Тақырыбы: «Бастауышым –балғын шағым»



Дата13.03.2020
өлшемі19,42 Kb.
#60087
Байланысты:
bastauysh sairam

Тақырыбы: «Бастауышым –балғын шағым»
Сабақтың мақсаты:

1) Білімнің сара жолын бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2) Бастауыш сыныбымен алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұзтаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.

3) Білім берер ордасы- мектеп ұзтаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.



Ресустар:Слайдтар.Безендірілген зал.

(Фанфары.Коридордан жүргізушілер кіреді.)

1-жүргізуші:Т.Бекжан 
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.


2- жүргізуші:Анель
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді 
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

1-жүргізуші:Т.Бекжан 

Бүгін міне,бастауышпен қоштасар
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Ұстазбенен 4 «Ә» сынып оқушыларын ортамызға.

(Музыкамен ұстаз және оқушылар ортаға шығады)


Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4 «Ә» сыныбының «Бастауышым балғын шағым!» атты ашық сынып сағатына қош келдіңіздер.

Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Бастауышым,балғын шағым» атты ашық сынып сағатын тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:Т.Бекжан
Қадірлі ,ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,
Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
Қалаған бастауыш сыныбымызбен.

2- жүргізуші:Анель
Сондай-ақ біздің ыстығымызға
Күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан
Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы 
Ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-оқушы:Камила
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
2-оқушы:Самат
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

3-оқушы:Ақмарал
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
4-оқушы:Бағжан
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.

5-оқушы:Бейбарыс
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.

1-жүргіуші:Т.Бекжан

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Хор: «Бастауышпен қоштасу» (Айгөлек)



6-оқушы:Ермахан
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.

7-оқушы:Арайлым
Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.

8-оқушы:Алинұр
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
9-оқушы: Аделя
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

10-оқушы:Нұрлыбек
Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.

2-жүргізуші: Анель
Бекжан, Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1- жүргізші:Т.Бекжан 
Ия, Анель бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

БИ. «Джентельмен»

Орындайтын 4 «Ә» сынып ұл-қыздары
2- жүргізуші:Анель 

Біз нені үйрендік?Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.1-жүргізуші: 
Біз нені сүйеміз?Ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

1-жүргізуші:Т.Бекжан
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған дара болған біз үшін
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті.
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

2 жүргізуші:Анель
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді оиға тоқып қайтарам

«Алғашқы ұстазым» әні. Мәулен Арайлым

1- жүргізуші. 
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты

2-жүргізуші:Анель 
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.
Хор: «Ұстазға мың,тағзым!»


1-жүргізуші:Т.Бекжан
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің
Ұша білсек, болмас- ау, қону қиын
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билеміз соңғы биін.

Би:Вальс
Хор: «Бастауышпен қоштасу» (Қимай тұрмын)
Би: Испан биі

Би:Қазақ биі




1 жүргізуші:
Сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Жұлдыз Тұрсымбекқызына береміз.

2 жүргізуші:
Ата-аналарымызға сөз береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет