Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет1/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15
1. «Епті адам»

Табылған жері - Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) - 1 млн 750 мың жыл.

2. «Тік жүретін адам»

1 млн жыл бұрын өмір сүрген:

а) питекантроп: табылған жері - Ява аралы (1891 жыл).

ә) синантроп: табылған жері - Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927 жыл).

3. «Неандертал адамы»

Табылған жері - Германиядағы Неандертал өңірі, Өзбекстанның солтүстік өңіріндегі Тесіктас үнгірі (1938 жыл).

Ғалымдар Солтүстік-Шығыс Африканы алғашқы адамның отаны деп есептейді.

Тарихшы, археолог ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Қазақстанда ежелгі адамдардың тіршілік еткені дәлелденіп отыр. Қазақстан жерінен табылған көптеген тас құралдар осының нақты айғағы болуда.




Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталған.

Тас дәуірінің кезеңдері

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

а) ерте палеолит

Табиғаты

Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп тұрған. Сондықтан Қазақстанда субтропиктік ормандар болған.

Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы күрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12000 жылға дейін созылған.
Адамдары

Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мыңжылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Адамдар табиғаттын, қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары

Еңбек құралдарын жасау үшін пайдаланған тастары: кварцит, обсидиан, тақтатас, шақпақтас. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жуық тас кұрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 15000-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары, тас құралдар) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Ерте палеолит дәуірінің созылған уақыты - шамамен 1 млн 860000 жыл.
ә) орта палеолшп (б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар).

Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір ертедегі адамныңдамуымен, мәдениеті дамуының жаңа кезеңі болуымен ерекшеленеді.


Табиғаты

Балқаш көлі, Ертіс маңында орманды дала, ал оңтүстікте жусанды дала болды.

Өзгерістер: Қазақстанда тау түзілу құбылыстары жүрді. Ауа райы салқындады, өзендер мен көлдердің негізгі арналары қалыптасты.

Өсімдіктер: қайың, шырша, қарағайт.с.с.

Жануарлар: бұғы, бизон, піл, мамонттар.
Адамдар және олардың тіршілігі

Орта палеолит дәуірінің адамдары - иеандерталдықтар.

Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Анды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.

Аулайтын андары: бөкен, аю, бизон, мамонт т.с.с. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастар арқылы от шығаруды үйренді. Діни наным қалыптаса бастады. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.
Еңбек құралдары және археологиялың ескерткіштер

Тасты өндеу әдісі жетідді. Еңбек кұралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өндеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.

Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған.

Табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.


б) кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар).

Бұл дәуірде адам баласы дамуындағы жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адамдарды «саналы адамдар» немесе кроманьондық адамдар деп атайды (Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған).



Адамдар және олардың тіршілігі

Антропологиялық белгілері: бас сүйектері сопақ, жазық маңдайлы, бойлары ұзын, тік жүрген.

Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік.

Аулаған андары: зубр, бұғы, марал, жылқы, мамонт.

Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақт.б.

Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән адамдар баспанасы әзірге Қазақстан жерінен табылған жоқ. Бірақ Қазақстанға жақын Сібір жерінен мамонт сүйектерінен салынған баспаналар табылған. Бұл дәуірде адамдардың бірлескен тобы рулық қауым қалыптасты. Кейіннен аналық рулық қауым орнады. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан ерекшелігі рухани жағынан жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болуда. Бұл дәуірде діни нанымның өзіндік түрі болған. Өлген адамды жерлегенде, түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Тайпаның пірі болған әйел-ананың мүсінін жасаған.

Ескерткіштері

- Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы. Табылған заттар: жануарлар сүйектері, қырғыш, кескіш, пышақтәрізді қарулар т.б.

- Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі.

Табылған заттар: сүңгінің ұштары, қырғыш тастар, торфириттен жасалған 172 зат.


2. Мезолитдәуірі (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі мезолит дәуірі келді. Мезолит дәуірі 7000 жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты

Ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті.



Адамдар, олардың шаруашылығы

Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі болды.

Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг т.б. Садақтың алғашқы түрі ағаштан жасалған. Жебелер ағаштан, ұштары сүйектен жасалған. Жебе 80-450 метр қашықтыққа жетеді. Бумеранг - ағаштан жасалған ораққа ұқсас қару. Қашықтығы 100 метрге дейін ұшады. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның негізгі себебі - мұздың еруі, өзен, көлдер суының молаюы. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.



3. Неолит дәуірі (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен қоршаған орта қазіргі кейпінде болды. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Адамдар шаруашылығының дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабілеті де дами бастады.

Адамдар, олардың шаруашылығы

Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды.

Құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар т.б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан т.б. заттардан жасаған. Аңшылық қарудың сапасы жақсарды. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Ерекшелік: өндіруші шаруашылықтуды.



Тұрақтар

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарларының сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан өңіріндегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.) -



Қоғамдық құрылыс және рухани өмір

Неолит дәуірі адамдарының діни нанымын олардың өлікті жерлеу дәстүріне қарап білеміз. Өлген адаммен бірге қабірге әшекей заттар, қарулар көмілген. Мәйітті өртеген. Бұл дәуірде әйелдер еңбегінің маңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылай неолит дәуірінде аналық ру пайда болды.орта палеолит

б) кейінгі палеолит

2. Мезолит (орта тас дәуірі)

3. Неолит (жаңа тас дәуірі)

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

а) ерте палеолит

(б.з.б. 2 млн-140 мыңжылдықтар).







Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін, қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі қолға алынды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Қола дәуірінің басты 3 ерекшелігі болды.

1. Қола металлургиясы. Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.

2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді. Бағылатын малдың саны артқандықтан, шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Андронов мәдениеті

Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, зираттар, суреттер т.б. археологиялык ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет - Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылының маңынан табылған.

Андронов мәдениеті ескерткіштерінің аумағы шығыстағы Минусинск шұнхырынан бастап солтүстіктегі аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150-ге жуық қабірі, 30-дай елді мекен тұрағы бар.

Елді мекендері: Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұлақ, Түгіскен кесенесі, Ертіс, Бұқтырма, Күршім өзендерінің аңғарларындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулы аймақтарындат.б.



Шаруашылығы

Қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта басталды. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине, егін шаруашылығы дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген.

Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, кейіннен түйе өсірген. Терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.

Андронов қолөнері

Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдысты жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.

Ыдысты жасау әдістері:

а) таспалық әдіс;

ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.

Бұл әдістер б.з.б. ХVІІ-ХІ ғасырларда қолданылған.

Ыдысқа салынатын өрнектер: шаршы, үшбұрыш т.б.

Үй кәсіпшілігі

Тоқыма кәсібі дамыды.

Киім тігуге пайдаланған шикізаттар: қой жүні, ешкі түбіті, тері, сүйек (түйме жасауға), тарамыс жіп.

Киімдер: жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б.



Қоғамдық құрылысы

Әкелік әулет пайда болды (ру). Әр рудың аты болды. Мал, үй мүліктері, еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.

Андронов кеншіпері

Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. 3 мыңжылдык).

Кен өндіру әдістері:

а) опыру әдісі;

ә) отпен үгіту әдісі;

б) үңгіп қазу әдісі.

Андроновтықтар өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суық бұлақ, Қанай маңындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

Андроновтықтар баспанасы

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер.

Тұрғын үй аумағы: 100-400 м2. Жертөле терендігі 1,5 м. Қола дәуірінің соңындағы үйлер - жер бетінде салынған сопақша үйлер. Археологиялық зерттеу нәтижесінде қазіргі киіз үй жобасы андроновтықтар баспанасы негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір бар.

Дін және өнер

Қола дәуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген.

1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.

2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған.

3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген.

Тасқа салынған суреттер Таңбалы, Ешкі өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасыбай, Хантау, Бұланты, Айтпай т.с.с. жерлерден табылған.

Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б.

Әшекейлер Жетісудағы Мыңшұңқыр қабірінен (андық стильде өрнектелген сырға), Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан (алтын білезік т.б.) табылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет