Тақырыбы: Жанұялық жоба «Ақмаржан қалам – Ақтауым!» Мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі53,68 Kb.
Тақырыбы: Жанұялық жоба - «Ақмаржан қалам – Ақтауым!»

Мақсаты: Балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ата – анасының көмегімен туған қаласының тарихын танып білу. Балалардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттыру, мақтаныш патриоттық сезімде тәрбиелеу сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері: Жоба арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ұлт жанды, елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін жеке тұлға қалыптастыру.

Жобаның қысқаша мазмұны: Ақтау – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. 1964 жылдан 1991 жылға дейін Украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында қырық шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген. Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В.Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Біздің өлкеміздің жер қойнауы толған байлық. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Каспий – қазақ елінің кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы. Халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.

Күтілетін нәтиже: Осы жоба арқылы баланың айналаны қоршаған ортаға, еліне, туған жеріне, туған қаласына,Отанға сүйіспеншілігі артып, елін мақтан тұтар азамат болады деген сенімдімін.


Теңізге қалған байланып

Шағала сазы мұң

Өзіңе келдім айналып

Ақтауым – алтын қазығым
Т. Мыңжас


Жобаға қатысушылар:

Әдіскер: Алима Реджеп қызы Қобланова

Тәрбиеші:Қарылғаш Теңізбай қызы Қалниязова

Ата-ана: Ботагөз Мұналбай қызы Бахаева

№ 10 топ бүлдіршіні: Ақерке Бердиева
Жоба мерзімі:3 ай

Тақырыптың өзектілігі:

Қымбат маған туып өскен өз қалам,

Қымбат маған биік тауым кең далам.

Теңізімде асыр салған мекенім



Мен өзіңді мақтан етіп жүремін – деп өз қаламды мақтанышпен жырлаймын. Өйткені бұл жерден талай-талай ұйымшыл да, тәрбиелі, өнерлі, әнші - бишілер, ақын жазушылар, ғалымдар шыққан. Бұл өңірдің мақтан ететін жерлері өте көп. Өндірілетін мұнайы мен көгілдір оты, құрылыс тастары осыған қоса көз жауын алар биік әсем таулары, кең жазира жазық далалары және қарт Каспийді жағалаған аққулары, бой көтерген әсем биік үйлері мен ғимараттарын көз қарашығындай сақтауымыз керек.

Жобаны атқару жолдары


Iбөлім- білім

жинақтаушы

II бөлім-практикалық жұмысы

III бөлім- қорытынды



І бөлім - білім жинақтаушы


Ақтау қаласы туралы суреттер, кітаптар қарау

Тақырыпты сабақтар

Көркем әдебиеттер, өлеңдер



Ақтау қаласы туралы әңгмелесу

Ата-аналарға, тәрбиешілерге кеңестер

Мақал-мәтелдер

1. Ақтау қаласы туралы суреттер, кітаптар қарау

2. Ақтау қаласы туралы әңгімелесу

3. Тақырыпты сабақтар

- «Туған өлкем-Маңғыстау»

- «Ақтау-менің сүйікті қалам»

- «Кең өлкем, ақмаржан -Ақтауым»

- «Қазақстанның қалалары»

4. Кеңестер:

- Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану.

- «Отан отбасынан басталады»

-«Туған өлкем- мақтанышым»

5. Көркем әдебиеттер, өлеңдер:

- «Туған ел» Н. Әлімқұлов мәнерлеп оқу

- «Сенің Отаның» Б. Ысқаков жаттау

- «Туған жерге жетпейді» М. Жаманбалинов жаттау

- «Ақтау» А. Қилыбаева мәнерлеп оқу

- «Туған жер» Ән

- «Жаса мәңгі Қазақстан» Ән

- «Қасиетті домбыра» Ән

6. Мақал-мәтелдер:

- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

- Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық

- Туған жердің қадірін,шетте жүрсең білерсің

ІI бөлім- практикалық жұмыс


Қалаға саяхат

Жапсыру сабағы

Портфолио шығарылымы



Сурет сабағы

«Менің отбасым» қабырға газетін даярлау


ІI бөлім- практикалық жұмыс



1. Қалаға саяхат

2. Сурет:

- «Менің сүйікті қалам»

- «Каспий жағасында»

- «Жас қалам - Ақтау»

3. Жапсыру

- «Менің қаламның туған күні»

- «Ақтау көшелері»

- «Мерекелік қала»

4. Менің отбасым – қабырға газетін даярлау

5. Портфолио даярлау



ІII бөлім - қорытынды


Ата-аналар жиналысы «Ақ маржан қалам-Ақтау»

Ертеңгілік «Туған күніңмен Ақтау»



Отбасылық фотокөрме

«Сүйікті қалам Ақтау» фотослайдты даярлау

1. Ата-аналар жиналысы

- «Отан отбасынан басталады».

- «Ақтауым- асыл қазынам»

2. Фотокөрме даярлау

3. Ертеңгілік «Туған күніңмен Ақтау»

4. «Сүйікті қалам -Ақтау» фотослайдты даярлау
Жоба біткен соң ұйымдастырылатын іс-әрекет:

- Ата-аналар жиналысы «Ақ маржан қалам-Ақтау».

- Фотокөрме «Сүйікті қалам Ақтау».

- Отбасылық қабырға газетін шығару.

- «Ақ маржан қалам - Ақтау» жобаның презентациясы.
Қолданған әдебиеттер тізімі:

1. Халықтық тәрбие тағылымдары. Ш. Әленұлы. Алматы 1998ж.

2. Жеті қазына С. Кенжеахметұлы. Алматы 2007ж.

3. «Көркем әдебиет» С. Аяпбергенова. Алматы кітап баспасы 2008ж.

4. Бала тәрбиесі № 7 2012ж.

Республикалық қоғамдық педагогика – психологиялық басылым.



Тәрбиешінің жобаға қатысатын ата-анамен таныстыру:

Бүгінгі біз ұсынғалы отырған жобамыздың тақырыбы: «Ақ маржан қалам – Ақтау». Балаларға өз елін, туған жерін, қаласын қадірлеуге, құрметпен қарауға, үлес қосып жүрмін. Сіздердің алдарыңызға өз тобымның белсенді отбасымен таныстырғым келіп отыр Ботагөз Мұналбай қызы Бахаева қызы Ақерке Ербол қызы Бердиевамен.



Жобаға қатысатын ата-ананың сөздері:

Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Ақтау қаласы өз ерекшелігімен таң қалдырады. Соған мысал: теңіз жағасында бой көтерген әсем биік үйлерімен, ақ желкенді кемелерге бағыт көрсетуші шамдарымен, сол теңізден өндірілетін байлығымызбен, қала маңына жақын жерлерде өндірілетін қара алтынымен ерекшеленеді. Менің отбасым үшін Ақтау қаласының кез-келген көшелері мен қиылыстары, мәдени орталықтары өте ыстық. Қазақстанның қай қаласына қыдырып барсақта, туған қаламыз Ақтауға сағынышпен ораламыз. Отбасымызбен Ақтау қаласының гүлденіп, өркендеп өсуіне,қаламыздың кез-келген бұрышын таза ұстауға үлесімізді қосамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет