Тақырыбы: Адыраспан – киелі өсімдік



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі377,07 Kb.
#35182
  1   2
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылы «С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Сара Жанатаева

Тақырыбы:Адыраспанкиелі өсімдік

Мазмұны
І. Кіріспе ...............................................................................................2


ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Адыраспан өсімдігіне биологиялық сипаттама..................4
2. 2. Халықтың наным-сеніміндегі адыраспан..............................6
2. 3. Адыраспанның емдік қасиеті...................................................7

2. 4. Зерттеу материалдары. Адыраспанды жинау, тұнбасын пайдалану............................................................................................10


ІІІ. Қорытынды...................................................................................14

ІV. Пайдаланған әдебиеттер...........................................................16


І. Кіріспе

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алыныды. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия,үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем-домды» дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында» деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа аудара бермейміз. Емдік шөптер үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып,қорғай білудің өмірдік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнан түбінде өсіп тұр», «Дәрісіз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік», «Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек...». Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктер түрлерінің 60% өседі.

Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден -жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден – капуста, сұлу-сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішінде адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.

Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады. Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманда, далалы, таулы аймақтардан тұрады.

Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адраспанды жеп қойса улануы ықтимал. Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп-рута, араб тілінде өсімдік  деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспан деген бір-ақ түрі өседі. Ол – кәдімгі адыраспан.



ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Адыраспан өсімдігіне биологиялық сипаттама.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. 


Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3 -5-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі адыраспан (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. 

Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Туркияда ерте заманнан ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14-16% май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.

Химиялық құрамы. Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан-улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. 


Қолданылуы. Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледерін пайдаланады. Адыраспан-ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінді атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған. 

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет