Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік



бет3/3
Дата30.10.2019
өлшемі71,94 Kb.
#50813
1   2   3
Байланысты:
хаттамалар


Күн тәртібінде:

  1. «Жақсы қыз- жағадағы құндыз» тақырыбында қыздар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1.«Айару» қыздар ұйымының жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Жақсы қыз- жағадағы құндыз» тақырыбындағы қыздар жиналысының мақсаты ”Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғсырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту. «Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді».Өйткені әке – шеше айта алмаған сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді.Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым – қатынастың табиғи өрбуіне сеп болатын осы жеңгелер. 
Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды.
–деді

Сөйлеушілер:

  1. 11 сынып оқушысы Сатымбай Аружан Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көпкөңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді –деп өз ойын айтып өтті.

  2. 10 сынып оқушысы Тілепбай Аружан Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

1.«Жақсы қыз- жағадағы құндыз» тақырыбында қыздар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева
Хаттама №

Ақсай ауылы 16 .01.2019ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10-11 сынып қыздар арасында «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында пікірталас болып өтті.

Күн тәртібінде:

«Денсаулық-зор байлық» тақырыбында пікірталастың өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1.«Айару» қыздар ұйымының жетекшісі Қоғанбаева Әсем «Денсаулық-зор байлық» тақырыбындағы қыздар арасындағы пікірталастың мақсаты Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет –деді

Сөйлеушілер:

  1. 11 сынып оқушысы Сатымбай Аружан Денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы - зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т. б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Медицинаның түпкі мақсаты да осы. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек.
    Ғылыми - техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.–деп өз ойын айтып өтті.

  2. 10 сынып оқушысы Тілепбай "Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей үзақ өмір сүрген болар еді...Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде - кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш - жігердің әлсіздігі - деп айтып өтті


Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

1.«Денсаулық-зор байлық » тақырыбында қыздармен пікірталас жақсы деңгейде өтті деп бағалансын.

2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Хаттама №



Ақсай ауылы 28.01.2019ж
«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» тақырыбында ұлдар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» тақырыбында ұлдар жиналысы Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас.

-деп өз ойын айтып өтті.                                                 

Сөйлеушілер:


  1. 5-сынып оқушысы Керім ЖасынТәртіп - әдептің бір түрі. Ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде, күнделікті тұрмыспен рухани тіршілікте, ұжымдық қоғамдық және мемлекеттік істе ерекше маңызды. Бәленің көбі тәртепсіздіктен туындайды. Ағашында тәртіпті  босаңсытып алып, қайтып оны жолға қоя алмай жатқан қазіргі кезде тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер, қайғылы оқиғалар туындағаны белгілі.-деп өз ойын айтып өтті.

  2. 5-сынып оқушысы Жақыпбай "Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда– деп өз ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» тақырыбында ұлдар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева

Хаттама №

Ақсай ауылы 30.01.2019ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мейірім –қыздарға тән ұлы қасиет » тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Мейірім –қыздарға тән ұлы қасиет» тақырыбында қыздар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем Мейірім –қыздарға тән ұлы қасиет «Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде Ананы ардақтау, Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құметтеу бұзылмас салт-дәстүрге айналған. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз -деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         



Сөйлеушілер:

  1. 5-сынып оқушысы Шаймерден Айдана Әр қыз өз қылығымен көрікті. «Қыз – болашақ жар, аяулы ана, ар­дақты, ақыл айтар әже. Ол қылығымен, көрікті және жібектей мінезімен мінсіз. Қазақ қызы жүрегіндегі иманы мен бойындағы ибасы, адамгершілік қасиеттерімен, үлкенге зор құрметі мен салт-дәстүрді сақтауымен өзге ха­лықтан ерекшеленеді. Сондықтан қыз баланың өнегелі тәрбиесі – бүгініміз бен болаша­ғымыздың барша­мызды толған­дырар ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі. Баға жетпес тәрбиені батыстың былапыт, бөтен әрекетімен шатыс­тырмай, еліктемей, түзу жолдан айны­масқа игі еді - деп өз ойын айтып өтті.



  1. 5-сынып оқушысы Ирғабыл Ақгүл «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп ықылым заманнан дана халқымыз қызды қырмызыдай қызғалдаққа теңеп, төріне отырғызып, баға жетпес асыл қазынасы санаған. «Анасы тұрып қызы сөйлегеннен без», «қызға қырық үйден тыйым», «қыз – шаңырақтың шырақшысы» деген маржан ойлар мен түбінде терең тағылым жатқан сөздердің астарынан халқымыздың қыз тәрбиесіне ерекше мән бергенін көреміз. Өткеннің еншісіндегі жақсы дүниені келешектің кемесіне салып, ұлттың ұлылығын танытатын игіліктің барлығы ұмыт қалмауы үшін бұл мәселеге баса мән беру керегін түсінеміз – деп өз ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Мейірім –қыздарға тән ұлы қасиет» тақырыбында қыздар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева

Хаттама №

Ақсай ауылы 29.01.2019ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында сынып жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында сынып жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында сынып жиналысы туралы Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі. Адамшылық қасиеттер, соның ішінде еңбек этикасы туралы әлем даналарының ой-пікірлерін толықтыра әрі тереңдете түсіп, өз тарапынан тың жаңалықтар ашқан, сөйтіп, жүйелі ілім жасаған кемеңгер Абай:

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,



Еңбегін сатқан бала артық,-деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегендікпен тамаша тұжырымдап берді. Қазақ ақыны айтқан бұл ойдың еңбектің адам өміріндегі атқарған рөлі жайында әлемге аян беделді ғылыми зеттеу жазған Ф.Энгельстің: «Еңбек-... адамның бүкіл өмірінің негізгі шарты. Адамды адам еткен - еңбек», - деген дүние жүзі мойындаған классикалық ғылыми тұжырымымен ұқсастығы қайран қалдырады әрі сүйсіндіреді -деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         

Сөйлеушілер:

1.5-сынып оқушысы Ғабитқызы Диана - Ақын Абай атамыз айтқандай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп, ұстаз кезінде алған білімін, бойға дарыған өнерін еңбек етумен үнемі жаңғыртып отыру керек. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында заман талабына сай қазіргі уақытта ұстаз компьютермен және интерактивті тақтамен жұмыс жасауымен, интернетке шығуымен т. б. жұмыс жасап білімін толықтыруы тиіс- деп айтын өтті

2.5-сынып оқушысы Керім Жасын Адам өзінің өндірістік іс-қимылында бойына туа біткен қабілет-бейімділіктерін жұмсап, кәдеге жаратумен қатар, оқып үйренуден және кәсіби әзірліктен алған іс-тәжірибелерін пайдаланады. Отбасының, мектептің бүлдіршіндер мен жастардың қоғамдық белсенділіктерін дамытып, әдеп-инабат дағдыларын қалыптастыруға тигізетін оңды әсерлерін еңбек арқылы нығайтады.– деп өз ойын білдірді



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында сынып жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет