Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі



Дата10.04.2017
өлшемі39.2 Kb.
Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
Шағын орталықта 2 топ жұмыс істейді. Барлығы  60 бала тәрбиеленуде. Сағат 9:00ден 12:00ге дейін. Қазақ тобында: I кіші (2-3 жас) тобы мен ортаңғы (4-5 жас) тобы бар.

2-жасар- 7

3- жасар- 8

4-жасар- 12

5-жасар-3

19-ұл бала, 11-қыз бала бар.

4 көпбалалы отбасы, толық емес 1 отбасы

Шағын-орталықты ұйымдастырудың мақсаты- мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуы және олардың ата-аналарынан кеңестік-әдістемелік қолдау;

Шағын- орталықтың негізгі міндеттері:

1.     балалардың денсаулығын қорғау;

2.     Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету

3.     Әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың  ақыл- ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту.

4.     Балаларды күтуді, қарауды ұйымдастыру.

5.     Ата- аналарға педагогикалық- психологиялық кеңес беру.

Мектепке дейінгі шағын- орталық 2-5 жас аралығында дамытушы орталық негізінде құрылды. Шағын- орталық аптасына 5 күн, сағат 9:00- дан 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Шағын-орталық Мемлекеттік стандартқа сейкес жаңа жиһаздармен, ойыншықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған. Сабақ оқыту, қыдыру, ойнату- балалардың жақсы дамуына әсер етеді.

Топтарда табиғат бұрышы, көркемдіқ- эстетикалық, ойлау, сөйлеу орталықтары безендірілген.

Тәрбиешілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады. Тәрбиешілер өз жұмыстарында «Зерек бала» бағдарламаларына басшылық етеді. Оқу жылының басында шағын- орталықтың жылдық жұмыс жоспары құрылды. Онда педагогтардың педагогикалық шеберліқтерін жоғарылатуға бағытталған мерекелік іс-шаралар, ашық сабақтар, педагогикалық кеңестер жазылған. Оқыту процесінде тәрбиелеушілер балаларды Туған елдің табиғатымен, үлкендердің еңбегімен, еліміздің маңызды күндерімен таныстырады, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Тәрбиеші төмендегі көрсетілген міндеттері бойынша жұмыс істейді:

1.     Баланың денсаулығы мен психологиялықжағдайынжасау.

2.     Танымдыққабілетіндамыту.

3.     Шығармашылыққабілетіндамыту.

4.     Шығармашылыққиялындамыту.

Оқу жылының басында шағын- орталықтың жылдық жұмыс жоспары құрылды.Әр тақырыпта ойындар, еңбек туралы, кейбір тақырыптарда мерекелер бар.Тәрбиеленушілерді отаншылыққа тәрбиелеу бойынша жұмыс олардың физикалық тәрбиесімен байланысады (денсаулықтарына).

Қазақстанның болашақ азаматтары күшті, мықты болып өсу керек. Тәрбиелеушілер айына 1 рет дене шынықтыратын жаттығулар, мерекелер өткізеді. Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар, ойындар балалардың денсаулықтарын күшейтеді, шыңдандырады.

Мектепке дейінгі жастағылар үшін жетекші-ойын қызметі болып табылады. Балалар ойын ойнаған кезде (тәрбиелеушілердің басшылығымен) білімдерін бекітеді. Педагогикалық процесте ата-аналармен тығыз байланыста болу керек. Ата-аналармен жұмыс бойынша жоспарлар құрылған, ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының соңында шағын- орталықтың барлық топтарының ата-аналарына жиналыс өткізу жоспарлануда, жазғы сауықтыру кезеңіне мерекелік іс-шаралардың жоспары құрылған

Қыркүйек. Ата заңым асқақта! атты тәрбие сағаты өткізілді. Негізгі мақсаты: Балаларғазаңымызды құрметтеп,Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бұл тәрбие сағатында балалар ҚР әнұранын орындап, тақпақтар айтты. Балаларға Ата заң болмаса, адам құқығы қорғалмайтынын,дуниеге келген бірінші күннен бастап мемлекет қамқорлығында екені айтылды.Мемлекет басқарушысы-президент,президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,Рәміздерімен таныстырып өттім.Соңында Отанымызға арнап әр бала жылы тілектер айтты.

Қазан. Күзгі бақ саяхат сабағы өтті. Мақсаты: Баланы айналаны танып білуге жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Тәрбиеші Ш.Ахметованың "Бұл қай кезде болады?" өлеңі оқылды.Бұл сабақта кузгі баққа саяхатқа шығып, жеміс-жидектер түрімен танысып,пайдасын айттық.Сабақта түсіндіру, бақылау, сұрақ-жауап әдістері пайдаланылды.Күз патшайымы қонақта болы,ойын жүргізді (Кім көп жинайды?).Балалар ағашқа жапырақтар жапсырып, жасаған жұмыстарын галлерияны шарлайды.Сабақ соңында балаларды мадақтап, Алтын жапырақ естелікке беріледі.

Қараша. Әдепті бала-арлы бала атты таным сабағы болды. Сабақтың мақсаты: Баланың үйде, көшеде, қонақта өзін- өзі қалай ұстау керектігі үйретіледі. Сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақта "Отбасы " дидактикалық ойыны ойналды.Тазша бала кейіпкер болады.Ол балаларға сұрақтар қояды.Суреттермен жұмыстар жургізеді.Жақсы-жаман балалар туралы тақпақтар айтады. Балалармен "Жақсы-жаман" ойыны ойнатылады.(Жақсы сөздер айтылғанда қол соғады,жаман сөз болса тыныш тұрады). Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажырату,жақын адамдарға қамқорлық,оларға көмек көрсету дағдыларын меңгереді.



Желтоқсан. Құтты болсын, Жаңа жыл! атты мереке өткізілді. Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.Аяз ата ,ақшақар,ертегі кейіпкерлеріне назарын аударту.Көңілді ойын ойнату,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Мерекеге Аяз ата, ақшақар, кәмпит, тулкі, қоян қатысты.Балалар шырша айнала ән салып, би билеп, Аяз атаға тақпақтар айтып берді." Кім көп қар жинайды?" ойыны ойнатылды.Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратып берді.

Тәрбиелеушілердің жүйелі жұмыс істеулерінің арқасында балдырғандар ұйымшылдыққа үйренуде, оқу қызметінің дағдылырын меңгеріп, бағдарламаларды игеруде.
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет