«Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО мектеп интернаты» кмм



Дата06.01.2020
өлшемі13,24 Kb.
#55465
Байланысты:
0003b848-452edc3f

«Спортта дарынды балаларға арналған

ШҚО мектеп - интернаты» КММ

9 «АК» сыныбының оқушысы

Токтарханов Жаслан Сергеевичке


М І Н Е З Д Е М Е

9 «АК» сыныбының оқушысы Токтарханов Жаслан Сергеевич /2000 жылдың 31 мамырында туған/ 2014 – 2015 оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап аталмыш мектепте білім мен тәрбие алып, спорттың еркін күрес түрінен жаттықтырушы Асқар Мукашевтан жаттығады.

Жаслан сыныптағы оқу үлгерімі алгебра, геометрия пәндерінен ғана «қанағаттанарлық» бағамен орташа оқитын оқушы. Тәртібі «өте жақсы». Сыныптағы ұйымдастыру жұмыстарына, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, үнемі өз дәрежесінде көмек көрсетуге бейім бала. Сыныптастарымен өте жақсы қарым – қатынаста тіл табыса біледі. Баршаға достық көңілімен қарайды. Адамгершілігі мол, сыйламды, кешірімшіл. Жан дүниесі таза, ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар жасөспірім ретінде сыныптың белсенді тобының қатарында.

Жаслан өз ойын еркін жеткізіп, өзін қызықтыратын тақырыптар аясында әңгіме – сұхбат жүргізуді ұнатады. Оның қоғамдық – гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығы басым. Сабақтарда нақты дәлелдермен мысалдар келтіріп, ойын түсінікті етіп жеткізуді, өзіндік арнайы тұжырымдар да жасауды үйренген. Оқушы іс – құжаттарын, яғни дәптер, күнделік т.с.с жүргізуде тиянақты, оқу формасын сақтауда, оқу құралдарын ұстауда ұқыпты, жеке бас гигиенасын, күн режимін қатаң сақтайды.



Мектеп әкімшілігінен ешқандай «ескерту» алмаған Токтарханов Жасланнан келешекте жақсы азамат қалыптасып шығады деген сенімдеміз.
Мектеп директоры: Е.Е.Естаев

Сынып жетекшісі: С.К.Абирова

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет