Тақырыбы: Физика- математика пәндерін оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру Жоспары



Дата23.08.2017
өлшемі270,58 Kb.
#25261
Алтынбекова Қалдыгүл Ахметбекқызы,

№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектептің

физика-математика пәні мұғалімі.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылы.



Тақырыбы: Физика- математика пәндерін оқыту процесінде оқушылардың

танымдық қызметін жандандыру






Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Оқушылардың математика сабақтарында танымдық қызығушылығын ояту

  2. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту

  3. Танымдық белсенділікті қалыптастыру сабақтары


ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі біздің қоғамдағы мектептің негізгі міндеті – қоғамның мәселелерін дер кезінде шешіп, қоғамды дұрыс жолмен алға апара алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады. Ол үшін мектеп бүгінгі жүктеліп отырған міндеттерді заман талабына сай іске асыруы керек.

Ең алдымен ғылым негіздерін терең меңгере отырып, Отанға шын берілген, Отан алдындағы парызын зерделеген, халқын, тілін, салт – дәстүрін, заңдарын жан – жақты меңгерген, оларды жүзеге асыруда шынайы белсенділік көрсете алатын жастарды қалыптастыруы керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әрбір Қазақстандықтың терең білім алуына мүмкіндік, қамқорлық, ғылыми шығармашылық жұмыстарын дамытуда моральдық және әлеуметтік көмек көрсетілетіндігі айтылған.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ең мықты елу елдің қатарына қосылуы білім мен ғылымының сапалық деңгейге көтерілуіне тәуелді болмақ. Еліміздің 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру.

Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге байланысты математикалық білімге бетбұрыс байқалып отырған кезде, оқушыларға математикалық білім беру, олардың ой – өрісін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне көңіл бөлу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Математика пәні кең көлемде оқытылатын болғандықтан оқушыларды өмірімен байланыстыра отырып, экономикаға, ғылымға бейімдеу үшін пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін тереңдетудің маңызы зор.

Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруыд қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы танымын қалыптастыру керек. Мысалы: 6-сынып математикасындағы «Тік бұрышты координаталар жүйесі» тақырыбы бойынша оқушылар білімдерін тексеруде «Суретшілер жарысы» ойынын ойнату арқылы танымдық қызметін жандандыруға болады, мұнда тақтаға координаталары берілген нүктелерді жазып, оқушыларға сол нүктені координаталық жазықтықта табуға, оның сынық сызықтарымен қосады. Егер оқушы координаталары берілген нүктелерді координаталық жазықтықта дұрыс тауып, оларды бірінен соң бірін сынық сызықтармен қосса, белгілі бір сурет салынады.

«Графиктер» тақырыбын өткенде де тақырыптың алдын –ала даярлық тапсырмасында оқушыларға графикті салу үйретіледі. Тапсырмамен танысқан оқушы тәуелсіз шаманың мәндері абсциссалар осіне салынатынын, ал тәуелді шаманың мәндері ординаталар осіне салынатынын үйренеді. Техникада, өмірде кейбір шамалардың өзгерістері координаталық жазықтықта сызықпен – графикпен кескінделеді. Мысалы: Қайық көлде 5 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Қайықтың 1 сағатта, 2 сағатта, 3 сағатта қандай қашықтыққа барғанын есептеп, қозғалыс графигін салайық.


Жылдамдық

5 км/сағ

Уақыт t (сағ)

0

1

2

3

Қашықтық жол s (км)

0

5

10

15

Осы кесте бойынша график құрамыз.


s (км)

15
10


5

1 2 3 t (сағ)


Оқушыларға графиктен қайық көлде 2 сағат жүзгенде неше километр қашықтыққа баратынын табуды үйрету керек. Кеіріснше қайық 15 км қашықтыққа жүзіп баратынын табуды үйретсек, оқушы графиктен абциссаның белгілі мәніне сәйкес оның ординатасын табуды және керісінше ординатаның белгілі мәнінен сәйкес оның абсциссасын табуды үйренеді.

«Масштаб» тақырыбын өткенде де оқушыға тақырыптың алдын ала даярлық тапсырмасында оқушыларға өздерінің бөлмелерінің ұзындығын, енін өлшеп, алынған өлшемдерді бірдей есе кемітіп, дәптер бетіне бөлменің кішірейтілген сызбасын сызуды тапсырылған тапсырманы орындау арқылы оқушы өзі масштабты таңдап алып, объектінің кішіщрейтілген сызбасын сызуды үйренеді. Масштаб өлшемдері үлкен фигураларды қағаз бетінде кескіндеу үшін пайдаланылады.

Үлкен фигураларды қағаз бетіне кескіндегенде оның барлық өлшемдері неше есе кішірейтілгендігі масштаб арқылы көрсетіледі. Масштаб сызбадағы өлшемнің нақты өлшемге қатынасын білдіреді.


Сызбадағы кесінді ұзындығы

Масштаб =

Жер бетіндегі қашықтық
Мысалы, Асқар ауылы мен Қызылорда қаласының ара қашықтығы 54 км болсын, ал осы екі елді мекеннің арасын қосатын картадағы кесіндінің ұзындағы 2 см болсын. Картаның масштабын табайық.
Сызбадағы кесінді 2 см.

Жер бетіндегі қашықтық 54 км=5400000см

Масштаб =2/5400000=1/2700000

Масштаб: 1: 2.7000

Демек берілген ара қашықтың картада 2.700000 есе кішірейтілген, яғни 1 см-27км.

Осылайша оқушыға көз жеткізе отырып, танымдық қызметін қалыптастырамын.

Математика – барлық халыққа ортақ ғылым. Әр баланың тапқырлығын, қызығушылығын, теориялық материалды меңгеруге және оны практикада қолдануға машықтандыруға болады.

Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, ол оқушының дұрыс ойлауын қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.

5-сынып математикасының «Аралас сандар» тақырыбын өткенде кітаптағы мысалдардан басқа: «100 санын нөлсіз жаз» деп тапсырма берсек, оқушыны шығармашылыққа жетелейміз.

Жауабы:



  1. С – римше жазу нумерациясы


..... т.с.с
6-сынып математикасында «Процент» тақырыбын өткенде алған

білімді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, тоқсандық қорытындыны, бақылау жұмыстарының проценттік көрсеткіштерін есептетіп шығартамын. Ол оқушылардың танымын кеңейтеді және көрсеткішті жақсартуға оң ықпалын тигізері анық.

7-сынып геометриясында «Параллель түзулер» тақырыбын өткенде Абайдың «Қра сөздерінен»

Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы,

Білімсіздік – хайуандықпен бірдей.

Еріншектік – дүниедегі өнердің дұшпаны,

Талапсыздық, ұятсыздық, жігерсіздік – бәрі осыдан шығады.

Жоғарыдағы сөздердің қарама – қарсы мағынасын тапқызуға болады. Сонымен бірге жер мен көк, жақсы мен жаман, шындық пен өтірік, адал мен арам, әдепті мен әдепсіз, дос пен қас, жомарт пен сараң, ақылды мен ақымақ сөздерінің өмірде қатар жүретіні, бірақ олардың ешуақытта «қиылыспайтынын» айтуымыз артықтық етпейді.

5-сынып математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыптарында ауызша сұрақтар:

А) Жай бөлшектің ондық бөлшекпен жазылуы

Ә) Қандай сан ондық бөлшек деп аталады?

Б) Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналады?

В) Ондық бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз?
А-деңгей

Шапшаңдық гимнастикасы (ауызша есептер)


1 2 3 4 5 6 7 8 9 1

1 2 3 4 5 6 7 8 2 1

1 2 3 4 5 6 7 3 2 1

1 2 3 4 5 6 4 3 2 1

1 2 3 4 5 5 4 3 2 1

1 2 3 4 6 5 4 3 2 1

1 2 3 7 6 5 4 3 2 1

1 2 8 7 6 5 4 3 2 1

1 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Сандар қатарына қарап, көз айырмай тез жауап бер. Қосқанда қай баған сандары үлкен нәтиже береді?


В-деңгей

Қане есептейік!


№1011 Теңдеуді шеш:

1)






2)№979 Тиімді тәсілмен есепте

2,3+4,5+0,6+0,5+1,7+0,4=(2,3+1,7)+(4,5+0,5)+(0,6+0,4)=4+5+1=10


3)№1009 Өрнектің мәнін тап

а=2,25; в=3,7

6,2-(а+в)=6,3-(2,25+3,7)=6,3-5,95=0,35
С-деңгей. Оқулықпен жұмыс

№1010, №1011 (2,3,4)

Логикалық тапсырма: ұзындығы 2/3м лента бар. Осы лентадан 1/2м ұзындықтағы бөлігін кесіп алу керек. Өлшеу құралынсыз қалай кесуге болады?

Жауабы:

Лентаны ортасынан бүктейміз, тағы да ортасынан бүктесек, лента теңдей 4 бөлікке бөлінеді. 1 бөлігін кесіп аламыз.

Мектептік физикалық білім берудің нақты мақсаттары оқушылардың ақыл – ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуындағы рөлі жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көзқарасты, адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне, білімді түрлі проблемаларды шешуге шығармашылықпен қолдану біліктілігіне алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Физиканы оқытудың мақсат – міндеттерін жалпылама түрде ғана емес, негізгі бағыттар бойынша да қарасытуға болады.

Физикалық білім – физикалық ұғымдардың, заңдардың, жорамалдардың, теориялардың жүйесі, олар ұғымдар арқылы сипатталады.

Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – физикалық ұғымдарды қалыптастыру, яғни ұғымды оқушылардың нақты сезінуінен бастап, қиял – болжаммен аяқтаған дұрыс. Физикалық ұғымдарды оқушылардың санасына берік ұялаттыру үрдісіндегі ең жауапты және соңғы кезең – ұғымға анықтама беру, оның тұжырымдамасын түсіндіріп, талдау жасау.

Ұғымға тұжырымдама беру логикалық ойлау тәсілінің ақырғы нәтижесі болып саналады. Ал ғылымда оны табиғат құбылысын бақылап, зерттеп, біліп – тану үрдісінің соңғы қорытындысы деп есептейді. Бұл кезең тікелей сезіну, практикада пайдалану сатыларынан тұрады.

«Баланы алдымен оқуға, сосын ойлауға, тек содан соң басқасына үйрету керек» деп атақты орыс педагогы В.А.Сухомлинский айтқандай, білім беру үрдісінде оқушылардың өз түсінігін, өз пікірін тұжырымдап айта және жаза білу, оны көпшілік алдында қорғай білуі сияқты негізгі оқу икемділіктерінің маңызы зор. Сондықтан оқу материалымен жеке және топтық жұмыс жасау барысында, деңгейлік және тесттік тапсырмалармен мұғалім жетекшілігімен және өз бетінше жұмыс жасағанда осы негізгі логикалық икемділіктерді қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажет. Жалпы алғанда оқытудың тиімділігі мен өнімділігі оқушыларды осы логикалық икемділіктердің қаншалықты қалыптасқандығына тікелей тәуелді.

Осы қағидадаларды ұстана отырып мен сабағымды 8- сынып курсында «Магнит өрісі» тарауына қайталау сабағында үй тапсырмасын тесттік жұмыс алу арқылы тексердім.

1.Магнит өрісі дегеніміз не?

А) Қозғалыстағы электр зариядтары

Ә) Қозғалмайтын электр зарядтары

Б) Магнит айналасындағы бос кеңістік

В) Барлығы дұрыс емес

2. Магнит сызықтары дегеніміз не?

А) барлығы дұрыс

Ә) Магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасатын сызықтар

Б) Магнит өрісінің әсерінен тұйық сызықтардың пайда болуы

В) Магнит бағыттарының орналасуы

3. Электромагнит дегеніміз не?

А) Ішінде темір өзегі бар катушка

Ә) Ешқайсысы дұрыс емес

Б) Электрдің әсерінен магниттің пайда болуы

В) Электрлік әсері басым катушка

4. Тұрақты магнит дегеніміз не?

А) Электр тогының әсерінен магнит қасиетін ұзақ сақтау

Ә) Магнит әсері барынша күшті біліну

Б) Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер

В) Барлығы дұрыс

5. Магниттік аномалия дегеніміз не?

А) Алқаптарда магнит тілшесінің әрдайым өзгеруі

Ә) Қысқа мерзімді құбылыс

Б) Ешқайсысы дұрыс емес

В) Жерді қоршаған магнит өрісі.

Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың тағы бір бағыты сөзжұмбақтар мен реубстар, қызықты тапсырмалар мен физикалық есептер құрастыру сияқты әр түрлі танымдық – логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды тапқырлыққы баулы, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру болып табылады.

Сапалық есептерді сабақта қолданады және сабқатан тыс тапсырмалар бергенде қолданадаы. Сапалық есептерді шешу – физиканы оқытуда қазіргі кезде көп қолданылады. Мұнда қызығушылықтың пайда – табысты оқытудың қуатты факторы болып табылады. Проблеманы шешу үшін өз білімін пайдалану оқушылардың оқуға деген ынтасын туғызады, ал ынтасын туғызу оқытудың негізгі нақты мақсаты болып табылады.

Қазақстанның экономикалық өркендеп дамуы үшін мұндай жұмыстар өте қажет. Себебі кейбір сұрақтарды жоғары білімі бар азаматтарының өздері шеше алмады, бірақ көпшіліктің қызығушылығын туғызады. Сондықтан да Қазақстан халқының әдет ғұрыптарына байланысты және олардың өмірі жайлы физикалық сапалық есептер бердік. Мысалы, мынадай типтегі есептер жиі кездеседі. «Қайсы жылдамдықтар үлкен 15 м/с па әлде 72 км/сағ па?». Бұл есепті былай айтсақ қызықты болар еді. «Қасқардың жылдамдығы 15 м/с болса онда ол жылдамдығы 72 км/сағ киікті қуып жете ала ма?»

Мүмкіндігінше сабақта осындай есептер шешкен өте тиімді.

Сапалық есептер

Кинематика


  1. Неге шабандоз шапқан кезде ұщақтағы жолаушыдан гөрі қозғалыс жылдамдығын анық сезінеді?

  2. Шабандоз кең далада шауып келеді. Оған қарама – қарсы түйеге мінген адам келе жатыр. Неге шабандозға түйе оған перпендикуляр емес белгілі бір бұрышпен келе жатқан сияқты болып көрінеді?

  3. Жаңбырлы күні киіз үйден үй иесі шелкее су толтыру үшін далаға шығарып қойды. Егер жел соқса судың шелкее толу жылдамдығы өзгере ме?

  4. «Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол 72 км/сағ жылдамдықпен киікті қуып жете ала ма?»

  5. Қапшағайда спортшы су шаңғымен жүр. Спортшы қайықтан жылдам қозғалуы мүмкін бе?

Динамика



  1. Неге шауып келе жатқан салт атты бұрылған кезде жылдамдығын азайтады?

  2. Наурыз мейрамында екі топ болып арқан тартысады. Ньютонның үшінші заңы бойынша әсер күші неге тең? Неге бір топ екінші топты тартып кетеді?

Жұмыс. Энергия




  1. Энергетикалық тұрғыдан реактивті ұшық пен сұңқардың қайсысының ұшуы тиімді?

  2. Садақпен оқ атқан кезде қандай энергиялық түрленулер болады?

  3. Қазақстанда күн жылы және кей жерлерде қатты жел соғады. Жел және күн электр станциялары тиімді болса да неге кең етек алмаған?

  4. Массасы 220кг құлан жүгірмей – ақ 1,5 метр биіктікке секіре алады. Ол қандай жұмыс істейді?

  5. Байқоңырда ғарыштық кемелерді қай бағытта ұшырады? Неге?

Статика



  1. Неге Солтүстікте адамдар үйлерінің төбесін конус тәрізді етіп жабады, ал қазақтың киіз үйінің төбесі шеңбер болып келеді?

  2. Неліктен қазақ қыздарының бас киімдері биік болып келген?

  3. Алматының телемұнарасының жер астындағы бөлігінің массасы 60 мың тонна, ал жер бетіндегі бөлігі 6 мың тонна. Неге бұлай жасалынған?

  4. Алматыдағы ағаштан жасалған шіркеу ешқандай шегесіз тұрғызылған. Оны бұзылудан қандай күш ұстап тұр және ғимаратты тұрғызғанда қандай жай механизмді қолданған?

  5. Шәйнектің шөлмегі неліктен оның қақпағынан жоғары орналасады?

В. Шаталов өз жұмысында тірек ұғым амалдарын пайдаланады, бірақ бұл сигналдар жалаң көрнекілік, схемалық қызметін атқарып қоймайды, ішінде логикалық себеп – салдарлық қатынастағы жаңа ақпараттың мазмұнын бере алатын конспект түрінде де беріледі. Тірек сүйеніш сигналдары оқушы үшін ойлану мен дәлелдеудің алгоритмі болып табылады. Оның барлық ықыласы айтқанды есе сақтап, қайталап беруге емес, сабақтың ішкі мәнін ұғып, ойлануға байланыстардың себебі мен салдарын түсінуге бағытталады. Одан кейін практикалық оқыту әдісі де қамтылады. Міне, осындай жолдармен ол оқытудың сөзбен тым әуестенуден шығу жолын тапқан.

Күрделі де қиын дидактикалық материалдардан бас тарта отырып, тірек сигналдарын оқу үрдісіне кіргізеді. Бұл әдістің тиімділігі мынада: көрнекілік әдісі түсіндіру үстінде, басқа әдістермен бірге қолданылады.

Тұрақты магнит



МАГНИТ

Магнит өрісі


МАГНИТ

Электро магниттік индукция


Электро магнит



Оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интеративті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс – әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін орындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын айту керек.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерудің маңызы артып отыр. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау жиі айтылуда.

Орыс академигі Беспальконың көрсетуі бойынша оқушылардың білімі төрт деңгейге бөлініп жүр:

А. «Оқытушылық» деңгей – үйренушілік деңгей. Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі. Берілген есепке формулаларды түрлі жағдайда қолдана білулері, өмірмен байланыстыра алулары, қызығушылығы мен танымына ерекше назар аударылады.

Ә. «Алгоритмдік» деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру, кері қатынастардағы амалдарды құрастыра алулары, күрделі материалдарда жүйелей алуы, алған білімін басқа тапсырмаларды пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергендігі ескеріледі.

Б. «Эвристикалық» деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай, салыстыра білуді қажет етеді. Проблемалық мәселелерді шешуге, өздігінен графиктер, диаграммалар құрауға, формулаларды қорытып шығаруға, зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасауға дағдыланады.

В. «Шығармашылық» деңгейде құбылыстары өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын өткізуге баулу, яғни ол оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей.

Оқушыға жан-жақты білім беру, күнделікті сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін мұғалім сабақты түрлендіріп өткізуі қажет. Мектеп физика курсындағы «Трансформатор, Генераторлар. Электр энергиясын жеткізу тақырыбын өткенде су электр станциялары, жылу электр станциялары, атом электр станциялары туралы айтып, дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану, оның болашағы жөнінде айту қажет деп есептеймін.

А) Сарқылмайтын энергия көзі – Күн сәулесі

Ә) Жел энергиясы

Табиғатты ғылыми түсіне білу мен оны түйсіну, қоршаған ортаға, туған жерге деген сезімімін оятып, өмірмен байланыстыра отырып «Термодинамика» (10-сынып) қайталағанда ұлы Абайдың

«Қараңғы түнде тау қалғып

Шаң шығармас жолдағы.

Сілкіне алмас жапырақ...»

Осы жолдардан табиғаттағы термодинамикалық тепе-теңдік орнағанын, яғни қысым, температура өзгеріссіз тұрғанын айтып, оқушы танымын арттыруға болады.

7-сыныптағы «Үйкеліс», «Архимед заңы» тақырыбын өткенде «Құс қанаты неге суылдайды?», «Дыбыстың таралуы», «Жарық құбылыстары» тақырыбын өткенде

- ашық жазық далада жаңғырық бола ма?

- таулы жерде қалың қар көшкіні адам дауысынан көшеді екен. Не себепті?

- күн батарда немесе шығарда қызыл арай неліктен пайда болады? – деген сұрақтарды қою арқылы да оқушының танымдық белсенділігін арттыруға болады.

Данышпан ұлы Абайдың сөздеріндегі «Қазақта ақыл беремін, түзеймін –деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медресселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, мұндағы шығынын төлетіп жіберсе...» (41-сөз)

Абайдан артық кім айтыпты деген осы да. ӨЗімізге сын көзбен қарап, білмегенімізді үйреніп, алға жылжысақ, еліміз көгере берері анық. Ел көгерсе, талантты ұрпағы арқылы атағы жайылып, жер бетінде қазақ халқының асығы алшысынан түскені осы емес пе?

Мектепте физикалық білім берудің мақсаттары қазіргі ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуына сәйкес физика ғылымының ролінің артуы, ғылым мен техниканың өзара әсерінің күнделікті күшеюіне және ғылымның өндіріс күшіне айналуына байланысты күрделеніп бара жатыр. Осыған орай дайын білімді мұғалімнің және оқушының құр қайталап беруі оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен белсенділігінің дамуын тежейді, сондықтан физиканы оқытудың бүкіл оқу – әдістемелік жүйесін құруда жетекші орынға шығады.

Оқытудың ғылыми деңгейі құбылыстың физикалық мәнін тереңірек және жан – жақты ашуды ескереді. Физикалық құбылыстың сырын түсінген оқушы ғана ойлау қабілеті дамуынын жоғарғы деңгейіне көтеріле алады, қандай да бір физикалық заңдарды, формулаларды тиімді түрде қолдана алады. Дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі ретінде оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсат – міндеттерімен анықталады.

Оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушының дүниетанымы мен қабілеті артады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеті негізінде білім, тәрбие, танымы жетіледі.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада қолдана білетін жан – жақты, нарық заңдылықтарына бейімделген қоғам мүшесін талап етеді. Олар алғашқы білімдерін мектеп қабырғасынан алады. Сондықтан өскелең ұрпақты өмірге, еңбек етуге толық мәнді даярлау, оның бойындағы табиғи, адами жақсы қасиеттерінің көзін ашып, жетілдіру, шығармашылықпен ізденімпаздыққа баулу, өмірдің қай сатысында болмасын еркін және дәлме – дәл жауаптылықпен қызмет жасауға, әртүрлі жағдайларда жинақы болуға тәрбиелеуде ұстаз орны ерекше.

Қазақстандағы білім беруді 2015 жылға дейңн дамыту тұжырымдамасында айтылған нәтижелерге бағыттала отырып, ХХІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылықтарына, соның ішінде негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі. Олар: бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену болып табылады.



Нәтижеге бағытталған оқыту ғана оқушылардың білім сапасын арттырып, өнімділігі мен тиімділігін ойдағыдай жүзеге асырады. Мектептегі білім беру сапасын арттыру мұғалімінің әдістемелік шеберлігі ғана емес, тұлғалық қасиеттеріне де тікелей тәуелді. Өйткені, оның оқушыларға сапалы білім беріп, олардың бойында қажетті білік – дағдыларды берік қалыптастыруы аздық етеді. Ол оқу – тәрбие үрдісінде балалар мен ынтымақтастық негізінде жұмыс істеп, олардың танымдық – шығармашылық қасиеттерін жетілдіре отырып, тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Абай «Қара сөздері»

  2. В.Г.Коваленко Дидактические игры на уроках математики

  3. Ореков В.Л, Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы М-1978

  4. «математика және физика» журналдары

  5. «Білім кілті» №5 2011ж

  6. Т.Р.Әлімбай «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері»

  7. 5,6-сынып математика оқулығы

  8. 7-сынып геометрия оқулығы

  9. 10,8-сынып физика оқулығы

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет