Тақырыбы: «Ақпыз, сары, қарамыз» Сынып жетекші: Шорманова г н



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі175,89 Kb.
#5923
  1   2

PowerPlusWaterMarkObject7766173alibek.u@mail.ru

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы



«Төле би атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы:   «Ақпыз, сары, қарамыз»



Сынып жетекші: Шорманова Г Н

2012-2013 оқу жылы

Тақырыбы:   «Ақпыз, сары, қарамыз»

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл создер, глобус, баспасөз материалдары.

Кіріспе әңгіме.

             -Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр-достық мерекесі. Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүниежүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. Ырыс алды-ынтымақ, достық-түбі береке, мереке дейді.



Айнұр: Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.

Айдана: Міне мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы-ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.

Айсұлтан: Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.

Заманбек: Ия, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

Ақсәуле: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.

Нұрболат: Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.

 Мырзабек қызы Айнұр: Қазақ биі.

Айнұр: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар, әртүрлі ертегі айтады. Әр түрлі бесік жырын жырлайды.Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.

Ақсәуле: Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

Айнұр: Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Н.Лушникованы мақтан тұтамыз.

Сабыржан: Ия, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді.

Сәнжан Ақсәуле: Өзбек биі.

Заманбек: Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Ақсәуле: Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.

Поэзия минуты. Оқушылар Отан туралы өлеңдерін оқиды.

Сана: Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен,бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді.Нәсілдікке бөлінбейді.

Көрініс: «Глобустағы алты құрлық бейнесіндегі балалар көрінісі».

Ақпыз,қара,сарымыз,                                                                                                                       Ағайынбыз бәріміз.                                                                                                                           Достық тату өмірге                                                                                                                             Дүние жүзі сенеді.                                                                                                                               Соғыс өртін өшіре                                                                                                                              Бейбітшілік жеңеді.



Мақсым Жанат: Үнді биі.

Қорытынды.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түсіндіңдер? Елімізде татулық, бейбітшілік болу үшін өздерің қандай үлес қосар едіңдер.

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Төле би атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет