СҚО, Есіл ауданы «Горное негізгі мектебі» кмм мусина Динара Муратовна



Дата12.03.2018
өлшемі114,41 Kb.
#38770



СҚО, Есіл ауданы

« Горное негізгі мектебі» КММ

Мусина Динара Муратовна

Әлеуметтік педагог

Тақырыбы: « Біз СПИД-ке қарсымыз!»



Мақсаты: адамзат, өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

БАРЫСЫ.

1-Жүргізушісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі іс-шарамыз « 1- желтоқсан дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне» арналып отырмыз. Адамзатты аландатқан кесапат Қазақстанда жылдан жылға өршеі үлкен қауіп туғызуда. ЖҚТБ ауруының « ЖҚТБ-21 ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша жаңа ауру адамның қорғаныш қабілетінің әлсіреуіне сөқтырады. / СПИД сөзі қазақша айтқанда: ЖҚТБ- жұқпалы қорғаныш тапшылық белгісі. Ал ВИЧ сөзі- АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы/.

ЖҚТБ вирусы жайлы мағлуматтарды барша жұртқа жеткізу мұғалімдердің, дәрігерлердің міндеттері. Әр адамның салауатты өмір сүру білуі, жеке басының тазалығын сақтауы және басқа адамдарға өмір сүруге көмектесуі өзіне ғана байланысты. Сондықтан ЖҚТБ-ға қарсы күресуге шақырамыз.



2-Жүргізушісі: Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі- аурулардың көбеюі,соның ішінде СПИД-тің кең етек алуы. ЖҚТБ ауруы бірден білінбейді. Кейбір Африка ғалымдары ЖҚТБ АҚШ-тан тарады, бұл сырқатпен алғаш ауырған адам 1981 жылы сонда анықталған деп пайымдайды. Алайда мамандардың көбінің пікірі « ЖҚТБ-ның отаны- Орталық Африка» дегенге саяды. Олар Африканың қалың ормандарында тұратын тайпаларда бұл ауру бұрыннан белгілі болуы мүмкін, бертін келе халықтың әрлі- берлі жүріп тұруына байланысты тараған болуы ықтимал деп тұжырымдайды. Осы арада айта кетерлік жайт: ЖҚТБ-ның екі қоздырушы вирусы болады. 1983 жылы Парижде Пастер институтындағы зертханада ЖҚТБ-ны туғызатын вирусты Люк Монтаны деген ғалым тапты. Ол тапқан вирустын « ВИЧ» / вирус иммунодефецита человека /деп атады. Бес жылда бұл вирус жер шарына кең таралады. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, оны жұқтырған адамның саны 5 миллионнан 10 миллионға жетті.

1-Жүргізушісі:аурудың алғашқы белгілері бес жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде ол ауруын талай адамға жұқтыруы ғажап емес. ЖҚТБ вирусы қанда, адам зәрінде,ұрығында,ана сүтінде және сілекейде болады.

ЖҚТБ ауруының жұғу жолдары: 1/ жыныстық қатынаста болғанда

2/ нашаны таза емес шприцпен салғанда

3/ ауру адамнан қан құйғанда

4/ ананың ауруы құрсағында жатқан балаға жұғады.

7-сынып/ жаттаулар оқиды/

1.ЖҚТБ деген тағы да бір жау шықты

Жер астына жөнелтті небір албыртты.

Ажал себер аждаһадан аулақ бол,

Жастар неге сақтамайды саулықты?!

2.Осы ғасыр обасы

ЖҚТБ ауруы қатерлі!

Абайсызда адамдар

Осы торға түседі.

Бұл қатерлі ауру

1981-де білінді көрді

Сұмдық ауру адамның

Өмір жолын қиын етті.

3. Әдетте ЖҚТБ вирусы

Лимфоцит жасушаларында

ЖҚТБ пайда болғаннан бері

Адам өмірі қауіпті жағдайда

ЖҚТБ ауруы жұққаннан

Жасырын кезең басталады.

Жасырын кезең аяғы

Адамды мерт қылады.

4. Кезімен ажал жеткені

Өкініш емес. Тек мені

Өкіндеті адамның

Мезгілсіз өліп кеткені

Дерт біткеннің себебі:

Білместікте жас ұлан

Кейін қоздап өледі,

Қасірет те осыдан.

5. Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

Бүкіл әлем күресу де

Індетімен ғасырдың

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады,ақырды.

6. Дүниежүзі адамзатты

Қорғануға шақырды

« Қара нәсіл қаптан кетсе қауіпті»

Деп нәсілшіл ЖҚТБ-ны ойлап тауыпты.

Содан кейін олар жердің жүзін алмайды,

Бірақ кейін сыр ашылмай қалмайды.

ЖҚТБ-ны тапқан ғалымдарын АҚШ-тың

Енді бүгін барша халық қарғайды.

2-Жүргізушісі: ЖҚТБ-мен ауырған адаммен құшақтасқанда, амандасып қол алысқанда, ернінен,мандайынан ептеп сүйгенде жұқпайды. Маса ауру таратады екен деген де сыбыс бар, бұл жай нәрсе. Вирус адамның зақымдалған теріс арқылы ішкі денеге өте алмайды.Моншада, бассейнде шомылғанда ортақ ыдысты пайдаланғанда қауіпті емес. Бұл аурудың алғашқы белгісі- шаршағыштық, әлсіздік, терлегіштік және тамақ астындағы, қолтықтағы бездердін ісінуі болып табылады. Сондай- ақ сырқаттың еңбекке деген қабілет кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды , салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. Дене қызуы көтеріліп, ол ұзақ уақыт бойы төмен түспейді. Ауыздағы сілеке қабығына ақтандак түседі.

1-Жүргізушісі:Республикамызда ЖҚТБ-ға қарсы күрес жұмысын атқаратын арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылды. Оның құрамында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық, облыстық,қалалық ЖҚТБ орталықтары,аурудың диагнозын анықтайтын зертханалар бар. Осы қызмет жүйесіндегі күнделікті жұмысын басқарып отыратын- Республикалық ЖҚТБ-дан сақтану орталығы.

9-сынып /тақпақтар оқиды орысша/

1.Как болезни избежать

И других не заражать?

Всех волнующая тема

СПИД- серьезная проблема

2.Можно только уважать

Если хочешь много знать

Знают взрослые и дети

СПИД гуляет по планете.

3.Хоть ты взрослый иль ребенок,

Страшен СПИД уже с пеленок

Вирус ВИЧ всему виной-

В кровь попал и ты больной

4.Чтобы жизнь спасти больному

Передается ВИЧ другому

Так и происходит вновь

Зараженье через кровь.

5.Я скажу вам без обмана

Страшен СПИД для наркомана

Если « сядешь» на иглу-

Это точно не к добру.

6.Инфицированная мать

Может вирус передать

Грудью кормит- при кормлении

ВИЧ находится в движении

7.Каждый должен научиться

Как невозможно заразиться

Птиц не бойся и зверей

Собак, кошек,лошадей

Обезьян,коров,лисиц

Попугаев и синиц

Комары, хоть кровь сосут-

Они СПИД- не передают



2-Жүргізушісі: ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Ол тек медицина ғана емес, әлеуметтік мәселе. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында барша жастарды салауатты өмір салтын шақырады.

Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі сияқты зиянды улы нәрсеге әуес,құмар болмайық,қымбат біздің болашақ, өміріміздің жалғасы



8-сынып / тақпақтар оқиды/

1.Денсаулық-сен үлкен байлық

Бағынды кетірме, достым

Ішімдік,нашаға,есірткіге

Бұл өмірде ешбір жол жоқ

Қазақ жері бұл- Қазақстан,

Жаса мәңгі гүл Қазақстан!

2.Уа, халқым,назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда.

« Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ғулама данамыз да.

Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,

Оң болсын десең егер тіршілігің,

Сақта халқым, денсаулығын аналардың,

Болсын десең дені сау ұрпақтарын.

3.Денсаулық- ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық- ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

Денсаулық- ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай

ӘН « СПИД жойылсын» орындайды 8 сынып

1.Жойылсын жалғыс сөз СПИД деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын

Вируспен ауырған адамдарға

Ем- дәрі тезірек табылсын

Қайырмасы: Кел достарым,үн қосайық

Көтеріп жаңғыртып

Анасын бала

Баласын ана

Жоғалмасын мәңгілік

2.Есірткі құрысын, құрысыншы

Ішімдік жойылсын, жойылсын

Дені сау қазақтын балалары

Ұл-қыз көбейсін, көбейсін

Қ-сы:


3.Мәдениет өркендеп,шарықтасын

Табиғат көркейіп,көгерсін

Қазақтың сымбатты ұл-қызындай

Ұрпаға көбейсін өркендей

Қ-сы:

1-Жүргізушісі:Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолында,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс сөйлеп,дұрыс жүру керек

Ішімдік ішпей,шылым шекпей

Денемізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып,кеш жатып

Есірткіге еліктемей

Ерінбей еңбек ету керек.

Бәріне де салауатты өмір керек.



2-Жүргізушісі: 21 ғасыр- даму ғасыр. Адам денсаулығы өзінен-өзі жақсармайды. Оны үнемі күте білу керек. Ол үшін бойымызға « Денсаулық»,

« Әдемілік», ұғымдарын сіңіре білуіміз керек.



« Біз СПИД-ке қарсымыз!»атты кездесуімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы болсын!
Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы мультфильм негізінде Сабақ негізделген оқу мақсаттары
post02 -> Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты
post02 -> Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
post02 -> Тақырыбы: «Great Britain» «Ұлы Британия» Апталықтың ашылуы. Мақсаты
post02 -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм
post02 -> Ұлыстың ұлы күні
post02 -> Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017
post02 -> Сабақ тақырыбы: І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
post02 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақ нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет