Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет8/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі
Бөкей Ордасының құрылуы
Бөкей Ордасы 1801 жылы құрылған.

Территориясы - Еділ өзені мен Жайық өзенінің аралығы.

Бөкей Ордасы халықтарының барлығы дерлік Кіші жүз қазақтары болды. Бөкей Ордасының территориясы онша үлкен болмады. Ал Кіші жүздің территориясы 850000 шаршы шақырымға жетті. Бөкей Ордасы жерінде 1801 жылы наурыздың 11 -інде қазақтардың көшіп-қонуына рұқсат етілді. Рұқсатты император II Павел берді.

1803 жылға қарай Бөкей Ордасында 1,3 миллионға жуықмал болды. Олардың 1 миллионы - қой, 250 мыңы -сиыр, 70 мыңы - жылқы, 30 мыңға жуығы - түйе. Бөкей Ордасының жері мал жайылымы үшін өте қолайлы болған. Құнарлы жерлердің көбі Жәңгір ханның және оның туыстары қолында болған. Ішкі Орда хандары билікті патша үкіметінін, мүддесіне сай етіп, олардың қолдауымен жүзеге асырып отырды. Бөкей Ордасының хан сарайы Жасқұс деген жерде салынды. Ордада 1827 жылы «Хандық кеңес» құрылды. Оның құрамына 12 би кірді. Бөкей Ордасындағы хандық билік қарапайым халықтын, мүддесін аяққатаптап отырды.


1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің себептері
- Патша үкіметінің Ішкі Ордадағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі (Юсупов, Безбородко т.б.); бұл жерлерді пайдаланғаны үшін қазақтардың салық телеуі.

- Жәңгір ханның озбырлығы, хан төңірегіндегі феодалдық топтардың шаруаларды аяусыз қанауы, ең шұрайлы жерлерді ханның, оның туыстарынын, иемденуі.

- Салық ауыртпалығының, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы.

Хан сарайына төленетін салық мөлшері:

Беріш руы - 60000 сом,

Серкеш руы - 50000 сом,

Ноғай руы - 40000 сом,

Байбақты руы - 40000 сом,

Алшын руы - 40000 сом,

Жапас руы - 30000 сом,

Адай руы - 25000 сом,

Есентемір руы - 10000 сом.

Және де әр түтін хан сарайына бір жылқы беру керек болды.
Көтеріліс басталуының сылтауы - Жәңгір ханның 1833 жылы қайын атасы Қарауыл қожаны Каспий өңіріндегі қазақтардың билеушісі етіп бекітуі.

Көтерілістің сипаты

Антифеодалдық, патша үкіметінің отаршылдық сипатында болды.

Көтерілістің қозғаушы күштері

Негізгі қозғаушы күштері - қазақ шаруалары. Жәңгір ханның саясатын қолдамайтын билер мен старшындар да қатысты.
Көтеріліс басшылары
1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарды.
Исатап Тайманұлы
XIX ғасырдағы көтеріліс басшылары ішінен халыққа және демократияға ең жақын болған адам.

1812 жылы Бөкей хан И. Тайманұлын беріш руының Жайық бөлімінің старшыны қызметіне тағайындаған.

1814 жылы Орынбор шекара комиссиясының старшыны болған.

1817-1823 жылдары Исатай Орынборда жауапқа тартылғаннан кейін Жәңгір ханмен арасы суып, көтерілісте халықтың мүддесін қорғайды.


Махамбет Өтемісұлы
Ақын Исатайдың серігі болған және де беріш руының старшыны болып істеген. Халықтың мүддесін түсіне алатын ол халық арасында, үстем тап өкілдері арасында беделге ие болды. Махамбет Өтемісұлы Жәңгір ханның баласы Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған.

Көтерілістің барысы


Көтерілістің кезеңдері
1833-1836 жылдары - көтеріліс алғышарты мен себептерінің қалыптасуы.

1837 жылдың қаңтар айынан желтоқсанға дейінгі уақыты - көтерілістің кеңейген кезеңі.

1837 жылдың желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін - көтерілістің жеңілуі.

Көтерілісшілер қазақ шаруаларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды, Жәңгір ханның озбырлығын тоқтатуды алдарына мақсат етіп қояды. 1836 жылы акдан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық-азаттық сипаттағы қозғалыс басталады. Бұл қозғалыс Жәңгір ханға карсы бағытталған жекелеген старшындардың көтерілісі бірігуінен бастау алады. 1836 жылы Жәңгір хан қайын атасы Қарауыл қожаға бүлік шығарған старшындарды тұтқындауға бұйрық береді. Жәңгір ханның қол шоқпарлары Исатайды жақтаған ауылдарды шауып, жиі тонай бастайды. 1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына 20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын орындамай, оның билігін де мойындамайды. 1836 жылы желтоқсанда Жәңгір ханның сыбайластары Махамбет пен Тінәлінің ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді. 1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды аландата бастайды. 1837 жылы 3 наурызда Орынбор шекаралық комиссиясы Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды тапсырады. 1837 жылы 2 қазанда атаман Покотилов басқарған жазалаушы казак отрядтарының Исатайды ұстау әрекеттері босқа кетеді.

I Николай патша көтеріліс басшыларын қатаң жазалауды тапсырғанымен, бұл жағдайдың іске асуы мүмкін болмайды. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет көтерілісшілер Теректі құмда Балқы би ауылын шабады. 1837 жылы қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерілісшімен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді. 1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған казак отрядтарынан, хан мен сұлтандардан құралған жазалаушылардан жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісшілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы В.А. Перовский Исатайды ұстап бергендерге 1000 сом, өлтіргендерге 500 сом сыйақы тағайындағанымен, оның ұсынысын ешкім қабылдамайды. 1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайықтың шығысына қарай өтеді. Бұл кезде қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс жайыла бастаған еді. 1838 жылы қаңтарда Исатай бастаған көтерілісшілер Горск бекінісінін, маңына келеді.
Көтерілістің жеңілуі
Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А. Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолың талқандау үшін аттанды. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Б. Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңіледі. Бұл соғыста Исатай бастаған 80-дей көтерілісші өледі. Қожахмет, Балабек бастаған 6 адам тұтқынға түседі. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырады. 1838 жылы шілденің 23-інде Махамбет бастаған көтерілісшілер Табылды Шерғазыұлы сұлтанның ауылын шабады. Ал қолға түскен көтерілісшілерді Гекке жазалайды. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды. Көтерілісшілерді жазалау ұзаққа созылған жоқ, себебі халықты сескендіруден қорықты.

1836-1838 жылдардағы көтерілістін, негізгі мақсаттары орындалмады. Бұл жағдай 1842 жылғы Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы басқарған жаңа антифеодалдық сипаттағы көтерілістің басталуына себеп болды.

Бірақ 1844 жылы Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы тұтқынға алынғандықтан, қозғалыс аяқталды. Бұл қозғалыс тарихта 1836-1838 жылдардағы көтерілістің заңды жалғасы ретінде қалды.
Көтерілістің жеңілу себептері
1. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері (старшындар, билер, сұлтандар) опасыздық жасап, сатып кетті.

2. Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым, қару-жарағы мықты болды.

3. Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды.
Көтерілістің маңызы
1836-1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды.

Жәңгір хан және оның маңайындағылардың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды.

Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.

Көтеріліс қазақ феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.






1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің себептері
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтірді.

Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтер, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.

Көтерілістің мақсаты

Ресейдін, отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген еңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.

Көтерілістің қозғаушы күштері

Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап екілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуакұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған.

Көтерілісті қолдап, оған қатысқан рулар: арғын, керей, жаппас, тама, алшын, қыпшақ, табын, төртқара, шекті т.б.



Көтерілісшілердің жеке әскери бөлімдерін басқарған халық батырлары: Жоламан Тіленшіұлы, Ағыбай, Иман, Бұхарбай, Жеке, Байсейіт, Сұраншы, Аңғал батыр т.б.
Көтерілістің барысы
Көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қасымұлы Қызылжар маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл жасады. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілер патша үкіметі отрядымен жиі қақтығысады. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жібереді. Ақмолаға иелік еткен Қарбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылы күзде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшілы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Ташкентке аттанған Кенесары кетерілісшілері арасында жүқпалы ауру тарағандықтан, жорықты тоқтатады. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардын, билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт бекіністерін қоршайды. Бұл жағдайлар Кенесары Қасымұлының атын әйгілейді. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға тырысқан. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған жазалаушы отрядтарының шабуылы басталды. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтіреді. 1843 жылы 27 маусымда Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Бұл отрядтар ешқандай нәтижеге жетпеді. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты жеңеді. Сұлтан Жантөреұлының қарамағында болған 44 сұлтан қаза табады. 1844жылы би Баймұханбет Кенесарыға Орынбор губернаторы Обручевтың хатын тапсырады. 1845 жылы Кенесарыға Герн мен Долговтың елшілігі келеді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын одан әрі жүргізу болады. Ал Кенесарының патша үкіметіне қойған талабы - қазақ жеріндегі барлық бекіністерді жою, салық жинау ісін, казак отрядтарының озбырлығын тоқтату т.б. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жеріне бекініс салуды көбейтті.

Кенесарының хандық билігі
1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, хан аталды. Кенесары мемлекеті феодалдық мемлекет болды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді хандықкеңес шешіп отырды. Кенесары бұрынғы билер сотының орнына хандық сотты құрды, егін шаруашылығының дамыуын мақсат етті. Кенесары сарбаздарының сауда керуендерін жиі тонауы сауда байланыстарына үлкен зиян келтіріп отырды. Кенесарының қол астындағы көтерілісшілердің саны 20000-ға дейін жетті. Ежелгі тәртіпке сәйкес сарбаздар мыңдықтарға, жүздіктерге бөлініп отырды. Опасыздық жасаған сарбаздар өлім жазасына кесілді.
Көтерілістің жеңілуі
1845 жылы Кенесары жақтастарымен, қарамағындағы ауылмен оңтүстікке қоныс аударды. Бұл жағдай Қоқан мен Бұхар билеушілерін үрейлендірді. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Оңтүстікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Құнанбай Өскенбайүлы, Барақ Сұлтанбайұлы сияқты белгілі старшындар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті көтерілістің жеңілуін тездетті. 1847 жылы қырғыз жеріне басып кірген Кенесарының озбырлығы көтеріліске басқаша сипат бере бастады.

1847 жылы Майтөбе деген жерде Кенесары қолы қырғыздардан жеңіледі және Кенесарының өзі қаза табады.


Көтерілістің жеңілу себептері
- Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

- Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. - Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.

- Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

- Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген Кенесары қолы Ресей патша үкіметіне қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінін, Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.






XIX ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күресі
Сырдария қазақтарының көтерілісі
1. Хиуа хандығына қарсы күрес

Көтеріліске себеп болған негізгі жағдайлар:

Хиуа билеушілерінің

- Сырдария өщріндегі халықтарға көрсеткен озбырлығы;

- қазақтарды пайдаланып, Арал маңына бекіністер салуы;

- әскерлерді пайдаланып, жергілікті халықтан салық жинауы.

Көтеріліске батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы басшылық жасады. 1843 жылы көтерілісшілер қоқандықтардың Қуандариядағы бекінісін талқандады. 1845 жылы көтерілісшілер Хиуа әскеріне күйрете соққы берді. Патша үкіметінің әскерлерімен бірге көтерілісшілер Сырдария бойындағы көптеген жерлерден хиуалықтарды қуып шықты.

2. Патша үкіметіне қарсы күрес

Көтеріліске себеп болған жағдайлар:

- 1853 жылы Ақмешітке бақылау орнатқан патша үкіметі Сырдария әскери шебі арқылы көптеген жерлерді қарамағына алды;

- қазақтарға ауыр салық жүктеп, отарлауды бастады;

- жаңа бекіністерді салуға, басқа да қара жұмыстарға қазақтарды күшпен ала бастады.

1856-1857 жылдар аралығында болған көтерілісті батыр Жанқожа Нұрмұхамед басқарды. Ол бұл кезде 90 жастан асқан еді. 1857 жылы қаңтардың 9-ында көтерілісшілер Арқабалық деген жерде патша үкіметі әскерлерінен жеңіліп қалды.

Жем бойындағы көтеріліс



Негізгі себептері:

- патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізген отаршыл саясаты;

- әскери бекіністердің салынуы.

XIX ғасырдын, 40 жылдарында басталған кетеріліске Есет батыр басшылық жасады. 1847 жылы 18 маусымда көтерілісшілер патша үкіметінің жазалаушы отрядтарынан жеңілді. 1848 жылы Орынбор қаласында Есет батыр патша үкіметінің билігін мойындады.

Қоқан езгісіне қарсы күрес

Негізгі себептері:

- Қоқан хандығы Оңтүстік Қазақстан жеріндегі халыққа қыспақ көрсетіп, үнемі зорлық жасап отырды;

- салықты көбейтіп, қазақ ауылдарын тонады;

- азаматтар мен балаларды құлдыққа сатты. Көтеріліс Сайрам, Мерке, Түркістан жерлерінде болды.

1858 жылы көтерілісшілер Әулиеата, Шымкент жерлерінде қоқандықтарға соққы берді. Қазақтар мен қырғыздар бірігіп, Бішкек түбінде Қоқан әскерін женді. 1858 жылы қазақтың үстем тап өкілдері опасыздық жасап, қоқандықтармен қосылып көтерілісті талқандады.





Қазақстандағы саяси жер аударылғандар Қазақстанға жер аударылған желтоқсандықтар
1825 жылы желтоқсанның 14-інде Петербург қаласындағы көтеріліске қатысқан біраз желтоқсандықтар Қазақстанға жер аударылды. Орынбор шебіне, Ертіс өзені бойындағы бекіністерге 108 желтоқсаншы жіберілді. Олар жергілікті халықтың тіршілігімен жақсы таныса білді. Айдауда жүрген желтоқсандықтар ғылыми-зерттеу, мәдени салаларда көп еңбек сіңірді.

Қазақстанда айдауда болған желтоқсандықтар: Г.С. Батеньков, Г.С. Карелин. Олар 1822 жылы қабылданған "Сібір қазақтарын басқару жөніндегі жарғыны" дайындауға қатысқан. Сонымен қатар Г.С. Карелин Каспий жағалауын зерттеген экспедицияның құрамында болған.

С.М. Семенов - Өскеменде тұрған желтоқсаншы. Гумбольд басқарған қазақ жеріндегі экспедицияның құрамында болған.

М.И. Муравьев - Бұқтырма бекінісінде дәрігерлік қызмет атқарған желтоқсаншы.

В. Волковьский - қазақ жерінде тұрып, 1825 жылы Бұхара экспедициясына қатысқан желтоқсаншы. "Кіші жүз руларының картасы" атты еңбекті жазған.

И. Завалишин - желтоқсаншы, көрнекті тарихшы. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен аздап мәлімет беретін "Батыс Сібірді сипаттау" еңбегін жазған.

А.Д. Коровков - қазақ елі туралы "Іле қорғанысына бару" атты очеркі жазған желтоқсаншы.

Бұдан басқа Қазақстан жерінде П.В. Величко, А.Л. Кучевский, Х.М. Старков, А. Салтанов, А.С. Горжанский, М.Д. Лаппа, А.А. Жемчужников, А. Янушкевич т.б. желтоқсандықтар айдауда болған.

Қазақстан жерінде болған желтоқсандықтар 1831 жылы Орынборда ашылған Неплюев кадет корпусының мұражайында кеп деректер қалдырған.

1849 жылы М.А. Петрашевский ісі бойынша көптеген қайраткерлер Сібір және Қазақстан аумағына жер аударылды.

Ф. Достоевский "Белинский идеясы" бойынша Омбы мен Семейге жер аударылған. Ол өлке тарихын зерттеп, тарихи (археологиялық) мұраларды жинаумен шұғылданған, Шоқан Уәлихановпен дос болған. "Атайдың түсі", "Степанчиково ауылы және тұрғындары" шығармасы Семей өлкесімен тығыз байланысты.

Қазақстан жерінде петрашевшілерден шығыстанушы А.И. Макшеев Бутаковтың Арал экспедициясы жайында көптеген мәліметтер қалған. Бұдан басқа Қазақстан жерінде айдауда петрашевшілерден ақын А.П. Баласогложәне Д.Д. Ахшарумов болған.






Қазақстанның Қытаймен, Шыңжанмен байланысы
XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен және Шыңжанмен байланысы

Ресейдің Қытаймен сауда экономикалық байланысты дамытуға мүдделі болуы Қазақстан мен Қытайдың өзара байланысына да әсер етті. Алғашында Ресейдің Қытаймен байланыс жасау жолында кедергілер көп болды. XIX ғасырдың I жартысында Қазақстан, Қытай, Шыңжан араларындағы сауда байланыстары дами бастады. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары. Құдайменді сұлтан Қытаймен орнаған сауда байланысының дамуын дұрыс жолға қоюға тырысқан. XIX ғасырдын, басында Қытаймен сауда байланысының Қазақстандағы ірі орталығы Бұқтырма бекінісі болды. 1809 жылы саудагер, көпес Нерпин Бұқтырма арқылы Шәуешек қаласына тауар жеткізді. 1812 жылы Ташкент саудагерлері Ахмади Аширов пен Мирқұрбан Ниязов қазақ жері арқылы Құлжаға тауар жеткізді. Қазақ жері арқылы Қытайға баратын сауда керуендерін казак отрядтары қорғап отырды. Шығыс Түркістанға (Шыңжан) орыс саудагерлері өнеркәсіп өнімдері мен тоқыма бұйымдарын апарса, қазақтар, негізінен, мал және мал өнімдерін айырбастады. Семей, Петропавл, Өскемен қалалары Қытаймен байланыстыратын сауда орталықтары ретінде қалаберді. 1801-1818 жылдар аралығында бір ғана Петропавл қаласы арқылы Қытайға 302763 сомның тауары жеткізілген. Ресей Қазақстан арқылы Тибетпен де байланыс жасауды көздеді. Бұл істі алдымен Сібір шекаралық басқарма төрағасы Г.И. Глазенап қолға алған. Тибет жеріне бірінші болып грузин саудагері Семен Мадатов жеткен. Жалпы, XIX ғасырдың I жартысында Қытаймен ірі көлемде сауда жасаған кепестер көп болды. Мысалы, Дмитрий Кузнецов, Андрей Попов, Степан Попов, Башир Айтов, Яков Лашков т.б.

XIX ғасырдың 30 жылдарында патша үкіметі Қытайға баратын керуендер жолындағы бекіністерде сауда керуендеріне салатын баж салығын кебейтті. Екі жақты мемлекетаралық келісімнін, болмағандығы, Ресей мен Қытай арасындағы сауда байланысына біршама кедергі келтірді.

XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан мен Шыңжан байланысы

1851 жылы 25 шілдеде Ресей мен Қытай үкіметі Құлжа келісіміне қол қойды. Бұл келісім Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты байланысты дамытуға үлкен себін тигізді. Және де бұл келісім Орынбор, Семей, Өскемен қалаларынын, Қытаймен жасалатын сауда орталығы ретіндегі рөлін арттырды. Сауда көлемі де біршама дәрежеге көтерілді. Құлжа келісіміне сәйкес Қытайдан Ресейге жыл сайын 3000 пұт шай әкелінді.

Құлжа келісімі күшіне енгеннен кейін, екі жақты сауда төрт есе көбейді. XIX ғасырдың 60 жылдарында Жетісудағы Қапал, Верный бекіністері, сонымен қатар Аягөз бекінісінің Шыңжанмен сауда жасаудағы орталығы ретіндегі рөлі арта түсті.

Цинь империясының жүргізген кертартпа саясаты әсерінен XIX ғасырдың 60 жылдарының соңына қарай Ресей мен Қытай байланыстары біршама нашарлады.

Петербург келісімі



1860 жылы Ресей мен Қытай арасында Пекин шартына қол қойылды. 1864 жылы Ресей мен Қытай үкіметінің арасындағы Шәуешек хаттамасы бекітілді. 1881 жылы 12 ақпанда Ресей мен Қытай арасында сауда мәселесі бойынша Петербург шартына қол қойылды. Келісім нәтижесінде екі мемлекеттің Қазақстан бекіністері арқылы жүргізілетін сауда айналымдары кеңейді. XIX ғасырдың II жартысында Қытаймен жасалатын сауданың ірі орталықтары Семей мен Қызылжар (Петропавл) қалалары болды. Мысалы, Семей қаласының Шынжанмен жасалған сауда айналымы 1880 жылы 255198 сомды құраған болса, 1882 жылы бұл деңгей 337196 сомға дейін көбейді. Қазақстанның Шыңжанмен байланысында Жетісу өңірінің маңызы артты. Петербург келісімінен кейін, осы өңірден өтетін Ресей мен Қытай саудасының көлемі 5 миллион сомға дейін көбейді. Қазақстан мен Кытай мемлекеттері арасындағы сауда қатынасының дамуына байланысты Іле өзенін су жолы ретінде пайдалану аса қажет болды. 1883 жылы Іле өзені арқылы алғашқы сауда керуені жолға шықты. 1883 жылы 4 мамырда Батыс Қытайдағы Сүйдін бекінісіне 20000 пұт астық тиеген бұл керуенді Вали Ахун Юлдашев жеткізді. 1890 жылы Ресей үкіметі Шыңжанмен сауданы дамыту мақсатында Түркістан және Семей сауда округтерін құрды. 1892 жылы Қытайдағы керейлер Алтай сауда жәрмеңкесіне 1000-ға жуық жылқы әкеліп саудалады. Қазақстан мен Шыңжан арасындағы сауда байланысында Жақыпов, Жетіков, Шаянбаев, Жандыбаев деген қазак, саудагерлерінің аттары белгілі болды. Шыңжаннан қазақ жеріне Қашғар түбіті, аң терісі, шай, жібек т.б. тауарлар әкелінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет