Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шұқыркөл орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығы



бет1/9
Дата06.07.2018
өлшемі2,96 Mb.
#47441
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы

Шұқыркөл орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығы

«Күн шуағы -2014» мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларына балалар жобасының аудандық конкурсы

Сүт өнімдерінің пайдасы



Жобаның авторы: Сулейменова Махаббат

«Балбөбек» шағын орталығы тәрбиеленушілері

Жобаның жетекшісі: Кусаинова Динара Асхатовна

Тәрбиеші

2014-2015 оқу жылы

Кіріспе

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

Ө. Тұрманжанов

Сүт- ертеден өзінің құнды сіңімді құнарлы қасиетімен адамның тағамында маңызды рөл атқарады. Өркениеттің дамуынмен бірге сүтті тұтыну және сүт өнімдер саны да үздіксіз өсуде. Сүттің құндылығы химиялық құрамымен және оған кіретін заттардың жеңіл сіңімділігімен ерекшеленеді. Сүттің қүрамында адамның өсіп-өнуіне қажетті 160 жуық пайдалы заттар бар. Сүттің құрамына ақуызбен көмірсулар, майлар, минералды тұздар, сүт қанты және А, В, С, Д дәрумендері кіреді. Сүтпен сүт өнімдерінің бәрі де ағзаға сіңімді болып келеді.

Сүт –мал баққан қазақ отбасының негізгі тағамы. Одан қымыз, шұбат, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың бағы бар»-деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүт - төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп бөлінеді. Сиры, қой-ешкі сүттерін пісіріп ішуге, айран, қатық ұйытып ішуге де болады. Ал жылқы сүтінен қымыз ашытса, түйе сүтінен шұбат жасайды. Сүттен құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ сияқты әр алуан тағам жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.



Жұмыстың мақсаты: сүттің пайда болуы, оның пайдалы құрамын анықтау, балалардың дұрыс тамақтануына сүт және сүтт өнімдерінің мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Балаларға сүт беретін жануарлар туралы білімдерін толықтыру,

2.Сүт және сүт өнімдері туралы білімдерін кеңейтіп, дұрыс тамақтануға саналы қатынасты қалыптастыру.

3.Сүттің сырлары.

4.Зерртеу қызметіне танымдық қызығушылықтарын, жаңаны тануға ықыластарын дамыту.

Жоба өзегі:

Бала тағамынында таптырмайтын орын алатын тағамның бірі- сүт. Өзінің химиялық құрамымен, биологиялық сипатымен жануарлар тегінің өнімдерінің ішінен ерекше орын алады. Бірақ балалардың бәрі сүтті сүйсіне іше қоймайды және сүттен жасалған тағамдарды да жегілері келмейді ботқалар, сүт салма, ірімшіктен жасалған тағамдар, май жағылған нан. Дұрыс тамақтану біздің балалар үшін өте актуалды мәселе болғандықтан, сүттің және сүттен жасалатын тағамдардың пайдасының маңыздылығы туралы айтуымыз қажет.

Ешқандайда пайдасы жоқ азық-түліктердің айқын жарнамалары балаларды қызықтырып, олардың денсаулықтарына физикалық, психикалық зиян келтіруі мүмкін.

Балаларға анкета жүргізілді

Балаларға мынандай сұрақтар қойылды:


  1. Қандай сусындарды ұнатасың?

  2. Сүтті ұнатасың ба?

  3. Сүттің пайдасы бар ма?

  4. Сүттен жасалатын тағамдарды білесің бе?

Менің тобымның балалары көбінесе газдалған сусындарды, шайды атады, ал сүттен жасалған тағамдарды қалауларынсыз ішетіндері анықталды.

Гипотеза

Менің ойымша, егер де балалар сүт пен сүттен жасалынатын тағамдардың құндылығы жайында, сүт беретін жануарлар туралы көп білсе, онда олар сүтті тамаққа қабылдауға ынтасы пайда болады. Біз сүт және сүттен жасалатын тағамдардың пайдасы туралы көптеген мәліметтер жинап, сүттің құрамын анықтауды ұйғардық.Сүтті қолдану тарихына шолу жасадық. Адам қай жануарлардың сүтін өмірде қолданатыны жайында мағлұмат жинадық.

Зерттеудің нысаны: Сүт пен сүт өнімдерінің пайдасы

Жобаның орындалу қадамдары:

1. Қойылған міндеттерді шешуге тақырып бойынша мағлұмат жинау.

2. Жиналған мәліметтердің жүйелілігі.



3.Нәтижелердің дайындалуы. Сүт беретін жануарлардың суреттері, презентация, сүт өнімдерінің қораптарынан жасалған заттар, жапсырмалар

Сүт беретін үй жануарлары.




«Қойдың сүті –қорғасын». Қой сүті сұрғылттау ақ болады. Ол сиыр сүтімен салыстырғанда, ақуыз бен майға 1,5 есе бай болып келеді және онда А, В1,В2 дәрумендерінің мөлшері 2-3 есе көп болады. Қой сүті тағамға сауылған қалпында пайдаланылады. Дегенмен одан көбіне сүзбе немесе ірімшік тағамдарын дайындайды.

Ешкі сүті. Ешкінің сүті қойдың сүтіне қарағанда аппақ болады. Өзінің құрамы мен жұғымдылығы жөнінен сиыр сүтіне ұқсас келгенімен, ақуыз бен дәрумендерге бай болғандықтан, анағұрлым пайдалырақ. Сүзбе мен ірімшік жасағанда, қой сүтіне ешкі сүті қосылады. Ешкі сүті әсіресе жас сәбилерге өте пайдалы. Ана сүтін жарытпайтын бөбекке сиыр немесе қой сүтіне қарағанда ешкі сүті жеңіл тиеді. Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанның қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені дұрыс. Сондай-ақ ешкі сүтінің түрлі аллергиялық ауруларға қарсы тұра алатын қасиеті бар, сол себепті теміреткесі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.

Сиыр сүті. Әуелгіде жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, тәттілеу болады, қаймағы алынбаған сүттің түсі ақшыл-сары, ал майынан ажыратылған сүт көкшіл келеді.

Қымыз- «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз», -деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен жасалады.

Қазақ халқының бүкіл бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев:

....Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз.

Елімнің кеңестік сүйген асы,

Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз,- деп жырлаған. Мұның өзі қымыздың өрен қасиетімен бірге, оның түрлерінің көп екендігін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.

Қазақтың ұлттық сүт тағамдары- сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық, қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз, шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол жеп-ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет