Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті » Мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі95,12 Kb.
Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті...»

Мақсаты. 1. Нанды қастерлеуге, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтінін түсіндіру. Нанның дастарханға көптеген адамдардың еңбегі арқасында келетінін ұғындыру.

2. Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру.

3. Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі. интерактивті тақта, пісірілген нан түрлері. Нақыл сөздер

Ашық тәрбие сағатының барысы

Ұйымдастыру

Оқушыларды дайындау, топқа бөліп отырғызу.

Негізгі бөлім.

-Құрметті бүгінгі біздің қонақтарымыз, оқушылар.

Ашық тәрбие сағатымызды бастайық.

Балаларға сұрақтар қойып, жауап алу.

-Балалар дастарханға қойылатын дастарханның сәні ең қадірлі ас қалай аталады?

-Нан


-Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбектің наны тәтті..»- деп аталады.

Осы кезде «Қазақы дастарханым» әңі айтылып, балалар нан түрін үстелге әкеліп қояды. Отырған қонақтарға наннан ауыз тигізеді.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Қыс.


-Келесі қандай жыл мезгіл келеді ?

-Көктем.


-Қыс мезгілінің неше айы бар?

-Үш


-Ай атарын атайықшы

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-Қыс мезгілінің қай айы қалды?

-Ақпан


-Ақпан айы бітткен соң көктем мезгілі келеді.

-Көктемде табиғатта қандай өзгеріс болады ?

-Қар ериді, күн жылиды, аңдар ұйқыдан оянады, құстар ұшып келеді.

-Ал, адамадар бау-бақшада егіс даласында көктемгі дала еңбегін бастайды.

Төңірек тегіс көктеді,

Төсіне қырқа тақты гүл.

Даланың көркем көктемі,

Дабылын қайта қақты бір.

1.Егін даласында жерді жырту басталды.Ал адамдарға көмекші техника келді. Сурет (трактор) бойынша түсінік беру.

-Тракторды кім жүргізеді ?

-Тракторшы.

Тракторшы жерді жыртты, жыртылған жерге бидай, арпа дәндерін септі.

2.Енді егін шыққанын күтеміз. Егін жақсы шығу үшін жаңбыр және күн қажет. Олай болса жаңбыр жаусын.

Сергіту жаттығуын жасату.

Тәулік бойы тыңбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр.

Арпа, бидай өсетін,

Жаусын тыңбай нұр жаңбыр.

Ал, олай болса күнді шығарайық

3.Жаз мезгілі келді. Егін пісіп тұр. Егін басына диханшылар келді.



Сымбат

Жарып шыққан хауызын,

Дән өмірлік азығын.

Жегеніңде ақ нанды.

Нәрге толар ауызың.

Нұрдәулет

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын диханнан,

Егін егіп дән жиған.
Диханшыға көмекшіге тағы бір техника келді. Ол комбайн деп аталады.

-Комбайнды кім жүргізеді ?

-Комбайншы.

Комбайн піскен бидай мен арпаны орып, дәндерін бөлек алады да жүк машиналарына құяды.

4.Жүк машиналары бидайды элеваторға тасиды.

5.Элеватор бидайды жиып, сақтайды, диірменге жібереді.

6.Диірменде ұн тартады.

7.Ұнды әр түрлі нан зауытына, наубайханаларға, дүкендерге апарады.

8.Наубайханада ұнға су мен тұз басқа да әр түрлі заттарды қосып біздің дастарханымызға келетін әр түрлі нандарды пісіреді. Наубайханада жұмыс істейтін кісілерді наубай деп атайды.

Асылай Ләйлә

Наубай жұмыс істейді, Лебі беті шарпыған,

Жатқанында ұйықтап. Пеш отына қақталып.

Ақ қалпағы түспейді, Нан боп исі аңқыған,

Баса киген мықтап. Ащы тері ақталып.
Наубайханаларда, нан зауыттарында қамыр илеу үшін үлкен машиналар (станоктар) жұмыс жасайды.

Біздің ауылда тұратын әжелеріміз нанды өз қолдарымен жабады. Ертеде нан пісіруге арналған ыдыстар мен жабдықтар қазіргіге қарағанда өзгеше болған. Мысалы. тандыр, қазан, таба (сурет бойынша түсінік беру).

Нанның бірнеше түрлері болған :

-Тандырға пісірілген нан – тандыр нан.

-Табаға пісірілген нан –таба нан.

-Қазанға қақтап пісірілген нан – қазан жаппа.

-Құр отқа көміп пісірілген нан көмбе нан.

-Ал, ішіне ет, картоп, қырыққабат салып пісірілген нанды кісе нан деп атаған.

Сурет бойынша қазіргі нан түрлеріне түсінік беру.

-Күнделікті жеп жүрген нан түрлерін атайық :

-Бөлке нан, бауырсақ, шелпек, пәтір нан.

-Мереке күндері, туған күндерде жейтін нанымыз :

-Бауырсақ, торт, жеміс-жидек, жаңғақ қосылған тәтті нандар
Дүние Рамазан

Нан ардақты, адал ас, Нандай жоқ қой асыл дәм,

Кәрі, жас одан аттамас. Жеп үйренген жасыннан.

Ақ дастархан үстінде, Дастарханнан нан кетсе,

Қол жумай оны ұстамас. Береке кетер асыннан.
Сатыбалдин Б Әсел

Ей балалар, балалар ! Нан қиқымын шашпаңдар !

Болмаңдар сірә нанға тар, Жерде жатса, баспаңдар !

Өмірдің алтын арқауы, Теріп алып, қастерлеп,

Бар қасиет нанда бар ! Торғайларға тастаңдар.
Көрініс: «Нан қайдан келеді?» (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкенi кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

- Нан, нан, сен қайдан келдің? – деді сыбырлап.

- Сатушыдан сұра, - деді нан. Тышқан сатушыға келді.

- Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?

- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

- Нан қайдан келеді? – деді бір наубайшыға келіп.

- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып – жұмғанша қап – қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржиып, таңдана қарап тұрды да:

- Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді – деп сұрады.

- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.

Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

- Комбайншы, комбайншы, нан қайдан келеді? – деп сұрады.

- Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

- Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан.

- Әне, Мысық келе жатыр, - деді комбайншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.


-Нан- береке бастауы, Дастархан көркі- нан демекші нан туралы тақпақтарға кезек берсек.
Нұрсая. Нан-ардақты адал ас

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән

Жеп үйренген жасыңнан,

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.


С.Әсет. Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.


Әнел. Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі.

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам


Әсет. Даланың арынан,

Даланың таңынан

Даланың жанынан өседі,

Нан-жемісі ол кешегі.


Әнет. Нанда өмірдің иісі мен дәні бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Нан- өмірдің ана сүті, арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.


Хормен. Нанды кім қорлайды,

Аштықтан сол сорлайды.


Би: «Қамажай»
Нанға қатысты тиымдар мен ырымдар :

1.Дастархан жасағанда алдымен нан қою керек.

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3.Нанды бір қолыңмен сындыруға не үзуге болмайды.

4.Нансыз өмір жоқ, сондықтан нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды.

5.Жол үстінде жатқан нанды алып, адам баспайтын жерге қою керек.


-Ал, балалар еңбек туралы мақал-мәтел кім біледі?
1. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
2. Ерінбесең, еңбегің өнеді.

3. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.


4. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
5. Еңбек етпеген азады..
6. Еңбек – адамның екінші анасы.
7. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Ән : «Қазақтың дастарханы» Хор
Қорытынды. Нан қасиетті тағам- деп бекер айтылмаған. Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі. Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан- тіршілік тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек. Нан бізге адал еңбекпен келетінін естен шығармауымыз керек.

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі


Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті...»

Өткізген: Жолдыбаева Г



Сыныбы: Дайындық «Ә»

Қаңтар 2016жыл
Каталог: omirbaev -> files
files -> Ұстаз болу жүректің ұлылығы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»
files -> Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»
files -> Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту. Жалпы мақсаты
files -> Сабақ Тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
files -> Сабақ жоспары Тақырыбы:
files -> Кесіндіні теңдей екіге бөлу және тік бұрыш салу
files -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері. Сілтеме: Оқулық,электронды оқулық
files -> Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу