Тақырыбы: Аш қасқыр Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі45,19 Kb.
#24493
Тақырыбы: Аш қасқыр

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Ас атасы нан екенідігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.

2. Дамытушылығы: Өмірден алған білімдерін, түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Нанды ысырап етпеуге, шашпауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : ертегі кітап, суреттер.

Артикуляциялық жаттығулар

Тыныс алу жаттығулары

Логопедиялық массаж

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Артикуляциялық жаттығулар

Тыныс алу жаттығулары

Логопедиялық массаж

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа.

Допты қойдым алдына

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Суретпен жұмыс жүргізу арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық.

-Суреттен нелерді көріп тұрсың?

-Суретке ат қой.

-Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт.

-Осы тағамдар дастарханға қалай келетінін, бүгінгі жаңа сабағымыз «Аш қасқыр» ертегісінен білеміз.

Дастархандығы нанның қандай қиын жолмен келетінін білдіңдер, ендеше көп термен келетін нан дәмі сондықтан дәмді екен.

Нанды сонда біз қандай маман иесі арқылы дастарханға қойып отырмыз деп ойлайсыңдар?

Егінші еңбегі сондай қиын, өте маңызды мамандық екен.

Оқулықпен жұмыс.

Рөлге бөліп оқыту.

Нанды құрметтеуге байланыста қандай әдептілік ережесін білесің?

Өз бетіңше ереже құрастыр және оны сақтауға әдеттен.

Нанды құрметтеу ержесі:

1.

2.


3.

Дәптермен жұмыс.

Эссе жазу. Тақырыбы: «Ас атасы-нан».

Ойын: мақалдың жалғасын тап.

1. Еңбек етсең.......

2. Нан-дастархан......

3. Дастарханда наны жоқтың,

...............

4. Нанға құрмет -.......

5. Еңбектің наны тәтті

...........
IV. Сабақты қорыту.

-Қасқыр қандай балаға ұқсайды?

-Жалқау, еріншек, дайынды жегісі келеді.

-Егінші, қандай?

-Мейірімді, пысық, еңбекқор, адал, ақ көңіл.

-Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсындар?

Пікіріңді дәлелде.

Балалар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдармен аяқтайық.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


V. Үйге тапсырма.

«Аш қасқыр» ертегісін түсініп оқып, мазмұндап келу.

Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу.

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

- Күз айларын кім айтады?

- Қазір қай ай?

- Бүгін қарашаның нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Ауа райы қандай?

Артикуляциялық жаттығулар

Тыныс жаттығулары

Логопедиялық массаж

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз.

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

М: ақ ешкі, қара сиыр, үлкен түйе т.б.

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ.

Мәтінмен жұмыс.

Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді.

1.Мәтінді оқыту.

Сергіту сәті. «Тербеледі ағаштар»

ІҮ. Бекіту.

1. Сөздерді сәйкестендір.

Ақ түйе

Бір құлын

Қоңыр қой

Үлкен сиыр

Кішкентай бота

2.Үй жануарларының төлдерін жазу.

Сиырдың төлі – бұзау.

Жылқының төлі – құлын.

Түйенің төлі – бота.

Қойдың төлі – қозы.

Ешкінің төлі – лақ.

3. Көптік жалғауын жалға.

Құлын+дар

Ешкі +лер

Лақ+тар

Қой+лар


Ү. Қорытындылау.

- Үй жануарларына нелер жатады?

- Олардың төлдерін атап беріңдерші.

- Олардың бізге берер пайдасы не?



( Тақтаға шығып жазады)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет