«Статистика»



бет2/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#34231
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.5. Вариация деп зерттелетін жиынтықтың кез-келген бірлігі белгісі мәнінің бір кезеңдегі және мезеттегі құбылмалылығын айтады.

Вариация мәні:

  • Оның өзгеруі басқа өзгермелі белгілердің сол белгіге әсер ету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Статистикалық моделбдерді құруда қолданылады.

Вариация өлшемі деп бегінің ауытқушылығын көрсететін абсолюттік және қатысты көрсеткіштерді айтады. Вариацияның абсолюттік көрсеткіштеріне : вариация ауқымы, оташа ауытқу, дисперсия, орта квадраттық ауытқу жатады. Вариацияның қатысты көрсеткіштеріне: осцилляция коэффиценті, вариацияның сызықты коэффиценті, вариация коэффиценті жатады.

Дисперсия б2 – бұл орташа арифметикалықтан белгінің жеке мәндерінің квадраты ауытқуының орташа арифметикалығы. Дисперсия шыққан мәліметтерге байланысты орташа арифметикалық жай және салмақтанған фориулаларымен есептеледі:

- салмақталмаған (жай);

-салмақталған;

Орта квадраттық ауытқу (б) деп дисперсияның квадратының түбірін айтады.



- салмақталмаған (жай);

-салмақталған;
Дисперсияға қарағанда орта квадраттық ауытқу жиынтықтағы белгінің вариациясының абсолюттік өлшемі және өзгермелі белгінің өлшем бірлігімен сипатталады.

Әр түрлі белгілердің вариациясы размерін салыстыру үшін, сонымен қатар бірнеше жиынтықтағы бірдей белгілердің вариация деңгейлерін салыстыру үшін:



V=

Вариация коэффиценті шамасы бойынша белгілердің вариациясы деңгейін айтуға болады, демек жиынтықтың құрамының бірегейлігі туралы. Шамасы үлкен болған сайын, орташалық айналысындағы белгі мәнінің тасталымы көбейе түседі, соғұрлым құрамы бойынша жиынтық брегейлігі азаяды.

Вариациялық қатардың құрылымдық сипаттамасына: мода, медиана, децили, квартили, перцентили жатады.

Мода деп – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін вариантаны айтады.



Дискреттік қатарда мода деп – көп рет кездесетін белгіні айтады. Мода мысалы, сатып алушыларда үлкен сұранысқа ие киім мен аяқ киімінің размерін анықтау үшін жиі қолданылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет