Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы



бет1/2
Дата12.09.2020
өлшемі39,16 Kb.
#63870
  1   2



Т.Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы


п/п

Іс-шара атауы

Орындауға жауапты

Орындалуы туралы






Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 793 Жарлығының ережелерін жүзеге асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау, соның ішінде:

- қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын жасаған мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру;

- қарамағындағы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісіне байланысты соттың айыптау үкімі шығарылған мекеме басшысының атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселені қарастыру.



Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы тұрақты түрде жариаланып тұрады.

Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіліп, аудандық маслихаттың 2014 жылғы 05 қыркүйектегі №24-5 шешімімен дербес құрамы бекітілген. Комиссияның құрамы уақытылы жаңартылған Жоспарға сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы өткізіліп тұрады. 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 3 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Луговой ауылдық округі әкімі, Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық Әділет басқармасы, ауылшаруашылығы, ветеринария бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.







Тауар жеткізу, жұмыс және қызмет көрсетудің уақыт аралығын белгілеудегі мақсаттылықтың негізгі критерийлерін нақтылай отырып, бюджетті жоспарлаудың қолданыстағы тәртібін қайта қарау

Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері



Келісім - шарт жасалғаннан кейін тауарлар 15 күнде жеткізілуі тиіс. Қызметтерге - ішкі жоспарға сәйкес іс-шаралар орындалуы тиіс. Осыған байланысты бюджетті жоспарлаудың қолданыстағы тәртібі қайта қаралады.



Мемлекеттік сатып алу саласында өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкестігін анықтау кезіндегі конкурстық комиссия төрағалары мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдау туралы ұсыныс жасау

Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері, облыстық қаржылық бақылау инспекциясы, бюджеттік бағдарлама әкімшілері



Аудан әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу саласында өнім берушінің біліктілік талаптары, сәйкестігі мұқият зерделенуде, комиссия төрағалары мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстар түспеген.



Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісімшарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шаралар туралы тоқсан сайын есеп беруді қамтамасыз ету

Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері,

облыстық қаржылық бақылау инспекциясы (келісім бойынша)


Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайларда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг тұрақты жүргізіліп тұрады.




Аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және олар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде дербес жауаптылық жүктеу

Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері.



Аудан әкімдігінің аппараттары және оларға қарасты бөлімдер мен ауыл округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2018 және 2015-2017 жылдарға арналған іс-шара жоспарларының орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тоқсан сайынғы аудандық комиссия отырысында талқыланып отырады.


Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
sites -> Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет