С. Бала Шоқан: Повесть. – Алматы:ҚМӘКБ, 1964. – 115 б.


Бегалин С. Повесть пен әңгімелер: 2 томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1979. – 280 б.

Балалар оқуын басқарушыларға арналған әдебиеттер:

Бегалин С. Біз осылай өстік.-Кітапта: Сөзстан /Құраст. Қ.Ергөбеков.-Алматы:Жалын, 1983.-32-38б.

Жәмішев Ә. Балалар жанының бағбаны.-Кітапта: Жәмішев Ә. Кезең кестелері.-Алматы, 1984.-216б.

Қирабаев С. Ақсақал.-Кітапта: Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы: Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 260-271 б.

Сәрсенбаев Ә. Азамат ақын.-Кітапта: Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы:Жазушы, 1986.- 97-110б.

Талжанов С. Сапар аға туралы. Кітапта: Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді.-Алматы: Жазушы, 1979.-198 –210 б.

Қазақ Совет балалар әдебиеті: Алматы: Қазақстан, 1965. – 284 б.

************

Гумеров М. Жаны жомарт жан еді// Ұлан.-1995.-24 қазан

Ғабдуллин Н. Елін ерекше сүйген //Егемен Қазақстан.-1995.-17 қазан

Ергөбек Қ. Замана шежірешісі// Жас алаш.-1995.-17 қараша

Қашқынов Ж. Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін// Халық кеңесі.-1995.-

18 қазан

Молдағалиев Т. Ұмытылмайтын ұстаз//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан

Нұрғалиев Р. Дегелеңге біткен шынар// Қазақ әдебиеті.- 1995.-10 қазан

Нысаналин А.Бала жанының бағбаны//2005.-13 қыркүйек.-4б.

Өмірбек Ж. Өнебойы-үлгі-өнеге//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан

Сапарғали Бегалин: Әдістемелік ұсыныс/ ҚМРБК. Құраст. Еженова



Н.Н.-Алматы, 1984.-14б.

Жазушы Сапарғали Бегалиннің жарыққа шыққан шығармаларының библиографиялық тізімі:

(Шығармалар хронология бойынша топтасқан)

Шығарманың аты


Шығарған баспа

Жылы

Тиражы

1. Көксегеннің көргендері. Әңгіме

ҚМКӘБ

1943

25000

2.Қыран кегі (Ертегіден алынған поэма)

Қазбірмембас

1944

10000

3.Жамбыл. Өмірбаяны туралы очерк. Авт.:С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Ритман-Фетисов

Қазбірмембас

1946

15000

4.Төлбасылар. (Очерк. Әңгімелер жинағы)

Қазбірмембас

1948

10000

5.Саяхатшылар.(Өлең, орта мектеп оқушыларына арналған)

КМКӘБ

1948

30000

6.Ермектің алмасы. (Балалар үшін әңгімелер)

ҚМКӘБ

1951

15000

7.Сатжан. Тағы басқа әңгімелер

Жаңа өмір

1953

2100

8.Цимлян теңізі. (Өлең.Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1953

30000

9.Жас бұтақ. Әңгімелер жинағы

ҚМКӘБ

1953

20000

10.Жеткіншіктер (Әңгімелер)

ҚМКӘБ

1953

15000

11.Саяхатшылар. (Өлең. Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1954

30000

12.Бақыт. (Әңгімелер жинағы. Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1956

10000

13. Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары. Алғы сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі

ҚМӘКБ

1956

10000

14.Көгалды көтергендер. Кіші жастағы балалар үшін әңгімелер

ҚМКӘБ

1957

20000

15.Тың. (Әңгімелер) (Орта мектеп оқушыларына арналған)

ҚМКӘБ

1957

20000

16.Әңгімелер. Алматы ҚМКӘБ,1

ҚМКӘБ

1958

150000

17.Ана қайраты. Ана туралы әңгімелер

ҚМКӘБ

1960

10000

18.Жеткіншік. Таңдамалы әңгімелер. 2-ші басылуы

ҚМКӘБ

1960

13000

19.Мектеп түлектері. Әңгімелер.

ҚМКӘБ

1961

9000

20.Өлеңдер мен поэмалар

ҚМКӘБ

1962

4200

21.Сырлы қайнар. (Балаларға арн. өлең-поэмалар)

ҚМКӘБ

1963

9500

22.Бала Шоқан. Повесть (Жоғарғы кл. оқушыларына арн.)

Жазушы

1964

24000

23.Шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар

Жазушы

1966

10000

24.Мұстафа қарттың әңгімесі. Әңгімелер

Жазушы

1966

18000

25.Қыран туралы хикая

Қайнар

1967

8000

26.Уақыт тынысы. Повестер мен әңгімелер

Жазушы

1968

45000

27.Шоқан асулары

Жазушы

1971

43000

28.Сәтжан. Повестер мен әңгімелер

Жазушы

1973

44000

29.Замана белестері. Роман

Жазушы

1975

60000

30. Қыран туралы аңыз. (Повесть және әңгімелер)

Жалын

1976

49000

31.Сахара сандуғаштары (Естеліктер мен әңгімелер)

Қазақстан

1976

15000

32.Есеннің кірпісі. (Әңгіме. Мектепке дейінгі балаларға арналған)

Жалын

1977

25000

33.Екі томдық шығармалар т.1 Замана белестері. Роман

Жазушы

1979

47000

34. Т.2. Повесть пен әңгімелер

Жазушы

1979

47000

35. Ермектің алмасы. Әңгімелер (Мектепке дейінгі балаларға арналған: Қайта басылып шыққан)

Жалын

1985

28000

36. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят.

Жалын

1996

3000

37. Шоқан асулары. Повесть

Балауса

1996

2000

Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ
referats -> Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет