Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет5/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




Ноғай ордасы (ХІV-ХVІ ғасырлар)
Ноғай ордасының құрылуы
Жошы ханның немересі Ноғай Алтын Орда әскері қолбасшыларының бірі болған. Ол Кавказ, Польша, Венгрия, Балқан және Парсы елдеріне әскери жорықтар жасайды.

1273 жылы ол Византия императорының қызына үйленді.

1306 жылы Доннан Дунайға дейінгі ұланғайыр өлкені билеген Ноғай Тоқтамыстың қолынан қаза табады. Ноғайдың қарамағындағы Каспий маңының халықтары Ноғай елі атанады.

Осылай XIV ғасырда Еділ бойында жаңа мемлекет Ноғай ордасы пайда болды.



Территориясы
Еділ мен Жайық өзендерінің алабы - Қазан мен Түменге дейінгі жерлер. Астанасы - Сарайшық қаласы.
Саяси жағдайы
Ноғай ордасының дербес мемлекет болуына Едіге көп ықпал еткен. Едіге 1396жылдан 1411жылғадейін 15жылбойы Ноғай ордасын билейді. 1426-1440 жылдары Едігенің баласы Нұраддин билік құрған тұста Ноғай ордасы күшейді.

Ноғай ордасы феодалдық мемлекет болады. Әскери қуаты да күшейеді. Жорыққа 300000 жауынгер шығара алатын мемлекет болған.

XVI ғасырда Ноғай ордасы Қырым хандығымен және Орыс мемлекетімен орнаған сауда экономикалық және саяси байланысты жолға қояды.

Ресейдің Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алғандықтан кейін, Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетеді.

Ноғай ордасы құрамындағы қоңырат, арғын, тама, қыпшақ, қаңлы сияқты тайпалардың бір бөлігі қазақтардың кіші жүзіне кірді. Ал қалғандары Орыс князьдығына, Қырым хандығына қарады.



Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығының үш түрі:

- кешпелі мал шаруашылығы,

- жартылай көшпелі мал шаруашылығы,

- отырықшы мал шаруашылығы.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы Орталық Қазақстанда, Жетісуда, Арал маңында, Маңғыстау өңірінде дамыды. Отырыкшы мал шаруашылығы Қазақстанның оңтүстігінде өріс алды. Мұнда жартылай егіншілікпен айналысты.
Егіншілік
Егіншілік, негізінен, Оңтүстік Қазақстанда (Сырдария маңында) жақсы дамыды.

XIV ғасырдағы ірі егіншілік орталықтары: Сығанақ (суармалы егіншілік, бау-бақша), Түркістан (Иасы), Отырар, Сауран.

Іле, Талас, Шу өзендерінің жағасында бидай, арпат.б. дәнді дақылдар өсірілді.

ХІV-ХV ғасырлардағы егіншілік орталықтары - Тараз, Аспара қалалары.





Феодалдық қатынастардың дамуы
ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан жерінде феодалдық қатынастар нығая түсті.

Феодалдық қоғамдағы екі тап: феодалдар және шаруалар.

Феодалдық таптар: Шыңғыс хан әулеті (хандар, сұлтандар), әмірлер, билер, батырлар т.б.
Жер қатынастары
ХІV-ХV ғасырларда Қазақстанның көптеген жерлері Шыңғыс әулетінің хаңдары мен сұлтандарының қолында болды.

Шаруалардың феодалдарға тәуелділігі

Хан Шыңғыс әулетінен шыққан ірі феодалдарға жерлерді бөліп беріп отырды. Ол «інжу» деп аталды. Ал жерді шартты түрде сыйға тарту «сойырғал» деп аталады.

Феодалдық қатынастар нығайған сайын, шаруалардың міндеті көбейеді. Шаруалар төлейтін салық түрі:

а) зекет - дін пайдасына салынатын салық;

ә) құшыр - мал басына салынатын салық (100 басқа 1 бас);

б) тағар - әскерді азықпен қамтамасыз ету;

в) қалан - егін салығы (өнімнің 10%-ы).






ХІVV ғасырлардағы қалалар
Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін қираған қалалар қайтадан өрлей бастады. Монғол билігі тұсында Қазақстан жерінде қалалар мен қамалдар салынған жоқ. ХІV-ХV ғасырларда қираған қалалар қайтадан қалпына келтіріле бастады. ХІV-ХV ғасырларда Сығанақ, Отырар бастаған 20 шақты қала қалпына келтірілді.
Сәулет ғимараттары
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі - Түркістан қаласында орналасқан ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Бұл кесенені 1396-1404 жылдары Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір Ахмет Иассауидің басына салдырған. Бұл ғимараттың биіктігі 40 м. Сонымен қатар мұнда әр түрлі мақсатқа арналған бірнеше бөлме бар. Диаметрі 18,5 м-ге дейін жететін күмбезі бар. Кесененің ішінде кітапхана және әйгілі тайқазан орналасқан.

Бұдан басқа Тараздағы Дәуітбек, Рабиға сұлтан бегімнің кесенелері, Орталық Қазақстандағы Жошы хан, Алаша хан, Болған ана кесенелері осы кездегі сәулет өнерінің туындылары болып саналады.

ХІV-ХV ғасырларда Отырар қаласында 10 бөлмеден тұратын монша болған.





ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстан халқының мәдениеті
Әдебиет
ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан жерінде түркі тілі негізгі тіл болды. Ал монғол тілі таралмады. Түркі тілі, сонымен қатар араб, парсы тілдері де әдеби тіл болды. XV ғасырда Алтын Орданың негізгі тілі болған қыпшақ тілі қазақ және ноғай тілдеріне бөлінеді. XV ғасырдағы негізгі жазу - араб жазуы. Әдеби шығармалар

1341-1342 жылдары Құтыб ақьш «Хұсраууа Шырын» дастанын жазды.

Абұ-л-Фазл ибн Мұхаммед Жамал Карши «Мулхақат ас-сұрақ» еңбегін жазды.
Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы
XIV ғасырда Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген жырау, ақын. Жырлары осы кезге жетпеді.

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560)
Белгілі жырау ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген. 1490 жылы Әмір Темірдің уәзір билерінің бірі болады. Шалкиіз жырларының негізгі тақырыптары - ерлік, батырлық, адамгершілік т.б.

Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы)

XV ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл, жырау. Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхаммедтің кеңесші биі, қазақ ханы Әз-Жәнібектің кеңесшісі болады. Асан қайғы халқына жайлы қоныс іздеу үшін жел маясына мініп, сапарға аттанады. Оның іздеген жайлы қонысы «Жерұйық» деп аталады. Асан қайғының көптеген толғаулары бізге жеткен.
Қазтуған жырау
XV ғасырда өмір сүрген. Еділдің төменгі ағысындағы Қажы Тархан (Астрахань) маңында мекен еткен. Оның көптеген жырлары бізге жеткен. Мысалы, «Алаң да алаң, алаң жұрт» т.б.





ХІV-ХV ғасырлардағы қазақ халқының этникалық процесі
Қазақ халқы қалыптасуының алғышарты
Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық күрылыстың ыдыраған кезінен басталады.

Этнос - тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен ертедегі тайпалар
Қола дәуірінің аяғында қазақ жерін сақ тайпалары, б.з.б. III ғасырда үйсіндер мен қаңлылар мекендеді.

Қазақстан, Шығыс Түркістан, Монғолияға дейінгі ұлан-байтақ жерді түркештер, оғыздар, қарлұқтар, қарақытайлар мекендеп, мемлекет құрды.

Керейлер мен наймандар Монғолия жерінен Шығыс және Солтүстік Қазақстанға келді.

Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде қимақтар мемлекет құрды.

ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақтар мемлекеті ұлан-ғайыр өлкені қамтыды.

Осылай аталған тайпалардың қазақ жерінде қоныстануы, кейіннен этникалық бірігуі ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуына тарихи алғышарттар жасады.


«Қазақ» атауының мәні
Ғалымдардың «қазақ» атауы жөніндегі пікірі әр түрлі.

Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады.

Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.
Қазақ халқының қапыптасуы
XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы, көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қанды, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері - монғолоидтық.
Қазақ жүздері
Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерді мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді.
1. Ұлы жүз

Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).

Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі.

Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.



2. Орта жүз

Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).

Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.

Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.



3. Кіші жүз

Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы).

Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т.б.

Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.






XV—XVII ғасырлардағы

Қазақ хандығының саяси жағдайы
Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.

Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (ХV-ХVІ ғасырларда) 7 сатыдан тұрды:



1. Ауыл

Басшысы - ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.



2. Ата-аймақ

Басшысы - ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.



З.Ру

Басшысы - рубасы, 15 аймақтан құрылады.



4. Арыс

Басшысы - би, бірнеше рудан құралған.



5. Ұлыс

Басшысы - сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.



6. Жүз

Басшысы - хан, бірнеше ұлыстан құралған.



7. Хандық

Басшысы - хан, үш жүзден кұралған.


XV—XVIII ғасырлардағы қазақ хандары
Керей мен Жәнібек (1456-1480),

Бұрындық (1480-1511),

Қасым (1511-1518),

Мамаш (1518-1523),

Тақыр (1523-1533),

Бұйдаш (1533-1534),

Қожа Махмұт (1534-1535),

Тоғым (1535-1537),

Хақназар (1537-1580),

Шығай (1580-1582),

Тәуекел (1582-1598),

Есім (1598-1613),

Тұрсын (1613-1627),

Есім (1627-1628),

Жәңгір (1629-1652),

Әз-Тәуке (1652-1718),

Батыр (1718-1726),

Болат (1726-1730),

Әбілмәмбет (1730-1771),

Абылай (1771-1781).

Шыңғыс ханның ұрпағы ғана хан болып сайлана алады. Мұрагерлер сұлтан деп аталды. Хан жасағы немесе хан үйінің маңайындағы қызметшілер төлеңгіт және қараша деп аталды.
Қазақ хандығының құрылуы
XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхаммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.
Қазақ хандығының нығаюы
XV ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды.

Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.

1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді женді.

XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды.

XVI ғасырдағы Қазақ хандығы

XVI ғасырдың I жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды.

Қасым ханның алға қойған басты міндеті - Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мухаммед Шайбани болды.

1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхаммед Шайбанидің әскерін женді.

1510 жылы Мұхаммед Шайбани Мервте өледі.

XVI ғасырдын, аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығынын, жерін ұлғайтады.

XVII ғасырдағы Қазақ хандығы

XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен.

Қасым хан казақтың кұқықтық тарихының 5 бөлімнен тұратын белгілі «Қасқа жол» зандар жинағын шығарған.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т.б. елдермен байланыс орнатады. Бұл туралы австриялық саяхатшы Зигмунд Гербер-штейн былай деп жазады: «Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқыі мемлекеттердің бірі ұлы князь Василий билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды». Ал Қазақ хандығынын, Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.

1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды.

1533 жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ.

1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан отырды.

1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар (1537-1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды.

1580 жылы хан тағына Шығай отырды.

1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуереннахрға кіріп, Самарқанды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады.

1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханга бағынбай, Түркістанды жеке биледі.

1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құкықтық жүйені реттеуде Есім ханнын, «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды.

1628 жылы Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды.

1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың 50000-дык, әскеріне қарсы шығып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір кайтыс болады. Біразуақыт бойы Казақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады.

1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады. Әз-Тәуке хандық билікті, негізінен, билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарады.

Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы -Түркістан қаласы. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.





Қазақ-жоңғар қатынастары
Бір кездегі Шыңғыс хан құрған Ұлы Монғол империя сынын, біртіндеп үш ішкі айырмашылығы белгілі болып еді.

1. Сыртқы Монғол (Қалқа),

2. Ішкі Монғол (қазір Қытай жерінде),

3. Ойрат (Батыс Монғол).


Жоңғар хандығының құрылуы

Батыс Монғолияны мекендеген ойраттар мен қазақтардың арасындағы шиеленіс XV ғасырда басталған. Ал XVII ғасырда бұл жағдай тіпті нашарлады. XVI ғасырдың аяғында қазак, ханы Тәуекел өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санаған.

1627 жылы ойрат одағы ыдырады:

қалмақтар (торғауыттар) Еділ бойында, хошауыттар Тибетте, жоңғарлар Жоңғарияда қалды.

1635 жылы әскери-феодалдық Жоңғар мемлекеті құрылды. Жоңғария билеушісінің титулы қоңтайшы болды.

Негізгі шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы. Феодалдар - ноян, дін басшылары лама аталды. Жоңғариянын. алғашқы қоңтайшысы Батур болды.



Жоңғария мен Қазақ хандығы арасындағы шиеленіс
1635 жылы Батұр қоңтайшы Жетісудың біраз бөлігін басып алды.

1643 жылы Жәңгір хан жоңғар әскерін талқандаған.

XVII ғасырдың 80 жылдарында жоңғар қоңтайшысы Қалдан қазақ жеріне бірнеше рет әскери жорық жасайды да, Сайрам қаласын басып алады.

XVIII ғасырдың басында қазақ-жоңғар қатынастары тіпті шиеленісіп кетті. Әсіресе бұл шиеленіс қонтайшы Цеван Рабданның тұсы еді. Цеван Рабдан әскерлері Орта жүздің жеріне ішкерілей еніп ойрандаған.

XVIII ғасырдың басында қазақ тарихындағы әйгілі жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталатын опат болды.
Саяси-экономикалық байланыстар

Қазақ-орыс қатынастары және Сібір хандығы
Жалпы, қазақ-орыс байланыстары XV ғасырдың аяғынан басталған. Бұл Қасым ханның тұсы еді. Қазақ-орыс байланыстары туралы (ХV-ХVІ ғасырларда) австралиялық дипломат Зигмунт Герберштейн де жазған еді. Ресей мемлекетінің Ноғай ордасындағы өңірлерді (Қажы Тархан мен Қазан) басып алуы қазақ-орыс қатынастарының нығаюына әсер етеді.

Ресей мемлекеті үшін Қазақстан территориясы Азияға апаратын көпір болды.

1573 жылы Т. Чебуков бастаған Ресей елшілері қазақ жеріне келді. Олардың басты мақсаты - Сібір хандығымен, соғыста Қазақ хандығымен одақтасу.

1594 жылы Тәуекел ханның кезінде Мәскеуге дипломатиялық мақсатпен қазақ елшісі барады. Негізгі мақсат Бұхараға қарсы күреске қару-жарақ алу еді. 1595 жылы В. Степанов бастаған орыс елшілері қазақ ханымен келіссөз жүргізеді. Тәуекел хан кепілдікке ұлын береді.

1694 жылы Тәуке хан I Петрмен сауда байланысы туралы келісімге келді.

Батыс Сібір жеріне патша үкіметінің көптеген қалаларының салынуы (Түмен, Тобыл) қазақ-орыс экономикалық байланысын одан әрі нығайтты.

Әскери-экономикалық мақсатта Ресей мемлекеті Қазақстан жеріне бекіністер салды. Мысалы, Омбы (1716 жылы), Железинка(1717 жылы), Семипалатинск (1718 жылы) т.б.

Ораз-Мұхаммед Одан ұлы Жошы әулетінен шыққан. (XVI ғасыр, 1610 жылы қайтыс болды). Қазақ-орыс қатынастарына елеулі еңбек сіңірген қоғам қайраткері, дипломат. Орыс жазбаларында оны «қазақ ордасының ханзадасы» деп атаған. 1588 жылы Сібір жерінде орыстардың қолына түсіп, Мәскеуге жіберіледі. 1610 жылы Борис Годунов оны Қасым патшалығының ханы етіп тағайындайды.






Сібір хандығы

XII—XV ғасырлардағы Батыс Сібір
Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті.

Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы -Тұра қаласы.

1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алады.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы
Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы.

Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т.б.

Астанасы: Искер қаласы.

1563 жылы хан тағына Көшім отырды.

Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұғанмен соғысып, оны жеңеді.
Экономикасы және мәдениеті
Кешімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды.

Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.


Саяси құрылысы

Жоғары билеуші - хан,

хан кеңесі - диван,

кеңесшілер - аталықтар,

уәзірлер - қараша.
Сібір-Ресей қатынастары
Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.

1574-1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.

1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.

1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.

1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.

1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.







Мал шаруашылығы
Мал жайылымы 4 кезеңге бөлінеді.

Қыста қыстауға,

көктемде көктеуге,

жазда жайлауға,

күзде күзеуге көшіп қонады.

Көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, орталық бөліктерінде дамыды.


Егін шаруашылығы
Егіншілік Жетісуда, Сырдария мен Ертіс бойында дамыды. Негізінен, бидай, тары, арпа егілді.
Үй кәсіпшілігі
Үй кәсіпшілігінде, негізінен, ауыл шаруашылық шикізатын өңдеді.

Тоқыма, ат әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын жасау қолөнердің негізгі саласы болды.

Аңшылық та жақсы дамыды.

ХVІ-ХVII ғасырларда Қазақ хандығы Ресеймен, Орта Азиямен сауда жасап тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет