«Солшылдар – ұлт мәселесіне терең бара алмайды, оны тым жадағай түсінеді, соның салдарынан ұлт мәселесінің мәнін жоққа шығарып алғанын өздері де түсінбейтіндер


Владимир Ильич Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателіне бұрылып, одан: Жағалаудағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы қандай?



бет3/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#9902
1   2   3

Владимир Ильич Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателіне бұрылып, одан: Жағалаудағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы қандай?, деген сұрақ қойды. Председатель статистикалық мәліметтер жоқ дегенді сылтау етіп, сұрақтан бұлтарғысы келіп еді, Владимир Ильич: «Жағалауда қанша қазақ, қанша орыс бар деп отырғаным жоқ, осы өңірдегі тұрғындардың қайсысы басым?», деді. Сонда председатель амалсыздан: «Қазақтар басым секілді», - дегенге сайды. Владимир Ильич: «Мәселе түсінікті болды», деп дауысқа салмақ еді, сол арада хатшы Крестинский: «Ермеков жолдас «Данциг дәлізін» ұйымдастырмақ болып отыр», деп қыстырылып еді, Владимир Ильич: «Крестинский жолдас мәселенің маңызын түсінген жоқ. «Данциг дәлізін» Астрахань губаткомы мен біздің шаруашылық басшылары жасап отыр», – деді. Теңіз жағалауын біздің республикамыздың шекарасына қосуды жақтап Владимир Ильичтің өзі дауы берді және оның ұсынысы көпшілік дауыспен қабылданды», деп еске алды.

Иә, Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдесуінің нәтижесінде бүгінгі Атырау өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен территория мәселесі 14, 16-17 тамызда талқыланып, 24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді:

Бұл туралы аталған естелікте Ә.Ермеков: «1920 жылдың 24 авгусінде Халық Қомиссарлар Кеңесі Қырғыз (қазақ) Автономиялық республикасы туралы декрет жобасының мәселесі жөніндегі мәжіліске баяндамашының бірі ретінде мен де қатыстым. Мәжілістегі атмосфера аса іскерлік жағдайда болды, әрқайсысы өздерінің жауапкершілігін сезініп, қатал тәртіп сақтап, байсалдылық танытты. Бұл мәжіліске Владимир Ильичтің өзі және біздің тарапымыздан төраға Пестковский қатысып отырды. Мәселе туралы Ұлттар жөніндегі халық комиссарының төрағасының орынбасары Каменский баяндама жасады. Ол өзінің жауапкершілігін қатты сезініп, баяндама барысында көп қиналды.

Владимир Ильич, декретті қарап отырып: «Байланыс торабы мұнда ЦСНХ-ның қарамағына беріліпті, неге НКПС-тің (Байланыс жөніндегі халық комссариатының – Т.Ж.) қарауына берілмеген? – деген сұрақ қойды. Каменский жолдас: «Татар республикасы туралы декретте осындай ереже қабылданған болатын», – деп жауап берді. Владимир Ильич таңданыс білдіріп: «Ендеше ол ережеде мұндай шешім неге қабылданған?», – деп сұрақ қойды да: мәселенің барлығы нақты қамтылмағаны туралы баяндамашыға қатты ескерту берді. Мен бұл мәселенің мән-жайын Пестковский жолдасқа: «Біздің республикамыздағы темір жолы торабының көлемі шамалы, оның есесіне салынып жатқан темір жолы құрылысы ЦСНХ -ның басшылығына қарайды», – деп. түсіндірдім. Пестковский жолдас сөз алып, жоғарыдағы шешімнің мән-жайын түсіндіріп берді. Владимир Ильич бұған: «Мұндай түсініктемемен келісуге де болады, келіспеуге де болады, бірақ баяндамашы болса: Татар республикасы жөніндегі осыған сәйкес ережеге сілтеме жасағысы келеді», – деп ескерту жасады. Каменский жолдас өзіне түскен барлық жауапкершілік пен ауырлықты қатты сезініп, қиналды, сқйтіп, осында отырғандарға алдағы уақытта ескеріп жүретіндей үлкен сабақ болды.

Сөйтіп Декреттің жобасы тездете тұтас оқылып, қабылданды. Тиісті қосымшалар мен өзгерістерімен қоса РСФСР Халкомсовының Декреті 1920 жылғы 26 августа бүкіл елге жарияланды», деп еске алды.

«Алашорда» үкіметі арқылы Қазақ республикасына ұласқан Алаш идеясы осылай орындалды. Оның басында сол жолда жанын құрбандыққа атаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков және ... автономия туралы пікрталаста:



«Егерде сеніммен қолға алсақ бұл мәселені толық шеше аламыз. Тек... біз әлі таптық жігімізді ажыратып үлгергеміз жоқ. Сондықтан да біз қазақ халқының ұлтшылдық ырқына да көндік, онсыз ештеңені жүзеге асыра алмайтын едік», деп салмақты өзіне аудара сөйлеген Әліби Жанкелдин тұрды.

Оған алаш азаматтары М.Мырзағалиев пен Ғ.Әлібеков дауыстарын қосты.

Ал, бұл – Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың, Әлімхан Ермековтің қазақ мемлекеті алдындағы тарихи миссиясы болатын. Сөйтіп, «Алашорда» көсемі өкімет билігін ресми түрде Ленинге табыстап, ал алаштың рухани туын жаңа Қазақ автономиялық өлкесі үкіметінің қазақ істері жөніндегі орынбасары Ахмет Байтұрсыновқа ұстатты. Оған Декларация жарияланысымен Әлихан Бөкейхановтың Ленинмен оңаша он бес минут сөйлесуі толық дәлел. Өзі: «Не ойы, не білімі көлемді емес», – деп есептейтін Сталинмен кездесуден бас тартқан. Ол туралы Әлімхан Ермеков:

«В.И.Ленин өзі төрағалық еткен алғашқы мәжілістің аяғында: «Автономияны кұру жөнінде қазір Сталинге барып пікірлесіңдер, оның дайындаған жобасы бар, сонымен танысып, бар ойларыңызды түйістіріңіздер», деп кеңес берді.

Мәжіліске қатысушылар үзілісте түгелдей дәлізге шықтық. Қазақстандық делегацияның құрамы 15-тей адам болатын. Бәріміз Әлихан Бөкейхановты тостық. Әлекең Ленинмен оңаша пікірлесіп, әңгімелесіп қалған болатын. 15-20 минуттен кейін ол кісі де шықты. Біз: «Сізді Сталинге бірге кіру үшін тосып тұрмыз», дедік. Әлихан бәрімізге салқындау қарап:

«Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онан да өзіміз жеке шешкен дұрыс», деп жүріп кетті.

Біз бәріміз де аңтарылып қалдық та Әлекеңе ілесіп Кремльден шығып кеттік. Осы күні: «Бәлкім кіріп пікірлескеніміз дұрыс болар ма еді? Кейбір мәселелер мүмкін басқаша шешілер ме еді?», деген ой келеді.

Осы мәжілістен кейін бір жеті өткен соң В. И. Ленин Қазақ АССР-ін құру жөніндегі декретке қол қойды», – деп еске алған.

Сәбит Мұқановтың:



«Біз социализмді Ермековтердің қолымен құрамыз!»,– деп («Есею жылдары») кекетсінген Қужаққа қосылып ұрандатып жүрген кезі де осы жылдары болатын.

Бұдан кейін Әлихан Бөкейхановпен бірге Әлімхан Ермеков саясат саханасынан мүлдем шеттетілді. Бірақ елі үшін ең маңызды міндетті атқарып кетті.

Ә.Ермеков (1931 жылға 28-қазан күнгі жауабынан): «Ал 20-жылы мен Мәскеу қаласындағы Байтұрсынов пен Валидовтің арасындағы келіссөзге кездейсоқ қатыстым. Ол маған Байтұрсынов арқылы белгілі болды. Байтұрсынов ол кезде Қазақстан үкіметінің өкілі болғандықтан да кездесуден бас тарта алмайтынмын. Ешқандай ұйым туралы сөз қозғалған емес. Оның мән-жайы алдыңғы жауаптарда айтылды. 20-жылы қазан айында оқуымды тәмамдау үшін Томскіге бардым. 21-жылы педагогикалық тәжірибеден өттім. Сол жылдың күзінен бастап мектеп меңгерушісі болдым».

Міне, енді тергеудегі жауаптың ретіне қарай тағы да Заки Валидовке қайтып ораламыз. 1921 жылғы түрік тектес халықтардың тағдырына арналған «Революциялық қозғалыстың дамуы және біздің Шығысқа көзқарасымыз» атты біріккен мәжілісте Заки Валидов:

«Қазан төңкерісі шығысқа еш нәрсе берген жоқ. Орыстар өкімет билігін қолына алды, сонымен бәрі де бітті, әлде бір губернатордың орынын жұмысшы алмастырды, бар өзгеріс сол ғана... Осы уақытқа дейін шығыс халқы партиялық жұмысқа белсенді түрде тартылған жоқ. Егерде шаруашылықты басқару республиканың қолына берілмесе, осы күнге дейін ЧК (төтенше комиссия, қазіргіше алғанда, қауіпсіздік комитеті – Т.Ж.) жергілікті емес тұрғындардың қолында болса, онда қандай революция туралы айтуға болады. Біз шығыстың билік тізгінін өз қолымызға алып, барынша төңкеріске жұмылдыруға тиіспіз», – деп сес көрсетті.

Сес көрсетіп қана қойған жоқ, үкімет қызметінен бас тартып, Орта Азияда астыртын ұйым құрып, әскер жасақтап, большевиктерге қарсы күресу мақсатымен Бұқара мен Самарқанға жасырын кетті. Міне, тергеушілердің қазақ зиялылары мен Валидовтің арақатынасы, байланысы қақында қайталай қазымырлап сұрақ қоюының себебі осында. Ә.Ермеков бұл сұраққа пәлендей қысылып-қымтырылмай тұрмыстық етекбасты көрініс ретінде баға береді:

Ә.Ермеков (жалғасы): «...1926 немесе 1927 кеште Халел Досмұхамедовтің үйінде қонақта отырғанымызда ол маған және Елдес Омаровқа ертегіге айналып кеткен ежелгі әңгіме ретінде: Түркістандағы қозғалыс туралы, оған өзінің қатысқанын, мұның өзі Валидовпен жолығуы тиіс болғанын, бірақ та Валидовтің әйелі қайтып келген соң (Уфадан Ташкентке Т.Ж.) мұның бармай қалғанын айтып берді. Кетіп бара жатқанда өзара: оның қай-қайдағыны бекер еске алғанына өкінісіп тарастық. Ашығын айта кетейін: тарихтың еншісіне айналып кеткен мұндай тылсым, жартылай күңгірт жайлар туралы шолақ сөздерді жиі тыңдауға болады және ол туралы жалпы қауесетті (нақтылы емес) партияда барлар да, жоқтар да білетін».

СССР деп аталатын болашақ құрама мемлекеттің құрылымы сол жылдары жоспарланып жатқан. Орта Азия мен Қазақстандағы түркі жұртына ортақ 1). Түркістан республикасын құру (Т.Рысқұлов т.б.), 2). Түркістан – Қазақ автономиялы республикасын құру (С.Қожанов), 3). Россия құрамындағы Түркістан автономиясын құру (еуропалықтар) – туралы күрес жүріп жатты. Ал Қоқан, Бұқара республикалары Тәуелсіз мұсылман мемлекетін құру мақсатында «мұхаррамдық» (революциялық, орыс басылымдарында – басмашылар қозғалысы) майдан ашты.



Ә.Ермеков (жалғасы): «Ол кезде жауапты қызметкерлердің арасында, партия мекемелерінде: Қазақстанды Орталық Азия федерациясының құрамына қосады екен-мыс. Сөйтіп Қазақстан одақтас республиканың дәрежесіне көшеді екен-мыс деген қауесеттер шығып жүрді. Бұл үшін Қазақстанның солтүстігіндегі орыстар қоныстанған аудандарда межелеу жұмыстары жүргізілуі тиіс екен. Осы мәселе жөнінде құрамында: Москвадан келген Ежов, Өлкелік комитеттен Сәдуақасов, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінен мен бар арнайы комиссия құрылды. Мен өз пікірімді Ежов жолдасқа ашық түрде: Орта Азия федерациясына Қазақстанды қосып, солтүстік аймақтық шекараны межелеу шаруашылық мүддесі тұрғысынан да, мәдени байланыс тұрғысынан да пайда әкелмейтінін айттым...».
ххххххххххххххххххххххх
Ә.Ермеков (жалғасы): «26-жылдан бастап Ташкенттегі Қазақ педагогикалық жоғары оқу орнына ауысуыма байланысты онымен тікелей айналыспағандықтан да, менің жер мәселесі туралы қазіргі пікірім жалпылама және ертеректе мен Орынбор мен Қызылордада қызмет істеген кездерімдегі мәселелер туралы ғана болмақ. Революцияның алғашқы кезеңінде патшалық отарлау бағытындағы жерге қоныстандыру саясаты тудырған бұл мәселе өте шиеленісті дәрежеде еді. 21-22 жылдардағы кеңес өкіметінің еңбекші қазақтардың талабын ескеріп қоныстандыру туралы мәселе күн тәртібіне қойылғанда, менің де араласуыма тура келді. 24-жылы мнистрліктің коллегиясы өтті, соған қатыстым. 25-жылы Орынборға Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне жұмысқа шақырылдым. Онда жерге орналастыру саясаты жөнінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия үш рет отырыс жасады. Оған республика басшылары да қатысты. Онда қазіргі шаруашылық жүйесін, бұрынғы жер иелену құқын сақтап қалуға ұйғарым жасалды. Комиссия мүшелері де, оның ішінде мен де Қазақстанға жаңа қоныстанушыларды әкелуге үзілді-кесілді қарсы болдық. Ең алдымен патшалық жер қоныстандыру саясаты тұсында жері тартып алынған жергілікті ұлтты, содан кейін қазіргі орыс тұрғындарын толықтай жермен қамтамасыз ету керек, содан асқанына ғана қоныстанушыларды орналастыруға болады деген шарт қойдық. Осыдан барып жерге қоныстандыру мәселесі жөнінде талас туды. Өлкелік партия комитетінде бұл мәселе арнайы қаралып, алдыңғы көзқарас қолдау тапты. Онда:

1) Қазіргі қалыптасқан шаруашылық жүйесіне түбірімен өзгеріс жасау мүмкін емес.

2) Жер бөлісі таптық тұрғыдан жүргізіліп, оған еңбекші бұқара кеңінен тартылуы тиіс – деген жалпы ереже қабылданды.
Мен бұған сене қойғаным жоқ және шешім табатын жаңа жол да жоқ болатын. Қызығы сол, дәл сол кездегі қалыптасқан жерге қоныстандыру жүйесі тұсында осынау шетсіз де шексіз кең далада жергілікті ұлт жерден қысымшылық көретін. Енді оны таптық тұрғыдан бөліске салса, онда қазақ елі жерсіз қалатыны анық еді. Өлке бойынша жерді мәдени игерудің бағдарламасы жасалуы тиіс еді. Бұл бағдарламаны жасау қолдарынан келмеді ме, жоқ, жасағысы келмеді ме, білмеймін, әйтеуір, жүзеге аспай қалды. 23-26 жылдары мемлекеттік жоспарлау мекемесінде істеген тұстарымда аталған мәжілістерге қатысып жүрдім. Жетекшілері Әлібеков пен Қаратілеуов болатын. Одан кейін Әлихан Бөкейханов айналысты. Көрсетілген мәселелердің ішіндегі жер бөлісі туралы пікірлерді олар толық түсінді. Сәдуақасов пен Сұлтанбеков те сол ұстанымда болды. 22-23 жылдары Жер жөніндегі халық комиссары Кадылов (Қадыров, Қаратілеуов ?) болды. Барлық мәселелерді Бөкейхановпен кеңесе отырып шешті. Тек соның мақұлдауымен ғана істі жалғастырып, бағыт-бағдар алып отырды. Бұл пікір алысуларда біз (ұйымдасқан топ емес, халықтың қамы үшін шын жаны ашығандар): қалайда асыра сілтеушіліктер болады – деп есептедік. Ондай асыра сілтеушілік, мысалы, Семей облысында орын алды. Нәтижесінде саяси тұрғыдан да, атқарылған шараны жүзеге асыру барысына да кері әсерін берді. Тыңды игерудің шаруашылыққа әкелетін зияны өсіріп көрсетілді. Соған қарамастан кеңес өкіметінің шараларына қарсы күресетін ешқандай да ұйым болған емес, ондай айыпты жоққа шығарамын.

Шалғынды жерлер мен байларды тәргілеуге қарсы ешқандай іс-әрекет жасағамын жоқ, мен ол кезде Ташкентте қазақ пединститутында қызмет істеп жүргемін. Сондықтан да саналы немесе санасыз түрде, немесе заңдық тұрғыдан алғанда да ондай әрекетке барған емеспін және бара да алмайтынмын. Бұл мәселе жөніндегі қоғамдық пікір қатты шиеленісіп тұрғандықтан да, мұндай әлеуметтік мәселеге көңіл бөлмей, саңырау болып қалу мүмкін емес еді. Құлақ түре жүріп жеке әңгімелер мен пікір алысуларда жоғарыдағы пікірімді білдірдім. Менің тікелей қызметім мүлдем басқа мәселелермен айналысуға бағытталған еді. 26-27-жылдары өзімнің бұл мәселелер жөніндегі қарсы пікірлерімді белгілі бір топқа ғана айттым. Оны бұрынғы жауаптарымның бірінде көрсеткенмін. Партия мен үкіметтің шешімдеріне қарсы өз көзқарасымды жеке адамдармен бөлісуге қақым бар деп есептедім. Біз ол шешімге мүлдем қарсы едік. Қоршаған орта, қалыптасқан дәстүр бәрін қабылдауға мүмкіндік бермейтін».

Жерді меншікке беру туралы заң қабылданар тұста мұндай халықтық пікір алмасулардың болмағаны, әрине, өкінішті. Оның зардабын қазақ елі жарты ғасырдан кейін тартатын болады. Өйткені, Ә.Ермеков:



«Қызығы сол, дәл сол кездегі қалыптасқан жерге қоныстандыру жүйесі тұсында осынау шетсіз де шексіз кең далада жергілікті ұлт жерден қысымшылық көретін. Енді оны таптық тұрғыдан бөліске салса, онда қазақ елі жерсіз қалатыны анық еді»,

деп дәл тауып айтқанындай, жерді меншікке берудің салдарынан, әсіресе, құнарлы аймақтардағы қазақтар қаржылық және әкімшілік қысымның, алпауыттардың бопсасының кесірінен екі-үш жылдың ішінде жалдамалы шаруаға айналып шыға келді.

Әрине, өтпелі саясат өткінші кезеңнен соң әдірә қалады да, экономикалық-әлеуметтік теңсіздік, жер жегісі, ұлттық қауіпсіздік мәселесі құнарлы топырақты қуартқан ащы өзекке айналады. Шамкөстенетін шағым емес, бұл – тарихи және экономикалық заңдылық.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Маған қойылған: Швецов жетекшілік еткен, Бөкейханов құрамында болған Ғылым академиясының экспедициясы туралы сұраққа келетін болсам, ол жоғарыдан шешілген ғылыми мәселе. Экспедиция жоғарыда көрсетілген ескі көзқарас тұрғысынан зерттеу жүргізді. Олар қалыптасқан шаруашылық жүйесін сақтаудың жолдарын зерттеді. Статистикалық есептердің барлығы да ғасырлар бойы дала төсінде қалыптасқан шаруашылық жүйесін (бірнеше мың жылдан бері сақталып келе жатқан өмір сүру тәсілін) сақтаудың амал‑тәсілдерін ақтап қалудың жолдарын іздестірді. Экспедицияның жұмыстарымен таныс емеспін. Мен жоспарлау мекемесінде істеп жүргенде оның негізгі бағыттары ғана анықталған болатын. Жерді қалай пайдалану жөніндегі ғылыми баяндамамен таныс емеспін, көрген де жоқпын. Мен шаруашылықты жүргізу жүйесі тұрғысынан ғана ол пікірге қосылдым. Жер өңдейтін немесе мал шаруашылығымен айналысатын ауданда тұратын қазақтардың шаруашылығы көшпелі өмірге бейімделген. Негізінен мал шаруашылығына сүйенген кәсіпшілікке барынша жақын. Бір аймақта әрі егіншілікпен, әрі мал шаруашылығымен айналысу да табиғи дамыған. Дегенмен де олардың арасындағы қайшылық ушығып келе жатқан.

Біздің бес жылдық жоспарымызда көрсетілген жерге жаңадан қоныстанушылар туралы көп талқыланды. Осы мерзім ішінде қоныс аударушылардың саны бес миллионнан асады десті. Бұндай жоспарға қарсылық білдіре отырып, орталық және өлкелік мекемелерге арнайы мәлімет дайындадым. Онда: «Мұны қозғап отырған бұрынғы отарлаушы жүйенің жұрнағы қоныс аударушылар мекемесі. Егерде мұндай жоспардың болғаны рас болса, оны орталық және өлкелік мекемелер қолдамауы тиіс. Дәл солай бола қалған жағдайда өз көзқарасымды қорғаудың жалғыз-ақ жолы бар еді. Ол – кеңестік басшылардың пиғылын әшкерелеу немесе кеңес мекемелері туралы пікірлерімді ашық білдіру» - деген мағынадағы пікірлер айтылған».

Қайталай бағамдасақ, алаш идеясының түп қазығы болған жер жегісі тәуелсіздік тұсында шешіліп барып, қайта шиеленісіп кетті. Ә.Ермековтің осы көрсетіндісінде айтылған пікірлері мен дәлелдері тарихи, экономикалық тұрғыдан сараланбады. Саясаттың желігіне жем болып кетті. Соның салдарынан қазақ жерін мекендеген қазақтар қазақ елінде аз санды жер иесіне айналды.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Колхоздар бен совхоздар туралы көзқарасыма келсем, өкінішке орай, өзімнің ескі идеологиялық бағытымды қатаң ұстана отырып, оның тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндігіне мән берместен, осы мәселе жөніндегі сол кездегі жиналыстарда мен үнемі қарсы сөйледім. Шаруашылықтардың өндірістік негізге көшуі бұрынғы патшалық отарлау саясаты түте-түтесін шығарған қуаң, жартылай қуаң шөлейтте, табиғи жұтқа жиі-жиі ұшырайтын аймақтың жерін патшалық жыртқыштар талан-таражға салып біткен еді. Жартылай рулық құрылымдағы феодалдық қоғамды соншама қысқа мерзім ішінде социалистік құрылымға ауыстыру мүмкін емес деп есептедім. Қазақстанда социалистік құрылыстың нығаюына жол ашатынын болжай алмадым».

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



Жақып Ақбаевтың барлық қайраткерлік жолы қысқа да мазұнды қамтылған.

Ж.Ақбаев: «Мен – қазақпын, 1876 жылғы 7 қарашада, бұрынғы жыл санау бойынша 25 қазанда Төңіректас маңында, Қарқаралы округінің Берікқара ауданындағы 3-ші ауылға қарасты жерде туғанмын. 1883-84 жылдары мен жазда ата-анамның қозысын, қыста қойын бақтым. 1886 жылы мен Қарқаралы қаласындағы Қазақ интернатына, ал 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, 1898 жылы Томск гимназиясын бітірдім, нақ сол жылы Петербург Университетіне Заң факультеті бойынша оқуға түсіп, оны 1903 жылғы 9 маусымда (ескіше 27 мамырда) бітірдім.
1903 жылдың күзінде мен Омбы сот палатасына қызметке тұрып, 1904 жылдан бастап палата хатшысының көмекшісі болдым. 1905 жылғы тамыздан бастап Омбы қаласындағы 2-ші учаскенің бітістіруші судьясы міндетін атқардым. 1905 жылғы қазан-қараша айларында Омбы қаласында үкіметке қарсы митингілер мен демонстрацияларға қатысып, самодержавиені құлату қажеттігі туралы үкіметке қарсы саяси сөз сөйлеуіме байланысты мен сот мекемесінен кеттім. Бірақ сезім серпінімен, қызу шабыт пен сол кездегі коғамдық-саяси ағым туғызған ынта-жігер әсерімен мен жаршы-уағызшы қатарына шықтым.
1905 жылғы 7-8 қарашада (ескіше) Павлодар (Кереку) қаласында қаланың ортасындағы көп адам қатысқан митингіні ашып, мәдениет пен өркениет игіліктеріне қосылу тілегі жағдайында аса ұлы тұтқалардың саяси бостандықтардың, оқу-ағарту мен мәдениеттің самодержавиемен сәйкессіздігін дәлелдеп, самодержавиені құлатуға үгіттедім. Сол күндері өкімет мекемелері жұмыс істеуден қалды. 1905 жылғы 11-12 қарашада Баянауыл казак станицасында түнде таныстарым арасында самодержавиені құлату қажеттігі туралы шұғыл түрде жиын өткіздім.
1905 жылғы 13-14 қарашада-ақ мен Қарқаралы қаласында болдым, онда қазақ, сарт және ішінара татар халқының толық қолдауымен екі айдың ішінде самодержавие бүлігі іс жүзінде жойылды; самодержавиеге қарсы насихат пен үгіттің шебер жүргізілуіне байланысты қазақ халқының жалпыға бірдей ынта-жігерінің рухани өрлеуі керемет болды: жалпыға бірдей туысқандық, теңдік пен бостандықтың ұлы идеясы шын мәнінде жүзеге асырылды. Қарқаралы уезі ұзаққа созылмағанымен де, республикалық режим орнатылған бірден-бір жер болды.

Шет аймақтағы оқиға орталыққа байланысты. Орталықта (Петербург, Мәскеу) қара реакция басымдық алды: қамшы, шыбыртқы, жазалау отрядтары ауыр да іріп-шіріген психикалық зардаптары тиген көңілсіз көріністер, міне, осындай. Біздің сыбағамыз тұтқындалу, этап, жалғыз камераға қамалу, Қылмыстық Заңдар Жинағының атақты 103, 108, 109-баптары бойынша мемлекеттік қылмыс істеп, опасыздық жасады деп айыпталу».

«Сыбағасын толық алуға» себепкер болған оқиғаның бірі мынадай, ол: «1907 жылы маусым айында, Қоянды жәрмеңкесінде қоныс аударушылар мекемесінің бастығы отырған киіз үйге басыр кіріп, бастыққа: «Мемлекеттік Думаның пәрменінсіз қазақтар бір сүйем де жер бермейді, қарсылық көрсетуге дайын. Күш жұмсайтын болсаңдар, мен осы жер үшін өлуге бармын», – деп мәлімдеген. Сол үшін оған 50 сом айып салынған.



Ж.Ақбаев (жалғасы): «1908 жылы мен үкіметке қарсы насихат жүргізгенім үшін Қарқаралыдан қарулы айдауылмен одан әрі бес жылға Якутскі облысына айдауға жіберу үшін Омбы қаласына жөнелтілдім, бірақ орталық мені дала өлкесіне жер аударуға рұқсат берді де, мен полицияның қадағалауымен Жетісу облысындағы Қапал қаласынан біра-қ шықтым; ол жерден мен үкіметке қарсы қылмыстық насихат жүргізгенім үшін 1910 жылы Тобыл губерниясына жер аударылдым.

1915 жылдың күзінде жандармдар маған Қылмыстық Заңдар Жинағының атақты 103, 108, 129-баптары бойынша (ұлы мәртебеліге тіл тигізу, сатқындық және өмір сүріп отырған құрылысты құлату мақсатымен үгіт, насихат жүргізу) мемлекеттік қылмыс жасады деп айып тақты. Әдеттегісіндей, мен тұтқынға алынып, отбасыммен бірге қарулы айдауылмен Қарқаралы түрмесінен Павлодар (Кереку) қаласы арқылы Семей түрмесінің абақтысына жөнелтілдім, Павлодарда қараңғы, ылғал, сасық орында қос құлыппен құлыпталып жападан-жалғыз отырдым. Павлодарда мені пароходтағы иттің үйшігіне отырғызды, онда Семейге жеткенге дейін мен үнемі жатып баруға мәжбүр болдым, өйткені оның тарлығы сонша, отыру да, тұру да мүмкін емес еді. Бұл үйшікке мен еңбектеп кіруге мәжбүр болдым, бұл үйшік жалпы жұрт баратын әжетхана қасына орналасқан болатын.

1917 жылғы қаңтар-ақпан айларында мені бес жылға Якутск облысына жер аудару туралы іс қозғалды. Мен бұл сапарға шындап әзірлене бастадым, мені Якутия түрмелеріне этаппен ұзақ уақыт айдаудан ақпан революциясы құтқарды. Бірақ оның есесіне комиссар (уақытша үкіметтікі) Вейсер 1917 жылғы наурыздың аяғында мені қазақтар арасында бірінші болып саяси ұрандар: халық басқаруы, автономия, республика ұрандарын ұсынғаным үшін қамауға алып, орыс казактарының айдауымен Семейге жөнелтті, ал 1918 жылдың наурызында орыстың сословиелік казактары менің нақ сол мұрат-мақсат, армандарым үшін мені екінші рет қамауға алып, әскери-казак айдауылымен Семейге жөнелтті.

1919 жылғы қаңтарда Колчак пен Анненковтың барлау агенттері мені Қарқаралы қаласында тұтқынға алып, Қарқаралы түрмесіне қамады. Айыптаудың мәні Колчактың әскери-казак диктатурасының және Атамандықтың жауы, Атамандар диктатурасын құлату және Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін халықты қарулы көтеріліске дайындауға ұмтылған. 1919 жылғы 7 шілдеде (ескі стиль бойынша 2 маусымда) Колчак пен Атамандардың Әскери-дала соты Қарқаралы қаласында мені атуға үкім шығарды. Мен кассациялық шағым беруден бас тартып, өлім жазасына өзім қол қойып бекітуге келісетінімді мәлімдедім және шынында да, үкімді 1919 жылғы 7 шілде күні, кешкі сағат бестің шамасында өзім қол қойып бекіттім.

Осы кезде Қызыл Армия колчакшыларды (Колчак әскерін) Ресейден Азияға қуып шықты, Колчак атамандары қазақ зиялыларынан көмек күтіп, оған жағынып бақты. Сондықтан Сібір үкіметінің төрағасы Вологодскийдің ұсынысы бойынша корпус командирі Березовский өлім жазасының күшін жойды.

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



«II. Ұлтшыл контрреволюциялық қастандықтар.

I. Жер мәселесi туралы: Ұйымның негiзгi мақсатты бағдарламасының бiрi – жер мәселесi болды, мұны шешу арқылы олар «Алаш» партиясының ауыл шаруашылығы жөнiндегi бағдарламасын, яғни, жердi ең алдымен бұратана тұрғындарға (иә, кеңес өкiметi үшiн қазақтар тек қана «бұратана» болып қалды – Т. Ж.) ешқандай кесiмсiз қажетiнше бөлiп беруге және ру – руымен қоныстандыруды жүзеге асыруға тырысты. Бұл бағдарлама бойынша, жергiлiктi тұрғындар толықтай жермен қамтамасыз етiлгеннен соң ғана Қазақстанға сырттан келген қоныстанушыларды орналастыруға болады, ал қазақ жерiне бұрыннан орналасып қалған қоныс аударушылар ол жердi қазақтарға керi қайтарып беруге тиiстi едi. Бұл жұмысқа контрреволюциялық ұйымның мүшелерi мен ұлтшылдардан басқа айып тағылып отырған Жер жөнiндегi халық комиссариатының ұлтшыл қызметкерi Мұхтар Мұрзин сияқты көрнектi өкiлдер қатысты, оны 1929 жылы оның үйiнен табылған мына құжат растайды.

1) Мақаланың жоспары (аяқталмаған)

а) Қазақстанның ауыл шаруашылығының қазiргi хал-ахуалы. б) Мақсатты көзқарас тұрғысынан алғанда, ауыл шаруашылығының мүмкiн және даму жолдары. в) Оларға қойған мақсатқа жету жолындағы «Қосшы» одағының орны мен маңызы. г) Ауыл шаруашылығы – сол елдiң табиғи және әлеуметтiк шарттарының тұрақты түрдегi өзара қарым-қатынасының көрiнiсi болып табылады. д) Жоғарыда көрсетiлген алғы шарттардың жекелеген кезеңде жүзеге асырылуы – иелiк етiп отырған елдiң тұрғындарының шаруашылықты жүргiзу мәдениетiне тiкелей байланысты. е) Қазақтың шаруашылығы соңғы уақытқа дейiн табиғат жағдайына тiкелей тәуелдi болып келдi де, кейiнгi кезде бiрқатар әлеуметтiк ықпалдарға ұшырады (шаруашылықтың барлық саласы мен түрiнiң отарлануы). ж) Сырттан телiнген, сонымен қатар шаруашылықты жүргiзген бөгде тұрғындар экономиканы күрделендiрiп жiбердi, әрi бұл, табан астында бұрмаланып отырды. з) Жанталаса отарлау – қазақ тұрғындарының жерсiз қалуына әкеп соқтырды. и) Бұл мәселе – жердi бұдан ары емiн-еркiн пайдаланбай, белгiлi бiр шек қою үшiн күн тәртібiне қойылды. Ал, үкiмет болса, мұны, тағы да отарлаудың бiр түрi ретiнде пайдаланып отыр.

2) Зерттеудiң қорытындысына пікір

Егерде, Қазақстанды ешкiммен еншiлеспеген дербес мемлекет деп қараса, онда жерге қоныстандыру шарасы тұрғындардың еркiмен өз-өзiнен шешiмiн тапқан болар едi. Ал қазiр қоныстандыру табиғи түрде емес, басы артық жерді анықтап, оған қоныстандыру саясаты – отарлау мақсатында жүргiзiлiп жатқандықтан да, шаруашылық салалары отаршылдықтың қасiреттi қамытын кимес үшiн шұғыл шара қолдануға мәжбүр етедi. Бұл шаралардың негiзгi бағыты – жергiлiктi тұрғындардың шаруашылық тәсiлiнiң өзгеруiне орай үйлестiру және оны жер бөлiсi тұсында тиiмдi пайдалануға шерiк құрылуы тиiс.

Бүкiл республика көлемiнде жаппай жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк қоныстандыру науқаны жан-жақты зерттелiп, анықталған ғылыми тұжырымға негiзделуi қажет. Әр аймақтың экономикалық ерекшелiгiн, жалпы құрылымын, экономикалық бағытын зерттеп барып, 1921-1922 жылдары Жетiсу губерниясында жүргiзiлген Жер-су реформасының үлгiсiмен шешiм қабылдаған дұрыс болмақ».

Ташкент қаласында, Түркiстан Атқару комитетiнде, ауыл шаруашылығы факультетiнiң үйiнде өткен Жер мәселесi жөнiндегi ұйымның мәжiлiсiне Досмұхамедов, Тынышбаев, тағы да басқа адамдар қатысып, жоғарыдағыдай көзқарас бiлдiрген және Жер реформасын жүргiзетiн өкiлдiктiң құрамына өз адамдарын кiргiзудi ұйғарған (№ 5417 – iс, Тынышбаевтің жауабы, № 2370-iс, 275-бет)».

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

С.Пестковскийдің өзі:

«Қазақстанда өзгелер сияқты ұлттық автономия құруға болмайды. Тек территориялық принципті ұстану ғана ақылға сияды», деп түпкі пиғылын танытты.

Ал «кеңестік жер иесі» мекемесінің өкілі А.Д.Цюрупа:



«Егерде шөлейтті далаға құнарлы жер қосылмаса, онда бұл өлке өмір сүре алмайды. Қазақ өлкесінің барлық басқару құрылымы Қазақ ревкомына бағындыра шоғырлануы тиіс, әйтпесе, осыған дейінгі қалыптасқан жағдай өзгермейді»,– деп орынды пікір білдірді.

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



«Айыптау қорытындысынан»: «Ташкент қаласында тұрған айыпкер Ә.Ермеков 1928 жылы ақпан айында осы ұйымның мүшесi, Ленинград қаласындағы М. Әуезовке: «Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiңнен өзiң қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды »,– деп жазды (№ 541784-iс, 5 т., 192-парақ).

ххххххххххххххххххххххххххххххххххх


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет