Студенттердің шығармашылық графикалық білім сапасын арттыруда мультимедиялық КӨрсетілімдерді қолдану



Дата23.08.2017
өлшемі90,76 Kb.
#25529
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ГРАФИКАЛЫҚ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ.

Кожиков Ж.А. аға оқытушы,

Шығармашылық графикалық білім беру барысында мультимедиалық көрсетілімді қолдану студенттердің кеңейтілген білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Мультимедиалық көрсетілімдерді қолдана отырып оқыту әр түрлі категориядағы студенттерге, олармен саралай жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиалық көрсетілімдерді қолдана отырып оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық деңгей, күрделенген деңгей. Мультимедиялық көрсетілімдерді қолдану арқылы графикалық пәндер сабағында студенттердің есте сақтау мен ойлау, қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Егер студенттің қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, студенттің даму үрдiсi шапшандайды.

Мультимедиалық құралдарды компьютерлік техниканың көмегімен оқыту үдерісін пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:

1. Өзара тығыз байланыстағы материалдарды кезеңдерге бөлу. Ол оқытушының оқу материалдарын тиянақты талдауды, кезең бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.

2. Заттардың сызбасын тұрғызу кезінде студенттердің белсенділігін арттыру, яғни студенттердің терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.

3. Студенттердің әрбір жауабына мұқият баға беру және ол жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі кезеңге көшу.

4. Оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.

5. Студенттердің кезең бойынша кеңістіктік графикалық қабілеттерін сезім мүшелері арқылы қабылдау, сенімділігін тексеру, яғни әрбір студенттің мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.

Негізгі зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мағыналығы графика пәндері сабағында студенттердің шығармашылық және кеңістікті ойлау қабілеттерін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру қазіргі таңдағы мәселелердің бірі болып саналады.

Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде мультимедиалық құралдардың мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес.

Сонымен, графикалық пәндер сабағында мультимедиалық көрсетілімнің қолданылуын анықтау кезеңінде мына міндеттердің шешімі іздестіріледі:



-графикалық тапсырманың күрделілігі мақсатын анықтау;

-нақты карточка тапсырманың тақырыбын таңдау және оны
жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу;

-теорияда алынған мәселені графикалық жұмыстарын орындау кезінде болжамын тұжырымдау;

-мультимедиалық көрсетілім арқылы студенттердің тақырыпты түсінуін қадағалау барысында жүргізілетін жұмыс қалпын анықтау;

-студенттердің бастапқы дайындық деңгейін анықтауға қажетті әдістемелерді таңдау және оның тиімділігін тексеру;

-студенттердің дайындық деңгейін жетілдіруге байланысты дидактикалық кешенді мультимедиалық көрсетілім арқылы дайындау;

-графиканың толық жетістігін беру нәтижесінде студенттердің кезең бойынша кеңістіктік графикалық меңгеруде болған өзгерістерді, дәстүрлі оқыту түрі айырмашылығын анықтау.

Көрсетілім ағылшын тілінен аударғанда “presentation”- елестету – бұл белгілі бір тақырыпқа анықталған әртүрлі картинка-слайдтар жиынтығы. Әрбір слайдқа мәтіндік және графикалық ақпараттарды өз бетімен сыйғызуға болады.

Университетте MS PowerPoint типі бағдарламасы көмегімен, Office пакетімен кіреді, слайд-фильмдерді анықтамалық және оқу демонстрациялау және тұрғызу, үйірмелерге және секциялар туралы айтады.

Көрсетілім дайындауда оқытушы өзін сценарист, режиссер және орындаушы ретінде көрсетеді.

Көрсетілімді көрсету үшін слайдты «басты» PowerPoint құрылғысында жай қарапайым PowerPoint Viewer бағдарлама-демонстраторда көрсетеді. Слайдты көрсету үшін аудиторияда арнайы проекторды компьютерге қосып экран бетіне түсіреді. Оқытушы көрсетілімді клавиатура көмегімен басқарады.

Графика пәндері сабағанда мультимедиалық көрсетілімдер көмегімен әдістемелік материалды дайындау және қолдану білім беру саласында мультимедиялық оқытуды қолданудың үш бағытын қарастырады.

1. Көрсетілім, демонстрация сабақтың өтілу барысын арттыру үшін бағдарламаларды қамтамасыз ету.

2. Сабақта көрсетілімді қолдану барысында студенттердің белсенділігін арттыру.

3. Мультимедиалық көрсетілім жұмыс кезінде сабақты жоспарлау және оның қарқынын арттыру.

Графикалық пәндер сабағында мультимедиалық көрсетілімдерді сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі : пән бойынша базалық білімді меңгеру ; алған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.



Сондықтан оқытушы жаңа сабақты түсіндіруде мынадай міндеттер қоюы керек:

-графикалық пәндер сабақтарында тақырып бойынша мультимедиалық көрсетілім технологиясын дайындау жұмысы барысында алынған мәліметтерді талдау;

-осы талданатын материалдарды зерттеудің мақсаты, міндеті және болжамымен салыстырмалы түрде тексеру;

-сызбаның графикалық нәтижелерін геометриялық, логикалық нәтижесін өңдеу;



-слайд арқылы көрсетілімде сабақтың тапсырмасын түсіндіруде студенттер мен оқытушының арасындағы өзара қарым-қатынас ерекше-ліктеріне сипаттама беру.

Негізі мультимедиалық құралдарды пайдалану жұмысына мынадай міндеттер қойылды:

-өткізілетін сабақтың мазмұнын іріктеу;



-слайдтардың айқындығын анықтау және тексеру;

қу үрдісіне ендірілген дидактикалық кешен мазмұнының тиімділігін анықтау;

-оқытушының дайындық деңгейіндегі өзгерістерден мәліметтер жинау;

-слайд жасауда кездескен қиыншылықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жоюдың жолдарын іздестіру.

Бұл міндеттер мультимедиалық көрсетіліммен графика пәндерін оқыту үрдісінде студенттердің іскерлігін тереңдету және кеңейту арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін көтеруге бағытталған екендігін айқара ашады.

Слайд–фильм ұсынылған тапсырманы бір слайдпен көрсету арқылы, ал басқасында – шешімін табу (кезең бойынша орындау). Бұлар жаңа және өздік жұмыс тапсырмасын орындауда уақытты үнемдейді, қайталау, жаңа материалды меңгеру, қорытындылау және графикалық практикалық жұмыстарды орындау үшін, ұсынылған жұмыстың мақсатымен өткізу түрін дұрыс түсіну, графикалық қателерді түзеу, тапсырманы орындау үрдісін жылдамдатуға ыңғайлы.

Студенттер бірізділікпен орындалуын түсіндіруде жазықтыққа заттың сызбасын кескіндеуді тез әрі жылдам қабылдайды. Ең қарапайым заттардан бастап жаттығу жұмыстарының орындалуын түсіндірсек, тәжірибе кезінде күрделі заттардың кескінін орындау ешқандай қиындықтар туғызбады. Сызба жұмыстарын слайд көрсетілім арқылы түсіндіруде студенттердің теориялық түсінігі артып, тәжірибеде қолдану барысында жетістіктерін көруге болады.

Арнайы үлгіде тапсырмаларды орындауға арналған слайд көрсетілімге қарай отырып студенттер ұсынылған тапсырмалады практикада тез жылдам орындайды. Қажет сұрақтар туындағанда слайд көрсетілімді қайтадан көрсетіп есінде сақтау қабілеттерін дамытуға болады.

Студенттердің шығармашылық графикалық білім сапасын арттыру көп мөлшерде нақты мақсатқа бағытталған және әдістемелік жүйелі ұйымдастырылған оқу сабақтарында білімнің меңгерілуімен байқалады. Оқу үрдісінде оқу және оқыту әдісінің жаңаша қырларын техникалық оқу құрылғыларын қолданумен дамытады. Графикалық пәндерді оқытудың нәтижесін жоғарылату сабақта дидактикалық материалдарды, компьютерлік технологияларды қолданумен байланысты.

Шығармашылық графикалық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Шығармашылық бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.

Слайд-фильмді көрсету түсіндірумен анықталады. Мысалы жаңа тақырыбын оқытушы түсіндірмей тұрып, экранда сол слайдты немесе бақылау сұрақтарымен демонстрациялайды. Жауаптар ауызша немесе жазбаша түрде орындалады.

Сабақ барысында оқу фильмдерін қолдану барлық топқа көрнекі түрде демонстрациялап жұмыстың дұрыс тәсілдерін бірізділікпен қиындатпай жұмыс орнында көрсетеді.

Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер, сызбалар жатады. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысында графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мәселен, дәрігердің өзі атласта келтірілген немесе әртүрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сәулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі керек.

Графикалық пәндер сабақтарында тақырып түсіндіру кезінде мультимедиялық көрсетілім арқылы бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар студенттерге беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту-бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал оқытушының негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың көрсетілімдік әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, студенттердің білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Мультимедиалық оқыту құралдары, бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар.

Мультимедиалық құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Алайда, кез келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет.

Мультимедиалық көрсетілімді қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Мультимедиалық оқытуды сабақта қолданғанда сабақ сапасы, бірінші кезекте оқытушының өзіне, яғни мультимедиалық көрсетілімдердің мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Мультимедиалық көрсетілімдерді пайдалану, кез келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан студенттердің шығармашылық графикалық танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Государственный общеобязательный стандарт образования. Основные положения (для 12-летней школы). - Астана, 2008.

2.Хасенов М.М. Концепция содержания графического образования в общеобразовательной школе. // Практическая помощь учителю. №1, 2002. - С.150- 18 с.

3. Хасенов М.М. Преобразования изображений в графической деятельности школьников: Пособие для учителей общеобразовательных школ. - Алматы: «Мектеп», 2005. - 76 с.

4. Гервер В.А. Творчество на уроках черчения: Книга для учителя. - М.: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 1988. - 144 с.



5. Павлова Л.В. Нетрадиционные подходы к обучению черчению: Учебное пособие. - Н-Новгород: Изд-во Нижнегород. гос. техн. ун-та, 2002.-70 с.

6.Хакимов Г.Ф., Вахидов Р.Р. Эвристические графические задачи: В помощь учителю черчения. - М.: Школа-ПРЕСС. Вып.3. - 1999. - 112 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет