Тақырыбы: «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» Мақсаты



Дата11.11.2019
өлшемі24,18 Kb.
#51573
Байланысты:
дин
Математиканың адам өміріндегі маңызы, каз яз, задание теплов.ЧС,Пб., ЖПТ ЖББ-21 РУП, 9, 28. Функцияның нүктедегі үзіліссіздігі, Логарифмическая функция, ее свойства и график., Малика безотв, Ұстаз мәртебесі, 2.4 Сауат ашу әдістемесі, ғылыми негіздері, бағдарламамен байланыстылығы, білім алушылардың ойын, тілін дамыту жолдары, 1.5 Атмосфера, 07.11.2022 география, РУП Жоғары математика негіздері ӨҚ 2 курс, ӨҚ-21С(ҚБ)
Тақырыбы: «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет»

Мақсаты: жас ұрпақты асыл дінімізді «изм» түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беру; қоғамды тәрбиелеуде хақ дініннің дұрыстығына сеніп, дәріптеу; тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу.

Міндеттері:

Білімділік: дін туралы білімдерін сұхбат, мәліметтер беру арқылы тереңдету.

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, имандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта алуға бағыттау.

Түрі: кездесу кеші

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, ойталқы, ізденіс

Пәнаралық байланысы: тарих, дінтану, қоғам, география, әдебиет

Жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз

III. Ойталқы

IV. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі

V. Пікірлесу, келген қонақпен сұхбат

VII. Қорытынды
Барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе сөз

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы» делінген (бейне материал)

Олай болса, оқушыларымыздың дін жөніндегі білімдерін байқасақ.
III. Ойталқы


  1. Дін дегеніміз не?

  2. Қандай дүниежүзілік діндер бар?

  3. Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясында дін туралы не айтылған?

  5. Діннің адамның рухани өміріндегі орны немен анықталады?

  6. Діннің адам баласын біріктірудегі ролі.

1-оқушы: Дін дегеніміз - ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілір әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол,а дал жүр», дейді дін.

Қосымша: Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс ретінде сену және оны мойындау. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнат.

2-оқушы: Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам.

1. Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі (б.з.д VI ғ.) болғанымен бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз.

2. Христиан діні – әлемдік діндер арасындағы саны жағынан басым. Бұл дінге сенушілер 2/5 бөлігін құрайды.

Католик


Христиан діні Протестант

Православие

3. Ислам – салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөліктеріне таралған. Сүниттік, шииттік ағымдарынан тұрады. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.

Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырдарда арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады. Араб саяхатшылары сауда керуендерімен бірге көптеген алыс-алыс елдерге барып, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына себепші болды. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген жері) және Мәдиненің (Пайғамбардың жерленген жері) орны ерекше. Осы қалаларға қажылық сапарға барып – келу мұсылманның парызы болып саналады.



Қосымша: Діндер халықты қамтуы жөнінен: халықтық – тайпалық, ұлтаралық, әлемдік болып та бөлінеді.

3-оқушы: 1985 жылы Америкасының Гэллап итститутының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының 95%-ы, Латын Америкасының 96%-ы, АҚШ-тың 94%-ы, Азияның 89%-ы, Батыс Еуропа халқының 78%-ы дінге сенушілер.

Алайда діннің кең тарағандығын білдіретін бұл көрсеткіштер қазіргі қоғамдағы діннің ролін анықтай алмайды. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді. Әсіресе соңғы кезде діндер адамды имандылыққа шақыруда елеулі жұмыстар жүргізуде.



4-оқушы: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататанын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 бабы.

Қосымша: Имандылықты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да қолдайтыны көпке үлгі болатын жағдай.

– Сіз өзіңізді діншіл, Құдайға сенетін адаммын деп айта аласыз ба? Деген тілші сауалына Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп жауап берген болатын: “Маған рухани күш және діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам әуелі рухани жағынан кемелденуге қадам жасайды да, содан кейін Құдайды мойындап, оған жақындай түседі.

Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал, адамдарды оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиісті... Бұл өнегелі сөздердің үлкен мәні барлығы айтпаса да түсінікті.

5-оқушы: Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз адам деп атайды. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдық, әділдік шыншылдық ұяттылық жиынтығын имандылық дейміз.

Қосымша: «Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе – руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылықтарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы.

6-оқушы: Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.

Қосымша: Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
IV. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі

Құран Кәрімде Пайғамбарымызға 23 жыл бойы түсіріліп отырған

30 парадан, 114 сүре мен 6236 аяттан тұрады. Онда 77934 сөз, 325743 әріп бар.

Әбу Абдоллах Мұхаммед Ибн Исмаил әл-Бухари “Сахих Бухари” атты 10 кітапқа хадистерді жинаған. Олар:



  1. Сенім туралы кітап

  2. Жұмақ және тозақ туралы кітап

  3. Алланың бірлігі туралы кітап

  4. Намаз туралы кітап

  5. Жұма күні туралы кітап

  6. Екі мейрам туралы кітап

  7. Ораза туралы кітап

  8. Қажылық туралы кітап

  9. Діннен безгендердің өкініші туралы кітап

  10. Құранға сену тәсілі туралы кітап

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің білім және тәрбие туралы айтылған хадистерінен:

Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады делігнген. Олар: шыдамдылық, шүкіршілік, Аллаға шын пейілмен сенушілік, барлық істе де Аллаға жүгінушілік.

Бір сағат бойы білім игеру бір түнді жалбарынумен ұйқысыз өткізгеннен артық. Бір күн бойы білім үйрену үш ай қосымша ораза тұтқаннан жақсырақ.

Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің тірегі.

Тәртіпшілдік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең.

Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу, мол дүние жыйып, оны керегіне жаратпай көміп қойғанмен бірдей.

Алланың үйі мешіт деп білеміз. Еліміздегі соңғы жылдар ашылған Астанада Әзірет Сұлтан мешіті Орта Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі.


  • Типі – Жұма мешіт

  • Стильі – классикалық ислами

  • Құрылысы – 2010-2012 жылдар

  • Статусы – Қазақстанның ұлттық мешіті

  • жалпы ауданы – 11 гектар

  • Халық сыйымдылығы – 5-10 мың адам

  • Соңғы имамы – Қайрат Жолдыбайұлы

Ауылымыз, Мәдениет ауылындада «Жобалай би» мешіті 2010 жылы 12 қарашада ашылған болатын.

Біле жүріңіз: Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жаңа Бас Муфтиі, Дінбасы болып – Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірінің имамы Ержан қажы Маямеров тағайындалды.

Қазақтың әр күні қасиетті: Дүйсенбі – сауда жасауға сапарға шығуға қолайлы күн. Сейсенді – “қанды күн”. Сәрсенбі – дұшпанға қарсы тиген күн, сәтті күн Бейсенбі – “жақсы күн” Тілеген тілек қабыл болады. Жұма – Адам Ата жаратылған, пайғамбарлар некелескен күн. Сенбі – сейіл күн. Жексенбі – күні басталған жұмыс тез әрі сапалы бітеді.
V. Пікірлесу

Мәдениет ауылының имамы Қалихан Алмас «Қазіргі қоғамда діннің тәрбие құралы ретіндегі ролі»

Сұрақ – жауап


  1. Қазақстанда дінді адам қалауы бойынша қабылдайды, ал басқа елдерде күшпен дінге кіргізу жағдайлары кездесе ме?

  2. Дінді не үшін терроризммен байланыстырады?

  3. Қазақтың ұрпақ тәрбиесінде қолданылатын дәстүрлері дінге кері келмей ме? Мысалы: ислам дінінде қыздарға хиджаб кию керек пе, егер керек болса қазақ қыздары егде тартқанда ғана кимешек киген болатын.

  4. Дүниежүзілік діндердің барлығының тәрбиде ролі ерекше ме, әлде ислам діні ғана адамды имандылыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелейді ме?

  5. Қазіргі күнде әртүрлі діни ағымдар бар, соларға қандай адамдар тез кіріп кетеді.

  6. Ұстазды құрметтеу, ұл мен қыздың тәрбиесі.

  7. Мешітте неке қиюдың артықшылығы(Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистерінде «Некелесіп тұрмыс құрыңдар, өсіп-өніңдер» – дейді және «Неке тойын бір күн тойлау – сүнет, екі күн тойлау – мәрттік, ал үш күннен өтіп кетсе – ысырапкершілік, даңғойлық», - дейді).


VII. Қорытынды: Мұқағали Мақатаев өлеңінен

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім?

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

Мұсылман елдерінде азғындық жолдарға, атап айтқанда ұрлық-қарлық, зиянды заттарды пайдалану, тәртәп-тәрбиесіздік көрсетуге шек қойылған. Қайыршылық жоқ, адамдар бір-бірімен жақсы қарым – қатынас орнатқан. Мұның себебі не? Бұл ислам тәрбиесінің құдіреті, әрі бұл бүкіл әлем мойындап отырған құндылық. Материалдық байлық жаратумен қатар рухани тәрбиеге мән беру қажеттігінің айқын мысалы. Біздің киелі қазақ жерінде осы құндылықтардың бәрі салтанат құрған.



Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани және ел болып, тамырымызды тереңге жайуымыздың негізі, ата – бабамыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет