Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет7/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы
Кіші жүздегі жағдай
Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, Кіші жүздің ханы болып оның баласы Нұралы бекітілді. Алайда Нұралының билігі Кіші жүздің барлық жеріне бірдей жүрмеді. Батыр сұлтан Кіші жүздің екінші ханы болды.

1755 жылы болған башқұрттардың азаттық көтерілісіне қатысқандарды паналатқаны үшін, Ресей империясы мен Кіші жүз қазақтарының арасы ушыға түсті.


Қазақ жеріндегі әскери шептер
XVIII ғасырдың ортасында патша үкіметі қазақ жеріне әскери шептерді көптеп сала бастады. Олар:

1. Горький шебі, ұзындьны Сібір редутынан Омбыға дейін -553 верст;

2. Ертіс шебі, үзындығы Омбыдан Кіші Нарым бекінісше дейін - 1684 верст;

3. Колыван шебі, ұзындығы Өскеменнен Кузнецкіге дейін - 723 верст.

Солтүстік Қазақстандағы Есіл бойындағы әскери шептердің ең ірі қамалы Петропавл (Қызылжар) болды.

1755 жылғы Жоңғариядағы хан тағына таласты шебер пайдаланған Цинь (Қытай) императоры Цянь Лун мұрагер Әмірсананы алдап, Жоңғар мемлекетінің жерін күшпен басып алды. Осы жылы Әмірсана Цинь императорына қарсы бас көтереді. Бірақ күші нашар болғандықтан, қазақ жеріне қашып келіп, Абылай ханды паналайды.

1755-1758 жылдары Цинь империясының әскерлері Жоңғарияны талқандап, жойып жіберді. Бұл қырғында жоңғар халқының 70%-ы опат болды.

1761 жылы Жоңғария аумағында Цинь империясының қарамағындағы Шыңжан (жаңа жер) провинциясы құрылады.

XVIII ғасырда Ресей үшін Қазақстан Азияға шығатын керуен жолының «көпірі» болды. Бұл жағдай қазақ елінің сауда ісінің дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізді. Қазақ-орыс сауда байланыстарының осы кездегі орталығы Орынбор қаласы болды. 1745-1759 жылдары сауда байланыстарының, айналымы 1 миллион сомға дейін жетті.

XVIII ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде салынған көптеген әскери бекіністердің (Омбы, Железинск, Семипалатинск, Коряков, Өскемен т.б.) сауда орталығы ретіндегі рөлі де күшейді.


Қазақстан-Ресей сауда байланыстары
XVIII ғасырдың 60 жылдарында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланысы күшейе түсті. Мысалы, Семейде 330, 1765 жылы Ямышевте 350 қазақ көпесі сауда жасап тұрған.

Қазақстан жеріндегі қазақ-орыс саудасының ірі орталығы Петропавл (Қызылжар) қаласы болды. Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының негізгі тауары мал болды.

Ресейден келетін тауарлар: темір және тоқыма өнімдері, қант т.б.

1756 жылы 2 қыркүйекте патша үкіметі Кіші жүз қазақтарына Жайықтың маңына мал жаюға тыйым салды.

1757 жылы 24 желтоқсанда қазақтардың Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынғаны туралы шешім Нұралы ханға тапсырылды.
Ресейдің жер жөніндегі отарлау саясаты
Патша үкіметінің бұл саясатының негізгі мақсаты құнарлы жерлерді қазақтардан тартып алып, ол жерлерге империяның қолшоқпары болған казактарды қоныстандыру болды. Патша үкіметінің қазақтардан алған Каспий, Жайық өңірлеріндегі кейбір шұрайлы жерлеріне Безбородко, Юсупов сияқты помещиктер иелік етті. 1756 жылы Орынборда жоғары биліктегілер А.И. Тевкелевпен

П.И. Рычков Жайық бойына мал жаюға тыйым салған шешімнің орынсыз екенін түсініп, бұл шешімді жойды. Қазақтардың Жайықтан өтуіне, онда мал жаюларына рүқсат етілді. Солтүстік-Шығыс Қазақстан жеріндегі патша үкіметінін, әскери бекіністерінен 50 шақырым қашықтыққа дейінгі жерлерде қазақтарға мал жаюға тыйым салынды. Ертіс өзенінің оң жағына қазақтардың мал жаюына салған патша үкіметінін, тыйымы тек 1799 жылы ғана күшін жойды.






Абылай хан және оның хандығы
Абылай ханның өмірбаяны (1711-1781)
Абылай - мемлекет қайраткері, қол бастаған батыр, шебер дипломат, Қазақ хандығынъщ аумағын қалпына келтірген, үш жүзді біріктіруге көп еңбек сіңірген саясаткер.

1711 жылы туған.

Шын аты - Әбілмансұр.

Абылайдың ата тегі:

Шыңғыс хан,

Жошы хан,

Тоқайтемір,

Өзтемір,


Қожа,

Бәдіғүл,


Орыс,

Құйыршық,

Барақ,

Әз-Жәнібек,



Жәдік,

Шығай,


Еңсегей бойлы ер Есім,

Уәлибақы,

Қанішер Абылай,

Көркем Уәли,

Әбілмансұр.

Абылай хан атасының аты да Абылай. Ол қаталдығымен, қан құмарлығымен белгілі болғандықтан, Қанішер Абылай атанған. Абылай 13 жасында жетім қалады. Әкесі Көркем Уәли қалмақтармен болған шайқаста еледі. Күтушісі Ораз аталық Абылайды аман алып қалып, Түркістан жеріне ертіп әкеледі.

Абылай біраз уақыт Төле бидің жылқысын бағады. Сыртқы келбетіне қарап, Төле би оған «Сабалақ» деген ат қояды. Бұл жайында атақты Бұхар жырау Қалқаман-ұлының жырында былай айтылады:
Ей, Абылай, Абылай,

Сені мен алғаш көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің

Үйсін Төле бидің.

Түйесін баққан құл едің

Абылай атың жоқ еді

«Сабалақ» атпен жүр едің.
Әбілмәмбет ханның ордасына келген Абылай Жоңғар басқыншыларына қарсы күреске 15 жасынан қатыса бастайды.

Әбілмансұрдың қалмақ батыры Шарышты (Сары Манжы) жекпе-жекте женуі, қазаққолын соғысқа бастап кіруі хан, сұлтандардың арасында оның беделін көтереді.

Осы жекпе-жекте оның «Абылай!» деп ұран шақыруы кейіннен Абылай атануына себеп болады.

Абылай - саяси қайраткер

Абылайдын, негізгі мақсаты қазақжерін жоңғарлардан босату болады.

1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей империясына адал болуға ант береді. Бұл тек қауіпсіздік үшін жүргізілген саясат еді.

1741 жылы Абылай хан аң аулап жүрген кезінде жоңғарлардың тұтқынына түседі.

1742 жылы Абылай хан жоңғарлардың тұтқынынан босайды.

1743 жылы Абылай жоңғарларға қарсы күресті қайта бастайды.

1745 жылы қоңтайшы Қалдан Церен қайтыс болып, билік үшін болған тартыстар нәтижесінде Жоңғар мемлекеті әлсірейді. Билікке таласқан ақсүйектердің бірі Әмірсана Қазақ хандығына қашып келіп, Абылайды паналайды.

1752 жылы Әмірсананы қуғындаған жоңғарлар қазақ жеріне кіреді. Жоңғарлар жеңіліс табады.

1753 жылы Абылай үш жүздің әскерін басқарып, жонуарларға қарсы шешуші шайқасқа шығады.

1755 жылы Давациге қарсы шыққан Әмірсана Цинь империясының әскерлерімен жоңғарларға шабуыл жасайды. Осы жолы Цинь қарулы күштері Жоңғарияны басып алады.

Цинь империясының түпкі мақсатын сезген Әмірсана енді Манчьжур әскерлеріне қарсы шығады. Маньчжур қолынан жеңілген Әмірсана тағы да Абылайды паналайды.

Цинь империясының Әмірсананы ұстап беру туралы қойған талабын Абылай орындамағандықтан, 1757 жылы Фу Де, Чжао Хой басқарған Маньчжур қарулы күштері Қазақстан жеріне басып кіреді. Мықты қаруы бар, саны жағынан өте көп Цинь әскеріне қарсы тұру мүмкін емес еді. Ал Абылайдың мақсаты қазақ жерлерін қайтарып алумен қатар елдің тыныштығын сақтау еді. Осы орайда ең алдымен Әмірсана қазақ жерінен шығарылып, Сібірге, Тобольскіге жіберіледі. Осыдан Цинь империясымен арадағы кикілжінді Абылай келіссөз арқылы шешті.

Абыпай кезіндегі Қазақ хандығы

Абылайдың негізгі мақсаты Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау, нығайту, үш жүздің басын біріктіру болды.

Бұл саясатын жүзеге асыру үшін Абылай екі алып көрші елмен (Ресей патшалығы, Цинь империясы) шебер дипломатиялық қатынас жасай білді.

Бұрынғы жоңғар еліндегі қазақ жерлерін қалпына келтіру үшін Цинь империясымен байланыс жасады. Себебі 1760 жылы Цинь әскерлері Алтай, Тарбағатай маңындағы қазақ ауылдарын кері куған еді.

1770-1771 жылы Абылай Ходжент, Қоқан әміршілеріне, Ташкент билеушісіне, қырғыз манаптарына әскери соққы беріп, Қазақ хандығының билігін мойындатады. Қазақстанның оңтүстігіндегі көптеген қалалар қазақ билігіне көшеді.

1771 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, оның орнына үш жүздің билеушілері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан тағына отырғызады.

Абылай хандықтың тұғырын мықты ұстады. Ол ел билеу ісінде билерге, сұлтандар мен халық батырларына көбірек арқа сүйеді. Жоңғарияға, Маньчжур-Цинь әскеріне, Қоқан, Хиуа, Қырғыз манаптарына қарсы күресте Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Бәсентин Малайсары, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Ер Жәнібек, Райымбек сияқты батырлардың қолдауымен жеңіске жетіп отырды. Билер қызметін шектеген Абылай ел билеу ісіне Шыңғыс тұқымынан сұлтандарды тағайындады. Абылай хан әскерлерді заман талабына сай қаруландыруды да естен шығармайды.

Өмірінің соңына қарай Абылай хан қазақ халқының шаруашылығына өзгертулер енгізу үшін біршама істер тындырды. Қазақ елінің саяси-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Ресей мен Қытай сияқты алып көршілермен үнемі дипломатиялық байланыс жасап тұрды. Абылай ықпалы арқасында Қытайдың Шыңжан өлкесінде қазақтарға арнап сауда орталығы ашылды.
Абылай - Қазақ хандығын нығайтқан соңғы хан
Абылай хан 1781 жылы қайтыс болды. Оның денесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи мазарына жерленді.

Абылай - үш жүздің басын біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын нығайтқан, елді ішкі және сыртқы жаулардан қорғауда елеулі істер атқарған ұлы тұлға.

Абылай қасына Бұхар жырау, Үмбетей жырау, Төтті-қара ақын сияқты ұлы руханият өкілдерін топтастыра білді.

Абылайдың артында 30 үл, 40 қыз қалды.

1771 жылы хан тағына отырған Абылайдың ұлы Уәли Қазақ хандығына толық билік жүргізе алмай, мемлекет іргетасын босатып алды.

Абылайдын, ұрпақтары арасында қазактың соңғы ханы Кенесары, сұлтан Шыңғыс, ғалым Шоқан Уәлиханов сияқты алаштың біртуар тұлғалары бар.

А. Левшин Абылай туралы былай деген: «Абылай (ол) өз заманындағы қазақ билеушілерімен салыстырғанда жасымен, айлакерлігімен, тәжірибелігімен және белгілі ақылымен өз қарамағындағы халықтың көптігімен басым болды. Ресей әйел патшасымен және Қытай Боғды ханымен қарым-қатынаста тәуелсіздігін көрсетті...»





Қазақтардың Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775 жылдар)
Көтеріліс себептері
Патша үкіметінің Жайықтың оң жағындағы, Каспийдің солтүстігіндегі көптеген жерлерді алып орыс көпестеріне беруі, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан Кіші жүз қазақтарына өте ауыр тиді.

Жайық өзенінің бойында патша үкіметінің әскери бекіністерінің көптеп салынуы, жазалаушы казак әскерінің қазақтарға озбырлық жасауы халықтың қарсылығын тудырады.

XVIII ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінщ араласуымен Ертіс өзенінің оң жағындағы жерлерді казактарға, орыстарға алып беруі, осы өңірлерге көшпелі қазақтарды жақындатпауы Орта жүз қазақтарынын, қарсылығын тудырады.
Көтерілістің барысы

Сонымен 1773-1775 жылдардағы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына Кіші және Орта жүз қазақтары қатысуының басты себебі жер мәселесі болды.



Шаруалар соғысының кезеңдері

Кіші жүз қазақтарының соғысқа қатысу кезендері:

- 1773 жылдың қыркүйегінен 1774 жылдың наурызына дейін;

- 1774 жылдың наурыз айынан күзге дейін;

- 1775 жылдын; қыркүйек айынан 1776 жылдың ақпанына дейін.

Кіші жүз қазақтарының көтеріліске қатысуы

1773 жылы 18 қыркүйекте Нұралы ханның өкілі Зәбір молда көтеріліс басшысы Е. Пугачевпен Усиха өзенінің жағасында кездесіп, оған арнайы сыйлық тапсырды.

1773 жылы қазан айында қазақтардың көтерілісті қолдауы күшейді. Көтерілісті Досалы сұлтан да қолдады. Ол Сейдалы сұлтанды бас юылып, қарулы отряд жасақтап көмек берген. Кулагин бекінісін алуға көптеген қазақтар қатысқан. 2000-нан астам қазақ Орынбор қаласында болған соғысқа қатысады.

Пугачев бастаған шаруалар соғысын Досалы, Ералы, Сейдалы сұлтандар қолдаған.

Нұралы екі жақты көзқарасты ұстанды.

Орта жүз қазақтарының көтеріліске қатысуы

Пугачев бастаған көтерілісшілердің Орынбордан Томскіге қарай бағыт алуы Орта жүз қазақтарының көтеріліске қатысуына жағдай туғызады.

1773 жылы қазан айында көтеріліске қатысушылар Пресногорьковск және т.б. бекіністерге шабуыл жасайды. Көтеріліске қазақтардың көптеп қатысуы патша үкіметінің Ертіс өзенінің жағасындағы бекіністердің қорғанысын күшейтуге себеп болды.

1774 жылы көтеріліске қатысқан Орта жүздің шаруалары Сібір жазалаушы отрядтарының қысымымен Сырдария жерін паналап, кейіннен Қазақстанның солтүстігіне қайта оралады. Көтеріліске керей, қыпшақ тайпалары қатысты.

Көтерілістің жеңілуі, маңызы

Көтеріліс 1775 жылы көтерілісшілердің жеңілуімен аяқталды.

1773-1775 жылдардағы Пугачев басқарған көтеріліске қазақтардың қатысуы қазақтардың патша үкіметіне қарсы шыға алмайтын күш екенін көрсетті. Орыс-қазақ байланысының күшейгенін де бұдан байқауға болады.





Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жылдар)
Көтерілістің себептері мен алғышарттары

- 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі талаптары қанағаттандырылмады;

- көптеген сұлтандар, билер, басқа да Кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді;

- Кіші, Орта жүздердің кейбір аудандары Уфа, Симбирск губернияларына бағындырылды;

- Жайық бойындағы казактардың, жаңадан қоныс аударған көпестердің озбырлығы жергілікті қазақтардың ашу-ызасын келтірді.

Сондықтан көтерілісшілер бұрынғы жерлерді қайтарып алу, Жайық казактарының, Нұралы ханның озбырлығына шек қою сияқты мәселелерді мақсат етіп алдына қойды.

Қозғаушы күштері

Басты қозғаушы күштер көшпенді қазақ шаруалары болды. Бұлармен қатар патша үкіметінің саясатымен келіспеген үстем тап өкілдері (батырлар, билер) де қатысты.

Көтеріліске қатысқан Кіші жүз рулары: жағалбайлы, шекті, беріш, табын, шөмекей, алаш, серкеш, таз, байбақгы, алаш, қаракесек, төртқара т.б.

Көтерілісті байбақты руының старшыны батыр Сырым Датұлы басқарған.


Көтерілістің барысы
1783 жылы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды.

1784 жылы Сырым Датұлы казактар тұтқынынан босап, көтеріліске ірі қол жинай бастады. Бұл тұтқынға ол 1783 жылы желтоқсан айында түсті.

Көтерілісшілер арасында Жантөре сұлтан, Барақ, Тіленші старшындар сияқты үстем тап өкілдері де болды.

1784 жылы Сырым Датұлының қарамағына 1000-ға жуық адам шоғырланды. Патша үкіметі көтерілістід етек алуынан сескеніп, жазалаушы отрядтарды жібере бастады.

1785 жылы 17 ақпанда генерал-майор Смирнов басқарған, казактар мен башқұрттардан құралған 2670-тей адамы бар жазалаушы отряд қарапайым ауылдарды ойрандап, біраз қазақтарды тұтқындады.

1785 жылы Сырым Датұлы басқарған көтерілісшілердің күресі барынша кеңейді.

1785 жылы наурызда Назаров басқарған Жайық казак отрядтары көтерілісшілерге шабуыл жасады. Мұнда екі жақта нақты нәтижеге жетпеді.

1787 жылы Колпаков пен Пономарев басқарған 1250 адамнан құралған жазалаушы отрядтар көтеріліс-шілерге шабуыл жасауға бата алмай, бейбіт ауылдарды ойрандады.

Нұралы ханның патша үкіметін жақтауы көтерілісшілердің алдарына Нұралы ханды тақтан тайдыру мақсатын қоюға себеп болды.

1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер тобы Нұралыны тақтан тайдыру үшін құрылтай өткізді.

1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды. 1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс болды.

Жайық бойындағы казак әскері жасаған озбырлықтар көтерілістің одан әрі өршуіне себеп болды.

1790 жылы тамызда казак әскерінін, басшысы Д. Донсков 1500-ге тарта адам мен бейбіт жатқан қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл, әрине, қазақтардын, қарсылығын тудырды.

1791 жылы Нұралының орнына Кіші жүздің ханы болып Ералы сұлтан сайланды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті.

1792 жылы Сырым Датұлы Ресейге қарсы күресін ашық түрде кеңейтті. Қазақ феодалдарының біраз бөлігі Сырым Датұлын қолдамады.

Ал Жантөре сүлтан, Ералы, Барақ, Ілекбай старшындар Сырым Датұлын қолдады. Бірақ осы уақыттан бастап Сырым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақытша бәсендеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Красногорск бекіністерін алудағы сәтсіздігі себеп болды.

1794 жылы Ералы хан өлді.

1795 жылы Нұралыныңұлы Есім хан болып сайланды. Есімнің хан тағына отыруы Сырымның басқарған кетерілісінің қайтадан өрістеуіне себеп болды.

1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған көтерілісшілер хан сарайына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді.

1797 жылы полковник Скворкин Сырым көтерілісшілерін кудалай бастады, бірақ қудалаушылардың алғашқы әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып жатты.


Көтерілістің жеңілуі
Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сайлау мәселесі тұрды. Ал патша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлау мәселесін жүзеге асырмауға тырысты. Бірақ осыған қарамастан Кіші жүз феодалдары Нұралының баласы Қаратайды хан орнына сайлады.

Осыдан кейін Сырым Датұлы өзіне қарасты халықты артынан ертіп, Сырдарияға қоныс аударды. Ханға, хан кеңесіне қарсы болған Кіші жүздің ықпалды адамдары Сырымның қасына топтасты.

1797 жылы патша үкіметі хандық кеңесті жойып, Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтірді. Хан болып Айшуақ сұлтан бекітілді.

1797 жылы Сырым Хиуа хандығының жеріне қоныс аударды. Себебі бұл кезде Қаратай сұлтан Сырымның қуғындауын жиілеткен еді.

1797 жылы Сырымның Хиуа жеріне өтуі, оның басшылығымен болған көтеріліс те жеңіліспен аяқталды.

1802 жылы Сырым Датұлы Хиуа жерінде қайтыс болды.

Көтерілістің жеңілу себептері

- Көтерілістін, ұйымдастырылуы нашар болды;

- үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;

- ру арасындағы қайшылықтар;

- көтеріліске шыққан әр түрлі топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;

- жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;

- қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы;

- қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар т.б.


Көтерілістің тарихи маңызы
1783-1797 жылдардағы Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі - XVIII ғасырдағы Жайық бойындағы ірі халықтық қозғалыс. Бұл көтеріліс белгілі бір мөлшерде халықтың патша үкіметіне қарсы көтеріле алатынын дәлелдеді. Көтерілістің дүмпуі біразға дейін басылмады. Бұл көтеріліс патша үкіметі отарлау саясатын ашық жүргізіп отырғанын дәлелдеді.

1801 жылы патша үкіметі қазақтарға Жайықтың оң жағына жайғасуына рүқсат берді. Бұл - Сырым Датұлы басқарған көтерілісі нәтижелерінің бірі.






Қазақстанда хандық биліктің жойылуы
XIX ғасырдың I жартысында Қазақстанда бірқатар саяси-экономикалық өзгерістер болды. Өнеркәсіп, сауда салалары біршама кеңейді. Мысалы, XIX ғасырдың I жартысында Қазақстан жеріндегі өнеркәсіпте өндірілген өнім 71119 сомнан асты. Қазақстаннын, Ресеймен, Орта Азиямен, Қытаймен жасалатын саудасының көлемі ұлғайды.

1822 жылы Кіші Ордада Қазақстанның тұңғыш жәрмеңкесі ашылды. Қазақстанның әсіресе Ресеймен сауда байланыстары кеңейді. Қазақстанның шаруашылық, экономикалық салаларының, Ресеймен байланысының кеңеюі патша үкіметінің Қазақстанда саяси-әкімшілік тұрғыда реформалар жүргізуіне себеп болды.

"Сібір қазақтарының жарғысы".

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы

1781 жылы хан тағына Абылайдың баласы Уәли отырды.

1815 жылы Патша үкіметі Уәлиді кемсіту мақсатында Орта жүзге екінші хан етіп Бөкейді бекітеді.

1817 жылы Бөкей хан қайтыс болады.

1819 жылы Уәли хан қайтыс болады. Бұдан кейін Орта жүзде хан тағайындалған жоқ.

1822 жылы Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский мен Г.С. Батеньков дайындаған "Сібір қазақтарының жарғысы" қабылданды. Жарғының негізгі мақсаты Солтүстік және Шығыс Қазақстан өлкесінде саяси-әкімшілік, сот жағынан басқарудың жаңа түрін енгізу, бұрынғы дәстүрлі билік жүйесін жою болды. Бұл жүйе бойынша Орта жүз Қазақтары "Сібір қазақтары облысы" құрамына кірді. Ал "Сібір қазақтарынын, облысы" Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірді.

Сібір қазақтарынын, облысы құрамына кірген округтер: Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Үшбұлақ, Аманқарағай, Кекпекті, Құсмұрын, Алатау.

1840-1850 жылдарда Қарқаралы округінде 60000, Аягөз округінде 40000 Қазақ өмір сүрген.

1822 жылғы "Жарғы" бойынша құрылған әкімшілік беліністер төмендегідей.

1. Жоғары әкімшілік бөлініс - округ.

Округ 15-20 болыстан құралады. Округтердін, барлығы Омбы облыстық басқармасына бағындырылды. Округті аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан заң бойынша үш жылға сайланып отырды.

2. Орта әкімшілік бөлініс - болыс.

Болыс 10-12 ауылдан кұралады. Болысты болыс сұлтаны басқарды. Бұл билік өмірлік болғандықтан, болыс сұлтанының орны мүрагерлікпен беріліп отырды.

3. Төменгі әкімшілік бөлініс - ауыл.

Ауыл 50-70 шаңырақтан құралады. Ауылдын, басқару билігі ауыл старшыны қолында болды. Ауыл старшындары үш жылдық мерзімге сайланып отырды.

Ал сот істері саласы 3-ке бөлінді:

1. қылмыстық істер;

2. талап ету;

3. болыстық басқармаға шағым айту.

Басында Омбы облыстық басқармасына бағындырылған Сібір қазақтарын басқару құқығы шекаралық басқармаға берілді.

Жалпы, 1822 жылғы "Жарғының" Қазақстан үшін маңызы жан-жақты болды.

Пайдасы: рулық алауыздықты біршама ауыздықтады, басқару жүйесін оңайлатты, шаруашылықтың дамуына әсер етті.

Зияны: патша үкіметінің Қазақстанды отарлау жөніндегі саясатын тездетіп ұлғайтты, дәстүрлі билік жүйесін жойды.

1822 жылғы "Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы". Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эссеннін, басшылығымен "Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы" дайындалды. Бірақ бұл құжат тек 1824 жылы қабылданды. Жарғы бойынша Кіші жүзге үш хан тағайындау көзделгенімен, бұл жоба іске аспады. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазыны 1824 жылы Орынбор губернаторы басқа қызметке тағайындады. Мұнымен Кіші жүзде хандық билік жойылды. Кіші жүзде хандық билікті қалпында ұстауға тырысқандардың бірі Арынғазы болды.

Кіші жүз жерінде 1845 жылға дейін хандық билік Бөкей Ордасында (Ішкі Орда) ғана сақталды.


Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы
1812 жылғы Отан соғысын қазақтардың қолдауы
1812 жылғы Наполеон әскерінің шапқыншылығына тойтарыс беру жолында қазақтар да басқа халықтармен бірге көп үлес қосты. Ең алдымен қазақтар әскерлерді атпен қамтамасыз етті. Кіші жүз қазақтарынан 1060 жылқы, Бөкей Ордасы қазақтарынан 47242 жылқы сатып алынды.

Риддер, Зыряновск кеніштеріндегі қазақтар соғыс қажетіне қорғасын, мыс, 239 сомға жуық ақша жіберді.

Елтондағы қазақ жұмысшылары соғыс қажетіне бір миллиондай пұт тұз, 22 мың сом ақша жіберді.

Кіші жүздің старшыны Байсақал Тілекұлы 1812 жылғы орыс халкының Наполеон басқарған француз басқыншылығына қарсы бағытталған Отан соғысын қолдап, көп көмек көрсетті.

1812 жылғы Отан соғысына қатысқандар

1812 жылы шілденің 6 жұлдызында Ресей мемлекетіне қауіп төнгендіктен, ел азаматтарын Отан қорғау ісіне шакяратын үндеу жарияланды. Бұл үндеу қазақтілінде де шығып, қазақтардың арасында да тарады. Көптеген қазақтар әскер қатарына өз еріктерімен барды. Құрамында қазақ жігіттері бар әскери полк Ертіс шебінде орналасты. Бұлар Бородино түбіндегі шайқасқа қатысты.


Соғыста ерлік көрсеткен казақ жауынгерлері

Майлыбайұлы Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медальмен наградталған;

Қарынбай Зындағұлұлы Бородино шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен наградталған;

Мұрат Құршоранұлы мен Еріш Азаматұлы 1812 жылы шілденің 27 жұлдызында Малаево Болото маңындағы шайқаста ерлік көрсетіп, хорунжий атағын алды;

Боранбай Шуашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы Романовка поселкесінін, түбінде ерлікпен шайқасты;

Сағит Хамитұлы Вязьма түбіндегі соғыста ерлік көрсетіп, үшінші дәрежелі «Қасиетті Анна» орденімен наградталған;

Нарынбай Жанжігітұлы - башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Ерлігі үшін Георгий орденімен наградталған. Лейпциг, Глогау қалаларындағы шабуылға, Эрфурт, Веймар, Ганау, Майндағы Франкфурт қалаларының маңында болған шайқастарға қатысқан. 1814 жылы 14 наурызда жеңімпаз ретінде Парижге кірген әскерлердің құрамында болған;

Яков Беляков - шоқынған қазақ, 1812 жылғы Отан соғысына белсене қатысқан. Ол түріктерге қарсы бағытталған соғысқа дақатысып, М. Кутузовтың қолынан сыйлық алған. Беляков Орынбор казак полкінің құрамында Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере түбіндегі шайқастарға қатысқан. Польша әскерінің авангардында болған. 1830 жылы ол өзінің қазақ екенін айтып, денсаулығының нашарлауына байланысты Орынбор губернаторы П. Эссенге қазақ еліне қайтаруы туралы өтініш жазған;

Әмен Байбатырұлы - ақын, 1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкінің құрамында шайқасқан. Ол Лейпциг, Глогау, Эрфурт, Ганау, Майндағы Франкфурт, Веймар қалалар маңындағы шайқастарға қатысқан. 1814 жылы наурыздың 14-інде жеңімпаз ретінде Парижге кірген әскерлер қатарында болған. Әмен Байбатырұлы соғыс аяқталған соң, Орынборда болған. Оның есімі халық арасында батыр әрі ақын ретінде шыққан. Кейіннен казақтарды Қоқан езгісінен босату, Ақмешітті алу шайқастарына қатысқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет