Табиғатты аялайық қорғайық Білім саласы: Әлеуметтік орта Білім бөлімі: Қоршаған орта Тақырыбы: «Табиғатты аялайық қорғайық»



Дата27.12.2016
өлшемі62,71 Kb.
#5651
Табиғатты аялайық қорғайық

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Білім бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық қорғайық»

Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру.

Көрнекілігі: Слайд көрсету. Жер ананың адам қолдарынан азып - тозған бейнесі және әсем табиғат бейнелері.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, жұмбақтар жасыру, ойын әрекеттері. Ұйымдастыру. Балалар «Сәлем - сөздің анасы» амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі. Сондықтан алдымен амандасып алайық.

Балалар:


Қайырлы күн, досым.

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Тәрбиеші:

Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Ендеше табиғат жайында балалардың сөздерінен байқап көрейік.

1 - бала. Бізге ата - бабамыз жерді сеніп тапсырды, қиын кезді басынан өткізді өз отанымыздың табиғатын қорғаймыз.

2 - бала. Өзім тұратын туған жерімнің тазалығын сақтаймын.

3 - бала. Мен ағаш еккенді ұнатамын, жасыл желектерді күтемін.

4 - бала. Табиғат аясында демалуды суға шомылғанды ұнатамын.

5 - бала. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, сұлулығын өзім суретке түсіргенді ұнатамын.

Тәрбиеші: Міне, адам мен табиғат егіз, табиғатты асыраушың, қамқоршың десе де болады. Ата - бабамыз жер - қазына, су - алтын, мал – байлық деп тегін айтпаған. Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз. Осылардың бәрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы. Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек. Балалар қазір көзімізді жұмамыз, табиғаттағы құстар әлеміне саяхат жасаймыз. (үн таспадан құстардың дауысы естіледі) Балалар сендер қаншама құстың дауысын естіп тұрсыңдар. Сонда біздің жерімізде құстардың түрлері өте көп екен, олар табиғат сұлулығын келтірумен қатар ағаштарды, өсімдіктерді зиянкесті жәндіктерден қорғайды екен. Енді осы құстар туралы жұмбақ жасырамын мұқият тыңдап шешуін айтыңдар.

1. Құстың негізгі баспанасы не? (Ұя)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3. Қай құста ұя болмайды? (Көкек)

4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (Бүркіт)

Ей, табиғат! Шеберсің - ау шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің

Ұлан - ғайыр байлығыңды мін етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?

Сурет бойынша әңгіме. «Табиғаттың азып - тозған бейнесі»

Ағаш өсіру үшін қаншама жыл керек. Кейбір бұзық балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, мұндай жағымсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек. Табиғатты сүйе білмеген елін де, туған жерін де сүйе алмайды. Сондықтан да балалар хормен:

Табиғаттың панасымыз,

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасыБіздің мына өзіміз.

Міне адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткізуге болады. Табиғат байлықтарын қорғап, оны аялай сүйе білейік.

Ойын: «Балапандарға жем тасу»

Күтілетін нәтиже: Табиғатты аялап, қорғауға деген түсінігі, оның әсем көркемдігін әңгімелеп айта біледі. Қоршаған ортаға сүйіспеншілігі артады.


Тәрбиеші: Отарбаева А.С.



ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН (ТОПТАР САЙЫСЫ)
Мақсаты:

а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.

б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.



Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар қонақтар! Бүгін біздің «Балдырған» тобында үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!

Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.

Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.

2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.

3. «Кім жылдам?» ойыны.

4.Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)

5.Допты шеңберге лақтыру.

6.Асық тау.

7.Арқан тарту ойыны.

Алғашқы сайысқа Касеновтар мен Кокановтар отбасылары жарысқа түседі. Өздерін таныстыру.

Касеновтар отбасы.

Біз ананың қуанышымыз.

Бала кезден шыныққан.

Болашақта есейіп,

Біз жеңімпаз боламыз


Кокановтар отбасы.

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап трмаспа

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа.
2-сайыс.

Арыстановтар отбасы.

Қане,қане жарысуды,

Айналдырайық әдетке,

Денемізді шынықтыру.

Денсаулыққа қажетті.


Сағынтаевтар отбасы.

Қане,босқа қарап тұрмайық,

Қажырланып, намысты қолдан бермей,

Балалар бірге осылай күш қосып,

Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ.Ойынның шарты

Екі отбасының мүшелері бір-біріне 2 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ жанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез-тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді. Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жеңеді.

Жүргізуші:

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен күйге басайық.

Арасында тағы бір,

Ән мен шашу шашайық.

Даярлық тобының орындауында «Көбелек» биі.

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.

Ойынның шарты.

Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.

ІV. «Қаппен секіру» ойыны.

Ойынның шарты.

Жарысатын екі топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады .

IV. «Допты шеңберге» лақтыру. Ойынның шарты. Әр отбвсындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау.Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеғберге дәл лақтырса, сол кп ұпай жинайды.

VI. «Асық ату».

Ойынның шарты.

Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады. Жүргізуші:

Ал қадірлі халайық,

Зердемізді салайық

Белімізді буып алып,бекініп.

Күшімізді сынайық.

VII. «Арқан тарту» ойыны.

Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанды бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.



Осымен сайысымыз аяқталды.


Тәрбиеші: Отарбаева А.С.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет