Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік



бет1/3
Дата30.10.2019
өлшемі71,94 Kb.
#50813
  1   2   3
Байланысты:
хаттамалар

«Ұстаз аты биік ,әрі мәңгілік» тақырыбындағы тәрбие сағатында айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Хаттама №

Ақсай ауылы 24.09.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлттық тіл мәдениетінің негізі және іргетасы» тақырыбында шығармалар байқауы болып өтті.

Күн тәртібінде:


  1. «Ұлттық тіл мәдениеттің негізі және іргетасы» тақырыбында шығарма байқауының өтілуі жайлы

  2. «Ұлттық тіл мәдениеттің негізі және іргетасы» шығармалар байқауының қорытындысын жариялау

Тыңдалды:

  1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қоғанбаева Әсем: «Бүгінгі өткізіліп отырған шығармалар байқауының негізгі мақсаты қазақ тілін насихаттау, жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім алушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өздерінің таным, түйсік, көзқарастарының тәжірибелеріне сүйене отырып, өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыру болып табылады. Байқауға 7-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатыстырылды. Шығарма білім алушылардың таңдауымен қазақ тілінде орындалды. Байқауға қатысушылардың өз қолдарымен жазылған шығармалар қазақ тілінде қабылданды және шығармалар жазбаша түрде ұсынылды. Шығармалар байқауына жалпы мектеп бойынша 30 оқушы қатысты» - деді.


Сөйлеушілер:

  1. «Шежіре» бірлестігінің жетекшісі, орыс тілі және ағылшын пәндерінің мұғалімі Отарбаева Назгүл: «7-11 сынып аралығындағы алынған шығармалар байқауына оқушылар жеткілікті деңгейде қатысты. Шығармалар жақсы деңгейде жазылған. Оның ішінде 11-сынып оқушысы Мұса Лашын, 9-сынып оқушысы Оқан Әсем, 7-сынып оқушысы Изат Айнара үздік жазылған шығармалар иегерлері деп таңдап алынды. Осындай байқаулар тек тіл айлықтарында ғана емес, жалпы жыл ішінде де ұйымдастырылып тұрса деген ұсынысым бар» - деп өз ойын қорытындылады.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайнарова Маржан: «Байқау нәтижесі бойынша І-орынға Мұса Лашын лайық деп ойлаймын. Лашынның шығармасының мазмұны айқын, ойының тереңдігі байқалады. Тақырып толық ашылған, орфография мен пунктуация сақталған. Екінші орынға 9-сынып оқушысы Оқан Әсемнің шығармасын ұсынамын. Ал 7-сынып оқушысы Изат Айнараның шығармасы ІІІ-орынға лайықдеп ойлаймын» - деп өз ойын тұжырымдады.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсаев Өркен: Мен жоғарыда аталған пікірлермен толықтай келісемін. Оқушылар шығармалары бағалау критерийлері бойынша бағаланды. Байқау жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Ұсыныстарды тыңдай отырып жыл ішінде тағы осындай бірнеше шаралар ұйымдастыру керектігімен келісемін.

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Ұлттық тіл мәдениеттің негізі және іргетасы» шығармалар байқауының өтілуі қанағаттанарлық деңгейде деп бағалансын.

  2. Жоғарыда айтылған оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежедегі мақтау қағазымен марапатталсын.

Жиналыс басқарушы: Отарбаева Н Хатшы: Қоғанбаева Ә

Хаттама №

Ақсай ауылы 10.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып қыздар арасында «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» тақырыбында Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушерімен кездесу болып өтті.

Күн тәртібінде:


  1. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» тақырыбында кездесудің өтілуі жайлы

  2. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы оқушылардың ойларын тыдау

Тыңдалды:

1.«Айару» қыздар ұйымының жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Бүгінгі өткізіліп отырған кездесудің негізгі мақсаты жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы сіздерге Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушері Оразханова Майгүл Советханқызы таныстыратын болады»-деді

2.Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушері Оразханова Майгүл Советханқызы « Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі немесе пубербатты кезең деп аталады. Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әр түрлі болып келеді.  Бұлар көптеген факторларға  тұқым құалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар денсаулығына  тамақтануына, климат жағдайына да т.б. жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі қолайсыз факторлар әсерінен жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әр түрлі өзгерістері болуы мүмкін. Олар төсі өсіп, сандары жұмырланады, жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды. Жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады. Қыздардың жыныстық өсу кезеңі 13-14 жастан бастап белгілі бола бастайды. Осы жастан бастап қыз балаларда етеккір келе бастайды. Осы уақыттарда қыздардың мінез – құлқы өзгереді. Етеккір кезінде ұстанатын басты талаптар суға түсуге, жеңіл –желпі киінуге,спортпен шұғылдануға, суық жерде жүруге, ащы тағамдар жеуге болмайды. Етеккір айына бір рет келеді. Алғашқы кездерде етеккір бірінші айында келіп, 2-3 ай кешіктіріп келуі де мүмкін бұл қалыпты жағдай. - деп өз ойын қорытындылап, оқушыларға түсіндіріп өтті. .



Сөйлеушілер:

  1. 10-сынып оқушысы Тілепбай Аружан «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы өзімді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алдым жіне айтылған кеңестерді алдағы уақытта ескереміз - деп өз ойын айтып өтті.

  2. 11-сынып оқушысы Асыл Шұғыла Етеккір кезінде ұстанатын басты талаптар суға түсуге, жеңіл –желпі киінуге,спортпен шұғылдануға, суық жерде жүруге, ащы тағамдар жеуге болмайтынын білдік ендігі кзекте осындай әрекеттерге жол бермейтін боламыз – деп айтып өтті

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» атты кездесуде айтылған мәселелер жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

Жиналыс басқарушы: М.Нұрбатырова Хатшы: Қоғанбаева Ә

Хаттама №

Ақсай ауылы 5.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-11 сынып қыздар арасында «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг болып өтті.

Қатысқаны: Мұғалімдер:9

Оқушылар:35



Күн тәртібінде:

  1. «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг өтілуі жайлы.

Тыңдалды:

1 Психолог Ұзақбекова Шарапат Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг ұйымдастырылуы мен мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту. Мектеп ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру жайлы айтып өтті. «ДОС» деген кім?, «Шын достық» деген не екенін анықтап, дос алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушылардың ойын тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту –деп таныстырып өтті.

Сөйлеушілер:

1.Мектеп директоры Баймбетов Жанболат «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылардың достығының арасындағы жауапкершілігі мен адамгершілігін арттыра түскендіктерін айта кетті.



2.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбатырова Мейрамгүл Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылардың алдағы уақытта осы айтылған кеңестерді бойларына сіңіріп, өмірде достарына адал болуға шақырды

3.Педогог ұйымдастырушы Жүнісова Айнагүл бұл психологиялық тренинг бала тәрбиесіне оң әсерін беретінін, оқушылардың қоғам алдында жауапкершілігін арттыра отырып, тәртіптіліктің жолдарын түсіндіре білді –деп өз пікірін қосты





Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде деп бағалансын

  2. Осы тренингте айтылған мәселелер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ш.Ұзақбекова Хатшы: Ұ.Арыстанова

Хаттама №4

Ақсай ауылы 4.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5- сынып оқушылары арасында «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында жарыс сабағы болып өтті.

Қатысқаны: 11

Күн тәртібінде:

1. «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында жарыс сабағының өтілуі жайлы



Тыңдалды:

  1. 5-сынып жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбындағы жарыс сабақтың мақсаты Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кетгендігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын  ұғындыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу. Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу жайлы айтып өтті. Бүгінгі жарыс сабақта оқушылар «Отан», «Қазақстан» болып 2 топқа бөлініп, үш бөлімнен тұратын сайысқа қатысқандығын айтты. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдет — ғұрыпты, салт— дәстүрді қастерлеу болып табылады-деді.

Сөйлеушілер:

  1. Мектеп директоры Баймбетов Жанболат «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында жарыс сабағы жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу керек, өйткені ол әр адамның басты борышы болуы тиіс – деп өз ойын айтты. Бүгінгі жарыста «Отан» тобындағы оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді- деп айтып өтті.



  1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбатырова Мейрамгүл«Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында жарыс сабағы жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтарға екі топтың оқушылары да жақсы қатысты, жүйелі түрде жауап беріп отырды деп, осындай шаралар жыл ішінде жиі ұйымдастырылуы керектігі туралы ұсынысын айтты.



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбындағы жарыс сабағы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

Жиналыс басқарушы: Ә. Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова
Хаттама №3

Ақсай ауылы 24.10.2018ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-сынып ата-аналар арасында «Бала бақытым, қуанышым» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Қатысқаны: 12

Күн тәртібінде:

  1. «Бала бақытым, қуанышым» атты дөңгелек үстелдің өтілуі жайлы

  2. І тоқсан қорытындысы жайлы

Тыңдалды:

1.5-сынып жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Бала бақытым, қуанышым» атты дөңгелек үстелдің мақсаты казіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз – деп айтып өтті.



  1. І тқсан бойынша 5-сыныпты 12 оқушымен аяқтадық. Оның қызы-7, ұлы-5. Жалпы оқу сапасы бойнша 66%, үлгерім 100%. Оның озаттар 2 оқушы, екпінділер 6 оқушы- деп айтып өтті.

Сөйлеушілер:

1. Ата-ана Қалқаева Гүлнұр Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екінші11ден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Яғни баламыз біздің көз қуанышымыз.Менің балам менің барым, байлығым деп санаймын –деп өз ойын айтып өтті

2. Ата-ана Нұрғожаева Назира Әркімнің баласы ата-ана алдындағы көз қуанышы. Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген- деп ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Бала бақытым, қуанышым» атты дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

  2. 2 мәселе бойынша айтылғандар ата-аналардың назарына алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә. Қоғанбаева Хатшы : М.Айтжанова

Хаттама №3

Ақсай ауылы

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5- сынып оқушылары арасында «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Қатысқаны: 10 21.09.2018ж

Күн тәртібінде:

1. «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағатының өтілуі жайлы



Тыңдалды:

  1. 5-сынып жетекшісі Қоғанбаева Әсем  «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағатының мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу.Оқушыларға мемлекеттік белгілердің маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру, ой-өрісін кеңейту.Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнын қастерлеуге тәрбиелеу.Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегібілімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағыттарындағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту жайлы айтып өтті. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдет — ғұрыпты, салт— дәстүрді қастерлеу болып табылады-деді.

Сөйлеушілер:

1. 11-сынып жетекшісі Қашқынбаева Мамық «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу керек, өйткені ол әр адамның басты борышы болуы тиіс – деп өз ойын айтты.

2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбатырова Мейрамгүл «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, Сонымен қорыта келгенде өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін -деп өз ойын айтып өтті.

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстары жандандырылсын.


Жиналыс басқарушы: Ә. Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 10.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып қыздар арасында «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» тақырыбында Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушерімен кездесу болып өтті.

Күн тәртібінде:


  1. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» тақырыбында кездесудің өтілуі жайлы

  2. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы оқушылардың ойларын тыдау

Тыңдалды:

1.«Айару» қыздар ұйымының жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Бүгінгі өткізіліп отырған кездесудің негізгі мақсаты жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы сіздерге Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушері Оразханова Майгүл Советханқызы таныстыратын болады»-деді

2.Ұзынбұлақ ауылдық округінің акушері Оразханова Майгүл Советханқызы « Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі немесе пубербатты кезең деп аталады. Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әр түрлі болып келеді.  Бұлар көптеген факторларға  тұқым құалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар денсаулығына  тамақтануына, климат жағдайына да т.б. жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі қолайсыз факторлар әсерінен жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әр түрлі өзгерістері болуы мүмкін. Олар төсі өсіп, сандары жұмырланады, жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды. Жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады. Қыздардың жыныстық өсу кезеңі 13-14 жастан бастап белгілі бола бастайды. Осы жастан бастап қыз балаларда етеккір келе бастайды. Осы уақыттарда қыздардың мінез – құлқы өзгереді. Етеккір кезінде ұстанатын басты талаптар суға түсуге, жеңіл –желпі киінуге,спортпен шұғылдануға, суық жерде жүруге, ащы тағамдар жеуге болмайды. Етеккір айына бір рет келеді. Алғашқы кездерде етеккір бірінші айында келіп, 2-3 ай кешіктіріп келуі де мүмкін бұл қалыпты жағдай. - деп өз ойын қорытындылап, оқушыларға түсіндіріп өтті. .



Сөйлеушілер:

  1. 10-сынып оқушысы Тілепбай Аружан «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» жайлы өзімді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алдым жіне айтылған кеңестерді алдағы уақытта ескереміз - деп өз ойын айтып өтті.

  2. 11-сынып оқушысы Асыл Шұғыла Етеккір кезінде ұстанатын басты талаптар суға түсуге, жеңіл –желпі киінуге,спортпен шұғылдануға, суық жерде жүруге, ащы тағамдар жеуге болмайтынын білдік ендігі кзекте осындай әрекеттерге жол бермейтін боламыз – деп айтып өтті

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Қыздардың жыныстық өсу кезеңі» атты кездесуде айтылған мәселелер жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

Жиналыс басқарушы: М.Нұрбатырова Хатшы: Қоғанбаева Ә

Хаттама №5

Ақсай ауылы 4.09.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-сынып ата-аналарымен жиналыс болып өтті.
Қатысқаны: 12

Күн тәртібінде:


  1. Жаңа оқу жылының басталуы жайлы

  2. Оқушылардың қауіпсіздігі. Ата-аналар комитетін сайлау жайлы


Тыңдалды:

  1. 5-сынып жетекшісі Қоғанбаева Әсем өзін таныстырып, оқу жылын 5-сынып жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқуды бастайды. Оқулық бойынша қазақ тілі пәнінен екі оқушыға жеткен жоқ, ал қалған пәндерден түгел толық таратылып берілді. Биылғы біз көшіп отырған жаңа оқу бағдарламасында оқушыға дәстүрлі сабақтағыдай журналға баға қойылмайды, бөлім, тоқсан бойынша жиынтық тесттер алынады –деп айтып өтті

  2. Мектепшілік біріңғай талап ережесі жайлы ата-аналарға ескертілді, күнделік, сабақ кестесі, оқушыны сабақтан себепсіз қалдырмау, оқушылардың қауіпсіздігі, ата-аналар жұмысы жоспары таныстырылып, жұмыстың жүргізілуі жайлы айтып өтті.


Сөйлеушілер:


  1. Ата-ана Абишева–Бүгінгі жиналыста оқу, тәрбие жұмыстары толық айтылды, сынып оқушылары қалыптасып, үйреніп кеткенше біз ата-аналар жаңартылған бағдарламаға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бұл сыныптың оқу үлгерімдері 4-сыныпта жақсы болған. Балаға деген ата –аналардың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс- деп өз ойын айтып өтті




  1. Ата-ана Құдайбергенқызы Эльмира Қазіргі таңда оқушылар бес күндікке ауысты, оған балалар үйреніп те қалды. Үйден үнемі баламызды оқу үлгерімін қадағалап, тәртібіне аса мін береміз. Бала қауіпсіздігіне, тазалығына жауап беремін. Менің ұсынысым ата-аналар комитеті болып Нұрғожаева Назира сайлансын - деп өзінің ойымен бөлісті



  1. Ата-ана Қашқынбаева Мамық Биыл 5-сынып жаңа оқу бағдарламасында көшіп отыр. Үйден жаңа бағдарламаға қатысты көп көмектесуге тырысамыз. Бала қауіпсіздігіне, тазалығына жауап беремін. Мен де Эльмираның сөзімен келісемін ата –аналар комитетіне Назираны ұсынамын - деп өзінің ойымен бөлісті

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. Ата-аналар комитеті болып Нұрғожаева Назира сайлансын

  2. Оқушылардың қауіпсіздігі ата-аналарына жүктелсін



Жиналыс басқарушы: Ә. Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 8.10.2019ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-11 сынып қыздар арасында «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг болып өтті.

Қатысқаны: Мұғалімдер:9

Оқушылар:35



Күн тәртібінде:

  1. «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг өтілуі жайлы.

Тыңдалды:

1 Психолог Ұзақбекова Шарапат Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг ұйымдастырылуы мен мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту. Мектеп ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру жайлы айтып өтті. «ДОС» деген кім?, «Шын достық» деген не екенін анықтап, дос алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушылардың ойын тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту –деп таныстырып өтті.

Сөйлеушілер:

1.Мектеп директоры Баймбетов Жанболат «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылардың достығының арасындағы жауапкершілігі мен адамгершілігін арттыра түскендіктерін айта кетті.



2.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбатырова Мейрамгүл Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде өтілгеніне тоқтала келіп, оқушылардың алдағы уақытта осы айтылған кеңестерді бойларына сіңіріп, өмірде достарына адал болуға шақырды

3.Педогог ұйымдастырушы Ө.Мұсаев бұл психологиялық тренинг бала тәрбиесіне оң әсерін беретінін, оқушылардың қоғам алдында жауапкершілігін арттыра отырып, тәртіптіліктің жолдарын түсіндіре білді –деп өз пікірін қосты






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет