Тақырыбы: Бақыт деген менің бала күндерім



Дата12.03.2018
өлшемі40,6 Kb.
#38679
Тақырыбы: Бақыт деген менің бала күндерім.

Мақсаты : Оқушыларға аналарды құрметтеуге, ананы ардақтап, қадірлеуге тәрбиелей отыра ана мен бала арасындағы байланыс пен достық қарым-қатынас туралы жан-жақты пікір қалыптастыру. Бағдарламада интелектуалды сұрақтарға жауап беруге, ананың бала тәрбиесіндегі алатын орны туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: адамгершілікке,адалдыққа,қайырымдылыққа, мейірімділікке, қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Акт, слайдтар,шарлар, нақыл сөздер, сыйлықтар.



Сайыс барысы :

1.Тренинг. «Бір ананың жеті қызы.» 2. Таныстыру. «Сіз және мен.» 3.Рефлексия. «Қыз балаға тән жеті қасиет.» 4. «Жұмбақ кейіпкер» (Пікір тыңдау) 5. Мен қазақ қыздарына қайран қалам» (Танымдық қабілет.) 6. Тілашар. «Өзге тілдің бәрін біл!..» 7.Өзін-өзі реттеу. (Үй тапсырмасы.) 8. Кім шапшаң. ( Сұрақтарға жауап беру.)

Сынып бөлмесі шарлармен безендірілгген. Ортада дөңгеленген үстелдер тұр. Ата-аналар төрден орын алған. Әсем әуен ойнап тұр.

I.Ізденуші-ұйымдастырушы кезең.

-Балалар, бүгін қандай мереке? -8 Наурыз аналар мен қыздар мерекесі. –Ендеше,осы мерекеге арналған сыныптағы қыз балалар мен аналарының қатысуымен интелектуалды сайыс өтеді.

-Балалар, бз бүгін «Отбасы» тақырыбында әңгіме қозғаймыз. Сендер Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы тыңдалады.) Ой толғау. –Отбасы ол үлкен қуаныш,шаттық,мейірімділік,сүйіспеншілік ортасы. Отбасы берекесі,қуанышы сол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластықты қарым-қатынасынан болады. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып өседі. Отбасы мүшелеріне көмектесу,қамқор болу, айтқанын тыңдау әр баланың қолынан келеді.

1.Тренинг. «Бір ананың жеті қызы.» Жеті оқушы қыз бала мұғалімді айнала шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім –Ұстаз –оқушының екінші анасы.Ол үнемі өз баласындай мейірімін төгіп, жақсылық жасауға дайын тұрады. Саған «Ақылды,әдепті,еңбекқор бол!» деп үнемі үйретіп отырады. Дегенмен, өздеріңнің етене жақын, жақсы көретін аналарың бар,Сол абзал аналарыңа құшақ ұрыңдар.

Әр қыз бала өз отбасы туралы.

1қыз: - Менің отбасым-мейірімді. 2. Қыз: - Менің отбасым бақытты. 3 қыз :–Менің отбасым- тату. 4 қыз :Менің отбасым әдемі. 5қыз :–Менң отбасым қайырымды. 6 қыз :–Менің отбасым-қонақжай. 7 қыз :–Менің отбасым-сыйлы. Бәрі : «Біз отбасымызды жақсы көреміз!»

2.Таныстыру «Сіз және мен.» (Анасы мен қызы бір-бірін таныстырады.)

Анасы :–Менің қызым ақылды, мейірімді, әдепті, қайырымды. Ол отбасында сыйластықта болады. Үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор болады. Бос уақытында кітап оқығанды ұнатады, бөпелеоін бағады.

Қызы: –Менің анам сабырлы, қайратты, еңбекқор,сұлу. Менің анам асты дәмді дайындайды. Отбасының берекесін сақтайды.

3.Рефлексия. «Қыз балаға тән жеті қасиет.» (Қыз бойындағы болатын қасиеттерді таныстырады.)

Ән. «Ақ тамақ.» Орындаушылар Дулат ,Дәуірбек.

4.«Жұмбақ кейіпкер.» ( Интерактивті тақтадан жұмбақ кейіпкер туралы өз пікірлерін білдіреді.) Тақырыбы «Кім кінәлі?»


  1. Қыз баланы тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  2. Қыз бала неліктен ата-анасынан безіп кетті?

  3. Жаны жаралы қыз балаға қандай ақыл қосасыз?

  4. Қыз бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын ата.

  5. Мұндай жағдайда не айтуға болады?

  6. Қыз балаға кімдердің көмегі жетіспейді?

  7. Сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5.Танымдық қабілет.«Мен қазақ қыздарына қайран қалам.» (Қазақтың атақты қыздарын атау.) Слайдтан ұлы қазақтың қыздары Күләш,Шара, Хиуаз, Мәншүк,Әлия ,Фариза,Әмина, Роза, Бибігүл суреттерін таныстыру.

6. Тілашар. «Өзге тілдің бәрін біл!» ( Әрбір отбасы орысша сөздің қазақша атауларын атап,ұйқасын табады.)

1. Звер-аң, закон-заң. Май-мамыр,корень-тамыр. Ветеран-ардагер, космонавт-ғарышкер. Облака-бұлт, нация-ұлт.

2.Единство-бірлік, подвиг-ерлік. Время-уақыт,счастье-бақыт. Локоть-білек, желание-тілек.

3.Человек-адам, шаг-қадам. Сахар-қант, честь-ант, заяц-қоян, мушкатер-ноян.

4. Почка-бүйрек, утка-үйрек. Арбуз-қарбыз, один-жалғыз, человек-адам,шаг-қадам.

5. Жизнь-өмір, угол-көмір. Рука-қол, дорога-жол. Жук-қоңыз, свинья-доңыз.

6. Трава-шөп,много-көп, девочка-қыз, соль-тұз, мыш-тышқан, бабаяга-мыстан.

7. Вода-су,флаг-ту, рыба-балық, налог-салық, лето-жаз, гусь-қаз.



Ән. «Бақыт деген бала күндерім» Ақсана,Гүлдана.

7 «Өзін-өзі реттеу.» (Үй тапсырмасы) Оқушылар өздері дайындаған көріністерді көрсетеді.

8.«Кім шапшаң» (Сұрақтарға жауап беру.)



Сұрақтар :

  1. Балаларды қорғау күні қай күн? -1 маусым 2.Баланың басты құқықтары қандай? –оқу, мектепке бару, үлкенді сыйлау.

7мен 8 дің көбейтіндісі нещеге тең? -56. 4. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толды? -25 жыл.

5.Отан қорғаушылар күні қашан?-7 мамыр.

6.Елбасының туған күні.-1 желтоқсан.

7.Рәміздерді ата. –Елтаңба,Әнұран,Ту.

8. Есіл өзені қай қалада? Астана.

9. Неше жас кәмелеттік жас? -18 жас.

10. Конституия күні қай күн? -30 тамыз.

Сайысты қорытындылап, жүлдегерлерді марапаттау.



Ii бөлімі.

Оқушылар ата-аналарға арнап тақпақтарын айтады,құттықтап өздері жасаған сыйлықтарын ,гүл шоқтарын береді.



Ән. «Ана» Орындаушы Халелина С.

Аналарсыз күнің күн бе сұрықсыз. Қадірлейік нәзік жанын ұғып біз. Сегізінші наурыз мейрам күнімен, Орнымыздан құттықтаймыз тұрып біз!-деп сайысты аяқтайды.



Соңы.
Каталог: uploads -> doc -> 01c7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c7 -> Сабақтың тақырыбы: Жырдың қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Мақсаты
01c7 -> Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы Сабақтың мақсаты
01c7 -> Жасуша тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет