Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты



Дата14.11.2016
өлшемі72,73 Kb.
#1705
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».

Мақсаты:

1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.


2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, астана суреттері, мақал – мәтелдер
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, әңгіме, ой-толғау, ойын

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келді. Қане қарайықшы!
    Психологиялық дайындық:

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.


ІІ. Кіріспе

-Бүгінгі біздің «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

-Балалар, сендердің ойларыңша біз бүгін не туралы айтамыз?

Сөзжұмбақ шешу
















Т

Е

Ң

Г

Е
















Ә

Л

І

П

П

Е

Е

Л

Т

А

Ң

Б

А













Ә

Н

Ұ

Р

А

Н










Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н










С

А

Р

Ы












1.Еліміздің валютасы қандай?

2. Ең алғашқы кітабың?

3. Рәміздердің бірі?

4. Рәміздердің бірі?

5. Біздің Отанымыз - ...

6. Күннің түсі?





  • Балалар, қызыл түспен жазылған қандай сөз шықты?

  • Елбасы деген кім?

  • Елбасы туралы не айта аласыңдар?

  • Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

IІI. Тақырыбы, мақсаты
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт та амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тәрбие сағатымызды ұйымдастырдық.

Даяна

Тұратұғын болашақтың үні кеп


Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп


ІV. Негізгі бөлім

а) Суреттер бойынша түсіндіру.


ә) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  
Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді. Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.   Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн.

-1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ» бағдарламасы қабылданды.
-1995ж Конституциямыз қабылданды.

-2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.


Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.
- Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Интерактивті тақтамен жұмыс
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері



Диас

Қазақ елі желбіреп көк байрағың


Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Зарина
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар



«Жасырынған әріптер мен сандар» ойыны

Астана-Отанымның жүрегі.
Астанаға саяхат
Астана-Отанымыздың жүрегі.
Астананың көркем жерлері туралы айту

Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)


Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз. Барша әлем назар салған жас қала

Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.

Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.


Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары туралы айту. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Балалық шағымның аспаны» атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Ой қозғау.

Болашаққа саяхат «Егер де мен Елбасы болсам…......»


Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.


Даяна

Қазақстан – кешегі әз әуен,


Қазақстан – бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан – қастерлі қазағым
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Мадақтау

Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтау
Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет