Тақырыбы: Имандылық-инабаттылық мұраты



Дата02.07.2018
өлшемі33,5 Kb.
#45496
түріСабақ
Тақырыбы: Имандылық-инабаттылық мұраты
Мақсаты: Балаларға ислам діні туралы түсінік бере отырып, имандылыққа,

инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдісі: Әңгімелеу
Көрнекілігі: Плакаттар: «Ислам жолы-тазару жолы», мешіт суреті,

буклет, ұл мен қыз тәрбиесі туралы қанатты сөздер


Сабақ барысы:

Ислам діні алғаш рет Аравияда дүниеге келді. Оның негізін салушы МҰХАММЕД пайғамбар. Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстауы керек:

1.Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.

2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.

3. Жарлыларға зекет беру.

4. Рамазан айында отыз күн ораза тұту.

5. Қажыға, Меккеге бару.
( Құран Кәріммен таныстыру)

Құран кітапты қолға алғанда «Бисмилла рахман- рахим» деп ұстау керек. Құранда 6666 сүре жазылған.Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды. Мұхаммед пайғамбар айтқан екен, Қымбатты менің елшілерім, сендер қандай жұмыс бастасаңдар да, қандай іске кіріссеңдер де, «Бисмилла рахман-рахим» деп баста, сонда сол істің сауабы тиеді. Істеген ісің жақсылыққа бастайды,-деген.


(Мұхаммед пайғамбар туралы түсінік беру)

Мұхаммед пайғамбар 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Абдулл Мумалып, түптеп келгенде Ыбырайым мен Ысмайыл пайғамбардың тікелей ұрпағы. Әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.

Анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болады. Сондықтан Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойнында болады. Бала жастайынан адал, әрі тәрбиелі болғандықтан жұрт оны «Әл-әмин» деп атап кетті. Мұхаммед пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық діни жолда ҚұраКәрімнің аяттарын, сүрелерін бір кітапқа енгізді. 63 жасында көз жұмды.Сондықтан 63 жасты «пайғамбар жасы» деп атап кеткен. Пайғамбардың денесі Мединедегі өз үйінде жерленді. Содан бері құранның бір сөзі де өзгертілмеген.

Қыз бала тәрбиесі туралы.

Қыз өссе-елдің көркі. Сондықтан да халқымыз қызды аса қадірлеген. «Қыздың жолы-жіңішке», «Қыз-өрісің» дейді қазақта. Қызды қазақ жат жұрттың баласы санап, үйде қонақ ретінде қараған, яғни, бәріміз анадан туыламыз, солардан өсіп, өнеміз. Қыз болашақ жар, ана, әже. Сондықтан қызды әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп, тіл тигізбей тәрбиелеген. Сондықтан, қыз біреудің жоғын жоқтағанмен, өз жұртына тілеулес болады.



Ұл бала тәрбиесі туралы.

Ұл бала қазақта шаңырақ иесіғ ер азамат, ата-ананың отын тұтатушы. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындасына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған.


Енді мақал-мәтелдерге кезек береміз:


  1. Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру-ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,



Жарқын қыз бен ұл ерер.


  1. Әке сөзі-парыз,

Ана сүті-қарыз.


  1. Ұл өссе-ұрпақ,

Қыз өссе-ырыс.


  1. Ұлың өссе-мұратың,

Қызың өссе-жұратың
Өздері білетін мақалдармен
Қорытындылау.
Каталог: uploads -> doc -> 05f2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05f2 -> Сабақтың тақырыбы: «Спорт түрлері»
05f2 -> Қожанасырдың әңгімелері 4 "Ә"сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет