Тақырыбы: «Физика –болашақ өмірде»



Дата23.05.2018
өлшемі177,25 Kb.
#40640
Тақырыбы:          «Физика –болашақ өмірде » 

(физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру;  ойлау қабілетін дамыту;

бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін

шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу;

Түрі: ойын-сабақ

Көрнекіліктер: физика туралы нақыл сөздер

жазылған плакаттар, презентация, интерактивті тақта, компьютер, тәжірибе

керекті құрал-жабдықтар;

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы

пәндер

Сайыстың

кезеңдері:

1-тур:  Сәлем –

сөздің анасы

2-тур:  Мақал –

сөздің мәйегі

3-тур:  Физикалық

жұмбақтар

4-тур: Ойлан тап! 

(қызықты тәжірибелер)

5-тур: Ойланайық, ойлайық!  (логикалық сұрақтар)

6-тур: Көрермендер сайысы

6-тур:  «Иә» немесе «жоқ»  (капитандар сайысы)

 

Сайыстың барысы:



Жүргізуші:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар

мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз

орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің

күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер

ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі “Білімді ұрпақ-ел тірегі” атты

сайысымызға қош келдіңіздер!

- Күш, өнер, білімменен алысуға.



Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 7 «а» сынып

оқушыларынан құралған – «Ойшылдар» тобын, 8 «а» сынып оқушыларынан құралған –

«Тапқырлар» тобын және 9 «а» сынып 

оқушыларынан құралған - «Білгіштер» тобын ортамызға шақырамыз.



Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын

сайлап алайық.

-        

Сайысымыздың

шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз 6 бөлімнен тұрамыз.

      1 кезең

- «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топ басшысы топ

мүшелерімен таныстырады,  өз ұранын және

эмблемасымен таныстырады. Бұл кезеңде жоғары ұпай - 5, төменгі ұпай – 3 ұпай.

      2 кезең – «Мақал-сөздің мәйегі». Бұл кезеңде

әрбір топқа 5 мақал-мәтел береді. Әрбір топ мақал-мәтелдің физикалық маңызын

ашуы керек. Әрбір дұрыс жауапқа - 10 ұпай.

      3 кезең

- «Физикалық жұмбақтар». 10 жұмбақ оқылады. Қолдарындағы жалаушаны тез көтеру

арқылы жауап береді, жұмбақтың жауабын айтады. Жұмбақты дұрыс шешкеннен кейін

оны орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтады. 3 тілде толық айтса – 30

ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, тек қазақ тілінде айтса – 10 ұпай.

     4


кезең – «Ойлан тап!». Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол

уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу. Дұрыс жауап-50

ұпай.

     5 кезең – Көрермендер сайысы. Тақтадағы



сөзжұмбақ ілінеді. Әрбір дұрыс жауап – 3 ұпайдан. Дұрыс жауапты қай сыныптың

оқушысы айтса, сол сыныптың тобына 3 ұпайдан қосылады. 

     6 кезең – «Ойланайық, ойлайық!». Бұл

кезеңде топтың әрбір мүшесіне 2 логикалық сұрақ қояды. Әрбір дұрыс жауап – 10

ұпай.

    7 кезең – «Иә» және «жоқ». Бұл әрбір топтың



топ басшыларына 10 сұрақ қойылады. Сұрақ жауабымен оқылады. Егер оқып тұрған

жауабы дұрыс болса «иә», ал қате болса «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс

жауабы- 5 ұпай.

 

Жүргізуші:



Сайысымыздың шарттары түсінікті болса, 1

кезең «Сәлем-сөздің анасы» кезеңін бастаймыз.

1 топ:  «Ойшылдар»

тобы

Ұраны:     Жарыс десе жанамыз,

                   Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.



Эмблемасымен таныстыру

2-топ:  «Тапқырлар» тобы

Ұраны:  Қандай сынақ болса дағы

беріспе,

                Әрқашанда үміткерміз жеңіске.



Эмблемасымен таныстыру

3-топ:  «Білгіштер»

тобы

Ұраны:  Болашақтың

ұрпағымыз білімді

               

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді

Эмблемасымен таныстыру  

 

Жүргізуші: Таныстыруымызды

аяқтасақ, әділ-қазылар алқасынан ұпай сандарын көрсетуді сұраймыз. Жоғары  ұпай - 

5 ұпай.


Келесі кезең 

«Мақал – сөздің мәйегі» кезеңімізді

бастаймыз. Экранда әрбір топқа арналған 5 мақал жасалған. Әрбір топ өзіне

берген мақал-мәтелдің физикалық мағынасын ашу

 


«Ойшылдар» тобы

«Тапқырлар»  тобы

«Білгіштер» тобы

Бұлақ көрсен, көзін аш

(табиғат туралы)

Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

            (ішкі



энергия)

Жел 

болмаса,  шөптің  басы 

қимылдамайды.

(инерция)


Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді

(диффузия)

Жұпарды жасырғанмен

исі білінеді.

(диффузия)

Ауызы күйген үріп

ішер.


(кебу)

 


Түйені жел соқса,

ешкіні аспаннан ізде



(қозғалыс)

Отқа салса темірде балқиды

(заттың агрегаттық күйі)

Ит жүгіріп тазы болмас.

(жылдамдық)

 Таң атпайын десе де, күн қоймайды.

(жердің өз осінен айналуы)

 Ас - адамның арқауы. 

(энергия)

Білекті бірді жығар, білімді мыңды

жығар.

(күш)

Таразы туса , таң суиды.

Сүмбіле туса су суиды.

(жұлдыз)

Көсеу ұзын болса,

қол күймейді



(жылуөткізгіштік)

Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.  

(ішкі энергияны өзгерту

тәсілдері)

 

3 кезең – «Физикалық

жұмбақтар» бұл кезеңде 12 жұмбақ қойылып, жауабын үш тілде айтылады. Толық – 30

ұпай.

1.    

 Көп болса, асықпайсың,

      Мезеттен

қашықтайсың.

      Асықсаң аз

болады,


      Табасың мұны

қайсың?                                (Уақыт-



время-time)

2.    

Қозғалыста

сипаттар шапшаңдықты,

     Тағы да бір

белгісіз шама шықты.

     Ол болмаса

денелер қозғалмайды,

     Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?    (Жылдамдық-скорость-speed)



3.    

Төңірегі тең

көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған.                   



(аспан-небо-sky)

4.    

Отқа жанбас,

Суға батпас.                                            (мұз – лед-ice)

5.    

Жылт - жылт етеді,

Жылғалардан өтеді                              

 (Су – вода-water)



6.    

Жылдың төрт

мезгілінде де,

Мазасызданады ол неге?                       (Жел-ветер-wind)



7.    

Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды                                 (сағат-часы-watch)

8.    

 Қозғалысқа келтіріп,

 Жылдамдығын береді.

 Өлшемдерін қарасақ,

 Ньютонға ол келеді.                                (күш-сила-force)

9.    

 Жоғалмайды ешқашан,

 Түрлендірсек егер де.

 Басқа күйге ауысқан,

 Жұмыс істейді әрқашан.                         (энергия-энергия-energy)

10.                                                                                                                     

 Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

 Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.    (ауа-воздух-air)

11.                                                                                                                     

 Жұрттың бәрі соны сүйеді,

 Бірақ қарағысы келмейді.                       (күн-солнце-day)

12.                                                                                                                     

 Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам қағазсыз.                          (компьютер-компьютер-computer)

 

4 кезеңіміз – «Ойлан тап!»



«Ойшылдар» тобы

1 тәжірибе : Екі жұмыртқаның қайсысы

піскен екенін қалай анықтауға болады?

Керекті

құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке.

(Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2

саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және

ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның

қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі. Жұмыртқаның ішіндегі

құрамы тежеуіш рөлін                                                     атқарады)

«Тапқыштар»

тобы

2

тәжірибе:  «Піскен әрі аршылған

жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»

Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.



«Білгіштер» тобы

3 тәжірибе: Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.

                     Сұрақ: тарелкедегі



тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

Керекті құралдар: 

стақан, сіріңке, тиын, қағаз

Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды

тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге

толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта

қалады.

Енді топтарымыз ойланып болғанша , көрермендермен ойын



ойнасақ. (Сөзжұмбақ шешу)

Сөзжұмбақ атауы: Астрономия

1.     Табиғат туралы ғылым 

(физика)

2.     Жылдамдықты өлшейтін құрал  (спидометр)

3.     Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама (температура)

4.     Дененің пішіні мен өлшемдерін өзгертуі (деформация)

5.     Кедергінің өлшем бірлігі   (Ом)

6.     Қозғалысты зерттейтін физиканың бөлімі  (механика)

7.     Сандық мәнімен қатар бағыты бар шамалар    (векторлық)

8.     Сұйыққа батырылған денеге кері әсер ететін күш қалай

аталады? (Архимед)

9.     Денелердің жылдамдығын немесе тыныштық күйін сақтау

құбылысы  (инерция)

10.                                                                                                                     

 Әлемде не бар болса соның бәрі  не деп аталады?    (материя)

 

Келесі кезеңіміз – «Ойланайық, ойлайық!»  бұл кезеңде әр

топ мүшесіне 2 логикалық сұрақтан қойылады.



«Ойшылдар» тобы

1. Қандай жолмен ешуақытта адам

жүрмейді? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от

ауасыз жанбайды)

5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)

6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

«Тапқырлар» тобы

7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады?  Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі

қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)



«Білгіштер» тобы

13. Теңізде қандай тастар

болмайды? ( құрғақ)

14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не?

( тауық)

15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

16. Адамның алғашқы көлігі

(бала арбасы)

17. Сандыққа нені тығуға

болмайды?  (күн сәулесі)

18.

Алматыдан Астанаға дейін



ұшақ 1 сағат 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін 90 минут ұшқан.

Неліктен?  (тең)



Соңғы сайысымыз – «Иә» немесе «жоқ»

капитандар сайысы

«Ойшылдар» тобының топ басшысына

1.    


Физика-

табиғат туралы ғылым ба?  (иә)

2.    

Жер өз


осін 365 тәулікте бір айналып шығады ма? (жоқ)

3.    


Әлемнің

үшінші ұстазы- Аристотель ма? (жоқ)

4.    

Әрқашан


солтүстікті көрсететін жұлдыз-Темірқазық 

деп аталады (иә)

5.    

Термометр



– дененің температурасын өлшейтін құрал (иә)

6.    


Ең

үлкен планета – Уран (жоқ)

7.    

Найзағай


құбылысын  ашқан ғалым – Франклин (иә)

8.    


Дененің

артында қалдырған сызық түріндегі ізі 

жол деп аталады. (жоқ)

9.    


Гелиоцентрлік

жүйені жасаған ғалым – Коперник  (иә)

10.                                                                                                                     

 Заттың тығыздығын табу үшін оның массасын

көлеміне бөлу керек (иә)

«Тапқыштар» тобы

1. Молекулалар

заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә) 2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)

3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)

4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)

5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)

6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)

7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)

8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)

9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)

10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір

нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)



«Білгіштер»

тобы

1. Аттас зарядтар бір -

бірімен тартылады ма? (жоқ)

2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)

3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)

4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)

5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о

6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)

7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)

8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)

9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)

10. Жұмыстың өлшем бірлігі - Ватт.(жоқ)

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан

топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін



сұраймыз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар

алқасына береміз.
Каталог: uploads -> doc -> 00d8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00d8 -> А есебі Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
00d8 -> Сабақ Тақырыбы : Алгоритм түрлері
00d8 -> Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы Сабақтың мақсаты: І білімділік
00d8 -> Сабақтың тақырыбы: Туынды, екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасына қайталау есептерін шығару


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет