ТАҚырыбы : баланың мектепке дейінгі кезеңі



Дата11.01.2017
өлшемі80,1 Kb.
#7407
Баяндама

ТАҚЫРЫБЫ : БАЛАНЫҢ мектепке дейінгі кезеңі.



Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезеңі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы,қабілеті,қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты,мазмұнды ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті,еңбек,ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады. Мектепке дейінгі мекемеде ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында біліммен біліктілігін арттырамыз. Ойлауға үйрету дегеніміз-дидактикалық қарама-қайшылықты көре білуге,сол арқылы көре білуге,сол арқылы шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық-ой дамуының қозғаушы күші.Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса,ойын-осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып суретті әңгіме,дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу,шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу,сөздік қорын дамыту,сурет қарау,заттарды сипаттау,жұмбақ шешу,құрастыру,тақпақтар,мақал-мәтелдер,ертегі тыңдау,әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық дұрыс құрамын қолданады.Сызба,тақпақ,жаңылпаш,ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға,есте сақтауға деген ынталарының дамуына,тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Ал біз әр тақпақ пен жаңылытпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамыз. Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық саласындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сезінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.

Әдістемелік үлгісі

  1. Шығарманы жазған автормен танысу.

  2. Шығарманы мәнерлеп оқу.

  3. Шығарма туралы әңгімелесу.

  4. Қиын сөздермен жұмыс.

  5. Ақынның тақпағына сурет салуды ұсыну.

  6. Әр қатар оқи отырып балаларға қиялдап ойлануға жетелеу.

  7. Суреттер салу (қатар қайталау).

  8. Сызба бойынша үлгі ретінде айту.

  9. Балалармен сурет көрсетіп айту (тез бояу, буындау, аң, жануарлар, көзін жұмып іштей қайталау).

  10. Ойын: "Қай сурет жоқ?", "Қай сөз жоқ?"

  11. Жеке балалардың айтуы: бірінен соң бірі жалғастыру.

  12. Ең тез жаттап алған балаға сызба-тақпақты сыйлау.

  13. көркем салынған суретті ілу.

  14. Сурет қандай болса, сендер де мәнерлеп айтып беріңдер.

  15. Алған білімдерін қорытындылау.

Балабақшада оқу үрдісінің барысында баланың оқу мақсатын шешу кезіндегі іс-әрекетіне қолдау көрсетіп мақтау, сыйлық беру сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдіс бұрын балабақшада қолданылмаған ең жаңа оқу формасы болып есептеледі. Баланы тәрбиелеу мен оқыту үрдісі дегеніміз - қазіргі заман талабына сай бекітілген стандарт талаптарына сүйене отырып баланың сан қилы іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түсінуі берілетін білім саласы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты баланың жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға сәйкес келетін жеке басының мәдениетіне, оның базисіне тәрбиелеу арқылы оны жан-жақты дамытуы болып табылады. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамыту оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі - бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған тақырыптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Олай болса педагог тәрбиешінің алдындағы басты міндет - XXI ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті ианып, ұлттық төл мәдениетін қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбилеу.



"МАША МЕН АЮ" ЕРТЕГІСІ

Мақсаты: Балалардың түр, түс туралы білімдерін бекіту, олардың естеріне ертегіні түсіре отырып ойлау қабілетін, логикасын, зейінін, есте сақтау қабіліттерін дамыту; іс-тәрбие арқылы балалардың сөздік қорларын молайту, тілін дамыту; бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шарлар, аяқ киім, су, түссіз, иіссіз, дәмсіз, шырын, саңырауқұлақтар.

Көрнекілік: түрлі түсті аяқ киімдер, шарлар, шыршалар, гүлдер, үй, аю, Маша, су, шырын, қасықтар, саңырауқұлақтар салынған ақ қағаздар, сабын көпіршіктері, спанч боб.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Себепті (дәлелді)-ықпалды

Балалар "су" туралы шеңбер жасайды.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Осы кезде есік қағылады, топқа Маша келеді, балалармен амандасады, оларды көктемгі орманға серіуендеуге шақырады.


Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер жасайды.

Ерте тұрып жуынған,

Тазалықты қуынған,

Судай мөлдір тазамыз,

Суды сүйген баламыз.

Көктем мезгілі.

Балалар Машаның келгеніне қатты қуанады, амандасады, онымен бірге орманға баруға келіседі.


Ұйымдастыру-барлау

Ал бірақ қараймын: "Сендердің аяқтарыңда аяқ киім жоқ қой, онда сендер қалай барасыңдар? Менде мынадай сиқырлы қорапша бар, ал сендер өз байпақтарыңа ұқсас түсті таңдап аяқ киімдеріңе киесіңдер. Әр баланың байпақтарының түстерін, қандай аяқ киім киетінін сұрау.

Маша: Міне, енді дайын болдыңдар, бірақ біз орманға қалай жетеміз? Мүмкін мына шарлармен барамыз (музыка ойнайды).

Ал енді шарларымызды ақырын жіберейік, шарлармен не болды? Мінеки, орманға да келіп жеттік. Орманның иісін иіскеңдерші, қандай ғажап иіс!

Ал мына жерде нелер өсіп тұр? Мына жерде не тұр екен, ал оның жанында не бар екен?

Ендеше мына суға үрлейікші, сендер нені байқадыңдар? Ол суға мына гүлдерді салып көрейікші.

Иә, балалар, біз гүлдердің ашылғанын байқадық.

Енді мына үйде кім тұратынын көрейікші.

Осы кезде үйден аю шығады да Машаны ұстап алады.

Аю: Енді мен сені жібермеймін, егер де маған шырын жасап берсең ғана ойланып көремін.

Маша: Ой, мен қалай жасап берсем екен шырынды, мен оны жасай алмаймын ғой!

Маша, сен мұңайма, біздің балалар саған қазір көмектеседі.

Үстел үстінде ыдыстарда су құйылып тұрады, судың түсі бар ма? Ал иісі бар ма? Дәмі бар ма? Ендеше барлығымыз бірге "Су түссіз, дәмсіз, иіссіз" деп айтайық.

Ал енді қасықтарыңды алып, ортада тұрған ұнтақты суға қосып көрейікші. Сумен не болады? Иә, балалар, судың түсі өзгерді. Ендеше оның дәмін татып көріңдер. Енді осы шырынды аюға берейік.



Аю: Ой рахмет сендерге, балалар, енді мен шырынға тойатын болдым. Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: "Аюғ аю, тұршы".

Маша, ал менің алаңқайымда саңырауқұлақтар өте аз өсті, сен енді саңырауқұлақтарды өсіріп бересің бе?

Балаларға ақ қағазды беріп, оны бояу керек екендігін түсіндіру.

Аю: Рахмет сендерге, енді менің орманым өте әдемі болды. Енді, Маша, мен сені үйіңе жіберемін.

Сөйтіп Маша мен балалар орманнан келе жатса спанч боб кезігеді.

"Сәлем, менің достарым, қайдан келе жатсыңдар, енді менімен көңіл көтеріңдерші" деп сабынкөпіршіктерін жібереді.

Маша: Енді барлығымыз өзіміздің шарларымызды алып кері қайтайық. Осымен біздің серуен аяқталды, сендерге ұнады ма?

Қорапшадан аяқ киімдерді алады.

Балалар өз байпақтарына ұқсас түсті аяқ киімді таңдап киеді.

Менің байпағым сары түсті, сондықтан мен сары аяқ киім киемін.


Балалар шарларды алып, орманға барады, оларды ақырындап аспанға жібереді, шарлар ұшып кетеді. Орманның ғажайып иісін иіскейді.

Ол жерде гүлдер өсіп тұр. үй тұр екен, ал үйдің жанында су бар екен.

Балалар суды үрлейді, толқынды көреді. суға гүлдерді салады,гүлдердің ашылғанын байқайды.
Балалар үйде кім тұратынын білгісі келіп, оның терезесінен қарайды. Машаға жандары ашиды.

Балалар Машаға шырын жасауға көмектеседі.

Судың иісі жоқ.

Түсі де жоқ.

Дәмі де жоқ.

Балалар тәрбиешімен бірге сөздерді қайталап айтады.


Балалар қасықтарды алып ұнтақты суға қосады.

Біз суды боядық,оның түсі өзгерді. Менің шырынымның түсі қызыл. Жасаған шырын өте дәмді, тәтті.


Ойынды қызыға ойнайды. балалар ұйықтап жатқан аюды оятуға тырысады. Ал аю балаларды ұстап ала алмай қуады, балалар аюдан қашады.

Балалар майшаммен саңырауқұлақтар салынған қағазды алып, оны бояйды, содан кейін саңырауқұлақтардың суреті көрінеді.Балалар аюдың Машаны үйіне жібергеніне қатты қуанады,жолда келе жатқанда спанч бробқа қуана қарайды.

Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, көпіршіктер жібереді.

Балалар шарларды алып қайтады.



Рефлекстік-қорытындылау

Қорытындылау.

Балаларға сұрақ қою.

Балалар, бізге кім келді?

Біз қайда бардық?

Бізге нелер жолықты?

Біз оларға өалай көмектестік?


Сендерге не ұнады?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бізге Маша келді.

Біз Машамен бірге орманға бардық.

Бізге аю, спанч боб жолықты.

Аюға шырын жасап бердік. Суды басқа түске боядық. Аюға саңырауқұлақтар салып бердік.






Күтілетін нәтиже

Білу керек: түстерді, ертегі кейіпкерлерін, тәрбиешінің көмегі арқылы іс-тәжірибені жасай білу керек; су туралы және оның қасиеттері туралы түсінігі болуы керек.

Істей алуы керек: көмек көрсете алуы; толық жауап қайтара алу керек; түстерді ажырата алу керек.
Каталог: uploads -> doc -> 06ee
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06ee -> Сабақтың мақсаты: тіл құдіретін,болашақта өркендеуінің, тілді көтерер ұрпақ біздер екенін ұғындыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет