Тақырыбы: Ғұндар тарихы Өткізген мұғалім



Дата25.01.2017
өлшемі162,82 Kb.
#8105
түріСабақ
Тақырыбы: Ғұндар тарихы

Өткізген мұғалім: Кондудаева Ж.М.

Сыныбы:

Пәні: Қазақстан тарихы

Мақсаты: Ғұн мемлекеті туралы жан –жақты мағлұмат ала отырып үйрену.

Күтілетін нәтижелер: А. Ғұндардың тарихымен танысады.

Б. Ғұндардың қазақ тарихында алатын орынын анықтайды.

С. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы туралы ойларын қорытындылап, тұжырым жасайды.

Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.


Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Оқушылармен амандасу.

2. Психологиялық дайындық. (Топқа сары, көк түсі арқылы бөлу. Әр түске анықтама беру) «көк» түс – нақтылықты, ұқыптылықты білдіреді, «сары» түс – шынайылық пен жігерлікті білдіреді, «қызыл» түс – алғырлық пен мақсатына жетпей қоймайтын тұлғаны танимыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» әдісі


Мұғаліммен амандасады.

Топтарға бөлінеді.


Бір – бірінің сұрақтарына жауап береді.



Тұсау - кесер

Тақырыпқа қатысты оқиға айтылады, сұрақтар қойылады.

Бейнеролик



Оқушылар оқиғанын барысын талқылайды.

Сұраққа жауап береді.



Негізгі бөлім


«ДЖИГСО» әдісі /оқулықпен жұмыс

  1. «Жылнамашылар» / Ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде

  2. «Тарихшылар» / Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы

  3. «Зерттеушілер» / Ғұндардың мемлекеттік құрылысы мен ғұн тайпаларының бірігуі

Бекіту тапсырмалары

1 – тапсырма. «Жылдар сөйлейді»

Б.з.б 3 ғасыр аяғы – қытай деректеріндегі ғұн (сюнну) атауы

Б.з.б 209 жылы – Л.Гумилев айтқан Мөде Дунхуға шабуыл

Б.з.б. 3 – б.з.дың 4 ғасыры – ғұндар кезеңі

Б.з.б.203-202жж.- Мөде Саян, Алтай, Енисей тайп бағынд.

Б.з.б.188ж.- Ғұндар Лю-Банды жеңді

Б.з.б.201ж.-Ғұндар Алтай тайп бағын

Б.з.б 1 ғасырдың ортасы – оңт және солт ғұндар болып бөлінді
2 – тапсырма. «Сәйкестендіру кестесі».

  1. Ғұн мемлекеті құрылды 1. Түменбасы

  2. Ғұн басшысы 2. алан, ас

  3. Бекзадалар 3. 5000 шақырым

  4. Әр түменбасыда 4. Шаньюй

  5. Ғұндар- Қытай соғысы 5. Әскери жүйеде

  6. Қаспий те

  7. ңізіне ығысты 6. 10000 – нан әскер

  8. Ұлы Қытай қорғаны 7. 300 жылдан астам


Тарихи диктант

Тақырыпта кездескен жылдармен интерактивті тақтада жұмыс

Сәйкестендіру кестесімен топ болып жұмыстанады.




Бағалау

Бағалау парағы арқылы, смайлик арқылы бағалау

Оқушылар өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

  1. 42 оқып келу

  2. Венн диаграммасы (ғұндар мен қаңлы тайпаларын салыстыру)

Берілген тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады
















Жылнамашылар

Тарихшылар

Зерттеушілер

Берілген сұрақтарға сәйкес келетін жауабын тап.



1

Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?

А) Б.з.б.203-202жж

2

Л.Гумилев: «Мөде шаньюйдің Дунхуды талқандап, жерін өзіне қосып алуы» қай жылы болды деді?

Ә) Б.з.б ІІІ ғасыр аяғы

3

Ғұндар кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды?

Б) Б.з.б.201ж

4

Мөде Саян, Алтай және Жоғары Енисей тайпаларын бағындырған жылдар.

В) Б.з.б.188ж.

5

Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындаған жыл

Г) Б.з.б 209 жылы

6

Ғұндар қай жылы Алтай тайпаларын түгелдей бағындырды.

Ғ) Б.з.б 1 ғасырдың ортасы

7

Қай ғасырда Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып бөлінді.

Д) Б.з.б. 3 – б.з.дың 4 ғасыры

Берілген сұрақтарға сәйкес келетін жауабын тап.

1

Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?

А) Б.з.б.203-202жж

2

Л.Гумилев: «Мөде шаньюйдің Дунхуды талқандап, жерін өзіне қосып алуы» қай жылы болды деді?

Ә) Б.з.б ІІІ ғасыр аяғы

3

Ғұндар кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды?

Б) Б.з.б.201ж

4

Мөде Саян, Алтай және Жоғары Енисей тайпаларын бағындырған жылдар.

В) Б.з.б.188ж.

5

Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындаған жыл

Г) Б.з.б 209 жылы

6

Ғұндар қай жылы Алтай тайпаларын түгелдей бағындырды.

Ғ) Б.з.б 1 ғасырдың ортасы

7

Қай ғасырда Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып бөлінді.

Д) Б.з.б. 3 – б.з.дың 4 ғасыры

Берілген сөздердің мағынасына қарай жасырылған термин сөзді тап.

  1. Ғұн тарихын зерттеген белгілі шығыстанушы ғалым

  2. Мөдеге келіп, өзінің ең жақсы атын беруін сұраған қай елдің елшілері

  3. Ғұн мемлекетінің негізін салушы шаньюй

  4. Ғұндардың жоғары билеушісінің лауазымы

  5. Б.з.б. 3 – б.з.дың 4 ғасыры аралығында Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпа

  6. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары

  7. Мөденің мұрагері

Берілген сөздердің мағынасына қарай жасырылған термин сөзді тап.

  1. Ғұн тарихын зерттеген белгілі шығыстанушы ғалым

  2. Мөдеге келіп, өзінің ең жақсы атын беруін сұраған қай елдің елшілері

  3. Ғұн мемлекетінің негізін салушы шаньюй

  4. Ғұндардың жоғары билеушісінің лауазымы

  5. Б.з.б. 3 – б.з.дың 4 ғасыры аралығында Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпа

  6. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары

  7. Мөденің мұрагері

Тарихи диктант

Ғұндардың мемлекеті ................. .............. бойынша құрылып, ....., ................., ...... қанат болып үшке бөлінген. Ғұндардың жоғары билеушісі ................... лауазымын иеленген. Ғұндар ....... руға бөлінген, оларды осы ....................... биледі.

Қытай жазбаларында ғұндарға ............. жуық көрші ұлыстары бағындырылған. Мөде ................ жылы қайтыс болды. Мөденің мұрагері ..................... тәңірқұты тұсында ............. мемлекетінің құдіреті күшейе түсті.

Қорған ......... .............................. созылған, биіктігі ......... ........................, әр ............................. сайын күзет мұнарасы қойылған.



Тарихи диктант

Ғұндардың мемлекеті ................. .............. бойынша құрылып, ....., ................., ...... қанат болып үшке бөлінген. Ғұндардың билеушісі ................... лауазымын иеленген. Ғұндар ....... руға бөлінген, оларды осы ....................... биледі.

Қытай жазбаларында ғұндарға ............. жуық көрші ұлыстары бағындырылған. Мөде ................ жылы қайтыс болды. Мөденің мұрагері ..................... тәңірқұты тұсында ............. мемлекетінің құдіреті күшейе түсті.

Қорған ......... .............................. созылған, биіктігі ......... ........................, әр ............................. сайын күзет мұнарасы қойылған.



Бағалау парағы

1

Үй тапсырмасы / Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай




2

Топтық жұмыс / Берілген материалды толық меңгеріп, басқа топқа толық түсіндіре алса – 5 ұпай

Өзі түсініп, басқаларға толық жеткізе алмаса – 3 ұпай






3

Бекіту тапсырмасы 7 дұрыс жауап – 5 ұпай

5-6 дұрыс жауап – 4 ұпай

3-4 дұрыс жауап – 3 ұпай

2 дұрыс жауапқа – 2 ұпай

1 дұрыс жауапқа – 1 ұпай




4

Қорытынды баға 12 ұпайдан жоғары – «5»

10 – 11 ұпай – «4»



8 - 9 ұпай – «3»




Кері байланыс.

Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз? _________________________________ __________________________________________________________________

Бағалау парағы

1

Үй тапсырмасы / Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай




2

Топтық жұмыс / Берілген материалды толық меңгеріп, басқа топқа толық түсіндіре алса – 5 ұпай

Өзі түсініп, басқаларға толық жеткізе алмаса – 3 ұпай




3

Бекіту тапсырмасы 7 дұрыс жауап – 5 ұпай

5-6 дұрыс жауап – 4 ұпай

3-4 дұрыс жауап – 3 ұпай

2 дұрыс жауапқа – 2 ұпай

1 дұрыс жауапқа – 1 ұпай




4

Қорытынды баға 12 ұпайдан жоғары – «5»

10 – 11 ұпай – «4»

8 - 9 ұпай – «3»




Кері байланыс.

Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз? _________________________________ __________________________________________________________________

  1. Қаңлылар Қазақстан территориясын қай ғасырларда мекендеді?

  2. Қаңлы қоғамының жоғары билеушісінің титулы

  3. Қытай деректерінде қаңлы тайпасы туралы қандай деректер кездеседі?

  4. Қаңлылардың мәдениеті неше түрге бөлінеді?

  5. Жетіасар мәдениеті туралы не білесіңдер?



  1. Қаңлылардың орталығы қай қала болды?

  2. Қаңлылардың астанасы Битянь қаласы қай жерде орналасқан?

  3. Қаңлы тайпасы Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Картадан көрсет

  4. Қауыншы мәдениеті туралы не білесіңдер?

  5. Қаңлы елі өз ішінде неше иелікке бөлінді?



  1. Қаңлылар заманында сауданың жақсы дамығанын біз қайдан біле аламыз?

  2. Қаңлылар қай мемлекеттермен сауда қарым-қатынасын орнатқан?

  3. Қаңлылар арасында қандай өнер жақсы дамыды?

  4. Отырар-Қаратау мәдениеті туралы не білесіңдер?

  5. Қаңлыларда қандай шаруашылық түрлері мен кәсіптер жақсы дамыды?


Егіншілер

Рефлексия
Менің сабағымның тақырыбы «Ғұндар тарихы». Мен бұл сабағымда оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдандым.

Кіріспе бөлімінде оқушыларыммен амандасып, топқа бөлу барысында оқушылар түрлі түсті пішіндердің арасынан өздеріне ұнағанын таңдады. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызып, өздеріне деген сенімділігін, сабаққа деген ынта-жігерін арттырдым. Топтың атауын табыстау кезінде қол шапалақтау арқылы сергіттім.

Психологиялық дайындық ретінде, әрі топқа бөлу үшін, мен көк түсті жұлдызша түрінде, ал сары түсті смайлик түрінде қиып ортаға тастаған болатынмын. Әр оқушы өздері пішініне қарай емес түсіне қарай таңдап 2 – топқа бөлініп отырды. Көк түсті таңдаған топтағы оқушыларыма, «көк» түс – нақтылықты, ұқыптылықты білдіреді, ал сары түсті таңдаған топтағы оқушыларыма, «сары» түс – шынайылық пен жігерлікті білдіреді деп түстердің мағынасын ашып, алдағы сабаққа деген ынта – жігерін арттыруда осындай психологиялық дайындық жасадым. Бұл қолданған психологиялық дайындығым оқушылардың көңілін көтеріп, өз -өзіне деген сенімділігін арттырып, сабақта өзін еркін, әрі ашық ұстауға септігін тигізді. Өйткені, оқушыларым сабақ барысында сабаққа кіріп отырған басқа ұстаздардан еш қысылмай өз ойларын еркін, ашық айта отырып, сабағыма бар ынта – жігерімен қатыса білді.
Үй тапсырмасын тексергенде «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Тексеру барысында барлық оқушыларды қамтуға тырыстым. Барлық оқушылар белсенді қатысып, және менің қойған сұрақтарыма толық жауап берді. Оқушыларым бұл бөлімде өз белсенділіктерін көрсете білуімен қатар, Қаңлылар туралы өткен екі тақырыпты толық түсінгенін көрсетті. Себебі менің қойған сұрақтарымда екі тақырыпты толық қамти отыра қойған болатынмын. Сондықтан үй тапсырмасын тексеруде қолданған әдісім ойдағыдай шықты деп ойлаймын.

Тұсау –кесер бөлімінде оқулықта жоқ, бірақ бүгінгі сабақтағы тұлғаның өміріне қатысты шағын әңгіме дайындап келіп, оқушыларыма « Бағытталған оқу» әдісін қолдандым. « Бағытталған оқу» әдісі өте сәтті шықты. Мен бұл әдісімде бағытталған сұрақтар қойғанымда барлық деңгейдегі оқушыларым өз ойларын айқын, нақты, жүйелі, еркін жеткізе білді. « Бағытталған оқу» әдісі уақытым көбін алса да, оқушыларымның бұл әдіске үйренгендігі соншалық, өз ойларын ашық, еркін және дәлелді жауаптармен айта білді және белсенді қатысты. Оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізе білуі, тереңнен салыстыра отырып, ойлауы, өзіндік идеяларын тиімді ұсынуы сабақ барысында айрықша байқалып, қатысушыларды өздеріне еріксіз баурап алды. Бұл әдіс Тұсау –кесер бөлімінен Негізгі бөлімге көшу барысында өте тиімді әдіс деп білемін. Сондықтан уақытым көптеу кетсе де осы әдісімді сәтті шыққан әдіс деп толықтай айта аламын.

Негізгі бөлімде, «Білемін/ Білгім келеді/ Үйрендім» әдісін қолдандым. Бұл әдісті алу себебім, бұл тақырыпты оқушыларым 5 – сыныпта жалпылама оқып кеткен болатын. Сондықтан 5 – сыныпта өткен тақырыптан не естерінде қалғанын білу мақсатында осы әдісті алғанды жөн көрдім. «Білемін» бағанына оқушыларым: «Ғұн мемлекетінің негізін қалаған Мөде қаған. Олар қытайларға қарсы жорық жасады. Қытай елі ғұндардан қорғану үшін «Ұлы Қытай қорғанын» салған. Ғұндар соғысқа өте тиянақты дайындалған. Мөде өте тәртіпті, әрі қатал. Ғұндар үйсіндермен көршілес тұрған» деп жүйелі жауап берді. «Білгім келеді» бағанына оқушылар: «Қай елдермен соғысты? Көршілес елдермен қандай қарым – қатынаста болды? Діни –наным сенімдері қандай? Мәдениеті туралы білгім келеді? Халқыны, әскерінің саны қанша? Әйелі, балалары болды ма? Ғұн мемлекетінің алып жатқан аумағы қандай» деген сұрақтрды қойған болатын. «Үйрендім бағанында оқушылар осы сұрақтарға жауап алып жұмыстанды. Тақырыпта кездеспеген сұрақтарға жауапты үйге тапсырма ретінде беріп, қосымша мәліметпен жұмыстануға тапсырдым. Бұл әдісті қолдануым да көңілімнен шықты. Өйткені, мен бұл әдісті қолдана отырып, оқушыларға 5 сыныпта өткен тақырыпты естеріне түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын кең ауқымда, толықтай ашуға мүмкіндік берді. Оқушыларым бұл бөлімде де өздерінің білім – білік дағдыларын толықтай ашып көрсете алды. Мен сол себепті бұл әдісімді сәтті шыққан әдіс деп білемін.

Қорытынды бөлімде, тарих сабағы болғандықтан 2 – тапсырма алдым, онын бірі «Жылдармен жұмыс». «Жылдармен жұмыс» тапсырмасында тақырыпта кездесетін барлық жылдарды қамтыдым. Берілген екі тапсырмада да оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын, алғырлықтарын көрсете білді. Жауапты толық, нақты бере білді. Бұл тапсырмаларды орындауда Оқушылар арасында бәсекелестік пен белсенділік артты.

Бүгінгі өткен сабағымды бағалаудың екі түрін (кері байланыс парағы, смайлик) қолдандым. Бірінші бағалауда оқушылар өздерін бағаласа, екінші бағалау түрімен бүгінгі өткен сабақты бағалады. Екі бағалау түрінен оқушыларға бүгінгі сабақ өте ұнағаны көрініп тұр. Сабақтың оқушыларға ұнағанын тек сабақты бағалаудан ғана емес, сабаққа қатысуынан да көруге болады.

Үйге тапсырма ретінде осы тақырыпты оқуға және Мөде қаған туралы қосымша мәлімет жинап келуге бердім.

Сабақтан алған өз әсерімді қорытындылай келе, «Жаңа әдіс – тәсілдерді» сәтті пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа бағыттауға зор ықпал тигізе отырып, психологиялық дайындықты шебер қолдана біліп, жүзеге асыруым менің бүгінгі сабақта көшбасшылығымды көрсетеді деп ойлаймын.

Бүгінгі сабағым құрылымы жағынан оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ мүмкіндіктерін ұтымды қолданып, «Сыни ойлауға үйрету» моделінің тиімді әдістерді қолданып, бағалауды жүзеге асыру көшбасшылық қабілеттің болуы деп білемін.



Бүгінгі сабақтың мен үшін орны ерекше.
Каталог: uploads -> doc -> 013b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
013b -> Сынып: 4 Пән: математика Тақырыбы
013b -> Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Қ. Төлегенова «09 11 12 15»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет