ТАҚырыбы: Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек және спорттық ойындарының жүйесі мазмұны кіріспе


Жекпе-жек спорттық ойындарында дене жаттығуларының және



бет3/3
Дата03.02.2020
өлшемі309,5 Kb.
#57085
1   2   3
Байланысты:
КОЙШМАН Спорттық жекпе-жек ойындарының мектептегі маңызы
Жүзу

2.3 Жекпе-жек спорттық ойындарында дене жаттығуларының және алғашқы оқыту әдістемесіндегі жаңа қадамдар жасаудың рөлі

Қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады. Ол әдістемеде – қағидалар деп аталады. Оқыту қағидаларының мазмұнын білу мұғалімге оқытуды дене қимылы жаттығуларына уйрету үдерісінің заңдылықтарын қарастыратын талаптарға сәйкес құруға мүмкіндік жасайды: біріншіден, оқушылардың оқу материалына деген саналы да, белсенді көзқарасын туғызу; екіншіден, оқытудың нәтижелілігін объективті түрде бағалау; үшіншіден, оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес, оқытуды іске асыру; төртіншіден, қайталаумен, жүйелілікпен, бірізділікпен және біртіндеушілікпен ерекшеленетін педагогикалық үдерісті құруды көздейді.

Педагогикалық ғылымда педагогикалық үдерістің заңдылықтарын, мұғалімдер мен оқушынардың іс-әрекеттерін көрсететін басшылық нұсқаулар мен маңызды бастапқы қалыптарды қағидалар деп атайды. Қағидаларда ғылыми фактілердің бүкіл тұтастығы және ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан педагогикалық сараман біріктірілген. Бірақ, қағидалар - тек ғылым мен сараманның фактілерінің жиынтығы ғана емес. Олар педагогикалық үдерістің осыған сәйкес жағынан белгілі бір түсініктердің, олардың ашылу фактілерінің тарауы жағынан белгілі.

Өзінің функционалдық мүмкіндіктеріне орай, оқыту негізіне жататын заңдылықтар әртүрлі болады. Осыған сәйкес, оқыту қағидаларын өзара байланысқан төрт топқа бөлген дұрыс: қатынас қағидасы, бағалау қағидасы, сәйкестену қағидасы, құру қағидасы. Қағидалар топтарының әрқайсысының аттары шартты түрде айқындалған, бірақ, педагогикалық міндеттерді шешу кезінде қолданатын қағидалардың функционалдық мүмкіндіктерін қолдану үшін, мұғалімді бағыттауға арналған. Бұдан басқа, қағидалардың әрқайсысының аттары педагогикада және дене тәрбиесінің теориясында қолдануға кедергі келтірмейді. Балалардың оқуға деген саналы түрде белсенділігін қалыптастыру қажеттілігі саналылық және белсенділік қағидаларымен қарастырылады. Дене тәрбиесі функционалдық мүмкіндіктердің жалпыламасы негіздемесінде, оларды қатынастар қағидаларының тобына біріктіру қажет. Оқыту үдерісінің нәтижелерін объективті түрде бағалау қажеттілігі ғылымның және беріктік қағидалармен алдын-ала қарастырылған. Функционалдық мүмкіндіктердің жалпыламасы негіздемесінде олар бағалау қағидасының тобына бірігеді.



Баланың жас, тыныс, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес, оқытуды жүргізу қажеттілігі жекелік, қол жетімдік, көрнекілік қағидаларына байланысты қарастырылады. Берілген функционалдық мүмкіндіктердің жалпыламасы негізінде оларды сәйкестендіру қағидалары тобына біріктірген пайдалы болады. Оқу материалының ең ыңғайлы нақты құрылымын құру қажеттілігі қайталау, жүйелілік, реттілікжәнебіртіндеушілік қағидаларымен қарастьірылған. Осы функционалдық мүмкіндіктердің жалпыламасы негізінде олар құрастыру қағидалары тобын құрайды.

Саналы меңгеру жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға, оларды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пән аралық байланыстарды тұтас бақылап отыруға мүмкіншілік береді. Кез-келген жаттығудың балаларға түсіндірілуін, орындайтын жаттығуы жөніндегі өздерінің ойын үлгісін жасауын және жаттығуды орындау ісіне толық саналы түрде карауын талап етеді. Сондықтан, оқушылардың іс-әрекеітер мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі:

Оқыту барысында алдын-ала кез-келген қимыл-қозғалысты ойланып барып орындату;

Кез-келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуде жаттығу тәсілдерінің бөліктеріне назарын аударту. Мысалы: биіктікке секіруде тебіну тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару;

Бұлшық ет сезімінің әсері арқылы ойлау қабілетін калыптастырып іс-әрекет істеу кезінде, ішкі құрылыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.

Оқушының белсенділік сипаттамасы оның оқу үдерісіне деген саналы қатынас мөлшерінің басты көрсеткіші болып табылады. Саналылық арқылы белсенділікке өту — осы екі қағиданың өзара байланысын көрсетеді. Саналылық белсенділіксіз дене шынықтыру сабақтары кезінде дене қимылы жаттығуларын орындауды жай бақылап тұруға, ал белсенділік саналылықсыз – қажет емес қимыл-әрекеттерді орындауға әкеледі. Тек саналы түрдегі белсенділік арқылы белгілеп қойған міндеттерді орындауға болады.

Оқушының белсенділігі оның оқу үдерісіне деген сапалылығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділілікті құрайды. Атап айтқанда, саналылык белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке, саналынықсыз белсенділік мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі теориясында (педагогика теориясындағы сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады. Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережелерге сүйену қажет: Оқушының мінез-құлқына көрсетілген талапқа әсер ету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе, онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары дәрежеде дамыту қажет. Бұл үшін жаңа ойын және жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.

Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады. Қимыл-әрекет белсенділігі дене тәрбиесін оқытудағы неғұрлым көп және күрделі сипатты белгілерін көрсетеді. Қажетті қимыл-әрекет белсенділігін көрсетпей жатып, ең қарапайым деген дене қимылы жаттығуын да игеру мүмкін емес. Қимыл-әрекет белсенділігінің деңгейі дене қимылы жаттығуын үйрену кезеңіне байланысты, өзгеріп отырады: қимыл-әрекет амалдарымен танысу кезіндегі оның деңгейі жетілдірудегі деңгейінен төмен болады. Оқыту мерзімдерін қысқартқан жағдайларда қимыл-әрекет белсенділігі артады.
Алғашқы оқыту әдістемесіндегі жаңа қадамдар жасаудың рөліне келетін болсақ балуандардың алғашқы дайындық оқуындағы маңызды сұрақтардың бірі болып, бұл жастағы балалардың функционалдық ерекшеліктеріне сай үйлесімді аймақтарын анықтау, күрестің техникалық іске асуын қадағалау болып табылады.

Бұрынғы классикалық қазіргі греко-рим күресіне оқытудың техникасын дамытуды және неғұрлым жақсы әсер беретін дайындықтарды жақсарту үшін көпжылдық эксперименттік тәжірибе жұмыстары жүргізілген. Мәскеу қаласында 10-12 жасар балуандардың бірнеше тобына арнайы педагогикалық эксперимент жүргізілген. Эксперимент барысында әр оқу жылы бойындағы оқытылған әр түрлі әдістемелік тәсілдердің әсерлері салыстырылып тексерілді (15-тен 20-ға дейінгі күрес тәсілдері, қарсы әдіспен қорғануды қоспағанда). Күрес әдістерін меңгерудің жүйелігі де әр қилы болды: бір жағдайда серіктестің (партнер) бір жылдық жоспарлы күрес әдістері зерттеліп, содан кейін тік тұру тәсілі оқылса, екінші жағдайда бұл екі әдіс қарама-қайшы; үшіншіден жоғарылаған қиындатылған тәсілдерді жаппай оқытудың жаңа жүйесі енгізіліп, оқытылды.

Бұл әдістердің бір-бірінен айырмашылығы, бағалылығы аталған күрес тәсілдерін меңгеру және игере білуден жақсы байқалады. Сонымен қатар, бұл тәсілдерді жарыс кезіндегі жан-жақты жетік пайдалана білумен қатар, спорттық жетістіктерге, балуандар жүрек-қан тамыр айналу жүйесі мен тыныс алу ағзаларының функционалды көтерілген деңгейіне физикалық дайындығы мен физикалық өсіп-жетілуіне тікелей байланысты.

Жүргізілген зерттеулердің талдау нәтижесі көрсеткендей: сапалы және жан-жақты техникалық дайындықты бірінші жылдағы сабақтарда-ақ көптеген тәсілдерді, қорғанысты және қарсы тәсілдерді оқып, үйрене бастаған балуандар емес, көп комбинацияларды меңгерген, күрес тәсілдерін әдетке айналдыра бастаған балуандар көрсеткен.

Күрес техникасын рациональдық жүйелілігі біртіндеп қиындаған тәсілдерді кешенді игеру жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің мәнісі неде? Мәселен бір жыл ішінде техникалық күрес тәсілдерінің белгілі сандарын үйрену жоспарланған.

Ол үшін оқып-үйренуге тиісті барлық техникалық тәсілдерді маманданған топтарға бөлу: кілемде бұрап аудару, жүгіре аудару, өтіп барып аудару, қолды кілттеп ұстау және т.б.; тұрыста – жұлқып ауыстыру, аяқтан шалу, арқадан асыра лақтыру және т.б.

Мұнан кейін бұлардан арнайы кешенді әдістер құралады. Бұл тәсілдер кілемде жатып белдесу мен тұрып күресудің тәсілдерінен алынып, бұрынғы үйренген тәсілдермен жаңа тәсілдерден тұратын комбинациямен аяқталуы. Тәсілдер координациялық қиындықтармен физикалық жоғарғы күш салудан құралады. Бірінші кешен кілемде жатып күресумен, тұрып белдесудің жасөспірімдерге жеңіл түрін біріктіреді. Ал әрбір келесі кешен бұрынғылардан қиын тәсілдерден тұру қажет. Бірінші ең жеңіл кешеніндегі тәсілдерді үйреніп болған соң, жас балуандар екінші қиындау кешенді үйренуге кіріседі. Сонан соң үшінші және т.б. осылай бүкіл жылдық бағдарламаны меңгергенше жалғасады (мұндай кешенді жұмыс жасау әдісін басқа спорт түрлеріне қодануға болады).Түрлі спорт түрлері бойынша жаттыққан бұрынғы СССР-дің спорт шеберлерінің жасына талдау жасай отырып, салыстырмалы түрде алғанда жүйелі жаттығуларды анағұрлым кеш бастаған спортшылар жоғарғы атақтарға ие болғандығына көзіміз жетті. Халықаралық аренада совет балуандары үлкен жетісіктерге жетті. Алған биіктікті ұстап тұру үшін жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауды үзбей жалғастыу қажет. Бұл тапсырманы орындау тек дұрыс және ғылыми дәлелденген әдістемелерді пайдалану және оқыту барысында қол жеткізуге болады. Дәл қазіргі уақытта бірқатар оқыту әдістемелері және жас балуандардың техниканы жетілдіру тәсілдері жақсы дамыған.

Еркін күрес техникасына алғашқы үйретудің бірқатар мәселелерін шешу үшін елдің, республикалардың, мекемелердің, құрама командаларының 50-ден аса жаттықтырушыларына анкеталық сұрақтар мен сұқбаттасу ұсынылып жүзеге асырылды. Үлкен дәрежелі мамандардың (КСРО-ға еңбегі сіңген 15 жаттықтырушы, КСРО-ға еңбегі сіңген 5 спорт шебері және 43 КСРО спорт шебері) тәжірибелерін зерттеу мен қорытындылау, қазіргі бастапқы дайындықтың мүмкіндіктерін кеңінен бағалауға жол береді.

Анкеталық сұрақтарды талдауда көрсеткендей, үйірмеге қабылданатын балалардың жас шамасы 10 мен 12 жас аралығында. Бұл ДЮСШ бағдарламасы ұсынғаннан едәуір төмен.

Жаңадан келгендерді топтарға жинақтауда жаттықтырушылар бұрын акробатикамен, спорттық гимнастикамен, спорттық ойынмен айналысқан балаларды алғысы келеді. Жаттықтырушылардың бір бөлігі (11%) үйірмеге бұрын спортпен айналыспаған, былайша айтқанда таза балаларды алады. Олар бұл амалдарын былай түсіндіреді. Басқа үйірмеден келген балалар қиындық түсіп, қиналғанда қайтадан басқа үйірмелерге қашып кетеді.

Бастапқы дайындық топтарына қабылдау белгілері әр түрлі. Сұралған бапкерлердің көпшілігі (60%) алғашқы орынға қара күшті қоды. Күш нормативін басқа да жаттықтырушылар алғашқы деп есептейді. Дегенмен біздің ойымызша күш шешуші рөл атқара алмайды, өйткені күш жаттығу барысында онсыз да толығады. Бапкерлер бақылау жаттығуы есебінде белтемірге 6-8 рет, жатып серпілуді 13-16 рет, өз салмағымен отырып-тұру, гимнастикалық жаттығулар және т.б. қолданады.

Шапшаңдық-күш мінездемесіндегі нормативті 44% бапкерлер қолданады. 30, 60, 100 метрге жүгіру, бір орында түрегеп секіру, жүгіріп секіру т.б. сонан соң координациялық сапаны айқындайтын нормативткер ептілік (38 бапкер), акробатикалық жаттығулар, тапқырлық пен мән берушілік ойындары, спорттық ойындар. Жасөспірімнің иілгіштігін анықтайтын нормативтерге сұралған бапкерлердің 28% жүгінген.

Конституциялық және морфологиялық ерекшеліктеріне үйірмеге алу кезінде 18% бапкерлер өз таңдауын жасаған.

Кейбір бапкерлер (16%) жарыс кезінде іріктеу өткізіп, күреспен айналысқысы келгендердің барлығын да күрестіріп көріп алады. Күрес кезінде олардың тапқырлығы мен кез келген сәтте оңтайлы шешім қабылдау қабілетіне назар аударады.

16% бапкерлер іріктеу кезінде моральдық-еркіндік сапасына: еңбексүйгіштік, жауынгерлік мінез, күреспен айналысуға құмарлығы, қадалған жерден қан алғыштығы және т.б. ерекшеліктеріне мән берген.

Бапкерлердің бір бөлігі (14%) барлық талапкерлерді қабылдап, оларды 1,5-2 ай шамасында бақылауда ұстайды. Балалар күрес техникасын қалай үйренеді, жүктемеге шыдайды (кейде арнайы көбейтілген) содан кейін топты жиыстырады.

Шыдамдылық нормативті 1 км және одан жоғары жүгіру кроссты бапкерлердің 4% өз тәжірибелерінде қолданған.

БЖСМ нормативтерінің негізінде күрес үйірмелеріне балаларды алуды тек 4% бапкердер өткізген. Ескере кететін жайт, бапкерлер қолданған нормативтер БЖСМ-нің бастапқы дайындығына түсудегі бақылау нормативтерінен жоғары көрсеткіште.

Топқа түскен кездегі адамдар саны – 31 (ДЮСШ бағдарламасы 20 адмға негізделген), оқу жылының аяғында 15, ал келесі жаңа оқу жылының басында 12 бала қалады. Бір жылда әр үшінші оқушы кетеді. Одан басқа бір жыл ішінде бір топты жасақтау кезінде 100 адамнан 450 адамға дейін қарастырылады.

Жаңадан келгендермен бапкер аптасына 100-110 минуттан 3-4 сабақ өткізеді. Барлық сұралған бапкерлердің жартысына жуығы тәсілдердің қайталануының санын ескермейді. Структураны оқып-үйренудегі (43,1%) кезде болса да, оны іске асыруда болса да (29%). Оның үстіне жоғары дәрежелі бапкерлер де (КСРО-ға және одақтас республикаларға еңбегі сіңген) қайталаудың санына көп мән бермейді. өздерінің тәжірибелеріне сенетін болса керек. Орташа көрсеткіш бойынша әдісті үйренудегі қайталау - 29 болса, бұл көрсеткіш жоғары дәрежелі бапкерлерде - 25, ал қалғандарында - 34 рет. Әдісті әбден жетілдіру кезеңінде орташа саны 46-ға дейін көтерілуі, жоғары дәрежелі бапкерлерде – 39, ал қалғандарынікі – 48. Әдісті жетілдіру кезінде бір сабақта 10-нан артық қайталаттырмайды. Атақты бапкерлердің әдісті үйрену кезеңінде де, оны жетілдіру кезеңінде де қайталауға аз ден қоюы, олардың әдістің техникасын оқытуы одан да сапалы жұмысқа ұмтылуынан секілді.

Бапкерлердің 84% 10-11 жас аралығындағы балуандарды 13-15 жас аралығындағы балуандармен біріктіріп оқыту мүмкіндіктерін алға тартыпты. Елді алдыңғы қатарлы бапкерлері алғашқы дайындық топтарына іріктеуде тәжіррибеге бай әдістемелер топтамасын қолданады. Бірақ бұл процесте бір жақты жүйе жоқ. Бапкерлердің тәжірибеде қолданып жүрген нормативтері ДЮСШ бекіткен бағдарламадағы нормативтерден анағұрлым жоғары. Бір оқу тобын жинастыруда бапкер 100-ден аса баланы қарайды.

Бапкерлердің тәжірибелік белсенділігін талдау көрсеткендей, жас балуандардың оқу-жаттығу процесінде жоғары дәрежедегі балуандарға қолданғандай әдістемелер мен нұсқауларды жиі пайдаланады.

Мұндай тәсілдер, әрине өзіндік жақсы нәтижелерін берері және спортшының өсу-толысу кезеңінде жарысқа жетістікпен түсуіне кішкене болса да көмегі тиері сөзсіз.

Үйрену және жетілдірудегі қолданылып жүрген әдістерді қайталаулар жолымен жүзеге асырылады. Стойкада тұрып қолданатын әдістерді үйренумен жетілдіруде бапкерлер арнайы жаттығулардың көптеген түрін қолданады. Анкеталық сұрақтар нәтижесі бойынша белгілі болған тағы бір жай: кілемде жатып күресудің арнайы жаттығуларын жан-жақты етіп нығайту қажет. Кілемде жатып та, тұрып та күресуді үйренуде және жетілдіруде жарайтын тренажерлар қолданылмайды. Оқытуға тиісті техниканы меңгеруде инструментальдық әдістеме жоқ.




3. Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек спорттық ойындарының жүйесі

3.1 Жекпе-жек спорттық ойындарының құралдары


Дене шынықтыру сабақьарында жекпе-жек спорттық ойындарының ең негізгі құралына дене қимылы жаттығулары кіреді. Енді, осы жаттығуларға түсініктеме беріп, олардың түрлері, құрамы, қолдану аясы, сипаты және т.б. мінездемелерін қарастыруға болады.

Дене қимылы жаттығуларының теориясын білу, мұғалімге қойылған педагогикалық міндеттерге сәйкес, ең әсерлі тиімді дене қимылы жаттығуларын таңдап алуына; дене қимылы жаттығуларының ыңғайлы да, тиімді жүйесін жасақтауға; дене қимылы жаттығуларының педагогикалық классификациясын толыққанды қолдануға; дене қимылы жаттығуларын қосымша амалдар кешенімен сауатты түрде қолдануына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мұғалімнің алдында нақты тапсырмалардың болуы керек.

«Дене қимылы жаттығуы» түсінігі адамның қозғалыс және қимыл-қозғалыс әрекеттері жайлы түсініктерімен байланысты. Қозғалыс деп, дененің немесе оның бір бөлігінің моторлық функциясының, қалпының өзгеруін айтады. Дене тәрбиесі үшін табиғи емес, жасанды жаттығулар маңыздырақ.

Әрбір жасанды қимыл-әрекет үш сипатты белгілермен сипатталады:

  • ол әрқашан да ақыл-естің функциясы болып табылады;

  • ол оқыту үдерісін қоса отырып, адамның өмір сүру іс-әрекеті нәтижесінде қалыптастырылады;

  • қимыл-қозғалыстарға үйрену, оларды оқушының күш-еркінебағыныштылығы деңгейін жоғарылатады.

Жеке қимыл-қозғалыс іс-әрекеттін әлементі болып табылады.Өзара байланысқан қимыл-қозғалыстар арқылы іс-әрекет іске асырылады. Мысалы, аяқ, қол, бас, дене қимыл-қозғалыстарының анықталған жүйесі оқушыға іс-әрекетті секіру түрінде орындауғамүмкіндік береді. Тура бір сол қимыл-қозғалыстар арқылы әртүрлі іс-әрекеітерді орындауға, және керісінше, тура бір сол іс-әрекетті әртүрлі қимыл-қозғалыстармен іске асыруға болады. Бұл тура бір қимыл-қозғалыстардан, олардың әртүрлі жүйелерінің пайда болуы мүмкіндігін және тура бір сол қимыл-қозғалыс кезектілігінен, олардың жылдамдық, амплитуда және т.б. түрлі мінездемелері болуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс жүйесінің сәйкестігі немесе сапасы алға қойылған міндеттерді шешудегі іс-әрекет жеделдігінің нәтижелерімен анықталады. Сонымен, нақты міндеттерді шешуді көздейтін және осының негізінде аныкталған бір жүйеге біріккен қимылдар қимыл-қозғалыс іс-әрекетін құрайды.

Іс-әрекеттерді іс-қызметті іске асырудың нақты тәсілдері ретінде қарастыруға болады. Мысалы, оқушының дене шынықтыру сабақтары кезіндегі оқу іс-қызметі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларында қарастырылған іс-әрекеттер жүйесін меңгеруден тұрады. Іс-әрекеттер әлеуметтік сипатта болады, себебі, оқушы қоғамның білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, білім алады. Одан басқа, іс-әрекеттер белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Мысалы, қысқа қашықтықтарға жүгіру, жүгіріп келіп ұзындық пен биіктікке секіру, доп, граната, диск, ядро лақтыру сияқты жаттығуларды орындау арқылы, оқушы Елбасы сынамаларының ішінде жеңіл атлетикалық бөлімді тапсыруға өзін дайындайды. Іс-әрекеттер, көбінесе, оқушының білімі, қимыл-әрекет тәжірибесі және берілген іс-әрекетті орындауға арналған сынақтардың анықталған санының негізінде қалыптастырылады. Жоғарыда айтылған қимыл-қозғалыс пен іс-әрекет сипаттамаларының негізінде дене қимылы жаттығуларының теориясы құрылады.

Дене жаттығулары — деп, адамның дене жетілдіруі үшін құрылган және қолданылган кимыл-қозғалыс әрекеттерін айтады, деп глоссарийде түсініктеме берілген. Бұл ережені қайталағанда, алынған білімді одан әрі бекіту болын табылады.

Кез келген қимыл-әрекетті дене жаттығуы деп атай беруге болмайды. Тек дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге арналған, оның берілген заңдылықтарға бағынған жағдайдағы қимыл-әрекеттер дене қимылы жаттығуларын құрайды. «Дене қимылы» сөзі (ақыл-ой тәрбиесіне карағанда) сырттай көрініс күйде адамның денесінің және оның беліктерінің уақытта және ауысу мінездемесін сипаттайды. Бірақ, бұл сөз тек орындап жатқан қимыл-әрекеттердің жүйке-бұлшық ет аппаратының қызметіне әжептәуір тәуелділігін, сонымен бірге, оның ағза дене құрылымына басымды түрде әсер етуін көрсетеді. ІІІын мәнінде, дене қимылы жаттығуы сана-сезім қызметін атқара отырып, адамға бүтіндей ықпал жасайтын – күшерік актісі болып табылады.

«Жаттығу» сөзі адамның дене қимылы және психикалық әсер ету мақсатындағы қимыл-әрекетінің бағытталған қайталауын және осы қимыл-әрекетті орындауды жетілдірудің тәсілдері жайлы айтылады. Осылайша, дене қимылы жаттығуы бір шетінен, нақты бір қимыл- әрекет ретінде, екінші шетінен - көп дүркін қайталау үдерісі ретінде қарастырылады.

Дене тәрбиесінін жаттығулары. Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесініңжаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып, педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана - дене тәрбиесінің жаттығулары деп аталады. Кейбірұқсастықтары болса да, дене тәрбиесінің жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалды бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп завдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, ол бір ғана негізгі әлементі, бөлшегі. Дене тәрбиесінің жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланылып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Білімділік, қолданбалы, тәрбиелік және сауықтыру жағынан олардың мазмұны әртүрлі. Дене тәрбиесінің жаттығуларына – қимылқозғалыстармен бірге, ағзадағы жаттығу жасалынып жатқан кезінде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үдерістер де кіреді. Бұл сан алуан түрлі күрделі құбылыс психологиялық, физиологиялық, биохимиялық және педагогикалық тұрғыдан қаралады.



  1. Дене жаттығулары арқылы педагогикалық міндеттер (былайшаайтқанда, дене қимылы жаттығуы «өзіне қарай», өзінің жеке дене қимылы жетілдіруіне бағытталған), еңбек іс-әрекетімен - өндірістікміндеттер (іс-әрекет өндірістік іс-қызметке қарай бағытталған) шешіледі.

  2. Дене жаттығуы дене тәрбиесінің заңдылықтарына сәйкес, еңбек іс-әрекеті – өндірістіңзаңдылықтарына сәйкес орындалады. Дене жаттығуының еңбек немесе тұрмыстық іс-әрекетпен сырттай ұқсастығы, оның бірінің екіншісімен ауысуына негіздеме бола алмайды: дене қимылы жаттығуының ұзақтығы, жиілігі және басқа да мінездемелері, сондай-ақ, оның орындалу тәсілінің өзі, бір шетінен, оқушының ағзасына тиімді әсер етіп, екінші шетінен - мүмкіндігінше жоғары нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік беретін тек сол заңдылықтарға бағынады (мысалы, дене тәрбиесіндегі жүгіру, әрі ағзаға өзінің оң ықпалын тигізетіндей, әрі қажетті жылдамдыққа біруақытта жететіндей етіп құрылады).

  3. Тек дене жаттығуларының жүйелері ғана адамның оңтайланған ара қатынастағы барлық органдары мен жүйелерінің дамуы үшін мүмкіндіктерді құрайды. Еңбек іс-әрекеттері өзінің мамандануына байланысты, адамның дене қимылының жетілдіруіне алуан түрлі ықпалдар жасауына мүмкіндіктері жоқ. Міне, сондықтан, мектептегі ең жақсы қойылған еңбек сабақтарының өзі қанша жерден айтқанымен, дене тәрбиесі сабақтарын еш ауыстыра алмайды.

Дене жаттығулары - онын негізгі амалдары: дене тәрбиесінің нәтижелілігі жүйенің барлық амалдар жүйесін пайдаланумен қол жеткізуге болады. Бірақ, оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешудегі әжептәуір салмақ дене қимылы жаттығуларының еншісінде. Ол бірнеше себептермен шартты:

  1. Педагогикалық іс-қызметтің барлық түрлерінің ішінде, үйренушінің дене қимылы жетілдіруіне, іс-әрекеттерді және осы іс- әрекеттердің өзін меңгеруге, оны оқып-үйрету кезіндегі әдіс-тәсілдерді жетілдіруге бағытталған қимыл-қозғалыстарды оқыту пәні ретінде тек дене шынықтыру мен дене тәрбиесінде ғана орындалады.

  2. Дене жаттығулары ағзаның тек морфофункционалдық жағдайына ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге, оны орындайтын тұлғаға да оң әсерін тигізеді. Осымен, дене қимылы жаттығуларын адамның дене қимылы және психикалық іс-қызметінің бірлігі туралы материалистік тұрғыдағы ғылымы көрінетін заңдылық ретінде, пәлсапа пәнінде көрсетілген қағидаларға қоса қарастыру керек. Ол заңдылықтың оқу үдерісіне, тек студент жастар емес, сонымен қатар Дүниетанымын кеңейтемін деген басқа да адамдарға арналған.

  3. Дене жаттығулары қимыл-әрекет жүйесі ретіңде адамның ойы мен сана-сезім эмоциясын, оның айналадағы өмірлік жағдайына деген қатынасын көрсетеді. Бұған дәлел ретінде көрнекі физиологИ.М. Сеченовтың сөзін мысал етуге болады: «...Бас миы іс-әрекетінің барлық сыртқы көріністері ... бұлшық ет қимыл-қозғалысына біріктіруі мүмкін».

  4. Дене жаттығулары - дене тәрбиесі саласындағы, оның ғылыми және сарамандық жетістіктерінің қоғамдық-тарихи тәжірибесін беру және үйрету түрлерінің бірі болып табылады. Бұған қоса, дене қимылы жаттығулары адамның қимыл-қозғалыстағы табиғи қажеттілігін кез келген уақытта қанағаттандыра алады. Оған адамның өзінің талаптылығы, күш-ерік пен талпынушылығын оятып, қайрай білу қажет.


3.2 Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек жаттығуларының факторлары
Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық жаттығуларының әсер етуін анықтайтынфакторлар тура сол бір жаттығу әртүрлі тиімді әсер етуі және, керісінше, әртүрлі дене қимылы жаттығулары бірдей нәтиже беруі мүмкін. Бұл дене жаттығуларының өздігінен тұрақты түрдегі қасиеттермен сипатталмайтынын көрсетеді. Яғни, дене жаттығуларының әсер ету тиімділігін анықтаушы факторларды білу, педагогикалық үдерістің басқарушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алуан түрлі факторлардың барлығы келесідегідей топталуы мүмкін:

Мұғалім мен оқушылардың жеке тұлғалық мінездемелері маңызды факторлар болып табылады. Жаттығулардың адам ағзасына әсер ету әр түрлі себептерге байланысты: оқыту үдерісі екі жақты - ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан, жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, ақылына, білім деңгейіне, қимыл дағдысына, дене қуатына, сондай-ақ, оқытушы мен оқушының белсенділігі мен алға қойылған нақты міндеттерге жете алу ынтасына байланысты.

Ғылыми факторлар - адамның дене тәрбиесінің заңдылықтарының тереңдігін түсінуін сипаттайды. Дене жаттығуларының психологиялық, педагогикалық, физиологиялык, психофизиологиялық, ерекшеліктері тереңдірек жасақталған сайын, педагогикалық міндеттерді шешу үшін, оларды әсерлі де, тиімдірек пайдалануға болады.



Әдістемелік факторлар - дене жаттығуларын қолданар кезіндегі іске асырылатын талаптардың кеңейтілген тобын біріктіреді.

Дене жаттығуларына үйрету немесе оны басқа дапедагогикалық міндеттерді орындау үшін (мысалы, дене қимылы қабілетіліктерін), біріншіден, бұл жаттығудан мүмкін болар тиімді әсерді есепке алу, яғни, қандай міндеттерді шешу арқылы (білім беру, сауықтыру,тәрбиелік) осы жаттығу арқылы көп мүмкіндіктерге жетуге болады; екіншіден, оның құрылымы (ол жаттығу статикалық па, әлде, динамикалық па, циклдік па, әлде, ациклдік па және т.б.); үшіншіден, мүмкін болар қайталау тәсілдері (жаттығуды бөлшектеп орындаған дұрыс па, бүтіндей орындаған дұрыс па, кайталаулар арасында белсенді ме, әлде, салғырт демалыс берген жөн бе, және т.б.). Дене жаттығуларының бұл мінездемелері алға қойылған педагогикалық міндеттерді орындау үшін, дене тәрбиесінің амалдары мен әдістерін таңдауды анықтайды.

Дене жаттығуларының әсерлі тиімділігі жүктеменің оңтайланған мелшерлеуінде ғана жетеді. Жүктемені мөлшерлеу, оның қимыл-әрекетті орындау ұзақтығынан, жиілігінен (жылдамдығынан, салмақтық жүктемесінен және т.б.), қайталау жиілігінен, қайталау арасындағы ұзақтық пен демалыс сипатынан, бастапқы қалпынан тәуелді болады. Мөлшерлеуді реттеу кезінде жоғарыда аталған барлық сипаттардын, өзара қимын-әрекетін есепке алу қажет. Мысалы, дене жаттығуының ұзақтығының көбеюі, оның жиілігінің төмендеуіне әкеледі.

Мектептегі дене шынықтыру сабақтары кезінде дене қимылы жаттығуының нәтижелілігі оны орындау тәсіліне байланысты. Мысалы, арқанға еркін, өздігінше тәсілмен өрмелегеннен гөрі, үш тәсілмен өрмелеген қайда тиімдірек, ал бұл өз кезегінде, одан да жоғары биіктіктерге шығуға мүмкіндік береді. Дене жаттығуын орындаған қимылдан кейінгі әрекетті туғызады, яғни, біраз уакыт сақталатын, арнайы функционалдық өзгерістерді әкеледі. Қимылдан кейінгі әрекеттің есебінен, одан кейінгі жаттығудын әсер ету тиімділігі өзгереді. Алдыңғы және одан кейінгі жаттығуларға байланысты, әсерлі тиімділік жоғарылауы (мысалы, зейінділікке арналған жаттығу, күрделі қимыл-қозғалысты меңгеруге арналған ыңғайлы қимылдан кейінгі әрекетті құрайды), немесе төмендеуі (мысалы, аунаулардан соң, тепе-теңдікті ұстауға арналған, қимыл- қозғалыстарды үйретуді күрделілендіретін қимылдан кейінгі әрекет пайда болады) мүмкін. Қимылдан кейінгі әрекет деңгейі өзінің тереңдігі мен ұзақтығы бойынша оқушылардың хал-ахуалдары мен олардың даярлығы және т.б. жағдайларға байланысты болады. Қимылданкейінгі әрекет тиімділігін есепке алу, оны жаттығу кезінде пайдалану — жаттығу кешенінің жетекші талаптарын жасау үшін құрайды.

Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына, жаттығуларды орындау уақытына, орындау қарқынына, жаттығуларды орындау санына немесе аралық тынығу санына, қайталау арасындағы тынығу уақытына, демалыс түріне байланысты.

Санитарлык-гигиеналык факторлар - дене тәрбиесінің жаттығулары адам ағзасына тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залын санитарлық нормада ұстау қажет. Олардың міндеттері - дене жаттығуларымен айналысуды адамның тіршілік әрекетінің органикалық бөлігі ету. Келесі бір шетінен, дене қимылы жаттығуларының әсерлі тиімділігі, қажетті гигиеналық нормаларды сақтаған жағдайда ғана жоғары деңгейде болады. Арнайы емес амалдар болғанымен, гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің міндеттерін толыққанды шешуде маңызы жоғары. Педагогикалық үдеріс қаншалықты жақсы ұйымдастырылса да, егер де мысалы, тамақ және ұйқы тәртібі бұзылса және сабақ антисанитариялық жағдайларда өтілсе, онда ондай айналысудың қажетті тиімді әсері болмайды. Міне, сондықтан да, дене тәрбиесінен мектеп бағдарламасында оқушылардың гигиеналық білімдерінің көлемін анықтайтын, теоретикалық материал міндетті түрде өтіледі.



Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесінің жаттығулары қолданылады. Олардың қолданылу аясы да мектептегі дене шынықтыру сабақтарынан бастап, кез келген жерлерде шынығуды орындау түрлері бар. Дене тәрбиесінің жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет:

Дене тәрбиесінің жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар: ойын жаттығулары, туристік жаттығулар,спорттық жаттығулар - спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.

Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:

- күш жылдамдығы жаттығулары - жаттығушылардың күштерін дамытады;

- төзімділіктің пайда болуына әсер ететін жаттығулар;

- үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар;

- иілгіштікке арналған жаттығулар;

- кешенді қимылды талап ететін жаттығулар;

- жылдамдықты дамытатын жаттығулар.

Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау:

а)Негізгі жаттығулар - сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетінспорт түрлерінің негізгі жаттығулары;

ә) Дайындык жаттығулары - негізгі жаттығуларды үйренуге керек, дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар;

б)Жақындататын жаттығулар - негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл-әрекеттер (мысалы, ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге жақындататын, соны үйренуге арналған жаттығулар - бір, екі, үш адымдап келіп, ұзындыққа секіру);

в)Арнайы жаттығулар - әрбір спорт түрінде, нақ сол спорт түрінде ғана қолданылатын, яғни, сол спорт түрін игеруге және оқу-жаттықтыру барысында дене қимылы дайындығы мен таңдаған спорт түрінің арнайы дайындығын жоғарылататын жаттығулар. Олар, көбінесе, бірі-біріне туыс спорт түрлерінде бірдей қолданылғанымен, басқаларда орындала бермейді.

Қорытынды
Қорыта келгенде, жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық һәм спорттық деп бөлуге болады: сумо жапондықтардың ұлттық күресі де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте  байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т.б.) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар – Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған.

Сондықтан да, дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық ойындарының кез-келген ойынның мазмұнының негізін, адамның дене қимылын жетілдіруіне арналған қимыл-әрекеттерді құрайды. Жекпе-жек ойындарының айырмашылықтарын көп жағдайларда шартты деп санаған жөн. Олар дамыған сайын, бұл шарттылық айқындырақ бола береді. Ойынды белгілі бір ережелердің аясында орындалатын, нақты іс-әрекеттер жүйесі ретінде және дене қимылы жаттығуы сипатына тәуелді емес, алуан түрлі педагогикалык міндеттерді шешуге болатын әдістер ретінде де қарастыру қажет. Ойын әдісінің мынадай өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар:

Белгілі бір мақсатқа жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру. Күресті жүргізу, іс-әрекеттерді орындау шартының төтенше өзгермелілігі. Нәтижесінде, ойыншыларда пайда болатын міндеттердің алуан түрлі тәсілдерін меңгеруі, ал оларда қалыптасқан дағды-машықтар ептілікпен, өзгермелі шарттарға икемделуімен ерекшеленуі тиіс.

Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық ойын түрлерін дамыту технологияларын жетілдіру, дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуін қалыптастыру, дене шыныұтыру сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру, дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту, жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту, психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастыру бағыттары диплом жұмысының негізі болып табылды.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқу-құралы. –Алматы, 2008. – 336 б.

2. Бабаев С. Педагогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы: Оқу құралы. - Алматы, 2008. -124 б.


3. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту:Оқу құралы. – Түркістан, 2005. – 70 б.

4. Спорттағы қазіргі заманғы педагогикалық зерттеу әдістері: оқу-әдістемелік құрал. – Кентау, 2007. – 55 б.

5. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.


6. Мұхамеджанов Б., Халилаев А.Методика скоростно–силовой подготовки юных борцов. //Высшая школа Казахстана. № 3. – Алматы, 2005. – С.153 – 155.


7. Новые технологии теоретической подготовке будущих учителей физкультуры. //Вестник – Қайнар. № 3/1. – Алматы, 2005. – С. 76-79.

8. Дене тәрбиесінің бағыттылығы. //Қазақстан мектебі. № 9-10. – Алматы, 2005. –Б. 12-13.


9. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.

10. Дене тәрбиесінің әрекет қабілеттілігі және көндігуі. //Білім-Образование. №6 (24). – Алматы, 2005. –Б. 33-35.

11. Дене тәрбиесі ұғымының мәні. //Қазақстан мектебі. № 2. – Алматы, 2006. –Б. 14-15.


12. Средства физической культуры и спорта в подготовке студентов к будущей профессиональной деятельности. Вестник КазНУ им Аль-Фараби. №1(17). – Алматы, 2006. – С.63-65.


13. Особенности процесса формирования двигательных действий спортсмена с помощью тренажеров. //КазНПУ им Абая. Вестник №1(11) – Алматы, 2006. – С.64-66.

14. Бастауыш сыныптардағы балалардың дене тәрбиесі. Қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері. //Халықаралық ғылыми практикалық конференция. Қыздар пед. инст. ІІ том. – Алматы, 2007. –Б. 252-256.


15. Бисейтов М.Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың іскерлік қабілетін дамыту. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Көкшетау, 2008. –Б. 79-81.


16. Жоғары оқу орындарында студенттерді өзбеттерімен кәсіби іс-әрекетке даярлау. //Қазақстан мектебі. №11. –Алматы, 2008. –Б. 59-62.
17. Оңалбек Ж.К.Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттілігін арттыру. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Тараз, 2008. –Б. 112-115.
18. Тайжанов С. Дене тәрбиесі том 1 Алматы 2010 ж. 226 бет.
19. Тайжанов С. Дене тәрбиесі том 2
20. Тайжанов С. Дене тәрбиесі том 3 Алматы 2010 ж. 424 бет.
21. Қоянбаев Ж. Педагогика Астана 1998 ж. 378 бет.
22. Жұманова С. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. Алматы, 1994.
23. Икіманова Г. Саулық пен сымбат. Алматы, 1991.
24. Төтенаев Б. Дене тәрбиесі. Алматы, 1988.
25.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991.
26. Иванов Г. Дене тәрбиесі. Алматы, 1991.
27. Уақбаев Е. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. Алматы, 2000.
28. Решетников Ю. Физическая культура. Москва, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет