Тақырыбы : «Менің Отаным – Қазақстан !». Тәрбие сағатының мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі64,15 Kb.
#7152
Тақырыбы : « Менің Отаным – Қазақстан ! » .

Тәрбие сағатының мақсаты: - Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.

- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.



Тәрбие сағатының көрнекілігі :

  1. Қазақстан Республикасының мемілекеттік рәміздері : Туы , Елтаңбасы , Әнұраны , Н . Ә Назарбаевтың портреті .

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар .

  3. Н . Ә Назарбаевтың жастық шағынан бастап қазіргі кезге дейінгі жинақталған буклеттер .

  4. Қосымша буклеттер .

Тәрбие сағатының барысы :

Мұғалім сөзі : « Менің Отаным – Қазақстан ! » тақырыбындағы алғашқы сабағымызды бастамас бұрын , сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін . Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен . Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен , сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған .

  • Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер ?

Қаракерей Қабанбай , Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап , беріректе Бауыржан , Мәншүк , Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен , сол үшін құрбан болып , ел құрметіне бөленген батырлар .

Ресейдің езгісінде болып тіліміз бен дінімізден безіп , орыстанғалы тұрғанда Қайрат

, Рысқұлбеков , Ләззат Асанова , Ербол Сыпатаев , Сабира апай сияқты қыршын

жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып , егеменді ел

болдық .

Отан ,Отан !!!

Сен болмасаң не етер ем ?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем !

Өмірден бұл өсуменен кетер ем , -

Байқайсың ба , байтақ далам қалай паң ,

Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән !

Ән салдырып тамсандырып әлемді

Аппақ сүттей келеді атып арай таң –

Дегендей , Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатырғанымыз Егемендігіміздің арқасы .

Қазақстан Республикасының Президенті Н . Ә . Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады ?

( « Нұрлы жол болашаққа бастар жол » Жолдауы )



  • 2015 жылы қандай атаулы мерейтойлар тойланады ?

( Қазақ хандығының 550 жылдығы , Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы , Ұлы Жеңістің 70 жылдығы ) .

Олай болса сабағымыз үш бөлімнен тұрады .



1 бөлім : « Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл »

2 бөлім : « Қазақ хандығына 550 жыл »

3 бөлім : « 100 нақты қадам »
1 бөлім : « Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл »

Достық деген не , оны қайсысымыз қалай түсінеміз , соны айырып алайық . Сөз жоқ , достық – егер соны досың шын жүрегімен , жаны ашып істесе . Ал өтірік жаны ашыса , жала жапса қалай болады ? Достық алдымен екі адамның бір – біріне адалдығы . Адалдықсыз достық болмайды . Сендер қалай ойлайсыңдар дос деген не? Дос қандай болу керек ?



Оқушылардың ойлары пікірлері тыңдалады .

Балалар , достық тағы кімдердің арасында болуы мүмкін ?

Осы достық , татулық жайлы , ынтымақтастық туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер ?
Досы көпті жау алмайды , дау алмайды .
Жаман аттан аяғым артық ,

Жаман достан таяғым артық .


Доссыз өмір тұзсыз ас .
Жүз теңген болғанша , жүз досың болсын .
Ынтымақ достықтың бірлігі .
Татулық табылмас байлық .
2 бөлім : « Қазақ хандығына 550 жыл »

« Тарих – ғасырлар куәсі » , « Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы , тұтастану тарихы . Қазақ тек бірігу , бірлесу жолында келе жатқан халық » - деп президентіміз Н . Ә . Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған борша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс . Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады .

Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз , біздің Отанымыз . Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді . Қазақтар мал өсіріп , жер игеріп , өз Отаның жаудан қорғаған , жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған , яғни біз үшін .

Қазақстан дейтін менің бар елім ,

Жатыр алып жарты дүние әлемін !

Бұл даланы анам жаспен суарған ,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман .

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезендерді бастан кешірді .

Мыңдаған жылдық тарихы бар , Қазақстан өз тәуелсіздігін алды .

Ал , 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды .

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып , Қазақстан тәуелсіздігін талап етті .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі . Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22- ші қыркүйекте алды . Ал 1997 жылы 11- ші шілдеде жаңа Заң өнделіп , толықтырып қабылданды .

Жаңа Заң VІ тараудан тұрады . Әр тарауда бірнеше бап бар .

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды .

3 бөлім : « 100 нақты қадам »

Үсіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н . Ә . Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта « Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадам » атты Ұлт жоспарын ұсынатының айтқан болатын . Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – « 100 нақты қадам » деген тақырыппен ұсынылды .



Мұғалім : « Қазақ баласының жеті дүниесіне не жатады деп ойлайсыңдар ? »

- Тәуелсіздік , көк Ту , Елтаңба , Әнұран , Президент , тілі .

« Менің Қазақстаным » тақырыбында көршіңмен сұхбаттас .
жері тәуелсіз елі өзен – көлі


Қазақстан

атақты адамдары , қалалары

батырлары


Мемлекеттік

рәміздері Елбасы өнері

Тірек сөздерді пайдаланып ,

1 . « Менің Отаным – Қазақстан » тақырыбына әңгіме құрастырып жаз .

2 . « Менің Отаным – Қазақстан » тақырыбына сурет сал .

3 . « Менің Отаным – Қазақстан » тақырыбына апплекация жаса .

Тілек .

Оқушылар көгершіндер таратылады . Өз тілектерін жазу керек .

( Болғаннан кейін плакатқа келіп . көгершіндерді іледі ) .


  • Балалар ! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы . Отансыз адам болмайды . Отанымыз көркейіп , гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек .

Еңбектену дегеніміз білімді , тәртіпті болумыз .

Хор : « Көк тудың желбірегені » ( Қолдарына жалаушаларды алып сермейді ) .



Қорытынды .

Желбіре туым желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді,

Атманмен алыс атанам.

Желбіре туым, желбіре,

Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,

Қасқайып төрде тұрамын.




« Менің Отаным – Қазақстан ! »атты сабағымыз аяқталды .

№1 жалпы орта білім беретін мектеп

Тәрбие сағаты:

«Менің Отаным - Қазақстаным»



Абдрахманова Л.Ш
Каталог: uploads -> doc -> 113a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
113a -> Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым
113a -> Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабағында»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет