«СУ. Ерітінділер. Негіздер» тарауы бойынша білім сайысы сабақтың мақсаты



Дата11.07.2017
өлшемі8,62 Kb.
#21142
түріСабақ

«СУ.ЕРІТІНДІЛЕР.НЕГІЗДЕР» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ

Сабақтың мақсаты:

  • а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер. Негіздер.» тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;
  • ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;
  • б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

I кезең – «Бой сергіту» «Су тамшысы» тобының сұрақтары:

  • 1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
  • 2. Су молекуласының құрамы қандай?
  • 3. Ерітінділер деген не?
  • 4. Негіздер қандай топтарға бөлінеді?
  • 5. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?
  • 6.Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?

I кезең – «Бой сергіту» «Ерігіштік» тобының сұрақтары:

  • 1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?
  • 2. Дистилденген суды қалай алады?
  • 3.Негіздер деген не?
  • 4.Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
  • 5.Ерітіндінің пайыздық концентрациясын қалай есептейді?
  • 6. Ерітінділерді қолдану салаларын атаңдар?

I кезең – «Бой сергіту» «Негіздер» тобының сұрақтары:

  • 1. Ауыз су қалай тазаланады?
  • 2. Судың ластануының қандай түрлері бар?
  • 3. Неліктен мұз суда жүзеді?
  • 4. Бейтараптану реакциясы деген не?
  • 5. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?
  • 6.Негіздерді қолдану салаларын атаңдар?

II кезең –«Химиялық лото» ойыны.

  • «Су тамшысы» тобы оксидтердің формуласын құрастырады.
  • «Ерігіштік» тобы негіздердің формуласын құрастырады.
  • «Негіздер» тобы тұздардың формуласын құрастырады.

III кезең: «Ойлан, тап» ойыны

  • «Су тамшысы» тобының тапсырмасы:
  • 1.Ва+О2→ 2.К+H2O→
  • 3.NaOH+ FeCl3→
  • «Ерігіштік» тобы:
  • 1.Mg(NO3)2+KOH→ 2.H2O+CaO→
  • 3.HCl+NaOH→
  • «Негіздер» тобы:
  • 1.Zn+HCl→ 2.K+O2→
  • 3.CO2+NaOH→

IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

  • «Су тамшысы» тобы:
  • 1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық концентрациясын есептеңдер.
  • 2. 222,2 г ерітіндіні суалтқанда 22,2 г тұз алынды. Тұздың ерігіштігін анықтаңыздар.
  • «Ерігіштік» тобы:
  • 1. 40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай?
  • 2.Натрий хлоридінің 200С ерігіштігі 35г тең. 210г суда осы тұздың қандай массасын ерітуге болады?
  • «Негіздер» тобы:
  • 1.250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет болады?
  • 2.45г калий сульфатын 45оС –температурада еріту үшін неше грамм су қажет болады, егер тұздың ерігіштігі-15г тең болса?

V кезен: Нағыз химик

  • «Су тамшысы» тобы:
  • Мыс сульфаты ерітіндісі берілген. Осы заттан қандай түсті түнба алуға болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.
  • «Ерігіштік» тобы:
  • Натрий металы берілген. Фенолфталеин түсін танқұрай түске өзгертетін қандай зат алуға болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.
  • «Негіздер» тобы:
  • Қандай затты құйғанда сілтінің танқұрай түсі түссізденеді? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

VI кезен: Капитандар сайысы

  • Бізден –сұрақ,
  • сізден - жауап
  • Ерітінділердің түрлері
  • Негіздердің функционал тобы
  • Судың табиғаттағы айналымы

Сабақты қорытындылау

  • Әділ –қазылардың шешімі
  • Оқушылардың білімін бағалау
  • Пікір алмасу
  • Үйге тапсырма: Н. Нұрахметов т.б.оқулығы бойынша: §36-43 қайталау,115беттегі №8,№10 тапсырмылырды орындау

Каталог: uploads -> doc -> 0014
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0014 -> Табиғатта сезім де, құлақ та бар, Ренжітсең күрсініп жылап та алар. Аяласаң жаныңа шуақ тамар
0014 -> Сабақ жоспары. Күні: 05. 12. 2012 Класы: 7 Пәні: қазақ әдебиеті Тақырыбы
0014 -> Білім беру жүйесін сапалы дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 1, Елбасы Н.Ә
0014 -> Тақырыбы: «зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлық масса»
0014 -> Курстың мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет