Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет4/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




Қазақстан халқының мәдениеті
ХІ-ХІІ ғасырлардағы тарихи оқиғалар, феодалдық қатынастың дамуы Қазақстан жеріндегі халықтар мәдениетінің өркендеуіне біраз жағдай жасады. Бұл кездегі мәдени мұралар түрік мәдениетінің жетістігі болды. Осы кездегі әдебиет, философия, тарих, тіл ғылымдарының тамаша туындылары сақталған.

Орта ғасырларда қазақ жерінде Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Мұхаммед Ибн Мұса әл Хорезми, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари т.б. ғалымдар, әдебиеттің ірі ғұлама өкілдері өмір сүрген.

Абдулла ибн Мүсілімнің «Китоб үш-Шеһр»,

Әбу Саидтің «Зейнул ахбор»,

Наршахидің «Бұхар тарихы»,

Мажиддиннің «Түркістан мемлекетінің тарихы» т.б. еңбектер бізге белгілі.



Сүлеймен Бақырғани Хакім ата (1104-1186)
XII ғасырдағы поэзия ірі өкілдерінің бірі Түркістан қаласында туған, Қожа Ахмет Иассауидің шәкірті.

Шығармаларының ең басты тақырыбы - ислам діні. Самарқан, Бұхара қалаларында білім алған. Дін жолына уағыздайтын «Бақырғани», «Ақыр заман» өлеңдер жиынтығы Ташкент, Қазан қалаларында басылған. Көп уақытқа дейін діни оку орындарында оның кітаптары окулық ретінде қолданылған.

Сүлеймен Бақырғани 1186 жылы қайтыс болған. Орта жүздің қоңырат тайпасынан шыққан Хакім ата шығармалары – ортағасырлық түрік әдебиетінің озық үлгілерінің бірі.

Ахмет Иүгінеки
Толық есімі Әдиб Ахмед ибн Махмұд Иүгінеки. Түркістан маңындағы Иүгінек деген жерде дүниеге келген. Араб, парсы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгерген. Ахмет Иүгінеки XII ғасырда «Хақиқатта» сияқты шығармалар жазған. Шығармалары ақиқат, адамгершілік сияқты рухани ойларды қамтиды. «Хақиқаттар хадисі» 14 тараудан, 235 беттен құралған. Басты тақырыбы - адамгершілік. Оның кітабы тек 1985 жылы басылып шығады.

Қожа Ахмет Иассауи (1103-1167)
Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Иассауи XII ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жеріне ислам дінінің жаңадан тарала бастаған уақыты болатын. Қожа Ахмет Иассауидің басты шығармасы «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өмір сүреді. Бір сөзбен айтқанда, жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Иассауи өзінің ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи бейітінің басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Орта ғасырлардағы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні -Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білім-ділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол - философ, математик, тарихшы, физик, астроном, бір сөзбен айтқанда, асқан дарын иесі. Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жүлдыздар бойынша болжаулар», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы трактат» т.б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл әл-Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында қайтыс болды.
Махмуд Қашғари (1030-1090)
Қашғари XI ғасырда өмір сүрген. Өскен ортасы Қашғар. Қашғармен қатар Бұхарада білім алған.

Түрік филологиясы мен философиясының ғұлама білгірі. Оның «Диуани лұғат ат-түрк» деген әйгілі еңбегі бар.


Жүсіп Баласағұн (1021-1075)
Орта ғасырлардағы түрік поэзиясының білгірі Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағұн қаласында дүниеге келген. Жүсіп Баласағұн XI ғасырда «Құтты білік», «Бақытты болу ғылымы» дастанын жазган. Дастанда сол кездегі қоғам, өмір қарама-қайшылықтары, өмір сүру қағидалары жазылған.
Әбу Райхан Бируни Мұхаммед ибн Ахмед (973-1050)
Әбу Райхан Бируни 973 жылы Хорезм орталығы Қият қаласының маңында туған. Ол - математик, физик, геолог, философ, астроном, этнограф, ақын, энциклопедиялық білімі бар ғалым. Орта ғасырлардағы ғылымда араб, парсы, гректілдерін меңгерген 22 жастағы Бирунидің аты шарықтаған, 150-ден астам кітаптың авторы. Дүниенің гелицентрлік жүйесін, дененің Жерге тартылысын, Жердің Күнді айналатынын Бируни Галилей, Коперник, Ньютон сияқты ортағасырлық батыс ғалымдарынан 500-600 жыл бұрын айтқан. Хорезмде билік құрған Ғазнаның қол астында 33 жыл еңбек етеді. 600-ден астам қаланың координаталарын анықтап шығарады және глобус жасайды. «Астрономиялық кілт», «Ежелгі халықтардыңхронологиясы», «Минералдардың сыбағалы салмағын табу ережелері» атты еңбектерді жазады.
Мұхаммед Хайдар Дулати (ХV-ХVІ ғасырлар)
ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген, дулат тайпасынан шыққан тарихшы ғалым. Шығыс тілдерін меңгеріп, түрік шежіресін көп зерттеген.

1546 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің әйгілі «Тарихи Рашиди» шығармасын жазады. Бұл кітапта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ортағасырлық тайпалар мен мемлекеттердің тарихы жазылған. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Қазақ хандығы туралы аса құнды деректер қамтылған.


Қадырғали Жалайыри (1499-1551)
Қадырғали Жалайыри Сырдария жерінде туып-өскен. Ұлы жүздің жалайыр тайпасынан шыққан. Орта ғасырдың тарихи шежірелері туралы жазылған Қадырғали Жалайыридін, «Жамиғат-тауарих» еңбегі оның атын әйгіледі. Бұл еңбегін ол орыс патшасы Борис Годуновқа арнайды.
Қорқыт ата (VIII ғасыр)
Қорқыт Ата - VIII ғасырда Сырдария бойындағы қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші, философ. 95 жыл жасаған тұлға Алтай, Ертіс, Есіл, Ұлытау, Сырдария, Жетісу өлкелерінің билеушілері Инал, Қаңыл-қожа, Құл-Еркен сияқты хандарға уәзір болған. Құқық жүйелерімен, тұрмыстық-әлеуметтік қағидалар туралы көп ой айтқан. «Қорқыт ата кітабы», «Қорқыт жырлары» сияқты философиялық ойлары, «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны» сияқты музыкалық шығармалары бар. Қорқыт-қобыз бен домбыраны алғаш жасаған дарынды жырау, күйші.
«Оғызнама»
«Оғызнама» - Оғыз хан туралы баяндайтын шығарма. Бұл хан Жетісудағы тайпаларды билеген. Шығармада ертедегі аңыздар, дана, ақыл сөздер жазылған.
Хорезми «Махаббатнама»
Хорезми - ақын, шығыстанушы ғалым. Қыпшақтар мемлекетінің орталығы Хорезми қаласында өмір сүрген.

Оның негізгі шығармасы - әйгілі «Махаббатнама». Шығармада орта ғасырлардағы қыпшақтар тіршілігі суреттеледі. Негізгі мазмұны - адамгершілік, парасат, игілік пен рақымшылық. Бұл шығарманың негізгі кейіпкері - 1349-1356 жылдары билік құрған Мұхаммед Қожабек.






Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы - Жерорта теңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдерінен Қытайға дейін баратын сауда-керуен жолы.

Жібек жолының пайда болуы

Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б.з.б. III—II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.
Қазақстандағы Жібек жолы
Б.з.б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиялық жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VІІ ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шауғар т.б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен ХІП-ХІV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.
Жібек жолындағы тауарлар

Жібек жолының алғашкы және негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық андар т.б.). Әрине, саудадағы негізгі тауар (жібек) халықаралық валюта рөлін атқарады.


Жібек жолының маңызы
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы сауда жолы ғана емес, кешпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы болды. XVI ғасырдың басына дейін Жібек жолының аса ірі халықаралық сауда, мәдениет жолы ретіндегі маңызы кеміген жоқ.




Қазақстан Монғол басқыншыларының қол астында
XIII ғасырдың басында Азияның орталығында Қытайдың солтүстігіндегі ұланғайыр территорияда Монғол мемлекеті кұрылады. Боржегін тайпасынан шыққан Темучин (1155-1227) бытыравды монғол тайпаларын біріктіріп, монғол патшалығын құрған. Темучиннің әкесі - Есукей батыр, шешесі - Меркіт қызы.

1206 жылы Монғолияның Онон өзенінің жағасында болған құрылтайда ақсүйек, шонжарлар Темучинге «Шыңғыс хан» деген атақ беріп, оны Монғол мемлекетінің ұлы ханы деп жариялайды. Шыңғыс ханның негізгі мақсаты аса күшті әскери-феодалдық мемлекет құру болды. Әскер күші 3-ке бөлінді: оңқол (баруун гар), сол қол (зүүнгар - жоңғар) және орталық (төв). Әскерлер түмен, мындық, жүздікке бөлінді. Монғол феодалдары ноян деп аталды.


Монғол шапқыншылығы
Монғол феодалдары малға ірі жайылымдарды, әскери күш ретінде көптеген халықтарды керек етті. Сондықтан XIII ғасырдын, басынан бастап-ақ Шыңғыс хан басқыншылық соғыстар жүргізеді. Таяу қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырады. 1207-1208 жылдары монғол әскерлері Сібірдегі буряттар, якуттар мен ойраттарды, Енисей қырғыздарын жаулап алады. Шыңғыс хан әскерлері 1209 жылы Таңғыт мемлекетін және ұйғырларды, 1211 жылы Қытайды және оның астанасы Пекинді (Хан-балықты) бағындырады.
Шыңғыс ханның Қазақстан жеріне басып кіруі
1217 жылы қарлүқтар Шыңғыс ханның қол астына қарайды. 1218 жылы Шыңғыс ханның сенімді нөкері Жебе ноян Жетісуға басып кіріп, найман ханы Күшлікті жеңеді. Бұл жағдайлар Шыңғыс ханның Оңтүстік Қазақстан жеріне шабуыл жасауға жол ашады. 1218 жылы Шыңғыс хан Хорезм шахы Мұхаммедке бейбіт келісім жасау үшін елші жібереді. 1218 жылы Шыңғыс хан осындай елшілікті 450 адамнан құралған (500 түйемен) керуенмен Отырарға жібереді. Отырар билеушісі Қайыр хан керуенді тонап, адамдарды өлтіреді. Бұл оқиға Шыңғыс ханның Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіруіне басты сылтау болады.

1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс ханның 111 мың әскері Отырар қаласын қоршайды. Бұл қалың қолды Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай, Үгедей басқарады. Қайыр хан 50000 әскерімен Отырарды 5 ай бойы қорғайды. Қолбасшылардың бірі Қараша-хажиб «Сүпіхан» қақпасынан шығып, жауға қосылады. Осыдан кейін бір айдың ішінде Шыңғыс хан әскері Отырарды алады. Әйгілі кітапхана өртеніп, халық көптеп қырылады. Қайыр ханның денесіне ерітілген күміс құйып, азаптап өлтіреді. 1219-1220 жылдары Шыңғыс ханның ұлдары Бұхара, Самарқан, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Үзгент қалаларын бағындырады.

1221 жылы Шыңғыс хан әскері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін Шыңғыс хан әскерлері парсы, Ауғанстан, Орыс, Дешті-Қыпшақ жерлерін жаулап алады. 1224 жылы Ертістегі Шыңғыс хан ордасына қайта оралады. 1219-1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосады.

1238 жылы Бұхарада Махмұд Тараби бастаған көтеріліс Шыңғыс хан қол астындағы халықтар көтерілісінің ең ірісі болады.


Ұлыстардың құрылуы
Ұлан-байтақ өңірлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлерінің алдында өзінің төрт ұлына ол жерлерді бөліп береді.

Төлеге (кіші ұлы) кіндік Монғолияны; Шағатайга Жетісу мен Әмудария маңын (Мәуереннахр), Шығыс Түркістанды; Үгедейге Алтай, Тарбағатай, Батыс Монғолия жерлерін береді. Жошы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен батысқа қарай бүкіл Дешті-Қыпшақ жерін қоса Оралға дейін, Жетісудың солтүстік бөлігі, Арал, Каспий маңындағы жерлер тиді.

Бұл бөлінген жерлер ұлыстар деп аталды. Барлық ұлыстардың орталығы Қарақорым болды. Ал Қазақстан аймағы үш ұлысқа (Төледен басқа) қарады. Бұлардың ішінде ең ірісі -Жошы ұлысы, кейінгісі -Шағатай ұлысы.


Шағатай ұлысы
Жетісу, Мәуереннахр сияқты өңірлерді иеленген Шағатай 1241 жылы өлді. Оның орнына Шағатай ұлысына баласы Есу-Мөңке хан болды. Бірақ Ұлы Ордаға билік үшін күрес Шағатай ұлысына да зардабын тигізді. XIV ғасырдың басына қарай ғана Шыңғыс хан империясынын, билігі Шағатай әулетінің қолына тиді. Шағатай ұлысындағы бұл таластар, өзара қырқысулар XIV ғасырдың ортасында ұлыстын, ыдырауына себеп болды. Шағатай ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.
Жошы ұлысы
Шыңғыс хан құрған алып империя аумағының басым бөлігі Жошы ұлысына қарады. Алғашқыда ұлыс территориясы Ертістен Еділге дейінгі, Сібірден Сырдарияға дейінгі жерлерді қамтыды. Қазақстан жерінің басым бөлігі осы ұлыстың құрамында болды. Жошы хан елгеннен кейін мирасқоры Батый (Бату) жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағын Алтайдан Дунайға дейін созды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды.
Алтын Орда мемлекеті

Алтын Орданың құрылуы
1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқьшшылық жорық жасау ұйғарылады. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Батый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Украина жерлерін бағындырып, Шығыс Еуропа елдерін талқандап, Адриат теңізіне дейін жетеді. Осыдан кейін Еділ бойында Батый Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордаға Ертістен Днестрге дейінгі жерлер кіреді. Орыс князьдары Алтын Орда билігін мойындайды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болады.
Қоғамдық-саяси жағдайы

Алтын Орда әскери мемлекет болды. Ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болды. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Құрылтай мемлекеттің негізгі ұйымы болып саналды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа белінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашылардың қолында билік көп болды.


Шаруашылығы және мәдениеті
Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды.

Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды.

Алтын Орда мемлекетінде алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады.

Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар:

1233 жылы «ҚиссаЖүсіп» (Әли),

1303 жылы «Кодекс-Куманикус»,

1303 жылы «Қыпшақ тілі сөздігі»,

1359 жылы «Махаббатнама» (Ахмет Хорезми дастаны),

1391 жылы «Гүлстан бит-түрки» (қыпшақ ақыны Сарай),

1409 жылы «Жүсіп-Зылиқа» (Дүрбек ақын).

Және осы дәуірде «Қырық батыр» жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батыры ерлігі туралы баяндалады.
Алтын Орданың ыдырауы
Ыдырау себептері:

- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды;

- билік үшін талас күшейді;

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.

Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың II жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары т.б. дербес мемлекеттер пайда болды. Бұхардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында болды. Кейіннен Алтын Орданың қазақстандық белігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген.


Монғол шапқыншылығының зардаптары және пайдасы

Зардаптары:

- көптеген халық қырылды;

- гүлденген қалалар, сәулетті ғимараттар қирады;

- Қазақстан экономикасының дамуы тежелді т.б.

Пайдасы:


- сауданың өркендеуіне жағдай жасалды;

- Шыңғыс ханның «Яса» зандар жинағы көшпелі халықтардың құқықтық нормаларына бағыт беріп отырды т.б.


XIVXV ғасырлардағы Қазақстан



XIII ғасырдың аяғына қарай Алтын Орданың ханы Батый Жошы ұлысының шығыс бөлігін, яғни қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығыс өңірін Жошының үлкен ұлы, өзінің ағасы Орда-Еженнің қарамағына береді.

XIV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырап жатқан кезде, Орда-Еженнің қарамағына берілген өңірде дербес Ақ Орда мемлекеті құрылады.

Мемлекет территориясы
Бұрынғы Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігі: Арал теңізінің солтүстік-шығысы, Сырдария алқабынан Есіл, Сарысу өзеніне дейін; Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейінгі өңірлер.

Қалалары: Сығанақ, Иасы (Түркістан), Сауран, Жент, Баршынкент, Отырар. Астанасы-Сығанақ каласы. Ақ Орда мемлекеті қазақжерін түгел қамтыды. Тайпалары: қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат, жалайыр, алшын, қарлұқ т.б.

Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған.
Саяси жағдайы
Ақ Орданың алғашкя ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәк қожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орданың күшейген кезі - Орыс ханның (1361-1377) билік құрған уақыты. Ақ Орда XIV ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды (Астрахань), 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркені тартып алады.
Ақ Орда және Темір жорықтары
XIV ғасырдың 60 жылдарында барлас руынан шыққан Әмір Темір (Ақсақ Темір) Әмудария мен Сырдария аралығындағы Мәуереннахрда мемлекет билігін қолына алады.

1370 жылы көктемде Мәуереннахрдың әмірі болып, бұл билікті 35 жыл бойы қолында ұстады.

Әмір Темірдің басты мақсаты Ақ Орданы әлсірету болды.

Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс сұлтан Орыс хаңды өлтіріп, Ақ Орда ханы атанды. Тоқтамыс барлық Алтын Орда жерін басып алды.1389, 1391, 1395 жылдары Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы соғысқа 3 рет аттанды. Темір әскерінің саны 200000 болды. Нәтижесінде Тоқтамыс жеңіліп, Сібірге қашады.

1396 жылы билік Едігенің қолына көшеді.

Ол 1396-1411 жылдары билік құрады. Едіге 1399 жылы Шәдібекке, 1408 жылы Пулатқа (Болат) билік тізгінін береді. Өзі 1406 жылы Тоқтамысқа жорыққа аттанады.

1411 жылы Қырым ханымен шайқаста хандық билік Пулаттың қолынан шығып кетеді.

1419 жылы Едіге өледі.

1423-1428 жылдары Орыс ханның немересі Барақхан Ақ Орданың билігін қолына алады.

1426 жылы Барақ Темір әскерін жеңеді.

Барақ өлгеннен кейін 1428 жылы Ақ Орда ыдырады. Көптеген территориялар Шайбани Әбілқайырдың билігіне өтеді.

Ақ Орда ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды.



Моғолстан (ХІУғасырдыңортасы мен XVI ғасырдың басы)

Моғолстанның құрылуы
XIV ғасырда Шағатай мемлекеті батыс және шығыс иелікке бөлінеді. Шығыс бөлігінде 1346-1348 жылдары Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның негізін салушы Шағатай әулетінен шыккан Тоғылық Темір болды.

1348 жылы Тоғылық Темір Моғолстан ханы болып жарияланды.

Моғолстанның саяси-әкімшілік биліктерінің көбі дулат феодалдарының қолында болды.

Моғол - тарихи термин. Моғолстанда дулат, қаңлы, керей, үйсін, арғын т.б. тайпалар болған.


Территориясы
Қазіргі Қырғызстан жері. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» кітабында Моғолстан территориясы жайында былай жазады: «Моғолстан аумағы шекарасының ұзындығы - 7-8 айлық жол. Шығысында қалмақ жерімен шектесіп, Баркөл, Ертіс өзендерін қамтиды. Солтүстік шекарасында Балқаш, батысында Түркістан, оңтүстігінде Ташкент, Ферған, Ақсу, Қашғар қалалары орналасқан».

Моғолстан астанасы - Іле бойындағы Алмалық қаласы.

1361 жылы Тоғылық Темір Мәуереннахр жерін түгел басып алады. Оның бүл жолдағы басты қарсыласы Әмір Темір болады.

1362 жылы Тоғылық Темір өледі, билік баласы Ілияс Қожаның қолына көшеді. Бірақ Әмір Темір оны Мәуерен-нахрдан куып шығады.

Саяси жағдайы

1365 жылы Ілияс Қожа Мәуереннахрға шабуыл жасап, Темірдің әскерін жеңіп, Ташкент қаласын басып алады. Осыдан кейін Ілияс Қожа Самарқан қаласына шабуыл жасағанымен, оны ала алмайды.

1371-1372 жылдары Әмір Темір Моғолстанға алғашқы шабуыл жасап, көптеген қалаларды басып алады.

1375-1377 жылдары Темірдің Моғолстан жеріне екінші шабуылы басталады. Моғолстан әскері жеңіліп, орасан зор шығынға батады.

1383 жылы Темір Моғолстанға тағы бір рет басып кіреді.

1389 жылы Қызыр Қожа Моғолстанның хан тағына отырады.

1390 жылы Темір әскерлері Моғолстан жерін ойрандайды. Осыдан кейін Моғолстан мемлекеті құлдырайды.





Әбілқайыр хандығы (1428-1468)
Әбілқайыр хандығының құрылуы
XV ғасырда Қазақстаннын, солтүстік-батыс, орталық өңірінде ортағасырлық мемлекет Әбілқайыр хандығы құрылды. 1428 жылы хан тағына Әбілқайыр отырады. Әбілқайыр Шыңғыс ханның ұрпағы Шайбан әулетінен шыққан. Оның әкесі Дәулет Шайх Оғлан. Әбілқайыр хандығының құрамында түрік тайпалары көп болды. Олар өзбектер деп аталды. Бұл мемлекет тарихта «көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталады.

Хандық территориясы
Негізінен, Шығыс Дешті-Қыпшак жері қамтылған. Батысында Жайықтан шығыстағы Балқаш көліне дейінгі, Ертіс, Тобыл өзендерінен оңтүстіктегі Сырдарияның Аралға құяр тұсына дейінгі жерлер.
Саяси жағдайы
1430 жылы Шайбани әулетінің сұлтаны Махмұд Қожаны шауып, Хорезм мен Үргенішті талқандайды.

1446 жылы Әбілқайыр Темірдің ұрпағынан Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үргеніш қалаларын тартып алады.

Әбілқайыр хандығының астанасы Сығанақ қаласы болды.

1456-1457 жылдары Әбілқайыр ойрат әскерлерінен жеңіледі.

XV ғасырдың 50 жылдарында Жошының ұрпақтары Керей мен Жәнібектің Әбілқайырға бағынғылары келмей, одан бөлініп артына ерткен көптеген халықпен Моғолстан жеріне көшіп кетеді.

1468 жылы Әбілқайыр олардың арттарынан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда қайтыс болады. Әбілқайыр хандығы осыдан кейін ыдырап кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет