«Сұрақ-жауап» ойыны. Мақсаты: өтілетін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді меңгерту. Шарты: студентке мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал студент сұраққа тисті мақалмен жауап беруі керек



Дата31.01.2018
өлшемі131,42 Kb.
#36873
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Баербекова А.Е.,магистр, аға оқытушы
Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану

Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру – оқытушының басты алға қойған мақсаты болып табылады. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, студенттердің өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір студенттің өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Сол активті әдістердің қатарына сабақ барысында қолданылатын ойын түрлері кіреді. Орыс топтарына мемлекеттік тілді оқыту барысында әр түрлі тиімді ойын элементтерін қолдануға болады. Бұл әдіс арқылы, біріншіден, студенттің пәнге деген қызығушылығын оятамыз, екіншіден, өтілген тақырыптарды бекіту мақсатымен тақырыпты есте сақтау қабілетін арттырамыз, төртіншіден, сабақ ортасында олардың көңіл-күйін сергітіп, ерік-жігерін дамыта аламыз.

Мысалы, сабақ өткізу үрдісінде студенттермен мынадай ойын түрлерін өткізуге болады:


  1. «Сұрақ-жауап» ойыны. Мақсаты: өтілетін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді меңгерту. Шарты: студентке мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал студент сұраққа тисті мақалмен жауап беруі керек. Мысалы:

  • Кімнің көзі елу?

  • Отан неден де ыстық?

  • Туған жер қандай бесік?

  1. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы студенттердің сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, оқытушы жер деген сөзді айтады, студнттер кең жер, кең байтақ жер, туған жер  т.с.с сөз тіркестерін айтады.  

  2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Студнттің міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай



  1. «Бәйге» ойыны. Мақсаты: Шапшаң ойлауға, тез әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру. Ойын шарты: Оқытушы оқыған сұрақтарға студенттер қол көтеріп, жылдам жауап берулері тиіс.

  1. Тудың авторы кім?

  2. Елтаңбаның авторы?

  3. Әнұранның авторы?

  4. Тудағы күн нені білдіреді?

  5. Шаңырақ ненің нышаны?

  6. Қанатты пырақ туралы айтып беріңіз.

  7. Қалықтаған қыран ненің белгісі?

Тудағы оюдың түрін атаңыз.

  1. «Дұрысын тап» ойыны. Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін тексеру. Ойын шарты: Бірінші бағандағы сөздердің ұғымын екінші бағаннан табу.

    Ата

    Ұрпақ иесі, үй басшысы, асыраушысы. Қазақ отбасында оның орны ерекше. Ол тек отбасы ғана емес, ауыл, ру, ел ағасы. Жанұя мүшелері оны тыңдайды.

    Әже

    Өзіңді өмірге әкелген, түн ұйқысын төрт бөлген, ақ сүтін берген кісі. Ол өмірдің тұтқасы, тәрбиешісі, ақ ниетті, мейірбан адам. Ол отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы.


    Әке

    Ата-анадан тараған ұрпақтар. Олар шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.


    Ана

    Әкенің әкесі. Өз отбасының ғана ақылшысы емес, ел ұйытқысы. Ол отбасы бірлігін, ел бірлігін, тұрмысын, болашағын байқап отыратын дана, көреген қария. Оның айтқаны - кішілерге заң.

    Бала

    Ата-ананың мақтанышы, сәні, көркі, еркесі. Ол болашақ жар, ана. Сондықтан оны аялап, мәпелеп өсірген, қатты сөз айтпаған.


    Қыз

    әкенің шешесі. Ол ел ішінің, отбасының тыныштығын ойлайтын көптің сыйлы адамы. Ол қазақтың салт-дәстүрін сақтап, отбасының бірлігін сақтайтын тәрбиешісі, ақылшысы.


  2. «Адасқан сөздер» ойыны. Мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту. Шарты: Берілген сөйлемдердегі сөздерді орын-орнына қою.

  1. Ағам нағашы өте менің ақылды.

  2. Жарасады қыз балаға биязылық.

  3. Орындап шықты әнін келген әншілер ауылға біздің «Ерке қыз».

  4. Арналған бар мектеп-лицейі Қарағанды дарынды қаласында балаларға.

  5. Қорқақ қол көз батыр.

  6. Мал шашпақ, өтірік, өсек, мақтаншақ, бекер еріншек.




  1. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақсаты: Студенттердің сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Ойынның шарты: Денсаулыққа қатысты орыс тілінде берілген сөздердің қазақша баламасын тауып, оны берілген торкөзден іздеп табу.

  1. Отравиться

  2. температура

  3. сердце

  4. врач

  5. ангина

  6. грипп

  7. болеть

  8. лечиться

  9. желудок

  10. нос

  11. печень

  12. больница

  13. поликлиника

  14. здоровье

  15. аптека

  16. уши

  17. рот

  18. почки




а

н

у

с

п

а

е

м

Д

а

с

қ

л

а

қ

л

қ

д

а

ұ

м

а

у

Е

л

у

а

ұ

қ

а

у

ы

ә

б

т

а

у

ы

р

у

д

з

а

н

н

у

з

р

і

г

е

р

м

Ұ

р

ә

р

і

х

а

ж

ү

р

б

а

у

н

а

Е

ы

н

с

қ

б

к

а

у

е

а

р

р

а

х

м

н

е

а

ы

ү

е

з

ы

к

у

ы

у

х

а

Н

а

д

у

л

й

р



  1. «Шын не жалған» ойыны. Бұл ойынның мақсаты – берілген ақпаратты дұрыстығын не жалғандығын анықтау.




шын

жалған

  1. М.Әуезов 1897 жылы Шыңғыстау жерінде дүниеге келген.







  1. Әкесінің аты – Омархан.







  1. Ол кадет корпусында оқыды.







  1. М.Әуезов Санкт-Петербург университетінде, Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған.







  1. «Бақытсыз Жамал» романының авторы – М.Әуезов.







  1. 1917 жылы «Еңлік-Кебек» пьесасын жазды.







  1. М.Әуезов – ақын.







  1. «Абай жолы» роман-эпопеясы М.Әуезовтікі емес.







  1. М.Әуезов 1961 жылы қайтыс болды.








  1. «Корректор» ойыны. Бұл ойынның мақсаты – студенттерді мемлекеттік тілде сауатты жазып, сөздерді дұрыс айтуға үйретеді.

Тақырыпқа сәйкес мәтін беріледі. Мәтінде кейбір сөздер мен терминдерге әдейі қате жіберіледі. Студенттер сол қателерді тауып, оның неге қате екенін дәлелдеулері керек.

  1. «Сандар мен әріптерді сәйкестендір» ойыны. Студент берілген бірінші кестедегі сандарды екінші кестедегі әріптермен сәйкестендірсе, Бауыржан Момышұлының нақыл сөзі оқи алады. Мұндай ойын элементін кез-келген тақырыпта жасауға болады.

1

6

18

3

24

8

12

9

22

14

23

11

4

17

20

5

19

13

10

15

7

21

16

2



о

ш

й

А

ң

Н

а

о

с

Ү

і

қ

н

ү

е

Ү

м

т

т

с

і

Й

к

т



  1. «Артық сөз» ойыны. Студент берілген әр жолдан артық сөзді табуы керек. Бұл ойында әр жолда тақырыпқа қатысты сөздер алынады да, арасына мағынасы тақырыпқа сай келмейтін, мәні мүлдем басқа сөз кіріп кетеді. Сол сөзді табу – студенттің мақсаты.

Жастар, адам, ұрпақ, қалам,

Тұлға, маман, кәсіпкер,техника,

Азамат, студент, өнерпаз, компьютер,

Білім алушы, технолог, тәрбиеші, үстел
Өкіл, заман, меңгеруші, делдал,

Оқушы, талапкер, қағаз, тапсырушы,

Қаламгер, тілші, тауар, эколог,

Өнерпаз, журналист, дәрігер, басқарма


12. «Интегративті тапсырма» ойыны. Бұл ойын түрі математика әлемімен тығыз байланысты. Кез-келген тақырыпқа ойналатын ойын элементі.

1. Сәуір айының реттік нөмірін Қазақстан сөзіндегі дауысты дыбыстар санына көбейтіңіз. (он екі)

2. Елбасы сөзіндегі дауыссыз дыбыстар санын Тәуелсіздік алған жылдың соңғы екі санына көбейтіп, оған Елбасымыздың туған жылының соңғы екі санын қосыңыз. (313)

3. Қазақ тіліндегі септік жалғауларының санын орыс тіліндегі септік жалғауларының санына көбейтіп, оған «Тәуелсіздік» сөзіндегі дауысты дыбыстардың санын қосыңыз. (46)

Қорытындылай келе, мұндай ойын элементтері өте көп. Оны тек әр оқытушы қалай қолдана алады, оны қолдану барысында тиімділігі қандай деген мәселелер басты назарға алынады. Мемлекеттік тілді орыс топтарында оқытатын оқытушының басты мақсаттарының бірі - студенттің оқу, таным белсенділігін арттыру, студентті пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта интерактивті әдістерді жиі қолдануға тырысамыз.
Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруде деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді.
Ойын элементтердің мәні-ойын барысында студенттің тілдік қатынас жасауға деген талабы. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойлау қабілеттерін дамытады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі. 4(54) 2013 жыл.

  2. Муравьева Г.Е. Проектирование технологий обучения: Учебное пособие. Иваново: ИПК и ППК, 2001. - 124с.

  3. Тойбаев Ә. Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологгиясының теориялық негіздері: пед. канд. дис. автореф. 130001-"Жалпы педагогика" / - Алматы : әл-Фараби ат. Қазақ мемлекеттiк ун-тi, 2008. - 25 с. – 50 3.

  4. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004.-218 б

Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.



Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет