«Сүйіндік» әулетінің ұйымдастыру алқасы жиынының хаттамасы



Дата19.05.2022
өлшемі18,25 Kb.
#144090
Байланысты:
2 5443025123806287487


«Сүйіндік»
әулетінің ұйымдастыру алқасы жиынының хаттамасы

Қатысушылар: 60 адам


Өткізілген орны: Тоғызқұдық ауылдық Мәдениет үйі
Өткізілген мерзімі: 2 мамыр 2022 жыл
КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қор құру мәселесі;

  2. Қордың төрағасын сайлау;

  3. Қордың бюро мүшелерін сайлау;

  4. Қордың ақсақалдар алқасын сайлау;

  5. Қордың атауын бекіту;

  6. Қордың эмблемасын бекіту;

  7. Тоғызқұдық ауылында мешіт салу.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Бағлатұлы Зарыққан сөз алып қор құру туралы ұсыныс жасады. Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде қор құрылу туралы шешім қабылданды.


Екінші мәселе бойынша бірауыздан дауыс беру арқылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұрболат Төңкерісұлы сайланды.
Қор төрағасының орынбасарлығына Павлодар қаласының тұрғыны Сапархан Қабдолда және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Байжума Асылбек сайланды.
Үшінші мәселе бойынша жиынға қатысушылардың пкірі ескеріле отырып Қордың бюро мүшелігіне келесі азаматтар бірауыздан дауыс беру арқылы сайланды.
1.Еркін Ақытұлы
2.Отарбай Есенгелді
3.Амангелді Нұрбақыт
4.Расул Асқар
5.Қойшыбай Танат
6.Мәлік Бауыржан
7. Қуаныш Биқұмар
Төртінші мәселе бойынша қор төрағасының орынбасары Байжума Асылбек сөз алып, қордың ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды ұсынды. Қатысушылардың пкірімен санаса отырып:
1.Бағлат Зарықхан
2.Шәкер Жанпейіс
3.Оржай Ақыт
4.Бұрқан Талғат
5.Хатшанбай Болат
6.Қапсемет Әбжат
7.Жанатұлы Азамат
8.Мешел Сейтмұрат сайланды.
Бесінші мәселе бойынша пкіріталастар орын алып, дауыс беру нәтижесінде «Халықаралық «Аманат-Сенім» қайырымдылық қоры» атауы бекітілді.
Алтыншы, Қордың барлық мөртаңбаларымен мен ресми құжаттарында Сүйіндік әулетінің тарихи таңбасы тағаны пайдалану ұсынылды. Бірауыздан қолдады.
«Халықаралық Аманат-Сенім» қайырымдылық қорының» басшылығы (бұдан әрі –ҚОР) , бюро мүшелері және ақсақалдар алқасы келесі ШЕШІМДІ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қордың Қытай, Моңғолия елдеріндегі және Қазақстанның өңірлеріндегі төтенше өкілдерін сайлансын.
Моңғолиядағы төтенше өкілдеріне: Мұрат, Оңашыбай, Консол, Сейілжан Ерлан, Дариман және Құрманбай Жанат тағайындалсын.
2.Қордың төрағасы бюро мүшелерімен және ақсақалдар алқасымен ақылдаса отырып, төтенше өкілдерді жуық арада тағайындасын. Тағайындалған төтенше өкілдермен жиналыс өткізсін.
3. Қордың ҚР Әділет органдарындағы тіркелу жұмысын мамыр айының 20-на дейін аяқтасын. Заңды куәлігі мен мөртаңбасын алған күні ашық жарияласын.
4. Қордың жұмысын жандандару мақсатында әлеуметтік желілерді пайдалан отырып тұрақты ақпарат беріп отыруды қамтамасыз етсін.
5. Қордың қаржылық, салықтық т.б шаруаларына жауапты орынбасар ретінде Сапарханұлы Қабдолда бекітілсін.
6. Тоғызқұдық ауылында «Сүйіндік ата мешітін» салу мәселесін күн тәртібінен алып тастап, осы ауылдағы Асқар деген азаматтың жаңадан салған үйін 15-млн тенге қаражат жинау арқылы сатып алу туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты жалпы Сүйіндік әулетінің әр отбасынан 50 мың тенгеден жинау және бұл мәселе ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, қаражатты жинап қорға тапсыру мәселесі жиынға қатысқан барлық азаматтарға және жиынға қатыса алмаған Шеруші әулетінің барлық азаматтарына аманатталды.
Жуық арада 300 отбасынан 15 млн тенге жинау арқылы дайын үйді сатып алып, күзгі уақытқа дейін «Сүйіндік ата мешітінің» ашылуы салтанатын жоспарласын.
8. Мешітті мәселесі бойынша жұмыстарды қордың атынан жүргізуге Жанпейіс Айыпхан көмекшісіне Қажет тағайындалды.
9.Бағлатұлы Зарыққан әзірлеген «Сүйіндік ұрпақтарына жолдау мен үндеу» құжаттары әлеуметтік желілерде жарияланып, ватсап топтарлда таратылсын және 500 дана шығарылып әр отбасына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
10. Жоғарыдағы тапсырмалардың орындалуын бақылау Қордың төрағасы Төңкеріс Нұрболатқа жүктелсін.
11. Орындалған жұмыстардың нәтижесі бойынша алқа мүшелерін үнемі хабардар етіп отырсын.

Төрағалық етуші,
Халықаралық «Аманат-Сенім» қайырымдылық
Қорының төрағасы Н.Төңкерісұлы

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы З.Бағлатұлы

Бюро мүшелері атынан Е.Ақытұлы

Мешіт жұмысын үйлестіруші А.Жанпейісүлы


Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Тоғызқұдық ауылы
2022 жылдың 2 мамыры

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет