Тақырыбы: «Ғарышқа сапар» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Дата20.06.2018
өлшемі383,33 Kb.
#43432



Тақырыбы: « Ғарышқа сапар» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

БҚО Теректі ауданы Подстепный ауылы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы тәрбиешісі:

Титеева Лаззат Равиловна
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Мақсаты: Адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік беру,олардың қызметімен таныстыру. Ғарыш не екендігін, ондағы планеталар туралы мағлұматтар алып,түсінік беру,тілдерін дамыту, қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров, Т.Мұсабаев жайлы әңгімелеу,сөйлеу мәдениетіне баулу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Оқу іс-әрекетіне көңіл аударту

Қажетті көрнекі құралдар: аспан әлемінің,ғарышкерлердің суреті

Биллингвальды компонент: Ғарыш-космос,ғарышкер -космонавт

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Таңғажайып сәт:

1-Слайд.Ғарышкерлерді слайд арқылы көрсету.

Балалар енді сендерде ғарыш әлеміне саяхатқа

шықыларың келе ме?

Ғарышқа ұшу үшін біз немен ұшамыз?

Ендеше зымыранды біздер геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.Змыранымыз дайын болса,белдіктерімізді тағып ұшуға дайндаламыз.1,2,3ұшамыз.

Көздеріңді жұмып, жақсы, ғажайып

нәрселер туралы ойлаңдар. Ал енді көздеріңді

ашыңдар.


-Міне, ғарыш әлеміне де келіп қалдық.

-Балалар, кеш түсіп, аспан қараңғыланады. Біз

аспаннан нені көреміз? (жұлдызды аспанды көрсету)

Аспан денелерімізде 9 планета бар.



2-слайд.Планеталармен таныстыру.

Балалар енді тобымызға қайтатын уақыт болды.Біздер жер планетасыында турамыз.

Балалар планеталардың сендерге арналған тапсырмалары бар екен.Тапсырмалар орындауға дайынсыңдарма?

1ші планета тапсырма.Сұрақ.

-Балалар сендер күн неге ұқсайтынын білесіңдерме?

-Иә, күн шар тәріздес дөңгелек.

Түсі қандай?

-Ал ол зымыранмен ұшатын кімдер?

2ші планета тапсырмасы.

Ғарышкер туралы өлең жаттау


-Иә,шыққыммыз келеді.

-Зымыран.

-Жұлдыздар, ай.

-Ғарыш деп атаймыз.

-Біз аспаннан күнді, айды

көреміз.

-Күн дөңгелек.

-сары.

-Зымыранмен ұшатын адамдарды ғарышкер деп атайды.






Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі


Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай

Мен ғарышкер боламын.



3ші планета тапссырмаасы.

Жұмбақ шешу.

1.Үй үстінде ұсақ тас.

2.Күндіз күннен таярмын,

Түнде әлемге аянмын.



Сергіту сәті:

Күн ұйықтайды,

Күн оянды.

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады.

Күн ашылды

Жел басылды.



4ші планета тапсырмасы.

- Ғарышкерлерін атаңдаршы?

-Дұрыс-ақ ең алғашқы қазақ ғарышкерлері Тоқтар

Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

-Жерден басқа планеталарда тіршілік жоқ, ауа жоқ,

сондықтан да ғарышкерлер арнайы киім киеді. Оны скафандр деп атайды.Ғарышкерлерге арналған бұл

киім арнайы жабдықталған, бұл киіммен ыстық та,

суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін радиомен жабдықталған.

-Күн туралы айтсақ,күн біздің жерді айналып

жүрген сияқты көрінеді. Негізі біздің жеріміз және

басқа планеталар күнді айналады.

5ші планета тапсырмасы. Дидактикалық ойын: «Аспан, жер, су»

Мақсаты: Балаларды тез ойлап, дұрыс жауап беруге үйрету.



6 шы планета тапырмасы. Биллингвальды компонент:ғарыш- космос,ғарышкер- космонавт,ай-луна,күн-солнце.

7ші тапсырма. Ғарышта көрген планеталарды емексазбен

картонға бейнелеу.

-Юрий Гагарин.

-Ең алғашқы қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.
-Жұлдыз.
-Ай.
Балалар қимылмен қайта-

лайды.


Жоғарға қарап күн көрдім

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім

ғарыш- космос,

ғарышкер- космонавты.


Балалар «аспан» дегенде аспанда болатын , «жер» дегенде жерде болатын, «су» дегенде суда болатын заттарды атайды.


Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі


-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

-Сендер қайда бардыңдар?

-Не қызық тамашаладыңдар?

-Ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыш кім?

Балалар менде сендерге ризамын, бүгінгі

жұмыстарыңа көп рахмет!

Балалар сендер көп нәрсе білесіңдер екен.

-Өте жақсы, балалар, сендер бүгінгі оқу іс-

әрекетіне жақсы қатыстыңдар.


-Ұнады.

-Ғарышқа бардық.

-Аспан әлемін

тамашаладық.



-Ең алғашқы қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Аспан әлемі туралы біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді:Аспан әлеміндегі жұлдыз,ай,күн туралы біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ең алғашқы қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев туралы меңгерді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет